Студопедия — ДӘРІС № 3
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

ДӘРІС № 3






Тақырып: Металл материалдар. Саймандардың коррозиясы және коррозияға қарсы жүргізілетін шаралар

Мақсаты: Медициналық мақсатта қолданылатын бұйымдарды дайныдауға қолданылатын металл материалдарды қарастыру.

 

Дәріс жоспары:

1. Металлдар және олардың түрлері.

2. Құймалар: шойындар, болаттар.

3. Медициналық бұйымдарды дайындауда қолданылатын түсті металдар.

4. Медициналық бұйымдардың коррозиясына қарсы жүргізілетін шаралар.

Дәріс тезисі:

Медициналық мақсатта қолданылатын металл бұйымдардың тұтынушылық қасиеті олар дайындалған материалдың химиялық құрамымен анықталады. Негізгі элементтің химиялық құрамы бойынша барлық металл материалдар қара және түсті болып бөлінеді.

Металлдар (грек сөзінен шыққан metallon – шахта) – кәдімгі жағдайларда металға тән қасиеттері (жоғары электр өткізгіштігі, жылу өткізгіштігі, жылтыр және иілгіш болуы) бар қарапайым заттар.

Металдарға, металдардың өздері және олардың құймалары жатады.

Құймалар – екі немесе одан да көп металдан (сирек болса да металл және металл еместен) тұратын, металға тән қасиеттері бар макроскопиялық біртекті жүйе.

Металдарды және олардың құймаларына алатын негізгі шикізат кен қазбасы (руда) болып табылады.

Кен қазбасы – құрамында металдар және пайдалы материалдар көп болатын табиғи минералды шикізат.

Құймаларды құрамына көп мөлшерде кіретін химиялық элементке байланысты атайды. Құймалардың құрамына олардың қасиетін жақсарту үшін енгізетін элементтерді тегістегіш, ал процестің өзін тегістеу (легирование) деп атайды.

Қара металдар тобына темір және теміркөміртекті құймалар жатады, құймалар құрамындағы көміртегінің мөлшеріне байланысты шойын және болат деп аталады.

Шойындар – темір негізіндегі құймалар тобының жалпы атауы, олардың құрамында 2% жоғары көміртегі, сонымен бірге кремний, марганец және зиянды қоспалар – күкірт және фосфор болады.

Болаттар – темір негізіндегі құймалар тобының жалпы атауы, олардың құрамында 2% -ға дейін көміртегі, сонымен бірге Si, Mn және зиянды қоспалар күкірт пен фосфор болады.

Химиялық құрамы бойынша болаттар, құрамындағы көміртегі мен тегістегіш қоспалардың мөлшеріне байланысты көміртекті және тегістелген болып бөлінеді.

Көміртекті болаттар – құрамында 1,3% -ға дейін көміртегі, 0,35%-ға дейін кремний, 0,6% марганец, сонымен бірге зиянды қоспалар – күкірт пен фосфор болады.

Көміртекті болаттардың тұтынушылық қасиеті олардың құрамымен анықталады. Көміртекті болаттардың артықшылығы, олар өңдеу процесінде жоғары технологиялық көрсеткіштерімен ерекшеленеді, өйткені қаттылығының жоғары болмауы бұйымды кесу арқылы өңдеуге, ал пластикалы болуы олардан беріктігі жоғары сым мен лента алуға мүмкіндік береді.

Тегістелген болаттар – құрамында 1,5-2,0%-ға дейін көміртегі, сонымен бірге арнайы тегістегіш химиялық элементтердің әртүрлі мөлшеі болады: Co, Cr, Ni, V, W, Al, Mn, Si, Mo және т.б.

Тегістелген болаттардың тұтынушылық қасиеті тек құрамындағы тегістегіш компоненттердің санымен және тегістелу дәрежесімен ғана емес, сонымен бірге рационалды термиялық өңдеумен де анықталарды.

Құрамындағы тегістегіш элементтердің мөлшері бойынша болаттар, тегістелуі төмен, орта тегістелген және жоғары тегістелген немесе таттанбайтын болып бөлінеді..

Түсті металдар қымбат және қара металдарға қарағанда тапшы болып келеді. Медициналық бұйымдарды дайындау үшін мыс, алюминий, титан, никель, қалайы, мырыш және олардың құймалары қолданылады.

Металдардың коррозиясы дегеніміз сыртық ортамен химиялық немесе электрохимиялық өзара әрекетінің салдарынан металдардың бұзылуы.

Коррозиялық процесстерді келесі көрсеткіштері бойынша жіктейді:

· металл бетіндегі немесе көлеміндегі коррозиялық бұзылыстардың түрі (геометриялық сипаты);

· металдың сыртқы ортамен өзара реакциясының механизмі (химиялық және электрохимиялық коррозия);

· коррозиялық ортаның типі (атмосфералық, газды, биологиялық, кернеу, радиациялық);

· коррозиялық ортаның әсерімен бір уақытта металлға әсерін тигізетін қосымша әрекетердің сипаты.

Бұйымның жарамдылық мерзімін жоғарылату үшін коррозияға қарсы әртүрлі қорғаныш әдістерін қолданады. Әсер ету уақыты бойынша оларды тұрақты, яғни бұйымның жарамдылық мерзімінің барлығңында әсер ететін және уақытша деп бөледі. Уақытша коррозияға қрсы қорғанышты сақтау және тасымалдау процесінде қолданады, ал қолданар алдында бұйымды расконсервациялайды.

Тұрақты коррозияға қарсы қорғанышқа металдарды тегістеу (легирование), термиялық өңдеу, қорғаныш металл және металл емес материалдары жатады.

Электрохимиялық коррозия кезінде тегістеу (легирование) арқылы металды белсенді күйден пассивті күйге ауыстырады, осы кезде қорғаныш қасиеті жоғары пассивті пленка түзіледі.

Металдарды термиялық өңдеу таңдамалы коррозияны болдырмайтын құрылымдық біртектілікке әкеледі және құймалардағы ішкі қысымды түсіреді.

Арнайы жабындарды коррозиядан қорғау үшін кеңінен қолданады, олар сонымен бірге декоративті функцияларды да орындайды. Металл және металл емес жабындар болады.

Уақытша коррозияға қарсы қорғаныш – металдар мен бұйымдарды оларды дайындау, эксплуатациялау, сақтау және тасымалдау кезінде қолданар алдында алынып тасталынатын заттармен коррозиядан қорғау. Беттері металл бұйымдар, сонымен бірге металл және металл емес бейорганикалық жабындармен жабылған бұйымдар уақытша коррозияға қарсы қорғанышпен жабылады.

Белгіленген технология бойынша уақытша коррозияға қарсы қорғанышты жүргізу консервация деп аталады. Консервацияны белгіленген технологиялық процесті және қауіпсіздік талаптарын сақтауға мүмкіндік беретін арнайы жабдықталған бөлмелерде жүргізеді.

 

ДЕБИЕТ

1. О.А.Васнецова. Медицинское и фармацевтическое товароведение.- Москва: «ГЭОТАР-Медиа», 2005.

2. Умаров С.З., Наркевич И.А., Костенко Н.П., Пучинина Т.Н. Медицинское и фармацевтическое товароведение. – Москва: ГЭОТАР-MED, 2004.

 

 

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ (кері байланыс)

1. Металл материалдардың жіктелуі.

2. Қара металдар және құймалар.

3. Түсті металдар.

4. Коррозия, коррозиялық бұзылыстардың түрлері.

5. Коррозияға қарсы қорғаныш:

- коррозияға қарсы тұрақты қорғаныш;

- коррозияға қарсы уақытша қорғаныш.

 








Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 376. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Уравнение волны. Уравнение плоской гармонической волны. Волновое уравнение. Уравнение сферической волны Уравнением упругой волны называют функцию , которая определяет смещение любой частицы среды с координатами относительно своего положения равновесия в произвольный момент времени t...

Медицинская документация родильного дома Учетные формы родильного дома № 111/у Индивидуальная карта беременной и родильницы № 113/у Обменная карта родильного дома...

Основные разделы работы участкового врача-педиатра Ведущей фигурой в организации внебольничной помощи детям является участковый врач-педиатр детской городской поликлиники...

ОСНОВНЫЕ ТИПЫ МОЗГА ПОЗВОНОЧНЫХ Ихтиопсидный тип мозга характерен для низших позвоночных - рыб и амфибий...

Принципы, критерии и методы оценки и аттестации персонала   Аттестация персонала является одной их важнейших функций управления персоналом...

Пункты решения командира взвода на организацию боя. уяснение полученной задачи; оценка обстановки; принятие решения; проведение рекогносцировки; отдача боевого приказа; организация взаимодействия...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.007 сек.) русская версия | украинская версия