Студопедия — III. Экономикалық институттар: меншік және кәсіпкерлік
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

III. Экономикалық институттар: меншік және кәсіпкерлік






 

Мақсаты: Меншіктің әлеуметтік-экономикалық табиғатын және құқықтық мазмұнын ғылыми негіздеу. Қазақстанда меншік нысандарын нарықтық механизм топтарына сәйкес қалыптастыру кезеңдеріне, әдістеріне, орын алған проблемаларын талдау. Кәсіпкерлік қызметтің мазмұнын аша отырып, жеке меншік мәселелеріне тоқталу.

Дәріс жоспары:

  1. Меншік, оның түрлері және қызметтері.
  2. Кәсіпкерлік қызмет және кәсіпорынның ұйымдық нысандары.

Дәріс тезистері:

1. «Меншік» ұғымы әрбір экономикалық жүйенің іргетасы болып табылады. Меншік – бұл өндіріс құрал-жабдығын иелену қатынасы және материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау мен тұтыну процесі. Маркстік теорияға сәйкес – құралдар, заттар және т.б. меншіктің заттық мазмұнын құрайды Меншіктің кешенді құқығы төмендегідей он бір бөлімнен құралады:

1. иелену құқығы, 2.пайдалану құқығы, 3. басқару құқығы, 4. табысқа деген құқық, 5.егеменділік құқығы, 6. қауіпсіздік құқығы, 7. игілікті мұрагерге беру құқығы, 8. игілікті иеленудегі мерзімсіздік құқығы, 9. сыртқы ортаға зиян келтіретін әдістерді қолдануға қарсылық жасау құқығы, 10. жауапкершілікке жазалау түрін қолдану құқығы, 11. қалдықты сипат құқығы.

Меншік – бұл адамдар арасындағы материалдық және рухани игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну салаларындағы күрделі әлеуметтік-экономикалық қатынастар. Меншік қатынастарының қызметтері – иелену ұзатты иеленуді жүзеге асыру, қожалық ету); пайдалану (заттан өзіне пайдалы қасиеттерді табу); бөлу (заттың құқықтық тағдырын анықтау – сату, айырбастау, сыйға тарту т.б. Меншіктің экономикалық өткерілуі, оның иесіне табыс, рента, пайыз, дивиденд алып келу арқылы жүзеге асады. Меншіктің жеке, ұжымдық және мемлекеттік түрлері болады. Жеке меншіктің дамуы XIX –ші ғасырдың екінші жартысының ортасына дейін жүзеге асты. Ғылыми-техникалық революцияның әсерінен XIX ғасырдың екінші жартысында жедел түрде акционерлік меншік қалыптаса бастады. Жеке меншік еркін бәсекеге барынша қарқындап, жеке кәсіпкерлердің өндіріс тиімділігін көтеруге және тұрғындардың өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыруға итермелейді. Меншіктің кооперативтік түрінің нарықтық экономика жағдайында кооперативтік кәсіпорынның толық өзінше болуы – оның өндірісті дамыту мүмкіншілігінің ең жоғарлығын иеленді. Мұнда, қозғаушы күші – меншік иесі, топтары –кооперативтің экономикалық мүдделері болып табылады.

2. Кәсіпкерлік-адам қызметінің ерекше саласы. «Кәсіпкерлік» терминің алғашқы рет ағылшын экономисі Ричард Каптильон (1650-1734 жж.) ендірді. Ол нарықтық тәуекелділік жағдайында табыс алу мақсатымен өндірісті ұйымдастырудағы адам белсенділігін жатқызды. Кәсіпкерлік-новаторлық іс. Нағыз кәсіпкер – ол өнертапқыш. Кәсіпкерлік қабілеттілік дегеніміз адамның бизнесте жаңалықты аша білу қабілеттілігі. Кәсіпкерлік қызметтің түрлері:

-жай, ол бірлескен қызмет шартына негізделеді;

-толық, барлық мүлікке ынтымақтастық жауапкершілік жүктеледі;

- жауапкершілігі шектелген, салынған салым құны шеңберінің жауапкершілігі жүктеледі;

-командитті-аралас жауапкершілік (біреудің толық мүлкімен және басқаның салынған салымымен);

- өндіріс және тұтыну коопреативтері;

-консорциумдар;

- акционерлік қоғамдар;

Мемлекеттік және қазыналық кәсіпорындар.Біріншісі шаруашылықты жүргізу құқығына негізделсе, екіншісі –опреативті басқару құқығына негізделген. Кәсіпорын (фирма) кәсіпкерлік қызмет өндірістік звеносының негізі болып табылады. Фирмаға бір немесе бірнеше кәсіпорын мен өндіріс енуі мүмкін. Кәсіпорын бір жақты, бір өнімді өндіретін процесс. Қазіргі нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорын өзінің өндірістік қызметінде толық өз бетінше еркіндігін алуда.Кәсіпорынның ұйымдық түрлері алдыменен меншік түрімен айқындалмақ. Олар мынадай түрде болуы мүмкін:

- азаматтар меншігіне негізделген жеке кәсіпорындар;

- ұжым меншігіне негізделген кәсіпорындар.

Акционерлік қоғам түрінің негізіндегі кәсіпорын, акционер меншігінің негізінде қызмет жасайды.

Мемлекеттік және қазыналық кәсіпорындар жалпы мемлекеттік міндеттерді шешу үшін құрылады.

Құрылтайшылар мүлігінің қосылуы негізінде біріккен кәсіпорындар құрылады, яғни оған шет ел заңды тұлғасы мен азаматтары да енеді.

Көрнекіліктер: Кесте № 1 «Кәсіпкерлік қызметтің негізгі ұйымдық түрлерінің артықшылығы мен олқылығы»

Әдебиеттер:

1. Әубакиров Я.А. Экономикалық теория негіздері. Алматы, 1998.

2. Әкімбеков С, Баймухаметова А.С., Жанайдаров У.А. Экономикалық теория. Астана, 2002. 46 бет.

3. Жүнісов Б.А., Комягин И., Байжомартов Ү.С., Мәмбетов Ұ. Жалпы экономикалық теория. Алматы, 1994.

4. Осипова Г. Экономикалық теория негіздері. Алматы, 2002.

5. Мәуленова С.С., Бекмолдин С.Қ., Құдайбергенов Е.Қ. Экономикалық теория. Оқу құралы. 1-бөлім. Алматы, Экономика. 2004. 6 бет.

Бақылау сұрақтары:

1.Меншік дегеніміз не және оның экономикалық қатынсатардағы орны қандай?

2. Сізге меншіктің қандай түрлері белгілі?

3. Меншіктің экономикалық өткерілу мәселесі қалай жүзеге асырылады?

4.Экономикалық мүдделер және оның меншік түрлерімен байланысы жайлы сіз не білесіз?

5.Кәсіпкерлік мәнін, олардың формаларын атаңыз және олардың айырмашылығы неде?

 

 







Дата добавления: 2015-03-11; просмотров: 3423. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Тема: Составление цепи питания Цель: расширить знания о биотических факторах среды. Оборудование:гербарные растения...

В эволюции растений и животных. Цель: выявить ароморфозы и идиоадаптации у растений Цель: выявить ароморфозы и идиоадаптации у растений. Оборудование: гербарные растения, чучела хордовых (рыб, земноводных, птиц, пресмыкающихся, млекопитающих), коллекции насекомых, влажные препараты паразитических червей, мох, хвощ, папоротник...

Типовые примеры и методы их решения. Пример 2.5.1. На вклад начисляются сложные проценты: а) ежегодно; б) ежеквартально; в) ежемесячно Пример 2.5.1. На вклад начисляются сложные проценты: а) ежегодно; б) ежеквартально; в) ежемесячно. Какова должна быть годовая номинальная процентная ставка...

Влияние первой русской революции 1905-1907 гг. на Казахстан. Революция в России (1905-1907 гг.), дала первый толчок политическому пробуждению трудящихся Казахстана, развитию национально-освободительного рабочего движения против гнета. В Казахстане, находившемся далеко от политических центров Российской империи...

Виды сухожильных швов После выделения культи сухожилия и эвакуации гематомы приступают к восстановлению целостности сухожилия...

КОНСТРУКЦИЯ КОЛЕСНОЙ ПАРЫ ВАГОНА Тип колёсной пары определяется типом оси и диаметром колес. Согласно ГОСТ 4835-2006* устанавливаются типы колесных пар для грузовых вагонов с осями РУ1Ш и РВ2Ш и колесами диаметром по кругу катания 957 мм. Номинальный диаметр колеса – 950 мм...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.013 сек.) русская версия | украинская версия