Студопедия — V. нарық: түрлері, құрылымы, үлгілері
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

V. нарық: түрлері, құрылымы, үлгілері






 

Мақсаты: Нарықтық экономиканың даму тарихын, оның элементтерін, қызметтерін, құрылымын жіктеп анықтау. Нарықтың пайда болу жағдайы. Нарықтық экономиканың теоретикалық негіздерін ұғыну. Сонымен қатар нарықтық экономиканың артықшылықтары мен кемшіліктерін қарастыру, нарықтық инфрақұрылымды талдау.

Дәріс жоспары:

1. Нарық: түрлері, құрылымы, үлгілері.

2.Нарықтық экономиканың субъектілері және инфрақұрылымы.

Дәріс тезистері:

1. Нарықтық модельге негізделген экономика шаруашылықты ұйымдастыруды былай жүзеге асырды: жеке тұтынушы мен өндірушілер нарық арқылы өзара іс-әрекет жасап, экономикадаға басты үш мәселені шешуді мақсат етеді. Оларға: нені, қалай және кімге өндіруді жүзеге асыру қажеттілігін жатқызамыз. Нарық-тауар айырбасының аясы, сатушы мен сатып алушы арасындағы белгілі экономикалық қатынастар жүйесінің сипаттамасы. Нарық – сатушы мен сатып алушы арасындағы тауарды өткеру жайлы қатынастар жүйесін көрсетеді. Нарық-күрделі жүйе, оның құрылымын әртүрлі белгілермен классификациялауға болады. Елдегі барлық нарықты былай жіктейміз: ішкі (ұлттық) нарық, еларалық, аймақтық, біріккен анрық және ішкі (республикалық, облыстық, облысаралық) нарық, әлемдік нарық. Қазіргі ішкі нарық –түгел алып қарағандағы елдің ұлттық нарығы: өндіріс құрал-жабдығы нарығы, тұтыну нарығы, капитал нарығы, ғылыми-техникалық идея нарығы, бағалы қағаздар нарығы, жұмысшы күшы нырығы енеді. Әлемдік нарық жеке елдің ішкі нарығымен байланысыт. Ол байланыстар өндірістік коопреация мен интеграция, сыртқы сауда,тауар айырбастау операциясымен жүзеге асып отырады. Бәсекелестік сипат пен деңгейі тұрғысынан былай жіктейміз: мемлекеттік нарық, олигополиялық, монополиялық бәсеке нарығы. «Сатушы нарығы» мен «сатып алушы» нарығы болып та жіктеледі. Атқарылып жатқан заңдылықтарға сай көзқараспен нарықты былай жіктейміз: ресми және ресми емес. Нарықты ірі тауар топтарына қарай –азық-түлік және азық-түліктік емес тауарлар, жекелеген тауарлар нарығы (көкөніс, мата, аяқ киім, телеаппаратура, автомобиль және т.б.) болып жіктеледі. Нарықтың ролі оның қызметі арқылы ашыла түседі. Нарықтың реттеуші қызметі ұдайы өндіріс процесін тиімді әрі үздіксіз қамтамасыз етеді. Ақпараттық қызметі тауар бағасы мен қызмет көрсету, банктегі депозит пен несиеге проценттік (пайыздық) өсімнің тұрақты өзгеруі туралы ақпарат беріп отырады. Нарық өндіріске қатысушыларға қоғамдық қажетті өндіріс шығындары жайлы жедел объективті ақпарат береді. Сатылатын әрі сатып алынатын тауар мен қызмет көрсетудің қоғамдық қажетті сапасы мен ассортименті туралы да нарық хабар жеткізеді. Нарықтық механизм «санациялық» (сауықтыру) қызметті де атқарады. Бәсекенің көмегімен ол қоғамдық өндірісті тиімсіз біріңғай шаруашылықтан тазалап, үміт артантындардың дамуына ыңғай лы жағдай жасайды.

2. Нарықтық экономиканың негізгі шаруашылық субъектілеріне үй шаруашылығын, фирма мен үкіметті жатқызамыз. Үй шаруашылығы материалдық (жер мен капитал) және адами (еңбек пен кәсіпшілдік) ресурстарды өткере отырып, оларды фирмаларға нарық ресурстары арқылы ұсынады. Үй шаруашылығы тапқан табыстың барлығын өнім сатып алуға жұмсамайды, белгілі бөлігін жинайды (қор) және ресурстар мен салықты төлеуге жұмсайды. Фирмалар өндіріс ресурстарын біріктіреді және қозғалысқа келтіріп, өнім шығарады, қызмет көрсетеді және осы тауарды ұсынады. Оларды нарықта сату фирманың ақшалай табысын қалыптастырады. Үй шаруашылығы сияқты фирмалар да алынған табысты ресурстарды төлеуге толық жұмсайды. Фирмалар үй шаруашылығындай қажетті салықтарды төлейді, инвестицияны жүзеге асырады және т.б. Үкімет фирмалардан салық алып, жеке кәсіпорындарға дотация, субсидия береді және кәсіпкерлерден қажетті ресурстарды сатып алады. Үкімет жұмыспен қамтамасыз ету саясатын жүргізеді және инфляция деңгейіне, ұлттық өнімнің қозғалысы мен құрылымына әсер етіп, табыстарды үлестіреді. Салықтан түскен ақшалай қаржыны шоғырландырып, үкімет жалақыны, трансферттік төлемдерді (мемлекеттік зейнетақы, табысы аздарға көмек ақы, жұмыссыздарға жәрдем ақы төлейді. Нарықтық экономиканың қажетті элементтерінің бірі болып инфрақұрылым жатады. Инфрақұрылым – бұл институттар (ұйымдар, фирма, мекемелер) жиынтығынан тұрады және оның мән-мағынасы нарықтың дамуы мен қызмет жасауы үшін қалыпты жағдай қалыптастырып қызмет көрсетеді. Нарықтық инфрақұрылымының элементіне – тауарлық, қор биржасы, еңбек биржасы, делдалдық және марктеингтік қызметтер, ақпараттық жүйелер, коммерциялық банктер, көтерме сауда орталықтары, аукциондар, жәрменкелер және т.б жатады. Нарықтық экономиканың бой көтеруі нарықтық инфрақұрылым негізгі элементтерінің қалыптасуына мүмкіндік жасайды Құрылған объектілер қалыпты экономикалық рыноктық қызметті қамтамасыз етуге тиіс. Оларға: топтасқан таураларды көтерме сауда жасау үшін сауда биржасы, бағалаы қағаздарды саудалау үшін қор биржасы, коммерциялық банктер,коммерциялық ақпараттық орталықтар,жарнамалық сипаттағы қызмет үшін құрылтайшылар, сервистік, ремонттық, консультациялық, банктік, және құқықтық қызметтер жатады.

Көрнекіліктер: Кесте № 3 «Әртүрлі белгісіне қарай нарықты классификациялау»

Әдебиеттер:

1. Әубакиров Я.А. Экономикалық теория негіздері. Алматы, 1998.

2. Әкімбеков С, Баймухаметова А.С., Жанайдаров У.А. Экономикалық теория. Астана, 2002. 46 бет.

3. Жүнісов Б.А., Комягин И., Байжомартов Ү., Мәмбетов Ұ. Жалпы экономикалық теория. Алматы, 1994.

4.Осипова Г. Экономикалық теория негіздері. Алматы, 2002.

5.Симкина А. Общая экономическая теория. П, 2002.

6. Мәуленова С.С., Бекмолдин С.Қ., Құдайбергенов Е.Қ. Экономикалық теория. Оқу құралы. 1-бөлім. Алматы, Экономика. 2004. 6 бет.

7. Основы теории переходной экономики. Киселева Е.А., Чепурина М.Н. Москва, 1998.

Бақылау сұрақтары:

1. Нарық дегеніміз не? Сізге нарықтың қандай түрлері белгілі?

2. Нарық қандай қызметтер атқарады?

3. Нарықтық экономиканы субъектісі және олардың өзара іс-әрекеті туралы Сізге не белгілі?

4. Нарықтың инфрақұрылымын қалай түсінесіз?

 







Дата добавления: 2015-03-11; просмотров: 2519. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Интуитивное мышление Мышление — это пси­хический процесс, обеспечивающий познание сущности предме­тов и явлений и самого субъекта...

Объект, субъект, предмет, цели и задачи управления персоналом Социальная система организации делится на две основные подсистемы: управляющую и управляемую...

Законы Генри, Дальтона, Сеченова. Применение этих законов при лечении кессонной болезни, лечении в барокамере и исследовании электролитного состава крови Закон Генри: Количество газа, растворенного при данной температуре в определенном объеме жидкости, при равновесии прямо пропорциональны давлению газа...

Виды и жанры театрализованных представлений   Проживание бронируется и оплачивается слушателями самостоятельно...

Что происходит при встрече с близнецовым пламенем   Если встреча с родственной душой может произойти достаточно спокойно – то встреча с близнецовым пламенем всегда подобна вспышке...

Реостаты и резисторы силовой цепи. Реостаты и резисторы силовой цепи. Резисторы и реостаты предназначены для ограничения тока в электрических цепях. В зависимости от назначения различают пусковые...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия