Студопедия — СӨЖ тапсырмалары. Кәсіпорын — түрлі өндірістерден және шаруашылықтардан (негізгі, көмекші
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

СӨЖ тапсырмалары. Кәсіпорын — түрлі өндірістерден және шаруашылықтардан (негізгі, көмекші






Кәсіпорын — түрлі өндірістерден және шаруашылықтардан (негізгі, көмекші, қосымша, косалқы және эксперименттік) тұратын күрделі механизм.

Кәсіпорынның жекелеген өндірістік буындары бойынша жоспарлау және шығындарды есепке алу мақсатында өндірілетін өнімнің атқаратын қызметіне қарай барлық өндірістер негізгі және қосымша өндірістер болып екіге бөлінеді.

Негізгі өндіріске кәсіпорын шығаратын өнімдер, сондай-ақ өнімді сатуға және зауыт ішінде тұтынуға (желілік, ұсталық, престеу — машина жасау зауыттарында) арналған шалафабрикаттарды дайындайтын өндірістер жатады.

Көмекші өндіріс негізгі өндірістің өнімін әзірлеуге қатыспайды, бірақ өнім өндіруге, қызмет көрсетуге, жұмыс жасауға тікелей ықпал етеді (жөндеу-механикалық және аспаптық цехтар, электр-көліктік, сумен жабдықтау және т.б.).

Қосымша цехтар (макта қалдықтарынан тазартылған мақта өндіру жөніндегі цехтар) негізгі өндіріс қалдықтарын кәдеге жаратуға септігін тигізеді.

Қосалқы цехтар (ыдыстар мен буып-түю материалдарын дайындаумен айналысатын цехтар) негізгі материалдардан емес, бірақ негізгі және көмекші өндірістерде пайдаланатын материалдардан өнім өндіреді.

Эксперименттік (тәжірибелік) цехтар тәжірибелік үлгілерді дайындайды және түрлі эксперименттік жұмыстарды атқарады.

Шешімді қабылдау үшін ақпараттарды жинаған кезде белгілі бір шешім типтерін қабылдау үшін белгілі бір шығын түрлері маңызды болуы, ал кейбіреулері үшін сол шығындар ескерілмеуі мүмкін. Шын мәнінде, өндірістік шығындар көптеген белгілері бойынша жіктелуі мүмкін:

- шығындардың туындайтын (пайда болатын) орындары (өндірістер,цехтар,учаскелер) бойынша; өндіріс тізбесі (соның ішінде өңдеуі) бойынша, ал олар шығындарды есепке алу мен жоспарлау кезінде субъектінің есеп саясатында анықталғандай етіп бөлінеді;

- қызметтер, жұмыстар және өнім түрлері бойынша; өндіріс шығындары жекелеген өнім түрлерінің өзіндік құнына немесе біртектес өнім топтарына енеді;

- шығыңдар өнімнің өзіндік құнына ену тәсілі бойынша; тікелей - өнімнің өзіндік кұнына тікелей жатқызылатын, яғни жекелеген өнім түрлерін өндірумен байланысты болып; жанама - өнімнің өзіндік құнына таратылып бөлінетін, яғни бірнеше өнім түрлерін өндірумен байланысты болып бөлінеді;

- өндіріс шығындары өнімнің көлеміне қатысты екіге бөлінеді: айнымалы-шығарылған өнімнің көлемі өзгеруімен шығынның да өсуі немесе азаюы мүмкін (негізгі материалдар мен шикі заттың шығысы, технологиялық энергия мен отын, өндіріс жұмысшыларының жалақысы және т.б.); тұрақты - өнімнің шығару көлемі өзгерген кезде, деңгейі өзгермейтін шығындар (өндіріс ғимараттарын жарықтандыру мен жылытуға кеткен шығыстар, негізгі құралдардың амортизациясы);

- шығыстар түрі бойынша (баптары және элементтері бойынша); экономикалық элементтер бойынша шығындарға: материалдық шығындар; еңбек ақы шығындары; еңбек ақыдан аударылатын аударымдар; негізгі құралдардың амортизациясы (тозуы); басқа да шығыстар кіреді.

Шығындар басқару қызметі (функциясы) бойынша:

- өндірістік (өндіріс процесінің барысында пайда болады);

- коммерциялық (сатумен байланысты);

- әкімшілік (басқару процесімен байланысты).

Өндіріске кеткен шығындарды есептеуге арналған шоттардың бөлімшесі бір шолушы және бірнеше "транзиттік" шоттардан тұрады, онда олардың мазмұны, пайда болған орындары және басқа да белгілері бойынша шығындар топтастырылады.

"Транзиттік" шоттарда көрсетілген ақпараттар накты жасалған шығындар туралы белгілі бір ақпараттардың бөлігін көрсетеді, оны шолып (белгіленген қағидалар мен ережелерді пайдалана отырып), шығарылған өнімнің нақты өндірістік өндірістік құны туралы мәліметтерді алуға болады, сондай-ақ өнім бірлігі де есептелінеді. Әрбір бөлімше өз кезегі бойынша үш категорияға бөлінеді:

— шығындарға кеткен тікелей материалдар;

— шығындарға кеткен тікелей жұмыс кұші;

— үстеме шығыстар.

Шығындарды жіктеудің осы немесе басқа жүйелерін таңдауда, алдымен „шығын" деген ұғымның өзін жете түсіну кажет, яғни оның терминологиялық мәнін, шығындарды топтастырудың қағидаларын кәне есебін түсіндіру керек.

„Шығындар - бұл қолдағы бардын сатып алуға жүмсалғанын және- оны шаруашылық субъекгінің балансында актив ретінде көрсетілетін, келешекте табыс әкелуге кабілетгі қаражатгтар". Бірақта, кәсіби әдебиеттерде осы үғымның баскалай да трактовкасы (немесе түсіндірулері) кездеседі.

Осы ұғымдардан „шығындар" тұжырымдамасының абстрактілі деңгейде екені көрініп тұр. Дәл сондықган, осы күнге дейін экономикалық әдебиетгерде осы мәселе бойынша көзкарастардың біртүтастығы жоқ. Отандық тәжірибеде, „шығындар", „шығыстар", „жұмсалған каражат" үғымдары бірдей деп тендестіріледі немесе ұқсас болып келеді және „өндіріс шығындары", не „өндіріске жұмсалған шығын" терминдері қолданылады. Біздің пікірімізше, „шығын" деген сөздің табиғаты, әр қилы ахуалға байланысты әр түрлі мәндерге ие болып келетін сияқгы. Басқару есебінде шығындар әр түрлі мақсаттар үшін әр түрлі әдістермен жіктеледі, яғни ол бір мағыналы емес. Шығын факторы - бұл шығындардың пайда болуына әкелетін кез келген оқиғалар немесе жағдайлар.

Бухгалтерік есептің стандарттары бойынша „Шығыстар" есепті кезеңде активтерді пайдалану немесе есептен шығару жағдайында табыстын азаюын, сондай-ақ капиталдың азаюына әкелетін және соған сәйкес міндеттемелердің пайда болуы мүмкін.

Шығындарды жіктеудің мақсаты - жалпы массадан тек релевантгы шығындарды бөліп көрсету (оның өзгеруіне ықпал етуге болатын бөлігіне қатысты). Сондықтан, жіктеудің әдістері (немесе жіктеу багаттары) басшьшың алдыңда турған нақгы мәселелерден тәуелді болып кёледі. Басқарушы есебінің осындай негізгі мәселелеріне мыналар жатады:

1) Бірінші бағыт- жай өндірістік есеп, оның негізгі міндеті: өнімді сатудан күтілетін табыс (қызметтерден, тасымалдаудан, сатудан) және өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құнын анықтау үшін жұмсалған шығындар (тікелей және жанама) туралы есептік, мәліметтерді алу болып табылады;

2) Екінші бағыт - өзіндік күн туралы есеп берулер мен нақты шығындар туралы алынған ақпараттарды болашақ өндірістік шығындар

мақсатында пайдалану және дұрыс шешімдер кабылдау үшін барлық деңгейдегі басшыларды (цехтардың, өндірістің; ШС) осы ақпараттармен қамтамасыз ету;

3) Үшінші бағыт шығу орындары бойынша шығындарды бақылау мен реттеу мақсатында шығындар орталықтары бойынша да, жауапкершілік орталықтары бойынша да есепті ұйымдастыру.

 

Есеп1.

Мекеме үш ауысым бойы толық қуатымен жұмыс істеуде және айына 5 млн.тг тапсырыс дайындайды. Көтерме сатып алушы мекемеге жаңа айлық тапсырыс ұсынады, бұл 6 млн.тг қосымша өзгермелі шығындар жасауға әкеледі. Шарттың ең аз бағасы қандай болуға тиіс?

Жауабы: Табыстар қабылданған соң мекеме бұрын алынатын 5 млн.тг табыстан бас тартады, яғни 5 млн.тг зиян шегеді. Бұл соманы мекеме шарт талаптарын талқылаған кезде ескеруге тиіс. Шарттың бағасы 11 млн.тг (5+6) кем түсе алмайды. Мұндайда 5 млн.тг мойынға жүктелген шығындар немесе мекеменің пайдалана алмаған пайдасы.

 







Дата добавления: 2015-09-19; просмотров: 1349. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Закон Гука при растяжении и сжатии   Напряжения и деформации при растяжении и сжатии связаны между собой зависимостью, которая называется законом Гука, по имени установившего этот закон английского физика Роберта Гука в 1678 году...

Характерные черты официально-делового стиля Наиболее характерными чертами официально-делового стиля являются: • лаконичность...

Этапы и алгоритм решения педагогической задачи Технология решения педагогической задачи, так же как и любая другая педагогическая технология должна соответствовать критериям концептуальности, системности, эффективности и воспроизводимости...

Эффективность управления. Общие понятия о сущности и критериях эффективности. Эффективность управления – это экономическая категория, отражающая вклад управленческой деятельности в конечный результат работы организации...

Мотивационная сфера личности, ее структура. Потребности и мотивы. Потребности и мотивы, их роль в организации деятельности...

Классификация ИС по признаку структурированности задач Так как основное назначение ИС – автоматизировать информационные процессы для решения определенных задач, то одна из основных классификаций – это классификация ИС по степени структурированности задач...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.013 сек.) русская версия | украинская версия