Студопедия — Дәріс 7. Тақырыбы: Физика бойынша сыныптан тыс жұмыстардың формалары мен әдістері.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Дәріс 7. Тақырыбы: Физика бойынша сыныптан тыс жұмыстардың формалары мен әдістері.






Дәріс мазмұны:

Физиканы оқыту процесіне байланысты мұғалімнің басшылығымен оқушылардың сабақтан басқа уақытта істейтін қосымша жұмыстарын физикалық сыныптан тыс жұмыстар деп атаймыз. Мұндай кластан тыс жұмыстарды жүргізгенде мұғалім негізінен мынадай мақсаттарды жүзеге асыруды көздейді:

1 Оқушылардың физика-техникалық білімдерін толықтыру, тереңдету, кеңейту, дамыту.

2 Мектеп оқушыларының өз бетінше жұмыс істеуге ынта-ықыласын, шығармашылық және конструкциялық қабілеттерін арттыру.

3 Жас жеткіншектердің политехникалық дағдыларын қалыптастыру.

4 Оқушыларды оқулықпен, ғылыми-көпшілік әдебиеттермен өз бетінше жұмыс істеуге үйрету.

5 Жастарға саяси-экономикалық, ғылыми-материалистік, патриоттық, интернационалдық, эстетикалық тәрбие беру.

Физика пәні бойынша орындалатын сыныптан тыс жұмыстардың бәрі үлкен екі топқа бөлінеді.

1. Физика оқу бағдарламасының ауқымына кіретін сыныптан тыс жұмыстар. Оған физика сабақтарына қатысты жүргізілетін қосымша жұмыстар жатады:

1)бағдарламада көрсетілген экскурсияларды өткізу;

2)физикадан нашар үлгіретін оқушылармен істелетін жұмыстар (қосымша сабақ, әр балаға жеке түсіндіру, емтиханға және лабораториялық практикумға дайындау);

3)физиканы қызыға оқитын жеткіншектермен қиын және қызықты есептер шығару, физкабинетте лабораториялық жұмыстар қою, демонстрациялық э кспериментті даярлау, қолдан физикалық приборлар мен көрнекі модель- құралдар жасау, олимпиада өткізу, жаңа приборлармен танысу;

4)оқушылардың үй тапсырмаларын орындауына көмектесу (консультация, сын жұмыстарын орындауға жәрдемдесу, реферат-баяндамалар жаздырту, табиғат құбылыстарын бақылау, үйде тәжірибелер жасау және әр түрлі өлшеулер жүргізу).

Мұндай жұмыстар физикалық оқу материалының қалыпты және нәтижелі өтілуіне, оқушылардың білімдері мен дағдыларының жүйелі түрде сапалы қалыптасуына, класс оқушыларының жалпы үлгірімін жақсартуға жәрдемдеседі.

2. Физика оқу бағдарламасының шеңберінен тыс жататын жұмыстар.

Олардың физика сабақтарына тікелей қатысы бола бермейді. Бұл оқушылардың өздерінің еркі мен тілегі бойынша ұйымдастырылуы керек. Мұның жүйесі мынадай жұмыстардың түрлерінен тұрады:

1)оқушылардың арнаулы физикалық және политехникалық білімдерін тереңдету;

2)қолданбалы физика салаларын (электроника, радиотехника, кинотехника, дыбыс техникасы, тт.) оқу;

3)физика-техникалық приборларды, қондырғылардың модельдерін жасау;

4)конструкциялық және өнертапқыштық жұмыстармен айналысу. Бұларды ұйымдастырудың да формалары сан алуан: қосымша әдебиеттерді оқыту, реферат жаздырту, физикалық кеш өткізу, тақырыптық көрмелер ұйымдастыру, физикадан конкурстар және конференциялар өткізу, үйірме жұмыстарын жүргізу.

Оқушылардың қатыстырылуымен сыныптан тыс жасалатын жұмыстар олардың жеке, топ болып және жаппай бәрі араласып істелетін жұмыстар болып 3-ке бөлінеді. Олар мезгіл-мезгіл (көрме, конкурс, конференция, физкабинетті жабдықтау, реферат...) және периодты түрде (үйірме, газет шығару) жүргізіледі.

Сыныптан тыс жұмыстар физика-техникалық үйірмелер түрінде ең көп, әрі жүйелі өткізіледі. Үйірмелер физикалық (төменгі кластарда- “Жас физиктер”,”Проекциялық және дыбыстық техника”, ”Жас конструктор”, ”Қызықты физика”, ”Қолдан физикалық приборлар жасау”, ал жоғары кластарда- ”Есеп шығару”, ”Физикалық теорияларды оқу”, ”Техниканың физикалық негіздері”, ”Физик- зерттеушілер”, ”Физик-экспериментаторлар”) және физика-техникалық (электромонтаж, электр, радио, фото, кино, электроника, авто-, авио-, кеме, ракетамоделистер үйірмелері) болып бөлінеді. Үйірме жұмысы барлық пәннен мектеп бойынша жоспарлануы қаажет. Үйірменің күнтізбелік жоспары, оған қажетті әдебиеттер тізімі физика кабинеттерінде ілініп тұруға тиіс.

Физика- техникалық үйірмелер мынадай әдістемелі талаптарға сай ұйымдастырылады: 1)үйірмені ұйымдастыру туралы ұсыныс- тілекті оқушылардың өздерінің бергені дұрыс. Ол үшін мұғалім қандай үйірмелер ұйымдастырылатындығын, оларджың кімдер және қандай мерзімде өткізетінін, қызықты әдебиеттердің тізімін көрсетіп физкабинетке хабарландыру жазып қоюы керек, оны әр класта талдап, насихаттаау қажет; 2)үйірмеге оқушылар өз қалауыменг қатысқаны абзал; 3)төменгі және жоғары сынып оқушылары үшін бөлек-бөлек үйірме топтары болғаны жөн; 4)үйірмедегі балалардың жұмыстарына барынша ерік-ықтияр беру нәтижелі болады; 5)үйірме мүшелері жұмыстарының тәрбиелік мәніне де (еңбек дағдысы, техникалық мәдениеті, эстетикалық маңызы) жеткілікті мән берген жөн; 6)олардың істеген жұмыстарын мектептегі барлық оқушыларға таныстырып (көрме, конкурс, гаазет) тұру пайдалы.; 7)үйірме сабақтарында оқу бағдарламасының міндетін орындауға болмайды.

Тақырыптық физика кешін өткізу мынадай кезеңдерден тұрады: 1. Дайындық кезең (1-1,5 ай): а)мұғалім мен кешті басқаратын оқушылар тобының кештің жоспарын жасауы; ә)баяндамашыларды бөлу; б)тәжірибелер мен эксперименттерді таңдап алып, даярлау; в)конкурс пен викторинаға есеп- сұрақтар таңдау; г)иллюстративті материалдарды қолдан жасау; д)көркемөнерпаздарды жаттықтыру; е)кештің бағдарламасы көрсетілген көркем жазылған хабарландыруды күні бұрын (5-6күн) іліп қою. 2. Кешті өткізу кезеңі (2-2,5сағат): а)кеш өтетін бөлмені безендіру; ә)кешті жүргізу, өткізу; б)кештің материалдарын жинау, физкабинетке іліп қою. 3. Кештің өтілуін талдау, қорытындылау (15-20мин): а)оқушылардың сұрақтарына жауап беру; ә)кештің негізгі учаскелеріне жауапты оқушылардың есебін тыңдап, талдау; б)кешті өткізудегі кемшіліктердің себептерін ашып көрсету; в)кешті қорытындылап, бағалап, келешекке бағдар-бағыт көрсету.







Дата добавления: 2015-09-19; просмотров: 3184. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Концептуальные модели труда учителя В отечественной литературе существует несколько подходов к пониманию профессиональной деятельности учителя, которые, дополняя друг друга, расширяют психологическое представление об эффективности профессионального труда учителя...

Конституционно-правовые нормы, их особенности и виды Характеристика отрасли права немыслима без уяснения особенностей составляющих ее норм...

Толкование Конституции Российской Федерации: виды, способы, юридическое значение Толкование права – это специальный вид юридической деятельности по раскрытию смыслового содержания правовых норм, необходимый в процессе как законотворчества, так и реализации права...

ТЕХНИКА ПОСЕВА, МЕТОДЫ ВЫДЕЛЕНИЯ ЧИСТЫХ КУЛЬТУР И КУЛЬТУРАЛЬНЫЕ СВОЙСТВА МИКРООРГАНИЗМОВ. ОПРЕДЕЛЕНИЕ КОЛИЧЕСТВА БАКТЕРИЙ Цель занятия. Освоить технику посева микроорганизмов на плотные и жидкие питательные среды и методы выделения чис­тых бактериальных культур. Ознакомить студентов с основными культуральными характеристиками микроорганизмов и методами определения...

САНИТАРНО-МИКРОБИОЛОГИЧЕСКОЕ ИССЛЕДОВАНИЕ ВОДЫ, ВОЗДУХА И ПОЧВЫ Цель занятия.Ознакомить студентов с основными методами и показателями...

Меры безопасности при обращении с оружием и боеприпасами 64. Получение (сдача) оружия и боеприпасов для проведения стрельб осуществляется в установленном порядке[1]. 65. Безопасность при проведении стрельб обеспечивается...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия