Студопедия — Көрініс
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Көрініс






Тергеуші: Рысқұлбековты тергеуге алып келіңдер!

Күзетшілер: Рысқұлбеков тұр! Жауапқа жүр. Қолы байлаулы. Тұрып алдына түседі.

Тергеуші: Рысқұлбеков Савицкийді өлтірген сенсің, мойында!

Қайрат: Бұл дегенің қып қызыл қиянат қой. Мен тышқан да өлтіріп көрген жоқпын.

Тергеуші: Мойында! Мойындасаң жазаң жеңілдейді.

Қайрат: Мен ешкімді де өлтіргем жоқ.

Тергеуші: Савицкийді өлтірдім демей ақ қой, оқиғаға қатыстым десең де болады.

Қайрат: Жасамаған нәрсені неге мойындаймын. Бұл маған жабылып отырған жала.

Тергеуші: Жарайда өзінен көрсін.

Сот хатшысы: /Сот келеді/ Орындарыңыздан тұрыңыздар.

Тергуші: Айыпкер Рысқұлбеков, ақтық сөзіңді айт.

Қайрат:

Елбең- елбең жүгірген,

Ебелек отқа семірген.

Арғымақ мінген жаратып,

Ақ сауыт киген темірден.

Алатаудай бабалар,

Аруағыңмен жетей гөр!

Қаймана қазақ жері үшін,

Қарусыз шықтық алаңға,

Алыстан әскер алдырып,

Қырып салды -ау табанда.

Артта қалған ата- анам,

Арулап қоддан көмсейші -ай!

Тұтқынға түстім жаутаңдай

Жоламай ешкім қасыма.

«Ақтық сөзің не?» деген.

Бүгін қойды сот сұрақ.

Айтайын оны халқыма,

Жоқ пейіл менде жасымақ.

Қорлай беріп қайтадан,

Титыққа орыс жетпесін,

Туған жердің намысы,

Бөтен қолда кетпесін.

Арақтан ұрпақ азбасын,

Ел көркейтер азамат,

Қызғаныштан тозбасын.

Абай туған жерінде,

Бомбасын атом жармасын,

Құлптасты қиратып,

Өлігіңді қазбасын.

Өз ұлтының басшысын,

Орнынан сүйреп алмасын.

Сот: /орнынан тұрып оқиды/ Айыпкер Қайрат Рысқұлбеков қылмыскер деп танылып, Қазақ Кеңестік Кодексінің 60-бабы бойынша 3жыл бас бостандығынан айырылсын; 173-бабының, 1-тармағы бойынша жазалаудың ең ауыр түрі өлім жазасына, ату жазасына кесілсін.

Тергеуші: Ал, декабрист, соңғы ақтық сөзіңді айт.

 

Қайрат:

Ақтық сөзді енді мен,

Сотқа да бір айтайын.

Күнәдән таза басым бар,

Жиырма бірде жасым бар,

Қасқалдақтай қаным бар,

Бозторғайдай жаным бар,

Алам десең алыңдар!

«Қайрат» деген атым бар,

«Қазақ» деген затым бар,

«Еркек тоқты құрбандық»,

Атам десең атыңдыр!

Анасы:

Менің ұлым бұзақы емес, қанішер емес. Жоқ- жоқ, Қайрат ұлым.... жоқ, жоқ, / Отыра қап жылайды/.

Қайрат, ұлым, мені кімге тапсырдың? Жолыңды тосқан әкең мен бауырыңа не айтамын? Жоқ- жоқ, ұлым, не дейді мына жауыздар... Ұлым, Ұлым!

Қайтейін, енді, қайтейін,

Құлыным ау, қыршыннан қиылып кетесің бе, құлыным ай!

Елім -ау жаратқан ием,

Менің шырқыраған құлыныма өзің жар бола көр! Құлыным......

Кәрім Кәмәрияның орындауында өлең. «Желтоқсан.Тәуелсіздік»

7 «б» сынып оқушылар орындауында Ән «Желтоқсан желі».

8 «г» сынып оқушысы Құдияр Нұрдәулеттің орындауында «Қайрат ағама» өз шығармашылығынан.

Қорытынды:

Желтоқсан қасиетті де қасіретті. Көтеріліске шыққан жастардың рухы Тәуелсіздіктің киесіндей көрінеді. Олардың асқақ армандары орындалды, азаттықтың ақ таңы атты. Тәуелсіздігімізді баянды етіп, Отанға адал қызмет ету әрбәр жас қазақ ұлтының қасиетті парызы, міндеті.

Тарихым жатыр тасымда,

Тіл қатып келер ғасырға,

Азаттық дейтін ұғымның,

Желтоқсан тұрар басында.

 







Дата добавления: 2015-09-07; просмотров: 666. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Ваготомия. Дренирующие операции Ваготомия – денервация зон желудка, секретирующих соляную кислоту, путем пересечения блуждающих нервов или их ветвей...

Билиодигестивные анастомозы Показания для наложения билиодигестивных анастомозов: 1. нарушения проходимости терминального отдела холедоха при доброкачественной патологии (стенозы и стриктуры холедоха) 2. опухоли большого дуоденального сосочка...

Сосудистый шов (ручной Карреля, механический шов). Операции при ранениях крупных сосудов 1912 г., Каррель – впервые предложил методику сосудистого шва. Сосудистый шов применяется для восстановления магистрального кровотока при лечении...

Тема: Изучение приспособленности организмов к среде обитания Цель:выяснить механизм образования приспособлений к среде обитания и их относительный характер, сделать вывод о том, что приспособленность – результат действия естественного отбора...

Тема: Изучение фенотипов местных сортов растений Цель: расширить знания о задачах современной селекции. Оборудование:пакетики семян различных сортов томатов...

Тема: Составление цепи питания Цель: расширить знания о биотических факторах среды. Оборудование:гербарные растения...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия