Студопедия — Кальциферолдың емдік дозалары
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Кальциферолдың емдік дозалары






Кезеңі дәрежесі Курстық доза 1күндік доза
  Бастапқы кезең 1 дәреже 300 000- 400 000 МЕ 30-40 күн 10 000- 15000 МЕ
  Қызған кезең 1дәреже 500000- 600000 МЕ 30-45 күн 20 000 МЕ
    2 дәреже 500 000- 600000 МЕ 30-45 күн 20 000 МЕ
    3 дәреже 700 000- 280 000 МЕ 45-60 күн 20 000 МЕ

 

Таблицаларда көрсетілгендей кальциферолдың әртүрлі проценттік дәрілік түрлері бар. Солардың ішінде дозасын асырып жібермей дәлдікпен тағайындауға ыңғайлылары майлы ерітінділер және драже түрінде шығарылған препараттар болып саналады.

 

 

Кальциферолдың дәрілік түрлері

Аталуы Дәрілік түрі % дозасы 1 тамшыдағы дозасы
1.Эргокальциферол витамин Д2 Майлы еріт. 0,0625 500 МЕ
2.Эргокальциферол витамин Д2 Майлы еріт. 0,125 1400 МЕ
3.Эргокальциферол витамин Д2 Спиртті еріт. 0,5 4000 МЕ
4.Холекальциферол витамин Д3, видехол Майлы еріт. 0,125 500 МЕ
5.Холекальциферол витамин Д3 Майлы еріт. 0,25 1400 МЕ
6.Эргокальциферол витамин Д2, видеин Драже немесе таблетка 500 МЕ 1000 МЕ  

 

Алдын алу. Рахиттің профилактикасы бала туылғанға дейін және бала туылғаннан кейін жүргізіледі. Оның әрқайсысы ерекшеленбеген (әдейіленбеген) және ерекшеленген (әдейіленген) болып 2-ге бөлінеді. Туылғанға дейінгі профилактикалық жүкті әйелге жүргізіледі.

Туылғаннан кейін балаға жүргізілетін ерекшеленбеген профилактика немесе жалпы шаралар:

1. Баланың тамағы «Д» витаминіне бай тағамдар енгізу;

2. Ана сүтімен қоректендіруді қамтамасыз ету;

3. Өз уақытында шырындар, қосалқы және қосымша тамақ енгізу;

4. Таза ауада жеткіліктк болу.

Ерекшеленген профилактика- балаға Д витаминін тағайындалу болып табылады. Дені сау балаға нормада Д витаминінің қажетті тәуліктік дозасы 400-500 МЕ.

Шала туылған балалар және қауіп-қатер тобындағы балаларға қажеттілігі 1000 МЕ-ге дейін. Курстық профилактикалық дозада бұл балаларға 2 есеге жуық артық болады. Табиғи тамақтанудағы күтімі жақсы жаз айларында туылған балаларда бұл дозаны енгізудің қажеті жоқ. Бейімделген сүт қоспаларымен қолдан тамақтандырылатын балаларға да арнайы профилактика жүргізілмейді, өйткені: Д витаминінің тәуліктік қажетті мөлшері сүт қоспасының құрамына енгізілген (100мл қоспада -100 МЕ).

Профилактикалық мақсатпен тағайындалатын «Д» витаминінің дозасы, ұзақтығы үй жағдайларымен, тамақтану түрімен, географиялық, климаттық жағдайлармен, жыл мерзімімен байланысты болады. «Д» витаминін профилактикалық мақсатпен берудің 3 түрлі әдісі бар:

1-әдіс- жыл бойына аз мөлшерде 1 күндік дозасын үзбей беріп отыру, балаға ең тиімді әдіс. Бірақ қолдану барысында кемшіліктер, қиындықтар туындайды- жыл бойына күн сайын ұмытпай беріп отыруды барлық бірдей аналар орындай алмайды.

2-әдіс- «витаминдік түрткі әдісі» (метод витаминных толчков или фракционный метод). Бұл әдіс бойынша барлық профилактикалық курстық доза 8-10 аптаның ішінде аптасына бір рет апталық доза беріліп отырады, (20 000 МЕ күз, қыс, көктем айларында).

3.Циклдық әдіс- әсіресе жиі ауыратын және қауіп-қатер тобындағы балаларға тиімді. Бұл әдіс бойынша 2,6,10 айлықтарында 30 күн бойы тәулігіне 2000 МЕ- дозада беріледі. 1 жастан кейін қыс, күз айларында 1-2 рет сақтандыру курстары қайталанады.

«Д» витаминінен басқа профилактикалық мақсатпен балаға балық майы да қолданылады- 1 айлығынан бастап 3-5 тамшыдан күніне 2 рет. Осы мақсатпен балаға ц и т р а т қоспасын да дайындауға болады. Цитрат қоспасының құрамы: лимон қышқылы 2,1г, натрий цитраты 3,5г, су 100мл. Бұл қоспа 1 шәй қасықтан күніне 3 рет-7-10 күн бойы беріледі.

ОЖЖ перинатальды зақымдануы бар балаларда, микроцефалия, краниостеноз сияқты патологиялары бар балаларға Д витаминінің профилактикалық дозалары берілмейді. Ал үлкен еңбегі кішкентай немесе мерзімінен ерте жабылған балаларға сақтықпен, кешірек 3-4 айлығынан бастап жүргізіледі.

Д витаминінің дәрілік түрлерін профилактикалық және емдік мақсатпен тағайындау әдістерін, дозаларын есептеп шығару жолдарын, балаға ішкізу тәсілдерін практикалық сабақтарда тереңірек танысып, ұйреніңіздер.

Сабақты бекітуге арналған сұрақтар

1. Р а х и т терминін қалай түсіндіресіз?

2. Д витамині организме қандай роль атқарады?

3. Сүйектердің жұмсаруы не деп аталады?

4. Рахит ауруы неше кезеңнен өтед?

5. Рахит ауруының алғашқы кезеңінде бас сүйегі тарапынан қандай өзгерісті байқауға болады?

6. Аурудың қызған кезеңінде ше?

7. Рахиттік бүкірлік деген белгіні қалай түсіндіңіз?

8. Д витаминінің дәрілік түрлерін атаңыз?

9. Рахиттің профилактикасын жүргізудің әдістері?

10. Д витаминінің мерзімі жетіп және шала туылған балалар үшін қажетті профилактикалық тәуліктік дозасы?

11.

 







Дата добавления: 2015-10-01; просмотров: 4033. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Растягивание костей и хрящей. Данные способы применимы в случае закрытых зон роста. Врачи-хирурги выяснили...

ФАКТОРЫ, ВЛИЯЮЩИЕ НА ИЗНОС ДЕТАЛЕЙ, И МЕТОДЫ СНИЖЕНИИ СКОРОСТИ ИЗНАШИВАНИЯ Кроме названных причин разрушений и износов, знание которых можно использовать в системе технического обслуживания и ремонта машин для повышения их долговечности, немаловажное значение имеют знания о причинах разрушения деталей в результате старения...

Различие эмпиризма и рационализма Родоначальником эмпиризма стал английский философ Ф. Бэкон. Основной тезис эмпиризма гласит: в разуме нет ничего такого...

Тема: Изучение приспособленности организмов к среде обитания Цель:выяснить механизм образования приспособлений к среде обитания и их относительный характер, сделать вывод о том, что приспособленность – результат действия естественного отбора...

Тема: Изучение фенотипов местных сортов растений Цель: расширить знания о задачах современной селекции. Оборудование:пакетики семян различных сортов томатов...

Тема: Составление цепи питания Цель: расширить знания о биотических факторах среды. Оборудование:гербарные растения...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия