Студопедия — Диагностикасы
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Диагностикасы






1. Бактериологиялық әдіс. Диагноздың расталуы қаннан, дәреттен, қақырықтан Бернет риккетсиясының бөлінуі болып табылған. Бірақ риккетсиялар қоректі орталарда өте нашар өседі. Сондықтан бұл әдісті практикада қолданбайды.

2. Серологиялық әдіс. КБР (1:8, 1:16), микроагглютинация реакциясы, ИФА, ПТР, микроиммунофлюоресценция реакциясы.

Емдеуі. Этиотропты препараттар ретінде антибиотиктер пайдаланылады (тетрациклиндер - тетрациклин, доксициклин; левомицетин, фторхинолондар – ципрофлоксацин, офлоксацин; макролидтер – эритромицин, спирамицин, рокситромицин). Емдеудің патогенетикалық әдістері кең қолданылады. Әсіресе бұл Ку-қызбасының ұзаққа созылған және созылмалы түрлеріне қатысты.

Қазіргі жағдайда доксициклинді қолдану қажет: 0,1г х 2 рет, курстың ұзақтығы - дене температурасы қалыпқа келген соң 2 күн қосып жүргізіледі.

Болжамы. Өлім қаупі байқалмаған. Ку-қызбасының созылмалы түрлері иммунды тапшылық жағдайларда кездеседі.

Алдын алу шаралары. Инфекция көздерінің, аурудың берілу жолдары әртүрлі болғаны профилактикалық шараларды жүргізуді өте қиындатады. Ку-қызбасымен ауырған науқас қоршаған орта үшін қауіпті емес, ауруханада да ерекше эпидемияға қарсы режим талап етілмейді. Аурудың жұғуы мүмкін жерлерде жұмыс істегенде, қорғаныс киімдерін пайдалану керек.

 

ИЕРСИНИОЗДАР

Тақырыптың өзектілігі

1. Қазіргі кезде өте кең тараған инфекциялардың бірі. Оның себептері:

1.1 Иерсиниялар табиғатта көп таралған. Олар 60-тан астам сүтқоректілер, 30-дан астам құстар мен қосмекенділер организмнен табылады.

1.2 Иерсинияларды жерден/топырақтан, әртүрлі көкөністерден, тамыржемісті өсімдіктерден, су, ауа, тіпті бізді қоршаған бүкіл табиғат ортасынан табуға болады.

1.3 Сыртқы ортаға мейлімші төзімді.

1.4 Таралу жолдары саналуан.

 

2. Қазіргі заманғы экологиялық күйзелістер мен апаттардың зардаптары әсерінен осы микробтың тек сан жағынан емес, сапасы жағынан да өзгеріп, өзінің патогендік қасиетін күшейте түсүіне мүмкіндік беріп отыр.

 

ПСЕВДОТУБЕРКУЛЕЗ

Анықтамасы. Iersinia pseudotuberculosis қоздыратын, зооноздар тобына жататын, полиморфты клиникалық көріністерімен: жалпы улану, қызба, бөртпе, лимфаденопатия, гепатомегалия, артрит, асқорыту, тыныс алу, жүйке және басқа жүйелерін зақымдау мен сипатталатын жұқпалы ауру.

Тарихи мәліметтері. Ауру қоздырғышын 1883 ж L.Malassez, W.Vignel анықаған. C. Ebert 1885 ж. бұл ауруды псевдотуберкулез деп атаған. Тек 1950 ж. кейін иерсиниялар лимфаденитпен, аппендицитпен, ішек инфекциялармен ауратын адамдардан бөлініп, оның патогендік ролі анықтала басталған. 50-ші жылдарда псевдотуберкулез өте сирек кездесетін ауру деп саналып келсе: себебі 1961 ж. 30 ауру тіркелген, 1962 ж. – 400, 1968 ж. – 2000, ал тек қана 1959-1977 жж арасында қиыршығыстың өзінде ғана 10 000-нан астам адам ауырған. Осыған орай бұл ауруды “Қиыршығыстық скарлатина тәрізді безгек” деп атап кетті. Кейінрек бұл ауру Ленинградта, Мәскеуде, Ташкенте және Алматыда табыла бастады. 1966 ж В.А. Знаменский мен А.К. Вишняков жаңа микробиологиялық тәсілді қолдана отырып ауырған адамның нәжісінен қоздырғышты бөліп алып, оның осыған дейін белгілі Iersinia pseudotuberculosis екенін дәлелдеді.

Қазақстанда иерсиниоз ауруының диагнозы 1977 жылдан кейін қойыла бастады және оны зерттеуде Т.И.Дмитровская, А.М.Дмитровскийдің еңбектері қосқан үлесі зор деп айта аламыз.

Этиологиясы. Аурудың қоздырғышы - Iersinia pseudotuberculosis – грам «теріс» таяқша, Enterobactericea тұқымдастығына, Iersinia тобына жатады. 0- және Н- антигендері бар. О – антиген бойынша 8 сероварлары бар. Олардың ішінде адамға патогенді 01, 03, 02, 04 және 05 сероварлары.

Иерсиниялардың ерекше қасиеттері:

1. сыртқы орта мен қоректік ортаны көп талғамайды. Тіпті топырақпен суда да өсе алады, демек протрофқа жатады;

2. температуралық режимі де кең -2°С - +43°С дейін өсе алады. Тоңазытқыш пен қамбаларда өте жақсы өсіп көбейе алады. Оның психрофилді қасиеті: 2-12 °С өсіп-өніп бере алатындығы;

3. қоздырғыштың құрамында эндо- экзотоксиндердің болуы уланудың барлық белгілері мен салдарын тудырады.

Эпидемиологиясы. Псевдотуберкулез – жедел ішек инфекциясы және зооноз.

Ауру қоздырғыштары табиғатта кең тараған. Аурудың көзі сүтқоректі жануарлар, құстар мен қосмекенділер, балық, бұынаяқты жануарлар. Бірақ негізгі аурудың көзі және резервуары – кеміргіштер, тышқандар. Олар кең таралған, псевдотубекулезге жоғары сезімтал және қоршаған орта объектілерін, суды, топырақты, тағамдарды, көк өністерді заладап, аурудың басқа жануарлар арасында тарауына әсер етеді. Екінші резервуары – топырақ. Топырақта иерсиния қоздырғыштарының жиі табылатыны жануарлар инфицирленген нәжісімен, зәрімен залалдауға және де иерсиниялардың сапрофиттік қасиеттерінің болуына байланысты. Иерсиниоздың өте бір таңғажайып эпидемиолиялық ерекшілігі бар – иерсиниялардың екі бөлек табиғи ортаға өмір сүруге бейімделгені: сыртқы ортада сапрофиттік өмірге, жылы қанды жануарлар организмінде – паразиттік.

Берілу механизмі – фекалді- оралді. Берілу жолдары – алиментарлы, контактілі, аэрогенді, трансмиссивті (сирек кездеседі). Негізігі берілу жолы – алиментарлы. Берілу факторлары: көкөністер, сүт, су, ет тағамдары.

Қабылдаушы макроорганизм. Ауруға барлық жастағы адамдар шалдығады, бірақ балалардың тез ауыратыны ерекше аңғарылады.

Ауру салқын кезеңдерде көбінесе тарайды, спорадикалық, эпидемиялық көлемде таралуы мүмкін.

Патогенезі. Қазақстандық көрнекті ғалым проф. Т.И.Дмитровская псевдотуберкулез дамуында 8 сатының кезең алмастырып өршуін дәлелдеп берді.

1. Эпидемиялық сатысы немесе ауруды жұқтыру сатысы. Қоздырғыштың организмге ену жолы, мөлшері және патогенділігі аурудың клиникалық көрінестеріне көп әсерін тигізеді.

2. Біріншілік регионалді инфекция сатысы. Иерсиниялар организмге енген соң макрофагтармен кездесіп не толық фагоцитозға ұшырайды, не оған тайталаса отырып жергілікті регионалді бездерге лимфа жолдары арқылы таралады. Қоздырғыштың кіру қақпасының аймағында регионалді қабыну процестер дамиды.

3. Бактериемия сатысы. Иерсиниялар лимфогематогенді жолдарымен қан айналымына түсіп бакериемия дамиды.

4. Паренхиматозды ағзаларға бекіну сатысы. Қандағы қоздырғыштарды фагоциттер қоршап алып, оларды иммунды қорғаныс қасиеті дамыған ағзаларға әкеліп шоғыландырады. Бұл жерде қоздырғыштың тарамайтын жері жоқ, демек қабыну мен дестркуция өзгерістергерге барлық ағзалар мен жүйелер қатысуы мумкін. Мұның өзі иерсиниоз клиникасына орасан тән ерекшеліктердің бірі клиникалық полиморфизмнің неліктен болатынына түсінік береді.

5. Токсинемия сатысы. Қанға не паренхиматозды ағзаларға түскен қоздырғыштардың ыдырау әсерінен босанған эндоксиндердің туындысы. Иерсиниоз кезіндегі интоксикацияның бір ерекшілігі - қан құрамында аммиактың концентрациясын мейлінше (5-8 есеге дейін) көбеюі. Ол уреаза ферментінің белсеңділігіне тікелей байланысты. Токсико- аллергиялық өзгерістер ішкі ағзалардың бәрінде дерлік әсіресе ішек-қарында, өкпеде, бүйректе, миокардта, лимфа түйндерінді көрініс береді.

6. Екіншілік – ошақты өзгерістер сатысы. Бұл сатыда токсико-аллергиялық факторлар салдарынан ішкі ағзаларда қабыну, дистрофия, некроз сияқты өзгерістер дамып, демек полиорганды (көп жүйелі) клиникалық көріністер осы сатыға байланысты. Иммунитет тапшылығы қоздырғыштың шетсіз таралуына жол беріп сепсиске айналып, өте қатаң түрде өтуіне әсер етеді.

7. Иммунитеттің қалыптасу сатысы. Қалыптсып үлгерген клеткалық және гуморалді иммунитет арқасында қоздырғыштарды аластау процесі басталады. Бактериялық айығу, морфологиялық айығу, функционалді айығу процестерімен ұштасып, инфекциялық процестің аяқталуына әкеледі. Ал егер ауру толық жазылмаса, онда аурудың кейбір қалдықтары – салдары қалыптасады. Сүйтіп ол 8-ші сатысына ауысады.

8. Аурудың ақыры немесе нәтижесі.

Патогенездің әрбір сатысы аурудың дамуына белгілі бір кезеңдерді тудырады.







Дата добавления: 2015-10-01; просмотров: 3224. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Определение трудоемкости работ и затрат машинного времени На основании ведомости объемов работ по объекту и норм времени ГЭСН составляется ведомость подсчёта трудоёмкости, затрат машинного времени, потребности в конструкциях, изделиях и материалах (табл...

Гидравлический расчёт трубопроводов Пример 3.4. Вентиляционная труба d=0,1м (100 мм) имеет длину l=100 м. Определить давление, которое должен развивать вентилятор, если расход воздуха, подаваемый по трубе, . Давление на выходе . Местных сопротивлений по пути не имеется. Температура...

Огоньки» в основной период В основной период смены могут проводиться три вида «огоньков»: «огонек-анализ», тематический «огонек» и «конфликтный» огонек...

ОПРЕДЕЛЕНИЕ ЦЕНТРА ТЯЖЕСТИ ПЛОСКОЙ ФИГУРЫ Сила, с которой тело притягивается к Земле, называется силой тяжести...

СПИД: морально-этические проблемы Среди тысяч заболеваний совершенно особое, даже исключительное, место занимает ВИЧ-инфекция...

Понятие массовых мероприятий, их виды Под массовыми мероприятиями следует понимать совокупность действий или явлений социальной жизни с участием большого количества граждан...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.014 сек.) русская версия | украинская версия