Студопедия — Бруцеллез диагнозын анықтайтын клиникалық критерийлері
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Бруцеллез диагнозын анықтайтын клиникалық критерийлері






Жалпы нышандар Аса тән көріністері
Ø Жедел бруцеллез - ауру жедел басталады: дене қызуы алғашқы күндері жоғары деңгейге (39ºС және жоғары) дейін жетеді; - қызба ремиттирлеуші, толқын тәрізді, гектикалық сипатта (2 толқынның арасындағы қызбасыз өтетін кезеңнің ұзақтығы бір неше күннен бір неше аптаға дейін созылуы мүмкін; өршу толқындардың саны 2 -10 болуы мүмкін); - үлану симптомдары (әлсіздік, шаршағыштық, тәбетінің төмендеуі, бас ауруы) айқын емес, ауру ұзаққа созылғанда қалыптасады; - дене салмағын жоғалту     Ø Жеделдеу бруцеллез -қызба қисығының дұрыс емес сипаты (тәулік бойы өзгеруі мүмкін); - қызба кезеңі апирексия кезеңіне (қысқы мерзімді) аусуы мүмкін; - көңіл күйінің төмендеуі, тез өзгеруі (лабильность), тәбетінің төмендеуі, ұйқының бұзылуы; ауыздың кебуі, шөл, улкен дәреттің жүрмеуі     Ø Созылмалы бруцеллез* -қызбафебрилді және субфебрилді (суб- және декомпенсация сатыларында); қалыпты (компенсация сатысында); - қызба кезеңі апирексия кезеңіне (ұзақ мерзімді) аусады; - аурудың өршуі әр түрлі қолайсыз жағдайлардың әсерінен дамиды (салқын тигізу, жоғары физикалық және ойлық күш түсіру, күнге қыздыру, сауна қабылдау, термиялық әсері бар физиотерапевтикалық емін қабылдау, жүктілік, жүктіліктен босану, қосымша аурулардың қалыптасуы, стрессті жағдайлар, белок жетіспеітін тамақтану және т.б.); - әлсіздік, шаршағыштық, тәбетінің төмендеуі, ұйқының бұзылуы; - көңіл күйінің төмендеуі, тез өзгеруі (лабильность), естіліктің төмендеуі;  
  • Қызба кезінде науқастың жалпы жағдайы қанағатты;
  • Температура түстен кейін, тәуеліктің 2-ші жартысында көтеріледі;
  • Айқын қалтырау тершеңдікке аусады (әсіресе түнде);
· Полиартронейромиалгиялар, оссеалгиялар (әр түрлі интенсивтілігінде және орналасуында); · Лимфаденопатия (барлық топтағы лимфа түйіндердің ұлғаюы: олар майда, ауру сезімсіз, қозғалыс қасиеті бар) · Гепатомегалия және спленомегалия · Кей бір науқастарда қайталама генерализацияланған жағдайларда организмнің сенсибилизациясы өршігенде әр түрлі ошақты қабыну процесстердің қалыптасуы мүмкін, олар инфекциялық-аллергиялық және септико-метастатикалық сипатта болады · Лейкопения, салыстырмалы лимфоцитоз, ЭТЖ жоғарлауы   · Симпатикалық вегетативті өзгерістер: - әр түрлі интенсивтілігінде және орналасуында ауру сезімі; - тершеңдік немесе тері жабынларының ылғалдылығы (жалпы немесе локалді – алақандардың, табандардың гипергидрозы); - айқын емес қалтырау немесе тоңғыштық (ыстықтау мен жауру сезімдерінің алмасуы); · Лимфаденопатия · Гепато- и спленомегалия · Барлық нақастарда әр түрлі ошақты қабыну процесстердің қалыптасуы, олар инфекциялық-аллергиялық және септико-метастатикалық сипатта болады · Лейкопения, салыстырмалы лимфоцитоз, ЭТЖ жоғарлауы · Парасимпатикалық вегетативті өзгерістер (гипотония, тері жабындыларының құрғақтығы немесе майлығы, тері трофикасының, терморегуляцияның бұзылыстары, дермографизм өзгерістері, аяқ, қол ұштарының дірілі, вегетативті-тамырлық сынамалардың бұзылыстары – ортостатикалық, көз-жүректік, Бирбаир вегетативті нүктелердің ауру сезімі, вагоинсулярлы криздер және т.б.) - Метеосезімталдық - алақандардың, табандардың гипергидрозы · Лимфаденопатия · Гепато- и спленомегалия · пролиферативті, дегенеративті-дистрофиялық сипаттағы ошақты көріністер · Лейкопения, салыстырмалы лимфоцитоз, ЭТЖ жоғарлауы (инфекциялық процесстің өршу кезінде), анемия.  

Лабораторлық әдістер:

1. Бактериологиялық әдіс.

Бруцелла дақылын қаннан бөліп алу үшін Castaneda (1947) бифазды әдісімен қолдану қажет. Зерттеуханаға қан (5 мл) транспорртық ортаға (Т.А.Грушина, М.М.Ременцова, 1991) салынып жеткізіледі. Осымен қатар, қоздырғышты лимфа түйіндердің, сүйек кемігінің пунктаттарынан, зақымдалған буынның синовиалді сұйықтықтан бөліп алуға болады. Бұл әдістің нәтижесі 30-45 күннен кейін дайын болады, себебі қоздырғыш қоректі ортада өте жай өседі. «Оң» гемокультура аурудың жедел кезеңінде - 17,5%, жеделдеу кезеңінде -4,4%, созылмалы кезеңінде –2,7-4,3% жағдайда анықталады (Құрманова К.Б., 1990).

2. Серологялық реакциялар:

А) бруцеллезге қарсы түзелетін антиделерді анықтайтын реакциялар

Райт реакциясы – агглютинация реакциясы, диагностикалық титрі -1:200. Бұл әдістің нәтижесі 7-10 күннен бастап анықталады. Бірақ, соңғы кездерде Райт реакцияның титрлері төмен деңгейде анықталады -1:25, 1:50, 1:100, немесе теріс болып келеді: 3,5% - жедел, 6,8% - жеделдеу, 45,1% - біріншілік-созылмалы, 32,8% - екіншілік-созылмалы бруцеллезде (Құрманова К.Б., 1990).

Хеддльсон реакциясы - агглютинация реакцияның сапалы түрі, әйнек үстінде өткізіледі. Бұл реакцияның сезімталдылығы жоғары, тез пайда болады, ұзаққа сақталады, бірақ спецификалық қасиеті төмен – себебі жиі жалған «оң» нәтиже беруі мүмкін (жүкті әйелдерде, ревматизммен ауыратын адамдарда, криоглобулинемия кезінде және т.б.).

Тікелей емес гемагглютинация реакциясы (ТГАР) 1:100 –жедел түрінде 90% кездеседі, бірақ созылмалы түрінде сиректеу анықталады.

Роз-Бенгал тест (РБТ) – сапалы реакция, өте сезімтал.

Кумбс реакциясы (РК) - 1:200, толық емес антиденелерді анықтайды, созылмалы бруцеллезді анықтауға ынғайлы

Иммуноферментті анализ (ИФА) - өте сезімтал

В) бруцеллезді антигенді анықтайтын реакциялар

Жаңадан енгізлген бруцеллездік антигенді байланыстырушы лимфоциттерді анықтау әдісі – иммундық диагностикаға жатады, жоғары сезімталдық пен арнайлығымен сипатталады. Жедел және жеделдеу бруцеллез кезінде 100% - оң нәтижеде, созылмалы бруцеллез кезінде - 78,3% (93% - декомпенсация сатысында, 92% - субкомпенсация и 13,3% - компенсация) (Дүйсенова А.Қ., 2003 ж).

Полимеразды тізбелі реакция ( ПТР)

3. Терілік–аллергиялық сынама (Бюрне сынамасы) – теріге бруцеллездік сұйық аллерген енгізілгеннен 24-48 сағаттан кейін теріде жергілікті реакция пайда болады – папуланың көлемін өлшеп жауап береді

- гипореактивтік (1 см дейін)

- нормореактивтік (1-3 см дейін)

- гиперреактивтік (3 см жоғары)

Бруцеллез диагнозын анықтау үшін серологиялық реакциялардың комплексін пайдалану қажет. Біріншіден Райт және Хеддльсон реакцияларын, бактериологиялық әдісті. Бұл әдістер теріс нәтижеде болса, басқа әдістермен зерттеу қажет.

№11 кесте







Дата добавления: 2015-10-01; просмотров: 2228. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Тема: Кинематика поступательного и вращательного движения. 1. Твердое тело начинает вращаться вокруг оси Z с угловой скоростью, проекция которой изменяется со временем 1. Твердое тело начинает вращаться вокруг оси Z с угловой скоростью...

Условия приобретения статуса индивидуального предпринимателя. В соответствии с п. 1 ст. 23 ГК РФ гражданин вправе заниматься предпринимательской деятельностью без образования юридического лица с момента государственной регистрации в качестве индивидуального предпринимателя. Каковы же условия такой регистрации и...

Седалищно-прямокишечная ямка Седалищно-прямокишечная (анальная) ямка, fossa ischiorectalis (ischioanalis) – это парное углубление в области промежности, находящееся по бокам от конечного отдела прямой кишки и седалищных бугров, заполненное жировой клетчаткой, сосудами, нервами и...

Ведение учета результатов боевой подготовки в роте и во взводе Содержание журнала учета боевой подготовки во взводе. Учет результатов боевой подготовки - есть отражение количественных и качественных показателей выполнения планов подготовки соединений...

Сравнительно-исторический метод в языкознании сравнительно-исторический метод в языкознании является одним из основных и представляет собой совокупность приёмов...

Концептуальные модели труда учителя В отечественной литературе существует несколько подходов к пониманию профессиональной деятельности учителя, которые, дополняя друг друга, расширяют психологическое представление об эффективности профессионального труда учителя...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия