Студопедия — Картоптың таз қотыры - Обыкновенная парша
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Картоптың таз қотыры - Обыкновенная парша






Streptomyces scabies Thaxter.

Ауру белгілері. Сабақтарының төменгі бөліктері, түйіндері, залалданады, онда кішігірім өңез түріндегі құрғақ некроздар қалыптасады. Аурудың даму деңгейіне және картоптың сорттық ерекшеліктеріне байланысты кәдімгі таз қотырдың бірнеше түрлері бар: тегіс, шығыңқы, торлы. Түйіндерінде ауру белгілері жара немесе өңез, көлемі әртүрлі сүйелдер түрінде байқалады. Орташа және қатты зақымдалу дәрежесінде картоптың тұқымдық қасиеті, крахмал құрамы, құрғақ заттары, аққуыздары, аминқышқалдары мен дәуірмендері төмендеп кетеді.

Аурудың сақталу көзі және таралуы. Ауру қоздырғыштары топырақта сақталады және тұқым материалдарымен бірге таралады.

Ауруға себеп болатын факторлар. Аурудың дамуына жоғары ылғалдылық пен топырақтың аэрациясы, азот тыңайтқыштарының көп болуы, өсімдік қалдыңтарының болуы, марганец пен бордың жеткіліксіз болуы әсер етеді. Ауру қоздырғыштары екі жыл бойы құрғақ күйінде де өміршеңдігін сақтай алады, ал спорлар ұзақ уақыт бойы төмен температураларға төзімді.

 

Картоптың ұнтақ тәріздес таз қотыры - Порошистая парша -

Spongospora subterranea (Wallr.) Lagerh

Ауру белгілері. Тамырлары, түйіндері залалданады. Тамырларында ақшыл, кейін қараятын, дөңгелекше, жаңғақ пішінді өңездер пайда болады. Түйіндерінде дөңгелек, жабық пустулалар немесе 0,5 мм болатын сүйелдер қалыптасады. Кейін пустуланы қаптайтын тері жыртылып, өңездер пайда болады. Пустулалар ішінде қара, ұнтақты ауру қоздырғышынан тұратын масса көрінеді, диаметрі 40-50 мкм.

Аурудың сақталу көзі және таралуы. Инфекция топырақта ұзақ уақыт сақталады. Сонымен қатар түйнектерінде де инфекциялары сақталады.

Ауруға себеп болатын факторлар. Жоғары ылғалдылықта және салқын ауа-райында (12-18 0С) аурудың дамуы байқалады.

 

Картоптың ризоктониозы немесе қара қотыры - Ризоктониоз или черная парша - Rhizoctonia solani Kuhn.

Ауру белгілері. Ауру түйіндерін, сабақтарын, тамырларын залалдайды. Түйіндерде қара таз қотыр ретінде байқалады, беттерінде шығыңқы, қара сүйелдер немесе саңырауқұлақтар склероцидтері қалыптасады. Олар түйін бетінде жабыспаған, сондықтанда картоп қабығын зақымдамай, алып тастауға болады. Склероцидтердің қалыптасуы жас түйіндерінде басталады, бірақ жаппай олар, бірінші күрт салқындау кезінде пайда болады, тамыз айының соңы, қыркүйек айының басы. Жер асты бөліктерінің залалдануы, ризоктониздың пайда болуының кеш түріне жатады. Бұл жағдайда, тамыр мойнында ұзынша келген, қара-қоңыр өңездер пайда болады, өңездер пайда болған жерлерде сабақтары жуандайды. Жапырақ қуысында ауалы түйіндер қалыптасады. Жоғарғы жапырақтарында көгілдір түсті дақтар пайда болып, негізгі талшықтар бойымен олар, бұрала бастайды. Тамыр жүйесінің зақымдалуынан картоп дақылынң солуы байқалады. Кейде сабақтарында ризоктониоздың ақ мойнақ атты түрі байқалады. Ризоктониоз түйіндерінде торлы некторз түрінде байқалуы мүмкін. Түйіндерінің көлемі 0,5-ден 2-3 см-ге жеткенде, қоңыр дақтар пайда болады.Түйіндер өскен кезде залалданған жерлер жарылып, тор қалыптасады. Торлы некроздың дамуына құрғақ, ыстық ауа-райы әсер етеді.

Аурудың сақталу көзі және таралуы. Инфекция склероций саңырауқұлақтары ретінде түйіндерінде, топырақта, өсімдік қалдықтарында сақталады.

Ауруға себеп болатын факторлар. Топырақтың және ауаның жоғары ылғалдылығы, патоген дамуына қолайлы топырақ температурасы 9-27 0С.

 

Картоптың фитофторозы- Фитофтороз - Phythophtora infestans De Вary

Ауру белгілері. Өсімдіктің барлық мүшелері залалданады. Астыңғы кейін үстіңгі жапырақтарында дөңгелек, іріңді, қоңыр дақтар пайда болып, кейін олар бірігіп кетеді. Көбінесе олар жапырақтың шетінде пайда болады. Дақтармен толық қапталған жапырақтар қара-қоңырланып, залалданған сабақтары сынып қалады. Сабақтарында, бұталарында, гүлтостағаншасында қоңыр, ұзынша келген дақтар пайда болады, кейін бұл мүшелердің ұлпалары қоңырланып, солып қалады. Аурудың қатты дамуы кезінде картоп өскіндері 7-10 күнде толығымен қарайып, өліп қалады, шіріген иіс пайда болады.

Түйіндерінде қатты, батыңқы, қара-қоңыр немесе сұр түсті ішкі ұлпаларына дейін енген дақтар түрінде ауру белгілері байқалады. Залалдануы вегетация кезінде, өнім жинау кезінде, өнімді сақтау кезінде болады. Залалданған түйіндер сақтау кезінде сулы немесе құрғақ шірікке шалдығады.

Жоғары ылғалдылықта залалданған мүшелерінде ақ, жұмсақ, өрмектелген, саңырауқұлақ спораларынан тұратынөңездер қалыптасады.

Аурудың сақталу көзі және таралуы. Саңырауқұлақтары түйіндерінде, топырақта, өсімдік қалдықтарында сақталады, егу материалдарымен бірге тасымалданады.

Ауруға себеп болатын факторлар. Ауаның жоғары ылғалдылығы, патоген дамуына қолайлы температура 15-20 0С, Жауын-шашын көп болған жағдайда, ауру жоғары деңгейде дамиды. Инфекция ауамен, жауын тамшыларымен, споралармен тасымалданады.

Картоптың күміс түстес таз қотыры - Серебристая парша -

Helminthosporium solani Dur. et Mont, (син. Spondylocladium atrovirens Harz.)

Ауру белгілері. Вегетация кезінде залалданған түйіндер қара-сұр дақтармен қапталады. Сақтау кезінде қабығының астында ақ, кейін қараятын мицелий қалыптасады. Ауру тегіс немесе, батыңқы, қара-сұр, қара-сары дөңгелек дақ немесе өңез, пустула немесе жара ретінде байқалады. Ауруға шалдыққан ұлпалар қабаттанып, біркелкі емес пішін құрайды. Саңырауқұлақ конидийлері тік немесе бұралған, қоңыр немесе түссіз, 21-85х9-11 мкм. Залалданған түйіндері майда қара склероцид денелермен жабылған.

Аурудың сақталу көзі және таралуы. Саңырауқұлақтары түйіндерінде, топырақта, сақталады.

Ауруға себеп болатын факторлар. Түйіндердің механикалық зақымдалуы, топырақ пен ауаның жоғары ылғалдылығы аурудың дамуына әсер етеді.

Картоптың альтернариозы немесе қоңырқай дағы - Альтернариоз-

Alternaria solani Ell. et (Mart.) Sor.

Ауру белгілері. Альтернариоз жапырақтың жапырақтың қоңыр дағы атауымен белгілі. Бұл ауру белігілері гүлдеу кезеңінде немесе ондан кешірек байқалады. Алғашқыда залалданған жапырақтардың шеті ақшыл-жасылданып, қурайды, жапырақтың жоғары жағына қарай бұралады. кейін ауру талшықтары арасындағы ұлпаларға қарай ауысады. Кейін олар өзара бірігіп, жапырақтары алдын ала қурап қалады. Ылғалды ауа-райында дақтар әлсіз көрінетін қара өңезбен қапталады.Сабақтарында және бұтақтарында ауру белгілері ұзынша келген қоңыр, ұлпаға қарай енген дақ ретінде байқалады. Нәтижесінде залалданған ұлпалар құрғап, картоптың жер беткі бөліктері өліп қалады.

Түйіндері көп зақымдалмайды. Егер залалданса, түйінде майда, батыңқы, қара өңездер пайда болады.

Аурудың сақталу көзі және таралуы. Ауру қоздырғыштар өсімдік қалдықтарында, топырақта сақталады.

Ауруға себеп болатын факторлар. Ауа температурасының 18-22 0Сболуы, ауа ылғалдылығының - 65-70% болуы, аурудың дамуына әсер етеді.







Дата добавления: 2015-10-01; просмотров: 2028. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Понятие массовых мероприятий, их виды Под массовыми мероприятиями следует понимать совокупность действий или явлений социальной жизни с участием большого количества граждан...

Тактика действий нарядов полиции по предупреждению и пресечению правонарушений при проведении массовых мероприятий К особенностям проведения массовых мероприятий и факторам, влияющим на охрану общественного порядка и обеспечение общественной безопасности, можно отнести значительное количество субъектов, принимающих участие в их подготовке и проведении...

Тактические действия нарядов полиции по предупреждению и пресечению групповых нарушений общественного порядка и массовых беспорядков В целях предупреждения разрастания групповых нарушений общественного порядка (далееГНОП) в массовые беспорядки подразделения (наряды) полиции осуществляют следующие мероприятия...

Схема рефлекторной дуги условного слюноотделительного рефлекса При неоднократном сочетании действия предупреждающего сигнала и безусловного пищевого раздражителя формируются...

Уравнение волны. Уравнение плоской гармонической волны. Волновое уравнение. Уравнение сферической волны Уравнением упругой волны называют функцию , которая определяет смещение любой частицы среды с координатами относительно своего положения равновесия в произвольный момент времени t...

Медицинская документация родильного дома Учетные формы родильного дома № 111/у Индивидуальная карта беременной и родильницы № 113/у Обменная карта родильного дома...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.021 сек.) русская версия | украинская версия