Студопедия — Масақтың залалдану экономикалық зиянды шегі қатты қара күйе -0,1%, тозаңды қара күйе -0,5%.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Масақтың залалдану экономикалық зиянды шегі қатты қара күйе -0,1%, тозаңды қара күйе -0,5%.






Дәнді дақылдардың қара күйе ауруларының сыртқы түрлерінің (қатты, тас, жабық) зақымдануға бейім болуы дәннің телиоспора қоздырғышының тозаңдануына байланысты. Тарының жабық қара күйесінен жоғарғы коррелятивті байланыс (r=0,64-0,97) тұқымның споралануымен шашақ гүлдің қара күйемен залалдануы регрессия теңдеуімен көрсетеді:

 

У=1,38+0,0014 Х+5,5,

 

мұнда: У-шашақгүлдің қаракүйемен зақымдануы;

Х-тұқымның телиоспорамен тозаңдануы;

Аурудың пайда болуына ауа-райы әсер етеді, әсіресе көктеу кезінде. Осыған байланысты келесі болжам теңдеуін пайдаланады:

 

У= 0,00187 Х1-2,4 Х2 + 0,12 Х3+1,15,

 

мұнда: У-шашақгүлдің қаракүйемен тозаңдануы, %

Х1- тұқымның телиоспорамен зақымдануы, дана;

Х2- егіс егу кезеңнен өскіннің шығуына дейінгі ауаның тәулік орташа температурасы, 0С;

Х3-тарының егістен бастап шашақ шығарғанға дейінгі жауын-шашын жиынтығы, мм.

Бұл формуланы күздік және жаздық қатты бидайдың, арпаның-тас, сұлының жабық және тозаңды қаракүйемен залалданғанын болжағанда қолданады. Егістегі жаздық бидайдың қаракүйе ауруымен залалданғанын болжау үшін регрессия теңдеуімен жоғарғы коэффициент коореляциясы (r=0,77) ұсынылады:

 

У= 0,334-0,0002 Х1+0,022 Х2 + 0,04

 

мұнда: Х1-ауаның шілде айындағы орташа, жоғарғы температурасы;

Х2 -маусым айындағы 5мм асқан жаңбырлы күндер саны.

Тамыр шірігі. Дәнді дақылдардың аурумен зақымдануын анықтау өсімдіктің 2-3 жапырақ байлаған кезеңде және орақ алдында жүргізіледі. Бұл жағдайда 100 га дейінгі аумақтан 10 сынама әр 2 жүйектен көлемі 0,50м2 аумақтан немесе 25-30 өсімдік алынады.Зертханада егін көгіне талдау жүргізіп, олардың зақымдануын балмен есептеп топқа бөлуі төменгі шкаламен көрсетілген:

0-ауру белгілері жоқ;

0,1- калеоптильдегі жеке сызықшалар;

1- калеоптильдің жеңіл қоңырлануы;

2- калеоптильдің орташа қоңырлануы;

3- калеоптильдің ішкі жағынан қатты қоңырлануы;

4 - өлі егін көгі;

Тамыр шірігінің дамуының соңғы зерттеу жұмыстары дәннің қамырланып және толық пісу кезеңдерінде жүргізіледі. Талдау үшін танаптың диагоналі бойынша немесе үшбұрышты тәсілмен кем дегенде 10 апробациялық бау немесе сынамаларды пайдаланады. Сонымен қатар 0,5м2 аумақтан барлық немесе әр нүктеден 25-30 өсімдік тамырымен жұлып алынады. Зертханада сабақтардың төменгі жағы жапырақтардан тазартылып, зақымданған балына қарай топқа бөледі. Тамыр шірігінің даму дәрежесі 4 балдық шкаламен анықтайды (сурет -67).

0- зақымдалмаған өсімдік;

1- сабақтың төменгі жағы және жер астындағы орналасқан буындарында қоңырқай жолақтар ауру ағза 5/1 бөлігіне орналасқан;

2-қоңырқай жолақтар немесе дақтар, зақымданған ағза 25-50% көлемінде қамтылған;

3- сабақтардың 1-ші және жер астындағы буындарының қатты қоңырлануы.

4- өнім беретін сабақтың жоқтығы, балл бойынша залалданғаны анықталғанда.

Тат түрлері. Күздік бидай, қара бидай егілетін аудандарда қоңырқай, сары, сабақ таттарын анықтау жұмыстарын күзден бастап жүргізеді.Күздік дақылдардың 2-3 жапырақ пайда болу немесе түптену кезеңдерінде, 10-15 танапта 300-500 өскінге немесе жапырақтарға талдау жұмыстары жүргізіледі.

Зертханада олардың залалдану деңгейін шкалага сай талдап, егіс журналына түсіреді. Көктемде күздік дәнді дақылдар толық өсіп болған кезінде өсімдіктердің тат ауруының қай түрлерімен залалданғаны есептеледі. Жаздық дәнді дақылдардың залалдану уақытын анықтап, түптену немесе сабақтану кезеңінде бақылау жүргізеді. Тат ауруының бірінші күлдіреуігіші табылғаннан кейін ауру қарқынын есептеу үшін бірдей қашықтықта 10-20 сынама әр қайсысында 10 сабақтан алынады. Сабақ татының қарқынды дамуын пайызбен анықтайды, Петерсонның Кемпбелл және Ханның (сурет- 69) өзгертілген шкаласы бойынша, сары тат-Маннерс, қоңырқай тат-Русаков (сурет- 70) шкалаларымен анықтайды. Егерде анықтау дақылдың түтіктену-масақтану кезеңінде жүргізілсе, онда сабақтың төменгі 2 және ортаңғы 2 жапырағы, ал дән сала бастаған кезде жоғарғы 2, жалауша жапырақты қосқанда талдау жүргізіледі (кесте -11). Қоңырқай, сары және тәжді таттардың соңғы анықтау жұмыстарын сүтті пісу, ал сабақты татты қамырланып немесе толық пісу кезеңдерінде жүргізеді. Сұлының тәжді татын қоңырқай татына жасалған Русаков шкаласымен анықтауға болады.

Таттардың түрлерін анықтап есептеу үшін Джеймс шкаласымен жапырақ сабақтардың зақымдану индексін 1, 5, 10, 25, 50 және 100 % қолдануға болады.

Кесте-11. Дәнді дақылдардың қарқынды даму деңгейіне байланысты ауруларын есептеу ерекшеліктері

 

Дақылдар Аурулар Өскіннің даму деңгейі Цадокспен
31-39 49-59 61-69 71-92
Бидай Ақ ұнтақ ТЯЖ ОЯЖ ОЯЖ -
Қоңырқай тат ТЯЖ ОЯЖ ЖЖ ЖЖ
Септориоз сары дақ ТОЯЖ ОЯЖ ЖЖ, МП ЖЖ, МП
Сабақ таты СОБ СОБ СОБ СОЖБ
Сары тат ТОЯЖ ОЖЯЖ ЖЖМП ЖЖМП
Арпа Торлы дақ ТОЯЖ ТОЯЖ ОЯЖ ЖЖ
Қоңырқай дақ ТОЯЖ ТОЯЖ ОЯЖ ЖЖ
Сұлы Сабақ таты - СОБ СОЖБ СОЖБ
Тәжді тат ТОЯЖ СОБ ЖЖ ЖЖ

 

Шартты қысқартулар;

ТЯЖ-төменгі ярустағы жапырақтар;

ТОЯЖ-төменгі және ортадағы ярустағы жапырақтар;

ЖЖ-жалауша жапырақ;

СОБ-сабақтың ортаңғы және жоғарғы буындар;

МП-масақ қабықшалары;

 

Тат ауруының даму болжамы. Өсімдіктердің аурумен залалдану мерзімін анықтау үшін жаңбыр тамшыларында, ауада таралған спораларды анықтап, дәнді дақылдарының ауларының санының өзгеруін ұдайы бақылауда ұстау қажет. Тат ауруының спораларының ауада таралуына сараптама жүргізудің қолайлы әдістемесі флюгерлік немесе ПЛС-71, ПЛС-71 М спора қаққыштарымен ұстау болып табылады. Бұл әдістеме аурудың даму мүмкіндігінің кезеңінде: күздік астықта түптеу, жаздық астықта түтіктену - дән құю кезеңінде жүргізіледі. Заттық шынысы бар құралдар вазелинмен немесе кастор майымен майланып егістіктің ортасына орналастырылады. Бұл құралдар күнара немесе 2-3 күнде ауыстырылады. Қағаз жабысқышқа бақылау нүктесінің атауы мен уақыты жазылады. Зертханада микроскоптың әлсіз үлкейтуінде (8х20,10х20) заттық шыны тексеріледі. Спора жоқ немесе аз көлемде болғанда заттық шынының үсті түгел, 1-2 спора болса -2/3; 3-4 спорада - 1/2, 5-10-1/3, 10-нан жоғары-1/5 бөліктері қаралады. Микроскоптың 1 көру түтігі тат ауруының түрі мен спора санын анықтайды. Қажет болған жағдайда оларды микроскоптың 10 полялық көру түтігімен анықтайды. Диаметрі 44 мм, ұзындығы 30см шыны түтігі бар диаметрі 15-24см болатын құйғыш арқылы жауын-шашын түскен тат спораларына сараптама жүргізіледі.Шыны түтіктің төменгі жағынасаңырауқұлақтың спораларын ұстап қалып, суды өткізетін майда сүзгіш (микрофильтр) орнатылады (сурет-72). Әр жауыннан кейін тат спорасын және басқа патогенді анықтау мақсатында сараптама жүргізіледі.

1 шаршы метрдегі урединиоспораның (тат саңырауқұлақтарының жаздық споралары) санын анықтау үшін төмендегі формуланы қолданады.

 

N= n 104

S

мұнда: N -1м2 споралар саны, дана;

n- сүзгіштің бетіндегі споралар саны, дана;

S- құйғыштың жоғарғы горизонтальды бетінің көлемі, см2;

 







Дата добавления: 2015-10-01; просмотров: 1362. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Выработка навыка зеркального письма (динамический стереотип) Цель работы: Проследить особенности образования любого навыка (динамического стереотипа) на примере выработки навыка зеркального письма...

Словарная работа в детском саду Словарная работа в детском саду — это планомерное расширение активного словаря детей за счет незнакомых или трудных слов, которое идет одновременно с ознакомлением с окружающей действительностью, воспитанием правильного отношения к окружающему...

Правила наложения мягкой бинтовой повязки 1. Во время наложения повязки больному (раненому) следует придать удобное положение: он должен удобно сидеть или лежать...

Демографияда "Демографиялық жарылыс" дегеніміз не? Демография (грекше демос — халық) — халықтың құрылымын...

Субъективные признаки контрабанды огнестрельного оружия или его основных частей   Переходя к рассмотрению субъективной стороны контрабанды, остановимся на теоретическом понятии субъективной стороны состава преступления...

ЛЕЧЕБНО-ПРОФИЛАКТИЧЕСКОЙ ПОМОЩИ НАСЕЛЕНИЮ В УСЛОВИЯХ ОМС 001. Основными путями развития поликлинической помощи взрослому населению в новых экономических условиях являются все...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия