Студопедия — Ақ түйнек, бақша, көкөніс, техникалық дақылдарының ауруларының есеп жүргізу әдістері
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Ақ түйнек, бақша, көкөніс, техникалық дақылдарының ауруларының есеп жүргізу әдістері






 

Атарлық дақылдардың ауруларына есеп жүргізуге тұрақты 3-4 тіркелетін 2 қатардан, ұзындығы 5-10 м, пияз бен сәбізге-1м тұратын аумақ таңдап алынады. Бірінші анықтау жұмыстары аурудың бастапқы кезінде жүргізіледі, ол уақыт қатарлардың бірігуі және гүлдеу кезеңіне сәйкес келеді, 10-20 тәуліктен кейін жүргізіледі.

Үлгіге алынған өсімдіктердің әр жапырақтың және белдеуінің (жоғарғы, орта,төменгі) залалданғанын анықтайды. Сабақтың, жапырақтың дақтануы, ақұнтақтануы, церкоспориоз, фитофторозбен залалдану дәрежесін мына шкаламен анықтайды:

0 балл-залалдану жоқ;;

1 балл- сабақтың, жапырақтың беті 1% дейін залалданған;

2 балл- сабақтың, жапырақтың беті 5-10% дейін залалданған;

3 балл- сабақтың, жапырақтың беті 25% дейін залалданған;

4 балл- сабақтың, жапырақтың беті 50% дейін залалданған;

5 балл- сабақтың, жапырақтың беті 75-100% дейін залалданған;

Жапырақтың – пероноспориоз бен залалдану дәрежесін мына шкаламен анықтайды:

0,1балл- жапырақта 1-2 дақ;;

1 балл - жапырақтың беті 1/5 залалданған;

2 балл- жапырақтың беті 1/3 залалданған;

3 балл- жапырақтың беті 2/3 залалданған;

Жылыжай қиярларың ақ ұнтақ және жалған ақұнтақ пен залалданғанын саңырауқұлақ өңезінің аумағымен өлшенеді. Залалдану деңгейін анықтау үшін жапырақтың ақ ұнтақ және дақтығын анықтайтын шкала қолданады.

Қияр мен қызынақтың ақ және сұр шірігімен залалданғанын мына шкаламен

есептейді:

0 балл- залалдану жоқ;

1 балл- жапырақ қолтығында, сабақта, жапырақ сағағында 1-2 майда дақтардың (2 см дейін) пайда болуы;

2 балл- сабақтардың айналдыра дақтардың (5см дейін) басуы, ұлпасы жұмсарады, түйіні мен жемісі жұмсарады;

3 балл- залалданған жерлері бірігеді, өсімдік солады, түйнегі мен жемісі шіриді.

Картоптың саңырауқұлақ, бактериалдық және вирустық ауруларының есеп жүргізуі: Талдауды 50-100 түпті 3-4 рет өткізеді: 1-ші анықтау егін көгі толық көктегенде қара мойнақ, ризоктониоз; 2 - ші жаппай гүлдеу кезеңінде өсімдіктің макроспариоз, альтернариоз, фитофтороз және вирустық аурулармен; 3 -ші егінді жинау алдында 2-3 апта бұрын, жапырақтарын ору алдында (қара мойнақ, фитофтороз, ризоктониоз, вироздар).

Жапырақ дағының даму қарқыны немесе қарқындылығы (макроспариоз, альтернариоз, фитофтариоз) түйнектердін ауруға шалдығуы 5 баллдық шкаламен анықталады:

0 балл-залалдану жоқ;

1 балл- жапырақтың беті және түйнектердің 10% дейін залалданған;

2 балл- жапырақтың беті және түйнектердің 15-25% дейін залалданған;

3 балл- жапырақтың беті және түйнектердің 30-50% дейін залалданған;

4 балл- жапырақтың беті және түйнектердің 50% жоғары залалданған;

5 балл- пәлектің құрау түйнектердің жалпы шіруі

Картоптың вирустық ауруын есептеу 4-баллдық шкаламен жүргізіледі:

1 балл- көзбен бақылағанда білінбейтін дәлелдер

2 балл- көрінетін дәлелдер мен өсімдіктің әлсіреуі

3 балл- жапырақтың пішінінің өзгеруі, некроз, өсімдіктің өсуі мен

дамуының тоқтауы

4 балл- қортықтануы, жапырақтың сабақтың қурауы, солуы, өлуі.

Бұл шкаламен көкөніс, бақша, майлы, техникалық басқа да дақылдардың жапырақтарының вирустық ауруларын анықтауға болады.

Картоп түйнектерін сақтау алдында және аяқталғанда аурулармен залалданғанын тексереді: Ол үшін әр 10 тн топтамадан, әр жерінен талдау үшін 200 дана түйнектен тұратын үлгі алынады. Әр түйнек суға жуылып, тексеріледі. Қара мойнақ, сақиналы шірік, фитофтороз, темір тат теңбілі, кеуектік, фомоз, түйнек етінің қараюын анықтау үшін түйнектерді кеседі. Комплекстік аурулар болса олардың ішінен 2-3 аса қауіпті ауруларды келесі ретімен анықтайды: дителенхоз, қара мойнақ, фитофтороз, құрғақ және сақиналы шірік, таз қотыры. Талдау кезінде: ұршық секілді түйнектер, көк өскіннің инежіптігі, ішкі некроз есепке алынады.

Картоп, көкөніс, техникалық т/б дақылдардың негізгі аурулардың түрі бойынша шолу дайындалады, оның ішінде аймақ бойынша таралуын және қарқындылығы сипатталынады. Әсерлерін көрсетіп, келесі жылы аурудың ластану деңгейін, таралуын көрсетеді. Аурудың таралуын сипаттаған кезде келесі мінездемесін көрсету керек:

· Аурудың дамуының мерзімдерін және оның таралуы.

· Аурудың дамуымен мен таралуының аймағын салыстырмалы түрде жалпы зерттелген аймақпен пайыз көрсеткіште анықтайды. Аурулардың әлсіз және қатты дамуын көрсеткіштер арқылы өткен жылмен салыстырады. Осы мәліметтерге сүйеніп аурудың тенденцияларын оның келесі жылы дамуы мен таралуын анықтайды.

Картоптағы фитофтороз ауруының дамуын алдын ала болжау үшін, келесі ақпараттарды пайдалануға болады:

· Сорттары бойынша сабақ жапырақтарының солуы (ерте, орта және кешпісетін) аурудың даму дәрежесі;

· Өткен жылғы залалданған және зерттелген аумақ;

· Дақылдардың фенологиясы (уақыты және даму кезеңдері), химиялық өңдеу көлемі, биологиялық тиімділігі.

Өткен жылдың ауруларына толық шолу жасау үшін, мына қосымша анықтауларды пайдалануға болады:

· Өнім жинау кезіндегі жұмыстардың тізімі: жапырақтарды ору және қолдану, дефолианттарды қолдану т.б.;

· Өнімді толық жинамауы пайыз көсеткіштері және ауру түйнектердің саны;

· Әр онкүндіктің ауа температурасы (орта, төмен, жоғары)жаз кезеңіндегі жауын шашынның жиынтығы, алдыңғы жылдың маусымынан бастап.

Мамыр айында маусымдық болжам жасау үшін, келесі қосымша мәліметтерді қолданады:

· Ауа температурасы туралы айлық мәліметтер (орта, төмен, жоғары) және қысқы-көктемгі мерзімде жауын –шашынның жиынтығы.

· Егілетін материалды ауру түйнектердің саны пайызбен өлшенеді.

Ресейдің фитопатология институтының ғалымдары картопты отырғызғанда фитофторозбен альтернариозды тиімді қорғау химиялық қорғау үшін диалоктық компьютерлік жүйе ойлап шығарды. Жүйе – картоптың фитофторозы жалпы жайылуы алдында метерологиялық ықпалдардың жиынтығы шегінің бағалауына негізделген. Осы мақсат үшін апталық температураның кіші және ауа ылғалдылығын, апталық жауын –шашын жиынтығы қолданады. Ауруды болжау үшін егістік материалдың бастапқы аурумен ластануы 1-3 % болу керек. Метерологиялық көрсеткіштің жиынтығын анықтау үшін арнайы номограмма жасалған.

Қаз ҒЗИ өсімдіктерді қорғау және карантин зерттеулерімен (r= 0,50- 0,60 + 0,29-0,33) оңтүстік шығыс таулы және Солтүстік Қазақстан дала аймақтарында фитофтороз бен макроспориоздың арасындағы даму корреляциялық тәуелділігі белгіленген. Аурудың дамуы маусым, шілде және шілде-тамыз айларында ауаның ылғалдылығы (r = 0,81- 0,92 + 0,23) және жауын-шашынның жиынтығына (r = 0,82 + 0,27) тәуелді.

Фитофтороздың болжам бойынша даму дәрежесін мына теңдеу бойынша анықтауға болады: У= 4,7 Х1- 9,37 немесе У= 2,1 Х2 - 75,6, мұнда, Х1 шілдедегі жаңбырлы күндер, Х2 маусым-шілдед айларындағы ауа ылғалдылығы.

Алматы облысының таулы аймағында: У= 0,86 Х3-31,4 және У= 2,8 Х2 – 145,7, мұнда Х1 маусым-шілде айларындағы жаңбырлы күндер, Х2 шілде- тамыз айларындағы ауа ылғалдылығы (кесте 16).

Картоптың фитофтароз және саңырауқұлақ ауруларына қарсы белгілі аудандағы (шаруашылық), облыстағы болжамды өңдеу көлемін есептеуге мына формула ұсынылады:

Y=SxK,

 

мұнда: Y-жоспар бойынша өңдеу көлемі;

S-егіс көлемі, га;

К-аурудың даму болжам коэффиценті.

 

Кесте 16 - Орташа өзгертілген есептелетін шамалар (коэффицент), өңдеу қайталымы, тиісті аурудың даму болжамы

Аурудың даму болжамы Коэффиценты
Даму дәрежесі %
Эпифитотия 50-70(64,8) 2,7
Баяу эпифитотия 40-49 (41,3) 2,1
Баяу 30-39 (33,0) 1,5
Тоқырау-баяу 25-29 (28,0) 0,9
Тоқырау 1-24 (12,3) 0,3

 

 







Дата добавления: 2015-10-01; просмотров: 2025. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Различия в философии античности, средневековья и Возрождения ♦Венцом античной философии было: Единое Благо, Мировой Ум, Мировая Душа, Космос...

Характерные черты немецкой классической философии 1. Особое понимание роли философии в истории человечества, в развитии мировой культуры. Классические немецкие философы полагали, что философия призвана быть критической совестью культуры, «душой» культуры. 2. Исследовались не только человеческая...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит...

Образование соседних чисел Фрагмент: Программная задача: показать образование числа 4 и числа 3 друг из друга...

Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Краткая психологическая характеристика возрастных периодов.Первый критический период развития ребенка — период новорожденности Психоаналитики говорят, что это первая травма, которую переживает ребенок, и она настолько сильна, что вся последую­щая жизнь проходит под знаком этой травмы...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия