Студопедія
рос | укр

Головна сторінка Випадкова сторінка


КАТЕГОРІЇ:

АвтомобіліБіологіяБудівництвоВідпочинок і туризмГеографіяДім і садЕкологіяЕкономікаЕлектронікаІноземні мовиІнформатикаІншеІсторіяКультураЛітератураМатематикаМедицинаМеталлургіяМеханікаОсвітаОхорона праціПедагогікаПолітикаПравоПсихологіяРелігіяСоціологіяСпортФізикаФілософіяФінансиХімія






THE FINANCIER 23 страница


Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 561



Табыстар бұл – байланыс қызметін сатудан түскен ақша. Табыстардың келесі түрлері ажыратылады:

  1. Байланыс қызметінен немесе негізгі қызметтен түскен табыстар.
  2. Байланыс қызметімен байланысты емес сатудан тыс операциялардан түскен табыстар.

Мысалы, өндірістік алаңдарды жалға беруден, құнды қағаздардан, қосымша шаруашылықтан, коммерциялық операциялардан түскен табыстар.

Кәсіпорын әр келесі жылға табыстардың мөлшерін жоспарлайды, кесімді баға табыстарының орташа жоспарлау мөлшерін жоспарлы жылдың өнім көлеміне көбейтеді. Табыстардың орташа кесімді бағасы бір қызметтен түскен орташа табысты мінездемелейді.

Жоспарлы жылда көрсеткіштің мөлшеріне әсер ететін ішкі және сыртқы факторлар негізінде ол жоспарланады. Кәсіпорынның жылдық жұмыстардың қорытындысы бойынша табыс көлемін талдайды, егер жоспар орындалмаса және өсу қарқыны төмендесе, онда себептері анықталып табыстардың өсуіне ықпал ететін шараларды қарастырады.

Пошта байланыс табыстарын бір тұрғынға шаққандағы және де тұрғындар санының жоспарлы жылдың сол ауданда немесе қалада және табыстардың талдау динамикасы арқылы пошта байланыс қызметінің барлық түрлерімен, белгіленген тәртіп бойынша дәстүрлі емес, кеңейтілген түрімен анықтайды.

Қалалық және ауылдық телефон желілері, жүйе арқылы хабар тарату табыстары жоспарлы жылға орташа кесімді бағаға сәйкес келетін және мәліметтер көлемі негізінде және қызмет құрлымының заттай түрімен және сәйкес тарифтермен анықталуы мүмкін.

Радиохабарды тарату точкалары және телефондарды құру және қайта құрудан түскен табыстар, күткен келесі және жоспарлы жылдың есептелген орташа баға кесімінің мөлшерін, олардың саны негізінде анықталады.

Байланыс каналдарын жалға беруден түскен табыстар, қалалық телефондар және телеграф байланысы жалдаушылардың келісім шарты негізінде жоспарланады, мұнда бекітілген тариф есебінен жылдық жоспарлау табысының соммасы көрсетіледі.

Байланыс кәсіпорындары арасындағы табыстарды қайта бөлу қызметтері, олардың өндіріс процесінде хабарды тарату кезінде басқа баға жүйесі орындалады, байланыс саласында қолданылатын – байланыс кәсіпорынның өнімдерінің бағасы.

Байланыс жүйесінің тарифтері келесі үш топқа бөлінеді:

- жалпы (негізгі), көп таратылған және байланыстың барлық салалары қызметіне белгіленген;

- жеңілдік, байланыс қызметінің дәл сол түрлеріне жалпы тарифпен салыстырғанда анағұрлым төмен деңгейде белгіленген, әртүрлі уақыт кезеңдерінде жіберілетін хабарлардың көлемін көбейтуге ( мысалы, түнгі және кешкі уақытта қалааралық телефонмен сөйлесуге жеңілдік тарифтері), жаңа қызмет түрлерін дамытуға немесе басқа факторларды есепке алып байланыс құралдарын қолданылуын жақсарту.

- жоғары, жалпы тарифтер немесе бекітілген бағадан жоғары ( байланыстың бір қызмет түріне).

Тариф көлемін анықтау үшін байланыс қызметінің сол түрінің орташа саланың бағасын және пайданың керекті мөлшерін анықтау қажет.

 

Т=С+П+НДС

 

СҰРАҚТАР

  1. Табыстардың түрлері.
  2. Табыстың орташа кесімді бағасының анықталуы.
  3. Байланыс тарифтерінің жүйесі.
  4. Тариф көлемінің анықталуы.

 

ГЛОССАРИЙ

 

Казахский Русский Английский
Негізгі табыстар Основные доходы Primary income
Сатудан тыс операциялардан түскен табыстар Доходы от внереализационных операций Income of unrealized operation
Пошта байланысынан түскен табыстар Доходы по почтовой связи Income on post connection
Байланыс каналдарын жалға беруден түскен табыстар Доходы от аренды каналов связи Income of lease channel connection
Жалпы тариф Общий тариф General tariff
Жеңілдетілген тариф Льготный тариф Privileged tariff
Көтерілген тариф Повышенный тариф Heightened tariff

 

СӨЖ тапсырмалары: Өндірілетін және тұтынылатын өнімнің қолайлы көлемін анықтау.

1.Қоғамның тұтынушылығын қанағаттандырудағы өнімді өндірудің анықтаушы рөлі.

2.Өндірістің техникасы, технологиясы және ұйымдастырылуы-оның тиімділігін арттырудың басты факторлары.

3.Өнімді өндіру мен тұтынудың байланысы, олардың тиімді көлемін анықтау. Реферат

(6-8бет.) Бет. 147-163 «Кәсіпорын экономикасы» Г.И. Әбдікерімова2008ж.

СОӨЖ тапсырмалары: Бағаның құрамы және құрлымы. – коллоквиум бет-454-465 И.В. Сергеев «Экономика организации предприятий», Изд-во Проспект 2007г.

 


<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
THE FINANCIER 22 страница | THE FINANCIER 24 страница
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | <== 23 ==> | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 | 39 | 40 | 41 | 42 | 43 | 44 |
Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.216 сек.) російська версія | українська версія

Генерация страницы за: 0.216 сек.
Поможем в написании
> Курсовые, контрольные, дипломные и другие работы со скидкой до 25%
3 569 лучших специалисов, готовы оказать помощь 24/7