Студопедія
рос | укр

Головна сторінка Випадкова сторінка


КАТЕГОРІЇ:

АвтомобіліБіологіяБудівництвоВідпочинок і туризмГеографіяДім і садЕкологіяЕкономікаЕлектронікаІноземні мовиІнформатикаІншеІсторіяКультураЛітератураМатематикаМедицинаМеталлургіяМеханікаОсвітаОхорона праціПедагогікаПолітикаПравоПсихологіяРелігіяСоціологіяСпортФізикаФілософіяФінансиХімія






THE FINANCIER 24 страница


Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 665



 

Негізгі әдебиеттер:

1.Әбдікерімов Г.И. «Кәсіпорын экономикасы» А. 2008г.

2 В.Г. Горфинкель «Экономика предприятия» М. 2002г.

Қосымша әдебиеттер:

1. Пелиха А. С. Экономика предприятия, М. 2003год

2. В.Н. Смагин «Экономика предприятия» М. 2007г.

 

Алматы байланыс колледжі

HAND-OUTS

«Сала экономикасы және кәсіпкерлік Алматы байланыс колледжі.

қызмет негіздері». Топ:07-БЖ-КЖ-1,07-КТЖ-1.

Кредит - 2. 2 семестр, 2009-2010 оқу жылы.

Лекция - № 6. Оқытушы: Төлемісова Г.Т.

Тақырып: Негізгі қорларды тиімді қолданудың

көрсеткіштері және олардың құрамы, құрылымы, түсінігі.

 

Лекцияның қысқаша мазмұны.

Негізгі капитал (негізгі қорлар, айналымнан тыс активтер, негізгі құралдар) – бұл өзінің натуралды-заттық нысанын сақтай отырып және бірнеше өндірістік цикл кезеңінде, біртіндеп, бөліктермен өз бағасын дайын өнімге ауыстыратын еңбек құралдары. Негізгі қорлар өндірістік емес және өндірістік (өндіріс процесінде қатысатын) болып бөлінеді. Негізгі қорлар натуралды және ақша түрінде өлшенеді. Натуралды баға- бұл олардың өндірістік мінездемесі.

Қазіргі уақытты олардың түрлерімен негізгі қорлардың жіктелуі қарастырылады:

  1. Ғимараттар ( цехтар, қоймалар және т.б.);
  2. Құрылыстар (мосттар, тонелдер, жолдар және т.б.);
  3. Өткізетін қондырғылар ( құбыр жүргізу және т.б.);
  4. Машиналар және құралдар;

а) күш беретін машиналар және жабдықтар (әр түрлі энергияның түрлерін шығарады);

б) жұмыс машиналары және жабдықтар ( еңбек құралына әсер етеді – станоктар және т.б.);

в) өлшейтін және реттейтін приборлар;

г) есептейтін техника және т.б.;

5. Көлік құралдары;

6. Құрал саймандар және аспаптар ( бір жыл бойы жұмыс істейтін және 50 айлық есеп көрсеткіші АЕК (МРП) тұратын құрал саймандардың негізгі түрлері);

7. Өндірістік және шаруашылық мүліктер;

8. Жұмысшы және өнім малдары;

9. Көп жылдық көшеттер;

10. Жерлерді жақсартуға қажетті капиталды шығындар;

Негізгі қорлардың бағасы мыналармен іске асырылады:

- оларды сатып алынғандағы негізгі қорлардың алғашқы бағасы ( монтажға кететін шығындар және жеткізумен бірге сатып алынған жылдың бағасымен); қалпына келтіретін ( өндірістің заманға сай бағасы); қалдық ( тозуды есептегенде).

Негізгі өндірістік қорларды қолданудың екі көрсеткіші бар:

  1. Бағалы:

- қор қайтымы – негізгі қордан бір теңгеден қанша өнім алынады

Ф/О=Д/Фосн

Мұнда, Д – кәсіпорынның табысы, Фосн – негізгі қордың орташа жылдық бағасы.

 

- қор сыйымдылығы – табыстың бір теңгесіне қанша негізгі қорлар керек

Ф/Е=Фосн./Д

 

- қор қаруланғандық – бір адамға қанша негізгі қорлар керек

ФВ=Фосн./Р

Р - өндірістік-өнеркәсіптік қызметкерлер саны

 

- қор рентабельділігі – кәсіпорын негізгі қордың бір теңгесінен қанша пайда көреді

Ф/Р=Прибыль/Фосн

  1. Натуралды көрсеткіштер:

- жабдықтарды экстенсивті қолдану коэффициенті:

Кэкс=( Тфакт/Твоз) 100%,

Мұнда, Тфакт – жабдықтың нақты жұмыс істеу уақыты, Твоз – жабдықтың максималды жұмыс істеу уақыты.

- интенсивті қолдану коэффициеті:

Кинт= (Офакт/Овозм) 100%,

Мұнда, Офакт – шығарылған өнімнің нақты көлемі, Овоз - өнімнің максималды көлемі.

- интегралды қолдану коэффициенті:

Кинтегр=Кинт*Кэкс/100%,шығарылатын өнім көлемімен және жабдықтардың уақытпен қолданылуын сипаттайды.

Негізгі қорлардың тиімді емес қолданылуының себептері:

- пайдаланылмайтын өндірістік аландардың болуы;

- істен шыққан жабдықтардың болуы;

- қымбат тұратын, бірақ аз өндіретін жабдықтардың болуы.

Кәсіпорын пайданы және табысты алатындықтан, қор қайтымы және қор рентабельділігінің өсуіне қызығушылық танытады.

 

СҰРАҚТАР

  1. Негізгі қорлардың түсінігі.
  2. Негізгі қорлардың жіктелуі.
  3. Негізгі қорлардың бағасы және қолдану көрсеткіштері.

 

ГЛОССАРИЙ

Казахский Русский Английский
Негізгі қорлар Основные фонды Primary funds
Алғашқы бағасы Первоначальная стоимость First cost
Қалпына келтіру бағасы Восстановительная стоимость Restorative cost
Қор қайтымы Фондоотдача Fund return
Қор сыйымдылығы Фондоемкость Fund capacity
Қор қаруланғандық Фондовооруженность Fund armed
Қор рентебельділігі Фондорентабельность Fund paying
Экстенсивті қолдану коэффициенті Коэффициент экстенсивного использования Coefficient extensive utilization

СӨЖ тапсырмалары: Кәсіпорын мүліктері.

1.Айналымнан тыс активтер.

2.Кәсіпорынның айналымға салатын активтері (айналым құралдары). Реферат

(6-8бет.) Бет. 169-193 «Кәсіпорын экономикасы» Г.И. Әбдікерімова2008ж.

СОӨЖ тапсырмалары: Өндірістік қор қайтымы және қор рентабельділігін төмендететін факторлар. Коллоквиум б-130 В.Н. Смагин «Экономика предприятия» М. 2007г.

 


<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
THE FINANCIER 23 страница | THE FINANCIER 25 страница
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | <== 24 ==> | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 | 39 | 40 | 41 | 42 | 43 | 44 |
Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.212 сек.) російська версія | українська версія

Генерация страницы за: 0.212 сек.
Поможем в написании
> Курсовые, контрольные, дипломные и другие работы со скидкой до 25%
3 569 лучших специалисов, готовы оказать помощь 24/7