Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Ақшаның қызметтері және экономикадағы рөлі мен қазіргі жағдайдағы дамуы





 

Ақша экономикадағы рөлін өзінің атқаратын негізгі қызметтері арқылы орындайды. Ақшаның әр қызметі тауар айырбасы процесінен туындайтын тауар өндірушілердіңформасы ретінде ақшаның әлеуметтік және экономикалық мазмұнының белгілі бір жақтарын сипаттайды.

Ақшаның қазіргі экономикадағы атқаратын қызметтеріне мынаоар жатады:

Құн өлшемі және баға масштабы;

Айналыс (айырбас) құралы;

төлем құралы;

Қорлану және қор жинау құралы;

Дүниежүзілік ақша.

Ақшаның құн өлшемі қызметі. Ақша жалпыға бірдей балама ретінде барлық тауарлардың құнын өлшейді.Ақша құн өлшемі ретінде: «мөлшері жағынан аттас, сапасы жағынан салыстыруға келетін тауарлар құнын бейнелеу үшін тауарлар дүниесіне материал беру» қызметін атқарады. Бірақ та тауарларды өзара өлшейтін ақша емес, тауарлар өндірісіне кеткен қоғамдық қажетті еңбек олардың бірінің біріне өлшеуіне жағдай жасады, Барлық тауарлар қоғамдық еңбек өнімдері, сондықтан олардың құнын өзіндік құны бар нақты ақшалар өлшей алады.

Нның өлшем қызметі тауар өндірісі жағдайында туындайды. Бұл ақшаның барлық тааурлар құнының өлшемі ретіндегі қабілеттілігін білдіреді, бағаны анықтауда делдал қызметін атқарады. Өзінің жеке құны бар тауар ғана, құн өлшемі бола алады. Бұндай тауар болып өндіруіне қоғамдық еңбек жұмсалған, құнды құрай алатын алтын саналады. Яғни, бұл қызметті толық құнды ақшалар атқарады. Ақша еңбек өлшемі – ол жұмыс уақытын емес, осы еңбекпен құрылған құнды көрсетеді.

Ақша құн өлшемі қызметін идеалды, оймен ойлау арқылы орындайды. Яғни тауардың құнын өлшеу ақшаға айырбасталғанына дейін орындалады, сонымен құнның тауар формасынан ақша формасына айналуы үшін тауардың бағасын белгілесек жеткілікті.

Тауарлар құнының ақшамен бейнеленуі оның бағасы деп аталады. Толық құнды ақша айналысы жағдайында алтынның бағасы болған жоқ. Ақшаның өз бағасы болмайды, олардың құны өздерімен анықталуы мүмкін емес. Баға тауарды өндіруге және сатуға қажетті қоғамдық еңбек шығынымен анықталады.

Н өлшеу қызметі жалпы эквивалент ретіндегі ақшаның тауарға деген қатынасын көрсетеді. Бірақ тауардың бағасын анықтау үшін баға масштабы қажет. Әрбір елде ақшаның өлшемі ретіндегі қабылданған және тауарлар бағасын өлшеуге қызмет ететін металлдың (алтын) баға белгілеу процесіндегі ақша бірлігіне бекітілетін салмақты саны баға масштабы деп аталады.

Бағалардың негізінде және олардың қозғалысында құн заңы жатыр. Ақшаның құн өлшемі қызметі мен баға масштабы арасында һзара айырмашылық бар. Құн өлшемі бұл мемлекетке тәуелсіз ақшаның экономикалық қызметі болып табылады. Құн өлшемі қызметі құн заңына байланысты анықталады. Баға масштабы бұл мемлекетке тәуелді, бірақ тауардың құнын көрсету үшін емес, тек оның бағасын бейнелеу үшін қызмет етеді. Баға масштабы нарық заңына, яғни сұраныс пен ұсынысқа байланысты белгіленеді. Сөйтіп баға масштабы арқылы ойша белгіленетін тауарлар бағасы ұлттық ақша бірлігіндегі көрсетілетін нарықтық бағаға айналады. Баға масштабы заңдық сипатқа ие бола отырып, мемлекет билігіне тәуелді және құнды емес тауар бағасынкөрсету үшін қызмет етеді

Арнайы баға масштабы алтын құны мен оның мемлекеттік тұрақты бағасының арасы алшақ болып кетуіне байланысты өзінің экономикалық мағынасын жоғалтты.

Ямайка валюта реформасының (1976–1978 жж.) нәтижесінде арнайы алтын бағасы және алтын паритеті жойылды. Құн өлшеу қызметі нарықтық баға масштабы негізінде орындалады

Бүгінгі таңда тауарлар алтынға тікелей айырбасталмайды және олардың бағасы алтынмен белгіленбейді. Ақшаның бұл қызметін алтынның орнында жүретін оның құндық өкілдері немесе қағаз және несиелік ақша белгілері атқарады. Несие ақшалар тауарлардың құнын өлшемейді, өлшенген құнды көрсетеді, өйткені өзінің құны жоқ.Мұндай ақшалардың меншік құны болмайтындықтан да, олардың толық бағалы емес ақшалар деп аталады.

Сонымен алтын белгілерінің, яғни толық құнды емес және қағаз ақшалардың пайда болуы, ақша формаларының олардың алтындық мазмұнынан ажырауына алып келеді.

Ақшаның айналыс құралы қызметі. Ақша айналыс құралы қызметінде ақша тауар айналысы процесінде делдалдық рөл атқарады. Таур айналысы мынадай процестерді қамтиды: туар сату, яғни оның ақшаға айналуы және тауарды сатып алу, яғни ақшаның тауарға айналуы. Бұл процесті арнайы формулада мынадай түрде беруге болады: Т (тауар) – А (ақша) – Т (тауар).

Ақша айналысының таур айналысынан айырмашылығы ақша тауарды біртіндеп айналыстан шығара отырып, өзі айналыста үнемі қалып отырады. Ақшаның айналыс құралы ретіедегі қызметінің басты ерекшелігі, біріншіден, бұл қызметті толық бағалы емес құнның белгілері: қағаз және несиелік ақшалар атқарады, екіншіден, нақты және қолма-қолсыз ақшалар атқарады.

Айналыс құралы ретінде ақша қызметтерінің ерекшеліктері мынала:

Тауар мен ақшаның қарама- қарсы қозғалысы;

Оны идеалды ақшалар емес, нақты (қолма-қол) ақшалар орындайды;

Ақшаның бұл қызметінде тауарларды айырбастау өте тез орындалатын болғандықтан, оны нағыз ақшалар емес (алтын), оны ауыстырушылар – ақша белгілері орындайды.

Бірақ бұл, несие және қағаз ақшалар ақшалы тауармен байланысты емес деген сөз емес. Бұл байланыс несие ақшалардың алтын нарығында жасырын айналыс болуымен түсіндіріледі.

Сонымен ақша, ақша айналыс құралы қызметін атқаратындықтан да олардың саны, яғни айналысқа қажетті сатылатын тауарлар массасы және бағасы негізінде анықталады. Қанша дегенмен бір ақша бірлігі – несие таур мәмілелеріне қызмет ететін болғандықтан, ақша айналысы қанша көп болса көп болса, айналыс үшін олардың қажетті саны сонша азболады. Ал егер айналыстағы ақша массасы тауар массасынан артық болса, онда ақшаның құнсыздануы инфляцияға жол береді.

Ақша қор жинау құралы қызметі. Әр түрлі жағдайлардың болуына байланысты тауарлардың тек нақты ақшаға ғана сатылмайтыны белгілі. Себебі әр түрлі тауарларды өндіру кезеңі мен айналыс мерзімінің ұзақтығының бірдей еместігі, сондай-ақ бірқатар тауарлардың өндірісі мен сатылуының маусымдық сипатта болуы шаруашылық субъектісінде қосымша қаражаттардың жетіспеушілігін туғызады. Соның нәтижесінде тауарлардың төлемін кешіктіріп сатып алу және сату, яғни несиеге беру қажеттігі туындайды. Ақша төлем құралы ретінде мынадай ерекше қозғалыс формасына ие: Т (міндеттеме), келісілген мерзімнен кейін: М (міндеттеме) – Т (тауар).Ақшаның төлем құралы қызметін мен айналыс құралы қызметтері арасында өзара айырмашылықтар бар. Ақша айналыс құралы ретіндегі делдалдық рөлінде жүретін болса, төлем құралы қызметінде ақша мен тауардың бір-біріне қарама-қарсы қозғалысы болмайды, яғни қарыздық міндеттеме арқылы өтеу, сату және сатып алу процесінің аяқталғандығын білдіреді. Тауарлар мен ақша арасындағы уақыттағы алшақтық кредиторға қарыз аоушының төлемеу қаупін тудыруы мүмкін.

Ақша тәлем құралы ретінде тек қана тауар айналысына қызмет етіп қоймай, сол сияқты қаржы және несие қатынастарына да қызмет етеді.

Жалпы барлық ақшалай төлемдерді мынадай түрде топтастыруға болады:

тауарлар және көрсетілген қызметтер бойынша төлем міндеттемелері;

мемлекетке қатысты қаржылық міндеттемелер,

банктік несиелер, мемлекеттік және тұтыну несиелері бойынша қарыздық міндеттемелер;

сақтандыру міндеттемелері;







Дата добавления: 2015-03-11; просмотров: 2358. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...


Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...


Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...


Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Характерные черты немецкой классической философии 1. Особое понимание роли философии в истории человечества, в развитии мировой культуры. Классические немецкие философы полагали, что философия призвана быть критической совестью культуры, «душой» культуры. 2. Исследовались не только человеческая...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит...

Кран машиниста усл. № 394 – назначение и устройство Кран машиниста условный номер 394 предназначен для управления тормозами поезда...

Метод Фольгарда (роданометрия или тиоцианатометрия) Метод Фольгарда основан на применении в качестве осадителя титрованного раствора, содержащего роданид-ионы SCN...

Потенциометрия. Потенциометрическое определение рН растворов Потенциометрия - это электрохимический метод иссле­дования и анализа веществ, основанный на зависимости равновесного электродного потенциала Е от активности (концентрации) определяемого вещества в исследуемом рас­творе...

Гальванического элемента При контакте двух любых фаз на границе их раздела возникает двойной электрический слой (ДЭС), состоящий из равных по величине, но противоположных по знаку электрических зарядов...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия