Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Лы түрік қағанатының тарихын баяндаңыз





Бірінші Түрік қағанатының тарихы (551-603). Этникалық ортаның өзгеруіне байланысты біздің заманның 1-ші ғасырында Еуроазия далаларында басымдық түркі тілдес тайпаларға ауысты. Бірінші түрік қағанаты мемлекетінің құрылуымен Қазақстанның орта ғасырлық тарихы басталады. 1968 жылы Монғолияда Орхон алқабында түркі руналық жазуның ескерткіші табылды, әзірше бұл түркі қағанаты дәуірінің алғашқы ескерткіші. Бұл жазулар кағандардың билеушілерінің қорған- жерлеу орындарында қойылған. Қағандар билеушілері – Таспара, Бильге және оның ағасы Күлтегін. Міне, осы түркі жазуларынан біз түркі империясы – түркі елі (мемлекеті) туралы білеміз. Ерте ортағасыр дәуірінде Римнің құлауынан оңала алмай жатқан Еуропаға қарағанда Орта Азияда күрделі өзгерістер болды. Санаулы онжылдықта Ұлы Дала кеңістігінде Рим империясының аумағынан кем емес мемлекет құрылды. Дала империясы – түркі қағанатының тууы - түркі әлемі туралы ұғым туғызды, Қазақстан тарихында және басқа да Еуроазия елдеріндегі ежелгі түркі деп аталатын жаңа дәуірді ашып берді. Түркілер тарихы - Қытай жылнамашыларының жазып алған ежелгі түркі аңызына сүйенсек, Шығыс Тянь Шань – Турфаннан басталады. Бұл аңызға қарасақ түркілер ата- бабалары жау тайпаларымен түбімен жойылған, тек бір ғана 10 жастағы ер бала аман қалған, оны бір қасқыр өлімнен аман алып қалып, өзі асырыған, кейіннен оған әйел болып, 10 ер бала туған. Олардың бәрі Түрфан әйелдеріне үйленген. Осы Тарланның Ашина есімі бір немересі жаңа тайпаның көсемі болып, оған өз есімін берген. Кейіннен Ашина руының көсемдері өз туысқандарын Алтайға шығарады, онда олар жергілікті тайпаларды игеріп, түркі есімін қабылдайды. Сондықтан да қасқыр - көптеген түркі халықтарының ең қасиеттейті хайуаны. Сол қасқыр терісі - ішінде қолдары мен аяқтары шабылған адам жатқан қасқыр фигурасы каған стеласындағы барельефте бейнеленген. Аңыз түркілердің шығу тегін Шығыс Тянь-Шаньмен, Қытай жылнамашылары сияқты байланыстырады. Қытай жылнамашыларының айтуынша кейінгі ғұндар тайпасы ІІІ-IV ғасырда солтүстік Тянь-Шаньға қоныс аударған және Турфан аймағына ығыстырылып, онда 460 жылға дейін мекендеген. Сол жылы оларға монғол тілді жуань – жуань (авар) тайпалары шабуыл жасап, олардың иеліктерін құртып, ғұн тайпаларын Алтайға ығыстырған. Сол тайпалар ішінде Ашина ұрпақтарының тайпасы да болған. Ашина Алтайға қоныс аудармай тұрып жергілікті халықпен араласып кеткен. Олар күштерін жинап аварларды талқандады. 551 жылы түркі билеушісі Бұмын “қаған” титулын алды, яғни ол император дегенді білдіреді. VI ғасыр ортасында тарихи аренаға жаңа тұлға – Түркі қағанаты келді. Мұған қаған (553-572) 553 жылы Оңтүстік Батыс Манчжуриядағы моңголдардың қидан тайпаларын және Енисайдағы қырғыздарды жаулап алып, түрік елінің Орта Азияның Оңтүстік Сібірдегі өктемдегін біржола орнықтырды. Бірінші Түрік қағанаты атанған осынау мемлекеттік құрылым 630 жылға дейін сақталған. Қытай жылнамаларының айтуына қарағанда әлгі қағанат Ұлы Қабырға сыртында жатқан елдердің баршасының зәресін алған. Шығыстан Корей шығанағына дейіңгі он мың км жуық, Оңтүстіктен Алашан Гоби шөлдеріне, солтүстіктен Байкалға дейінгі бес-алты мың км жуық жердегі ұланғайыр кеңістік осы державаның табанында жатты. Ол аздай-ақ Қытайдың Солтүстігіндегі Ци және Солтүстік Чжу мемлекеттерін де өзіне қаратып алды. Міне оның қуаттылығы осындай болған. Түріктердің Батысқа қарай жасаған жорықтары да жемісті болған. 5 ғасырдың 60-шы жылдарының соңына қарай түрік қағанаты сол заманғы ірі де іргелі мемлекеттер – Византияның, сасанидтік Иранның және Қытайдың саяси, сондай-ақ экономикалық қарым-қатынастары жүйесіне кіреді де, Қиыр Шығыс Жерорта теңізі жағалаундағы елдерді жалғастыратын сауда жолдарына бақылау жасау үшін күрес жүргізеді. 555-558 жылдары түркілер Жетісу мен Қазақстанның Сырдария, Арал, Орал және Жайыққа дейінгі далаларын иеледі. Түркілердің батысқа қозғалысы тек жаулап алу болған жоқ, сонымен бірге ол Орта Азия түркілер тайпаларының қоныс аударуы және олардың Солтүстік Шығыс Орта Азия аймақтарына, алдымен қазақ далаларына қоныстанулары болды.







Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 1766. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...


Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...


Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...


Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Философские школы эпохи эллинизма (неоплатонизм, эпикуреизм, стоицизм, скептицизм). Эпоха эллинизма со времени походов Александра Македонского, в результате которых была образована гигантская империя от Индии на востоке до Греции и Македонии на западе...

Демографияда "Демографиялық жарылыс" дегеніміз не? Демография (грекше демос — халық) — халықтың құрылымын...

Субъективные признаки контрабанды огнестрельного оружия или его основных частей   Переходя к рассмотрению субъективной стороны контрабанды, остановимся на теоретическом понятии субъективной стороны состава преступления...

Дизартрии у детей Выделение клинических форм дизартрии у детей является в большой степени условным, так как у них крайне редко бывают локальные поражения мозга, с которыми связаны четко определенные синдромы двигательных нарушений...

Педагогическая структура процесса социализации Характеризуя социализацию как педагогический процессе, следует рассмотреть ее основные компоненты: цель, содержание, средства, функции субъекта и объекта...

Типовые ситуационные задачи. Задача 1. Больной К., 38 лет, шахтер по профессии, во время планового медицинского осмотра предъявил жалобы на появление одышки при значительной физической   Задача 1. Больной К., 38 лет, шахтер по профессии, во время планового медицинского осмотра предъявил жалобы на появление одышки при значительной физической нагрузке. Из медицинской книжки установлено, что он страдает врожденным пороком сердца....

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2025 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия