Астана 2012
СИЛЛАБУС
__________ ЖБП МК _______________ (модульдің шифрі және атауы)
KT - «Қазақстан тарихы» пәні бойынша (оқу жұмыс жоспарына сәйкес пәннің коды мен толық атауы)
Тарихшы емес 1-курс мамандығының(тарының) (мамандық/мамандыру шифрі және атауы) студенттеріне арналған
Астана 2012
«ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ» ПӘНІНІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ (СИЛЛАБУСЫ) 1. Дәріс оқушы: Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушылары: А.Ибраева, К.Сейтказина, О.Бекмаганбетов. Телефон: 49-27-72 2. Қазақстан тарихы. Код: КТ. Кредит саны – 3. 3. Өткізу орны және уақыты:1, 2 семестр, сабақ кестесі бойынша 4. Оқу пәнінің пререквизиттері:Археология, Этнология, Философия, Саясаттану, Мемлекет және құқық тарихы, Алғашқы қоғам тарихы, Ежелгі дүние тарихы, Қазақстанның ежелгі тарихы, Ортағасырлар тарихы, Қазақстанның ортағасырлар тарихы, Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы, Азия және Африка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы, Еуропа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы. Постреквизиттер:Жоғары оқу орнындағы нақты пәндерді оқыту әдістемесі. 5. Пәннің сипаттамасы:Жоғары оқу орнында оқылатын Қазақстан тарихы курсының мектептегіден айырмашылығы ол ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі Отан тарихынының маңызды мәселелерін қазіргі тарих ғылымындағы жаңа тұжырымдар мен әдіснамалық тәсілдерді жан-жақты қолдану арқылы пайымдауында. Теориялық ғылыми тұжырымдарға негізделген тақырыптар арқылы тарихи кезеңдердегі маңызды мәселелерімен танысуға болады. Осы арқылы қазақ халқының әлемдік өркениетке қосқан үлесін бағалауға мүмкіндік бар. Пәнді игеруде Отан тарихын әлем тарихының құрамды бөлігі ретінде қарастыруға мүмкіндік беретін мәселелік-хронологиялық, себептік-анықтамалық, салыстырмалық зерттеу әдіс-тәсілдерін қолданған жөн. 5.1. Курсты оқытудың талаптары. Бүкіл оқыту үдерісі дәріске, семинар сабақтарына, СӨЖ (студенттің өздік жұмысына) бөлінген. Дәріс сабақтың негізгі түрі болып табылады. Дәріс сабақтарында оқытушы тақырыптың негізгі мәселелеріне ерекше көңіл бөліп, материалды өздігінше игеруге әдістемелік нұсқаулар береді. Қазақстан тарихынан дәріс оқығанда тиімді қолданылатын әдістердің бірі – мәселелі (проблемалы) оқыту болып табылады. Бұл әдіс студенттің танымдық, шығармашылық қабілеттерін арттырып, қызығушылық тудырады және оқыту үрдісіне енгізеді. Мәселені ашуда қайшылықтар туындап, студенттің білімін кеңінен пайдалануға мүмкіндік береді. Проблемалы оқытуды ұйымдастыру – дәріс оқушының күрделі, маңызды дайындығының негізінде жүзеге асады. Дәріс барысында студент конспект жазып, тақырып көлемінде туындаған сұрақтарда талқылауға белсене араласуы қажет. Семинар сабақтары оқытылатын курстың күрделі тақырыптары немесе бөлімдері аясында өтіліп, студенттің дәріс және материалды өздігінше игеруі барысында алынған білімді тереңдету, бекіту және тексеру мақсатында жүзеге асырылады. Семинар сабақтарында оқытушы тақырып тапсырмалары бойынша жазба конспектілерін қарап, ауызша жеткізілуіне ерекше көңіл бөледі. Семинар сабақтарына дайындық экспресс-сұрақтар, блиц-сұрақтар, тест тапсырмалары және басқа әдістермен қадағаланып отырады. Бүгінгі таңда семинарды проблемалы ұйымдастыру кеңінен қолданылуда. Сабақ алдында студенттерге проблемалы сұрақ қойылады немесе проблемалы тапсырма беріледі. Мәселені шешу үшін оқытушы материалдағы қарама-қайшылықтарды студенттің қабылдауына дайындайды. Мұның тиімділігі жеке мәселелерді студенттердің өзі көрсетеді. Бұл әдістің басты жетістігі оқытушы аудиториядан қойылған мәселенің студенттің «өзіндік шешімін» тыңдау мүмкіндігіне жетеді. Студенттің өздік жұмысы (СӨЖ) студенттің оқытушымен өздік жұмысы сабақ кестесіне енбейді. Алдын-ала берілген тапсырманы орындау үшін студент кітапханаларда, интернет желісіне шығатын компьютерлік сыныптарда жұмыс істеуге мүмкіндігі бар. СӨЖ тапсырмалары пән бағдарламасы аясында құрастырылып, сабақ барысында және емтихан кезінде негізге алынады. Пәнге мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт бойынша 135 сағатқа тең 3 кредит бөлінген. Оның 45 сағаты (30 сағат – дәріс, 15 сағат – семинар), 90 сағаты студенттің өздік жұмысы (СӨЖ) түрінде өтіледі. 5.2. Оқу пәнінің негізгі мақсаты – білім алушыларғаҚазақстан тарихыныңежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі негізгі кезеңдері туралы, Қазақ халқының қалыптасуы, мемлекеттігінің орнығуы мен дамуының үздіксіздігі, сабақтастығы туралы шынайы тарихи білім беру. Осыған орай, пәнді оқыта отырып студенттердің ғылыми көзқарас деңгейінде кешенді қабылдауына жағдай жасау; ғылыми әдебиеттер және деректік материалдармен жұмыс істеуге баулу. 5.3. Міндеттері: • Қазақстанның қазіргі тарих ғылымының жетістіктеріне сүйене отырып хронологиялық тұрғыдан студенттерге мол фактологиялық материалдармен таныстыру; • Қазақстандағы ортағасырлардағы тарихи, этномәдени процестердің негізгі кезеңдерін және өзіндік сипатын анықтау; • “көшпелі өркениет” феноменінің мазмұнын ашу; • ортағасырлардағы Қазақстан тарихының теориялық, әдіснамалық, тұжырымдамалық мәселелерін меңгеру; • қазақ халқының этногенезінде маңызды рөл атқарған қыпшақ және оғыздардың этникалық және саяси тарихын көрсету; • ортағасырлардағы Қазақстан тарихы мен жалпы ортағасырлар дәуіріндегі бір-біріне қатысты мәселелерді, ұқсас мәселелерді салыстыра білу; • Егеменді Қазақстан мемлекетінің қалыптасып, нығаю міндеттеріне жауап бере алатын теориялық, әдіснамалық, тұжырымдамалық мәселелерін меңгеру; • қазақ халқының этногенезінде маңызды рөл атқарған қыпшақ және оғыздардың этникалық және саяси тарихын көрсету; • Тәуелсіздіктің орнығуы жылдарындағы Қазақстандық даму моделінің мазмұнын, ақиқаттың ғылыми-тарихи біліммен толықтырып, осы арқылы Қазақстанның империялықтан кейінгі кезеңнен ойдағыдай шығуына әсер еткен басты себептер мен факторларды анықтау. 5.4. Оқу пәнінің мазмұны Пәннің мазмұны Қазақстан тарихының ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі тарихын толық қамтуға арналған. Оқытушының жан-жақты, терең дайындығы және білім алушылардың оқу пәнін игеруге деген белсенділігінің негізінде жүзеге асырылады.
5.5. Оқу пәнінің жоспары
|