Головна сторінка Випадкова сторінка КАТЕГОРІЇ: АвтомобіліБіологіяБудівництвоВідпочинок і туризмГеографіяДім і садЕкологіяЕкономікаЕлектронікаІноземні мовиІнформатикаІншеІсторіяКультураЛітератураМатематикаМедицинаМеталлургіяМеханікаОсвітаОхорона праціПедагогікаПолітикаПравоПсихологіяРелігіяСоціологіяСпортФізикаФілософіяФінансиХімія |
Доходи підприємства та методика їх обчисленняДата добавления: 2015-08-30; просмотров: 564
Идеал қоспалар Рауль және Дальтон заңдарына бағынады. Рауль заңы бойынша: әр құрастырушының парциалдық кысымы (рA немесе рВ) олардың сұйық қоспадағы мольдік үлестеріне тура пропорционал болады:
рА = РА∙хА рВ = РВ ∙ хВ = РВ ∙(1-хА) (1)
мұнда рА , рВ - төмен температурада қайнайтын және жоғары температурада қайнайтын құрастырушылардың парциалдық қысымы; РА, РВ - берілген температурадағы таза құрастырушылар А мен В –ның қаныққан буларының қысымы; хА және 1- хА - А мен В құрастырушылардың сұйық қоспадағы мольдік үлестері. Сонымен бірге, Дальтон заңы бойынша құрастырушылардың парциалдық қысымдары: рА = Р∙уА рВ = Р·(1- уА) (2)
мұнда Р - жүйедегі жалпы қысым; уА және (1- уА) - А мен В құрастырушылардың булы қоспадағы мольдік үлестері. рА·хА=Р·уА; рВ·(1-хА) =Р·(1- уА) (3)
Бұл теңдеуден төмен температурада қайнайтын құрастырушының булы қоспадағы мольдік үлесін: уА= (рА/Р) ·хА немесе (1- уА) = (рВ/Р)·(1-хА) (4) анықтауға болады.
Әдетте ректификация процесі тұрақты қысымда өткізіледі, яғни р=соnst. Сондықтан, идеал бинарлы қоспалардың тепе-тендігі р=соnst жағдайда қарастырылады. (4) – тендеудің хА бойынша шешуін тапсақ: хА=(Р- рВ)/( рА- рВ) (5)
ТҚ-ның қайнау температурасы tТҚ және ЖҚ-ның tЖҚ аралығындағы рА және рВ–лар дың белгілі мәндерімен (5) - теңдеуден х мәнін, ал (4) - теңдеуден у мәнін анықтауға болады.
Фазалар ережесінен ректификация процесі үшін еркіндік дәреже С=2-ге тең. Демек, тепе-тендік байланысын екі айнымалы шамалар арқылы өрнектеуге болады: р және х; t және х; р және t; х және у. Егер р=соnst болса, тепе-тендік байланысын t = f(x,y) немесе у = f(x) координаталарында өрнектеуге болады. Ректификация процесін талдау үшін t-x,y диаграммасының негізінде салынған у-х диаграмма қолайлы (сур.1).
Сурет 1. Тепе-тендік диаграммасы Тепе-тендік у*= f(x) сызығы төмендегі теңдеумен өрнектеледі: у*А = (РА/Р) ·хА немесе у*А= РАхА/ (РА хА+ РВ(1- хА)) (6)
|