Головна сторінка Випадкова сторінка КАТЕГОРІЇ: АвтомобіліБіологіяБудівництвоВідпочинок і туризмГеографіяДім і садЕкологіяЕкономікаЕлектронікаІноземні мовиІнформатикаІншеІсторіяКультураЛітератураМатематикаМедицинаМеталлургіяМеханікаОсвітаОхорона праціПедагогікаПолітикаПравоПсихологіяРелігіяСоціологіяСпортФізикаФілософіяФінансиХімія |
Економічна сутність, значення, порядок обчислення та основні напрями розподілу прибутку підприємстваДата добавления: 2015-08-30; просмотров: 580
Сұйық қоспаны құрастырушыларға толық ажырату үшін айдаудың күрделі тәсілі – ректификация қолданылады. Ректификациялық аппараттың түрлері: ректификациялық қондырғыларда негізінен екі түрлі аппараттар қолданылады – 1) табақшалы; 2) насадкалы және қабықшалы. Мұндай аппараттар ішкі құрылымдары (табақшалар, насадкалы денелер т.б.) жағынан абсорберлерге ұқсас. Ректификация процесі мерзімді және үздіксіз әрекетті қондырғыларда әртүрлі қысымда (атмосфералық, вакуумда және атмосфералық қысымнан жоғары) өткізіледі. Жоғары температурада қайнайтың қоспаларды вакуумда, ал қалыпты температурада газ күйінде болатың қоспаларды жоғары қысымда ажыратады. Ректификациялық үздіксіз әрекетті қондырғы Бастапқы қоспа әдетте ысытқышта қайнау температурасына дейін ысытылып, колоннаның қоректенуші табақшасына беріледі (сур.2). Қоректенуші табақша колоннаны екі бөлікке бөледі: 1- жоғарғы бөлігі - қоректенуші табақшадан жоғарғы табақшаға дейін. Бұл бөлікте дефлегматорға баратың будың құрамы ТҚ-мен барынша нығайтылуы (байытылуы) керек. Сондықтан колоннаның бұл бөлігін нығайтылу немесе жоғарғы бөлігі деп атайды. 2- төменгі бөлігі қоректенуші табақшадан ең төменгі табақшаға дейін. Бұл бөлікте барынша сұйықтағы ТҚ-ны тауысу керек,сейтіп оны ЖҚ жетілдіру керек, яғни кубқа қүрамы жағынан ЖҚ-ға жақын сұйық беріліу керек. Сондықтан колоннаның бұл бөлігін тауысунемесе төменгі бөлігі деп атайды.
Сурет 2. Насадкалы ректификациялық колонна: 1-цилиндрлі корпус, 2-саптама (насадка), 3-таяныш тор, 4- флегманы қайта таратушы; 5- кубтық қалдыққа арналған патрубок, 6-қайнатқыш, 7-сұйық таратың құрылғы
Колоннада төменнен жоғары қарай қайнатқыш-кубтан шыққан бу көтеріледі. Қайнатқыш-куб колоннадан тыс немесе оның төменгі жағына орналасуы мүмкін. Әр табақшада будан ЖҚ конденсацияланып, сұйықтан ТҚ буланады. Сонымен, қайнатқыш-кубтан көтерілетін негізен ЖҚ-дан құралған бу колоннадан шыққанша ТҚ-мен байытылады.
|