Головна сторінка Випадкова сторінка КАТЕГОРІЇ: АвтомобіліБіологіяБудівництвоВідпочинок і туризмГеографіяДім і садЕкологіяЕкономікаЕлектронікаІноземні мовиІнформатикаІншеІсторіяКультураЛітератураМатематикаМедицинаМеталлургіяМеханікаОсвітаОхорона праціПедагогікаПолітикаПравоПсихологіяРелігіяСоціологіяСпортФізикаФілософіяФінансиХімія |
Розділ третій. Не‑щоденникДата добавления: 2015-10-01; просмотров: 724
1) Мұхаммед пайғамбардың өмірі және қызметі.Мұхаммед ( ) (араб.: محمد, 570, Мекке — 632 жыл 8 маусым, Медине) — Ислам дінінің пайғамбары, Мекке қаласында туған, Бану Һашим тайпасынан шыққан. Аллаһтың соңғы елшісі, тура дінді насихаттаушы, әділеттің көркем мінезділіктің нышаны және үлгісі боп табылады. Бұған қоса – соңғы пайғамбар‚ мұсылмандар түсінігінде тек арабтардың пайғамбары ғана емес, жалпы адамзатқа келген биік адамгершілік, ахлақтық ғибраттың үлгісі.[1] Пайғамбарлық 40 жасында келген. 63 жасында қайтыс болған. Мұхаммед есімі «мақталатын», «мақтауға лайықты» деген мағынаны білідіреді.[2] Исламда Мұхаммед басқа да «Нәби» (Пайғамбар) және «Расул» (Елші), «Мустафа» (Таңдаулы), «Махмуд» (Мақтаулы), «Башир» (Қуандырушы), «Назир» (Ескертуші), «Музаккир» (Еске салушы), «Шаһид» (Куә), «Дағи» (Аллаһқа шақырушы) есімдерімен белгілі. Құранда Мұхаммед ( ) кейде «Ахмад» деп те аталады. (61:6) (араб.: أحمد — «мақтауға ең лайықты») Мұхаммед пайғамбардың аты аталғаннан кейін немесе жазылғаннан кейін артынша әрдайым «Салла-Ллаһу алейһи уа салләм» (араб.: صلى الله عليه وسلم) — яғни, «Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын» деп айтылады. Мұхаммед алейһиссалам - Аллаһу та’аланың сүйікті құлы, жаратылған барлық адамдар мен басқа жаратылыстардың барлық тұрғыдан ең үстемі, ең көркемі жəне ең қадірлісі. Аллаһу та’ала мадақтаған, бүкіл адамзат баласы мен жындарға пайғамбар ретінде таңдап жіберген соңғы жəне ең үстем пайғамбары болып табылады. Ол əлемдерге рақымдылық ретінде жіберілген, барлық нəрсе оның құрметіне жаратылған. «Қайта-қайта мадақталған», «өте көп мақталған» деген мағынаны беретін Мұхаммед алейһиссаламның Ахмед, Махмуд, Мұстафа сияқты есімдері де бар. Əкесінің аты Абдуллаһ. Өзі хижреттен 53 жыл бұрын рəбиул-əууəл айының 12-жұлдызында дүйсенбі күні түнде, таңға жақын Мекке-и Мукаррамада дүниеге келді. Тарихшылар бұл күннің милади жыл санағы бойынша 571 жылдың сəуір айының 20-сына дəл келетінін айтады. Дүниеге келуінен бірнеше ай бұрын əкесі Абдуллаһ, алты жасында анасы Əмина қайтыс болды. Сол себептен де пайғамбарымызға Дүрр-и йетим (жетімдердің гауһары) деген лақап тағылған. Сегіз жасына дейін атасы Абдулмутталибтің, ол қайтыс болған соң көкесі Əбу Тəліптің қасында болды. Жиырма бес жасында Хадиша Кубра анамызға үйленді. Одан туған тұңғыш баласының аты Қасым болатын. Арабтарда кісінің атын тұңғыш ұлының атымен қосып атайтын. Сондықтан пайғамбарымыз Əбул Қасым, яғни Қасымның əкесі деп аталды. Қырық жасында оған бүкіл адамзатқа жəне жындарға пайғамбар болғандығы Аллаһу та’ала тарапынан білдірілді. Үш жылдан кейін барлық адамдарды иманға шақыра бастады. Елу екі жасында Миғраж оқиғасы орын алды. Милади 622 жылы, 53 жасында Меккеден Мəдинаға көшті. 27 рет соғыс өткізді. Хижри 11 (м. 632) жылы рəбиул-əууəл айының 12-сінде дүйсенбі күні сəскеде 63 жасында Мəдина-и Мунаууарада қайтыс болды. Аллаһу та’ала барлық пайғамбарларды есімдерімен атаса, Оны хабибім (сүйіктім) деп атаған. Хақ та’ала бір аятта: «Сені əлемдерге рақымдылық етіп жібердік» (Əнбия сүресі, 107) жəне бір хадис құдсиде: «Сен болмағанда, сен болмағанда еш нəрсені жаратпас едім» деген. Əрбір пайғамбар өз заманында, өз мекенінде, өз қауымынан барлық тұрғыдан жоғары тұрады. Ал, пайғамбарымыз Мұхаммед алейһиссалам болса, дүние жаратылған күннен қияметке дейін барлық кезеңде, барлық жерде, келген-кеткен жəне келетін барлық қауымдардың ең қадірлісі, ең үстемі болады. Ешкім ешқандай тұрғыдан одан жоғары бола алмайды. Хақ та’ала оны солай жаратқан.
2) Сұлулықтан ләззат алу, эстетикалық пайымдауға адамзаттың ұмтылысы (теолог және әдебиетші Ибн Хазм, 994-1064). Ибн Хазм тегін Шығыстағы омайяд халифатының құрушысы - Муауияның бауыры Язид бин Суфиянның азат етілген ирандық құлына тірейді. Ибн Хазмның әкесі Ахмад Ибн Саидтың 381/991 жылы II Хишамның уәзірі Хаджиб әл-Мансур Ибн Әби Амирдің көмекшісі болғанға дейін жанұясының атағы шықпаған. Әкесінің ұзақ уақыттық көмекшілік кезеңінде 384/994 жылы дүниеге келген Ибн Хазм таршылық көрмей өсті. Оның білім алуына мүмкіндігі болды. Ибн Хазмға ерекше әсер еткен ұстазы - захири мектебінің өкілі және Дауд Ибн Алидің шәкірті Ибн Муфит болатын (ө.426/1035). Ол ғибадат, мұсылман құқығы тақырыптары бойынша белгілі бір мектепті ұстанбаған және белгілі бір мектеппен шектелуге қарсы шықты.
Ибн Хазмның білім тұжырымдамасын қарастырар болсақ, ол білімді төмендегі жағдай бойынша туындайды деп есептеген: а) Сезімдік қабылдау (шахадат әл-xayac): бақылау мен сезімдер арқылы қол жеткізілетін дәлел; ә) Бірінші ақыл (бахидат әл-ақл немесе әууал әл-ақл): бес сезім мүшесінің көмегінсіз априори ақыл; б) Сезім дәлеліне немесе априори ақыл-ойға тән аргумент.
Ибн Хазм адамның алты сезім мүшесі бар және жан бес сезім арқылы материалдық заттарды ұғына алады деген көзқарасты ұстанған, осылайша, ақыл хош иісті сезінеді, жан қызылды жасылдан, сарыдан т.б. немесе қаттыны жұмсақтан, ыстықты суықтан ажырата алады. Ибн Хазмның пікірінше, алтыншы сезім - саналық объектілер жайлы жанның білімі, яғни, адамның аксиомалық тұрғыда олар жайлы қандай да бір аргументтен тәуелсіз ақыл-ой арқылы қол жеткізілетін білімдер. Жан ғылымы бөлшектің бүтіннен кіші екендігін ажырата алатын деңгейдегі білім, барлық нәрсені ажырата бастаған балаға екі құрма берген кезде, жылай бастайды, ал үшіншісі берген кезде, ол жылауын доғарады. Әлгі бала білімнің шегін игере алмаса да, бүтіннің бөлектен үлкен екендігін біледі. Бұл сезім балаға екі заттың бір жерге сыймайтынын ажыратып береді, бір орынның басқа адамның отыруына жеткілікті емес екендігін ұғынып, оның отыруына кедергі жасайтыны байқалады. Ибн Хазмның пікірі бойынша, білімге қол жеткізудің өзге де жолдары - Алла тарапынан объектілерге берілуі және әртүрлі халықтардың тілдерінде орын алған кейпінде адамдардың өзара түсінуі. Бірақ аталған екі жол да каламның мәселесі және осы тақырып бойынша тартыстар өрбіген
3) Герарт миниатюра мектебі. Камал эд-дин Бехзад (1450-1533).Ауғанстан жеріндегі сәулет және бейнелеу өнері ескерткіштері б.з.б.4 -3 –мыңжылдықтарға жатады. Бактрия патшалығы кезіндегі өнерден эллиндер ықпалы қатты байқалады.Сондай-ақ саздан,шикі кірпіштен ,тастан салған көптеген будда ғибадатханаларының орны сақталған. Ал орта ғасырлардағы өнер Орта Азия ,Иран ,Үндістанның көркемдік дәстүрлерімен тығыз байланысты.Бейнелеу өнерінде миниатюра, әсіресе ,15 ғасырда белгілі Герат мектебі өте жақсы дамыған. Кемаледдин Бехзад ,оның шәкірті Қасым Әли , тағы басқа миниатюршылардың еңбектері белгілі. Бехзад Кемал әд-Дин (1455 — 1535/36) — Гераттың миниатюра мектебінің негізін қалаушы, 15 ғасырдағы аса көрнекті суретші. Ол Шығыс және Орталық Азия, Иран, Әзербайжан миниатюрасының дамуына тікелей әсер етті. Оның әрбір шығармасы көрерменге ерекше әсер қалдырып, ой салды. Олардан шығыс өнеріне тән нәзік ырғақты көруге болады. Кезінде швед өнер зерттеушісі Ф. Мартин Бехзадты “Шығыс Рафаэлі” деп атаған. Ол Сағдидың “Бустан” кітабын (Каир, Египеттің ұлттық кітапханасы), Низамидің “Хамза” (Британ музейі) атты поэмадан құралған кітабын көркем суреттермен безендірді. Бехзад ақын, ұлы қолбасшы Әмір Темірдің тарихшысы Шараф әд-Дин Йездидің “Зафарнаме” кітабына суреттер салды. Әмір Темірдің жорықтық жеңісіне арналып салынған миниатюралар оқиғаның мәнін аша түседі (Балтимордағы Дж. Хопкинс университетінің кітапханасы). Бехзад Өзбек хандығын билеушіӘбілхайыр ханның немересі Шайбани ханның тұлғалық келбетін нанымды бейнелейді. Сонымен қатар Әмір Темірдің ұрпағы Сұлтан Хусейн мырзаның тұлғалық келбетін миниатюралық көркем шығармада үздік бейнелеп көзге түседі. Орта ғасыр ойшылы, ақын, ұлы қолбасшы Бабыр суретші Бехзадтың өнеріне өте жоғары баға берген. Ұлы суретші Бехзадтың көркем шығармалары Англия, Лондон, Санкт-Петербург қалаларындағы мұражайларда сақталған. БИЛЕТ
|