Головна сторінка Випадкова сторінка КАТЕГОРІЇ: АвтомобіліБіологіяБудівництвоВідпочинок і туризмГеографіяДім і садЕкологіяЕкономікаЕлектронікаІноземні мовиІнформатикаІншеІсторіяКультураЛітератураМатематикаМедицинаМеталлургіяМеханікаОсвітаОхорона праціПедагогікаПолітикаПравоПсихологіяРелігіяСоціологіяСпортФізикаФілософіяФінансиХімія |
Теоретичні основи та концептуальні засади митної політики і митної справи в УкраїніДата добавления: 2015-03-11; просмотров: 573
Ақша жүйесіне байланысты Ұлттық банк мынадай негізгі қызметтерді атқарады: айналыстағы ақша массасының көлемін реттеу жолымен республикада мемлекеттік ақша-несие саясатын жүргізеді және монетарлық монополиялық элементі болып табылады, бағалы қағаздарды эмиссиялайды; банктердің қызметін бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады және пруденциалдық нормативтер белгілейді; ҚР-да несиелер бойыеша сыйақы (мүдделендіру)пайыз мөлшерлемесін реттеуді жүзеге асырады; Ұлттық банк мынадай операцияларды жүргізеді: мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алады және сатады; қаржы құралдарымен операцияларды жүзеге асырады; қажет кезінде банктерде және қаржы ұйымдарында шоттар ашады; чектер жазып, вексельдерді береді; Жарғыға сай келмейтін өз міндеттемелеріне сай келетін басқа да банктік операцияларды жүзеге асырады. Лттық банк – заңды төлем құралын, яғни банкноталарды шығаруға эмиссиондық құқығы бар жалғыз мемлекеттік орган. Олар Ұлттық банккінің эмиссиялануында шығарылады және банктерге сатып, қолма-қолсыз эквивалент алу формасында болады. Қазақстан Республикасының ресми ақша бірлігі – теңге болып табылады. Лттық банк банкноталар мен монеталардың қажетті мөлшерін анықтайды, олардың жасалуын қамтамасыз етеді, сақталу, жою, және қолма-қол ақшаның инкассацмялау тәртібін орнатады. Лттық банк Қазақстан Республыкасының валютасын шет ел мемлекеттерінің ақша бірліктеріне айырбастау бағамын анықтау тәртібін белгілейді. Олма-қол ақшаның айналымы, олардың банкінің кассасына үздіксіз оралып отыру жолымен жүзеге асады. Р-да ақша банкноталарын өндіру және коммерциялық банктерге инкасскациялауға лицензия беру бойынша өз күштерін енгізумен байланысты, қолма-қол ақшаның жағдайы 1996 жылға дейінгі кезеңмен салыстырғанда өзгерді. Эмиссия – бұл мемлекетпен банкноталардың, монеталардың, бағалы қағаздардың шығарылуы. Ол қолма-қол түрінде де немесе қолма-қолсыз ақша түрінде де болуы мүмкін. Олма-қол ақша түріндегі эмиссия – айналысқа банкноталар мен монеталардың қосымша шығарылуын сипаттайды. Азақстандағы теңгенің көп мөлшерде эмиссиялануының негізгі себептерінің бірі – кәсіпорындар арасындағы дәстүрлі қолма-қолсыз есеп айырысуларының біртіндеп қолма-қол есеп айырысуларға ауысуы, бұны әрине, жағымсыз құбылыс деп есептеуге болады. Бірақ 1995 жылы жағдай жақсара бастады, бұл кассалық түсімдердің кассалық шығындардан көбеюі нәтижесінде қолма-қол ақшалардың эмиссиялаудың үлес салмағы банк кассасында берілуі қысқарды. Ақша базасы – бұл Ұлттық банк шығаратын ақшалар. Оған айналымдағы қолма-қол ақшалар, міндетті және артық резервтер жатады. Міндетті резервтер – бекітілген нормативтерге сәйкес Ұлттық банкідегі арнайы шотта несие корреспонденттік шотында сақталуына міндетті банк депозиттерінің бәлігі. Артық резервтер дегеніміз юанктердің Ұлттық банкідегі корреспанденттік шоттардағы қалған қалдықтары. Айналымдағы қолма-қол ақшаның мөлшері банктердің корреспонденттік шоттардағы қаражаттарының болуына байланысты болғандықтан, Ұлттық банк ақша базасының мөлшерін екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық банктегі корреспанденттік шоттардағы қаражаттарының көлемін, яғни банктердің өнімділігін реттеу арқылы реттейді. Ол ақша-несие саясатының құралдарын пайдаланумен іске асады. Бұл құралдары ақша базасының кеңеюінің шегін көрсететін және ақша массасының, ақша базасына қатынасы арқылы есептелінетін ақша мультипликаторының мөлшеріне әсер етеді. Ақша мультипликаторының мөлшері міндетті резервтеу нормасына байланысты, өйткені міндетті резервтер банктер мен несие ресурстарының көзі болып пайдаланбайды, сонымен қатар, айналымдағы қолма-қол ақшаның үлессалмағына байланысты болады. Бұл – айналымдағы қолма-қол ақшалардың банктерден тыс орналасқанда мультипликациясының интенсивтілігі олардың экономикадағы айналу жылдамдығына әсер етеді, мультипликацияның коэффициенттік жылдамдығы азаяды. Экономикадағы ақша айналысының жылдамдығы Ұлттық ьанк арқылы тікелей реттелмейді, бірақ оның мөлшері инфляция деңгейіне әсер етеді және ақша-несие саясаты үшін үлкен мәні бар. Экономикадағы ақшалардың айналыс жылдамдығының азаюы ұзақ мерзімді депозиттердің және ұзақ мерзімді инвестициялық несие салымдарының өсуін көрсетеді, бұл тек қана, жалпы экономиканың тұрақлылығы және ұлттық валютаға деген сенім болғанда ғана мүмкін. Керісінше, ақша айналысының жоғары жылдамдығы ұлттық валютаға деген сенімнің көрсеткіші болып, ақша массасындағы қолма-қол ақша үлесінің өсуіменен, ұзақ мерзімді жинақтардың төменгі үлес салмағымен, шаруашылық субъекттерінің ұлттық валютасын сенімді активтерге аударуменен бірге жүреді. Ақша айналысының жылдамдығы экономикалық монетаризация деңгейіне байланысты болады, ол ақша массасының жалпы ішкі өнімге қатынасымен анықталады.
|