Студопедія
рос | укр

Головна сторінка Випадкова сторінка


КАТЕГОРІЇ:

АвтомобіліБіологіяБудівництвоВідпочинок і туризмГеографіяДім і садЕкологіяЕкономікаЕлектронікаІноземні мовиІнформатикаІншеІсторіяКультураЛітератураМатематикаМедицинаМеталлургіяМеханікаОсвітаОхорона праціПедагогікаПолітикаПравоПсихологіяРелігіяСоціологіяСпортФізикаФілософіяФінансиХімія






Завдання та принципи митної справи


Дата добавления: 2015-03-11; просмотров: 566



Тұтыну бағаларының индексінің үш сандық мәні болуы мүмкін :

баға индексі 100%-ға тең болады, яғни баға өзгермеген болып табылады;

баға индексі 100%-дан жоғары, мысалға 140%-ға тең. Демек, ағымдық жылдағы бағаны базалықпен салыстырғанда 1,4 есе өскен, яғни ақша инфляциялық құнсызданды;

Баға индексі 100%-дан төмен, айталық 80%-ға тең, я, яғни ағымдық жылдағы баға базалыққа қарағанда 20%-ға төмендеген. Бұл дегеніміз дефляцияның болғанын, яғни баға деңгейінің төмендауін көрсетеді

Инфляциялық процестің жағдайларына байланысыт ақша айналысын тұрақтандыру формаларына: ақша реформасы және антиинфляциялық саясат жатады.

Ақша реформасы – ұлттық ақша бірлігін тұрақтандыруға, елдің ақша жүйесін қалыпқа келтіруге және нығайтуға бағытталған ақша айналысында мемлекет тарапынан жүзеге асатын түрлендірулер.

Ақша реформалары мынадай әдістер көмегімен жүзеге асырылады:

жаңалау, яғни құнсызданған ақша бірлігін жою туралы жаңа валюта енгізу туралы хабарлау;

қалыпқа келтіру, яғни ақшаның бұрыңғы алтындық құрамын немесе валюталық паритеті қалпына келтіру;

Деноминация, яғни «нөлдерді қысқарту» әдісімен ақшаның номиналдық құнын ірілендіру.

Сонымен қатар, инфляцияға әсер ететін фоктарларға жауап ретінде басты антиинфляциялық саясаттың мынадай әдістері жұмыс жасайды:

Дефляциялық саясат – бұл ақша-несие саясаты арқылы ақшаға деген сұранысты шектеуді, салық механизмін қолдану арқылы мемлекеттік шығындарды азайту, несие үшін пайыз мөлшерін реттеу және ақша массасын шектеу әдістерінің жиынтығы.

Табыс саясаты – бағаға және жалақыға бақылау жасау шаралары.

Біздің елімізде бағаға бақылау ҚР монополияға қарсы саясат комитеті арқылы жүргізіледі.

Леуметтік мотивтерге байланысты антиинфляциялық саясаттың бұл түрі сирек қолданылады.

Индексациялау – ақшаның құнсыздану нәтижесінде болған зиянның орнын толық немесе жартылай толтыру әдісін білдіреді.

Бұл әдіс 1999 жылы 5 сәуірде ҚР Үкіметінің шешімімен «еркін өзгермелі валюта бағамына» өту барысында, АҚШ долларына қатысты теңге бағамының күрт төмендеуі туындаған (мысалы, 1АҚШ долларының бағамы 87,5 теңгеден 132,5 теңгеге және одан жоғары көрсеткішке жетті) халықтың екінші деңгейлі банктердегі теңгедегі салымдары бойынша зиянды мемлекеттің қаражаты есебінен қалпына келтіру мақсатында пайдаланылады.

Сонымен қатар осы әдістің көмегімен, бұрыңғы КСРО-ның Жинақ банкінде сақталған және 90-шы жылдардың басындағы орын алған қарқынды инфляцияның салдарынан құнсызданған халықтың жинақтары, қазіргі Халықтың Жинақ банкісі арқылы қайта қалпына келтіріліп, кезеңімен қайтарылу жұмыстары жүргізіліп жатыр

 

Азақстан Республикасындағы 1993 жылғы ақша реформасы және ұлттық валюта

Жылы Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Қазақстан, ТМД-нің басқа мемлекеттерімен бірге “рубль аумағында“ қала береді. 1992 жылы айналысқа 200, 500, 1000 рубльдік купюралар шықты. Олардың эмитенті ретінде жұмысын тоқтатқан КСРО Мемлекеттік банк атап көрсетілген. 1992 маусым айында алғаш рет ресейлік 5000 рубль, кейіннен 10000 және 50000 купюралары шығарылды.

Сөйтіп, Ресей Федерациясында және одан тысқары жерлердегі айналыста ақшаның үш түрі:1961 – 1991 жылы кеңес ақшалар, 1992 жылы Кеңес үлгісіндегі (200, 500, 1000 рубль). Ресей Орталық банк шығарған ақшалары, 1993 жылдың бірінші жартысында шығарылған ресейлік ақшалар жүрді.

Жылы 23 шілдесінде Ресей Орталық банкі 1961 – 1991 жылы кеңес ақшаларының белгілерін, сондай-ақ 1992 жылы 5 000 және 10 000 рубльдерді айналыстан алу туралы хабарлады. Бастапқыда олардың айырбасына бір апта берілді.

Азақстан Республикасы Президенттің Жарлығымен екі күн өткенсоң айырбас мерзімі 1993 жылы 1 қыркүйек айына дейін ұзартылып, айырбас шегі бір адамға 100 мыңға дейін ұлғайтылды.


<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Виникнення та становлення державної митної служби України | Характеристика методів митно-тарифного регулювання зовнішньоекономічної діяльності України
1 | 2 | <== 3 ==> | 4 | 5 |
Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.205 сек.) російська версія | українська версія

Генерация страницы за: 0.205 сек.
Поможем в написании
> Курсовые, контрольные, дипломные и другие работы со скидкой до 25%
3 569 лучших специалисов, готовы оказать помощь 24/7