Головна сторінка Випадкова сторінка КАТЕГОРІЇ: АвтомобіліБіологіяБудівництвоВідпочинок і туризмГеографіяДім і садЕкологіяЕкономікаЕлектронікаІноземні мовиІнформатикаІншеІсторіяКультураЛітератураМатематикаМедицинаМеталлургіяМеханікаОсвітаОхорона праціПедагогікаПолітикаПравоПсихологіяРелігіяСоціологіяСпортФізикаФілософіяФінансиХімія |
Виникнення та становлення державної митної служби УкраїниДата добавления: 2015-03-11; просмотров: 560
Инфляция (латының «inflatio», аудармасы – «қабыну», «ісіну») – бұл бағаның өсуінен, тауарлар тапшылығынан, тауарлар және қызметтер сапасының төмендеуінен туындайтын ақшаның құнсыздануы, сондай-ақ оның сатып алу қабілетінің төмендеуі. Инфляция – бұл кез-келген экономикалық даму үлгісіне тән объективтік құбылыс. Инфляцияның себептері айналыс және өндіріс саласында орын алады. Қазіргі инфляция мынадай фактоларға байланысты: 1) Ақша айналысының факторларына:бюджет тапшылығын жабуға пайдаланылған, шексіз көп ақшаның эмиссиялануы есебінен айналыс аясының артық ақша массасына толып кетуі; Ақшалай емес факторларға: қоғамдық өндірістегі теңсіздікке, шаруашылықтың шығындық механизміне, мемлекеттің экономиаклық саясаты, оның ішінде, салық саясаты, баға саясаты, сыртқы экономикалық саясатына байланысты факторлар жатады. Аталған факторлардың қанат жаюына байланысты инфляцияның екі типі болады: сұраныс және шығын (ұсыныс) инфляциясы. Сұраныс инфляциясы мынадай фокторлардың әсерінен туындайды: әскери шығыстардың өсуі, яғни әскери техикалардың азаматтық салаларда пайдалану қажеттігінен, нәтижесінде ақша баламасы айналыс ақша үшін артық болып қалады; мемлекеттік бюджет тапшылығы және ішкі қарыздардың өсуі, яғни мемлекеттің қысқа және орта мерзімді міндеттемелерін шығару есебінен бюджет тапшылығын жабу, нәтижесінде мемлекеттің ішкі қарызы артады; несиелік экспансиялау, яғни елдің орталық банкінің комерциялық банктер мен үкіметке несие беретін несиелер көлемінің ұлғаюын сипаттайды; импортталған инфляция, яғни шетел валюталарын сатып алу барысында тауар айналымына қажеттіліктің үстіне ұлттық валютаның эмиссиялануы; Ауыр өнеркәсіп саласына өте көп мөлшерде инвестиция жұмсау. Шағын (ұсыныс) инфляциясы – бұл баға белгілеу процесіне әсер ететін мынадай факторлардың болуымен сипатталады: еңбек өнімділігінің өсуін азайту және өндірістің құлдырауы; көрсетілген қызметтің маңызының артуы; бір өнім бірлігіне жұмасалатын шығынның өсуінің жеделдетілуі, әсіресе жалақының өсуі; Энергетикалық дағдарыс. Инфляция жағдайында қағаз ақшалар мыналарға қатысты құнсызданады: алтынға; тауар; Шетел валютасына. Бірінші жағдайда қағаз ақшамен берілетін алтынның нарықтық құны артады. Екінші жағдайда тауарлар бағасы өседі. Үшінші жағдайда шетел валбтасына қатысты ұлттық валюта бағамы төмендейді. Инфляцияны мынадай белгілеріне байланысты жіктеуге болады. Инфляциялық процестің сипатына қарай: ашық инфляция, яғни бағаға ешқандай да кедергі болмайды, оның еркін өсуі байқалады; жабық инфляция, яғни тауао тапшылығы жағдайында бағаға мемлекет қатаң бағалау жасап отырады;
|