Студопедия — XII. сыртқы экономикалық қызметті реттеу
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

XII. сыртқы экономикалық қызметті реттеу






 

Мақсаты: Сыртқы экономикалық қызметті реттеудің мақсаттары мен құралдарымен танысу. Дүниежүзілік шаруашылықтың мәні және халықаралық экономикалық интеграция процесін қарастыру. Дүниежүзілік сауданың мәні мен құрылымымен танысу.

Дәріс жоспары:

1. Дүниежүзілік шаруашылық және халықаралық еңбек бөлінісі.

2. Халықаралық экономикалық интеграция.

3. Дүниежүзілік сауданың мәні және құрылымы.

Дәріс тезистері:

1. Дүниежүзілік шаруашылық – бұл бір-бірімен тауарлы-ақша қатынастарымен байланысқан, егеменді ұлттық мемлекеттердің жиынтығы болып табылады. Осы шаруашылыққа дамыған және дамушы елдер енеді. Бұл процесс XVI-ші ғасырдың аяғы мен XX-ші ғасырдың басына дейін жалғасып, үш жүз жылдан астам уақытқа созылды. XVI-шы ғасырдың соңында пайда болған ұлттық мемлекеттік арасындағы тауар айырбасы

XX-ші ғасырдың басында жалпы дүниежүзілік сыцпатқа ие болды. Нәтижесінде олардың арасында тұрақты экономикалық байланыстарды қалыптастырды. Бұған даму деңгейі әр дәрежедегі бір қатар дамушы елдер де жатады. «Үлкен жетілік» елдердің көп экономикалық мүмкіншілігі бар. Ондағы тұрғындар жалпы алғанда 650млн. адам болып, әлем халқының 12 %-нан астам құрайды.Жоғарыдаға «жетілікке» енетін елдерге өндірістік қатынастары өте жақын болып, «жаңа индустриалды елдер» тобын құрайтындар жатады. Оларға: Бразилия, Мексика, Аргентина, Оңтүстік Корес, Гонконг, Тайвань, Сингапур жатады. Бұл елдердің дамуына ірі шетел инвестициясы - әсіресе, американ, жапон, батыс-еуропаның капиталдары көмектесті. Экономикалық дамуы жағынан екінші деңгейде Таяу Шығыстағы мұнай өндіруші елдер: Кувейт, Біріккен Араб Әмірлігі, Сауд Аравиясы жатады. Өнеркәсіптік қатынастары аса дамыған топқа 40-жуық елдер енеді. Нарықтық қатынастарға талпыныс байқатқан Шығыс Еуропа және ТМД елдері тартылуда. Дүниежүзілік шаруашылықтағы 100-ден астам елдер дамымаған елдер қатарын құрайды. Халықаралық еңбек бөлісінің пайда болуы, оның дамуы мен терңдеуі өндіргіш күштердің өсуімен анықталады. Халықаралық еңбек бөлісіннегізінен үш типке бөледі: жалпы, жеке және ерекше. Жалпы халықаралық еңбек бөлінісі дегеніміз еңбек бөлінісінің өндіріс саласымен жіктелуі. Мысалы: өңдеу мен кен қазу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығ мен өнеркәсіп т.б. Жеке халықаралық еңбек бөлісі дегеніміз елдердің дараланған белгілі өндіріс салсының дайын өнімге мамандандырылуын айтамыз. Ерекше халықаралық еңбек бөлісі дегеніміз елдердің дараланған тетік, деталь, агрегаттар мен өнім компоненттерін дайындауды айтамыз. Өндіргіш күштердің өсуі, халықаралық еңбек бөлісінің тереңдеуі шаруашылық өмірді интернациялануына алып барады. Немесе елдер мен халықтардың арасындағы тұрақты экономикалық байланысты дамытып, ұлғаймалы өндіріс процесінің ұлттық шеңберден шығуына ықпал жасайды.

2. Бірнеше ұлттық шаруашылықтың бірігіп аймақтық экономикалық жүйе құрауын халықаралық интеграция процесі дейміз. Осы интеграциялық құрылымға – Еуропалық экономикалық қауымдастық (ЕЭҚ) жатады. ЕЭҚ 1957 жылы құрылды. Оған Бельгия, Голландия, Италия, Люксембург, Франция, Германия, Англия, Дания, Исландия, Греция, Испания, Португалия елдері кірді. Еуропалық экономикалық қауымдастық территориясында енген елдерден кеден салығы алынбайды. Ал 1967- жылы Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерінің сауда-экономикалық тобы (АСЕАН) құрылды. Оған: Бруней, Индонезия, Малайзия, Сингапур, Тайланд, Филиппин, Латын Америка елдері енді. 1991- ші жылы Тәуелсіз мемлекеттер достатсығы пайда болды (ТМД). Ал,1992-ші жылы Солтүстік америка жалпы нарығы (НАФТА) құрылды. Оған: АҚШ, Канада, Мексика елдері мүше болды.

3. Халықаралық еңбек бөлінісі дүниежүзіндегі мемлекеттер арасындағы тауар айырбасының арасындағы экономикалық негізі болып табылады. Бүгінгі жағдайда барлық елдердің экономикасы халықаралық саудамен байланысты. Сыртқы сауда – тауарды әкелуден (импорт) және шығарудан (экспорт) құралады. Әрбір елдің сыртқы саудасының нәтижесі сауда балансынан көрінеді. Егер шығарылған тауар құны әкелінген тауар құнынан артық болса активті сауда балансы дейміз. Керісінше болған жағдайда пассивті сауда балансын құрайды. Халықаралық нарық қазіргі жағдайда үш негізгі бағытты құрайды:

- тауар мен қызмет көрсету (ақпарат нарығын қосқанда);

- жұмыс күші;

- қарыз капиталы.

Халықаралық нарықта тауарлар интернационалдық құнның негізімен байланысып, ал орташа қоғамдық қажетті интернационалдыжұмыс уақытышығынымен анықталады. Халықаралық жұмысшы күші нарығы жұмыс күшінің сырттан келуімен (эинрация) және кетуімен (иммиграция) қалыптасады. Миграция – бір елден екінші елге жұмыс күші ауысының ерекше түрі.

Көрнекіліктер:

Әдебиеттер;

1. Шеденов Ө.Қ, Байжомартов У.С. және т.б. Жалпы экономикалық теория. Алматы, 2002.

2. Осипова Г. Основы экономической теории. Алматы, 2002.

3. Сахариев С., Сахариева А. Әлем экономикасы. Алматы, 2005.

Бақылау сұрақтары:

1. Әлемдік нарық және оның құрылымы қандай?

2. Қазіргі дүниежүзілік сауданың ерекшелігі неде?

3. Сауда балансы дегеніміз не? Активті және пассивті сауда балансын қалай түсінесіз?

4. Ғаламдық мәселедегі экономикалық аспектінің мәні неде?

5. Жұмыс күшінің дүниежүзілік нарығы: оның миграциялық лектерінің бағыттарын атаңыз.

 

1. Тақырыбы.

2. Мақсаты.

3. Дәрістің тезистері.

4. Иллюстрациялық материал.

5. Әдебиеттер.

6. Бақылау сұрақтары (кері байланыс)

 

 

ЛЕКЦИОННЫЙ КОМПЛЕКС:

 

 

1. Тема

2. Цель

3. Тезисы лекции

4. Иллюстративный материал

5. Литература

6. Контрольные вопросы (обратная связь)

 







Дата добавления: 2015-03-11; просмотров: 785. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Способы тактических действий при проведении специальных операций Специальные операции проводятся с применением следующих основных тактических способов действий: охрана...

Искусство подбора персонала. Как оценить человека за час Искусство подбора персонала. Как оценить человека за час...

Этапы творческого процесса в изобразительной деятельности По мнению многих авторов, возникновение творческого начала в детской художественной практике носит такой же поэтапный характер, как и процесс творчества у мастеров искусства...

КОНСТРУКЦИЯ КОЛЕСНОЙ ПАРЫ ВАГОНА Тип колёсной пары определяется типом оси и диаметром колес. Согласно ГОСТ 4835-2006* устанавливаются типы колесных пар для грузовых вагонов с осями РУ1Ш и РВ2Ш и колесами диаметром по кругу катания 957 мм. Номинальный диаметр колеса – 950 мм...

Философские школы эпохи эллинизма (неоплатонизм, эпикуреизм, стоицизм, скептицизм). Эпоха эллинизма со времени походов Александра Македонского, в результате которых была образована гигантская империя от Индии на востоке до Греции и Македонии на западе...

Демографияда "Демографиялық жарылыс" дегеніміз не? Демография (грекше демос — халық) — халықтың құрылымын...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия