Студопедия — Шәңгерей Бөкеев
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Шәңгерей Бөкеев






(1847 – 1920)

Шәңгерей Сейіткерейұлы Бөкей 1847 жылы Батыс Қазақстандағы Жасқұс құмында (қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Орда ауданы) дүниеге келген. Атақты Жәңгір ханның немересі. Әке-шешесінен бес жасында жетім қалған ол мол дәулеттің арқасында қиыншылық көрмеген. Әкесінің інілері Шәңгерейдің оқып, білім алуына көмектесіп, медресеге берген. Білімін жалғастыру үшін Астрахандағы училещеге түсіп, оны бітірген соң Орынбордағы кадет корпусында екі жыл дәріс тыңдайды. Осы жылдары ол орыс әдебиетінің озық үлгілерімен танысып, білімін жетілдіреді.

Ресейдің Самар губерниясында бітімші (мировой судья) қызметін атқарған ол кейінгі жылдары ел басқару ісіне араласпай, өзінің қонысы Көлборсыда тұрған. Еуропа мәдениетімен, әдебиетімен сусындаған Шәңгерей туған жеріне келген соң, мектеп, медресе, мешітпен бірге біршама сәулетті үйлер де салғызады. Туған-туыстарының балаларын оқытып, олардың өнер-білім алуына көмектеседі. 1917 жылы Көлборсыдан Ақбақайға қоныс аударған ол осы жерде 1920 жылы дүние салады.

Ақынның бір топ өлеңдері кезінде «Шайыр» (1910), «Көкселдір» (1912) деген жинақтарға, Кеңес дәуірінде «Үш ғасыр жырлайды» (1965), «Бес ғасыр жырлайды» (1989) деген жинақтарға енген. Тәуелсіздік тұсында шыққан «Он ғасыр жырлайды» (2006) жинағында да ақынның өлеңдері бар.

Хандық дәуірдің өте бастаған тұсында өмір сүрген Шәңгерей өлеңдеріне негізінен өмір туралы толғамдары арқау болған. Оның өлеңдерінде хан билігі мен дәулетінің өткінші екендігі көрініс тапқан. Ол – өмір мен өлім мәселесін дұрыс түсінген жан. Оны «Өмірдің өтуі», «Жалғаншы, жарық дүние!», «Ұршық», «Бұл дүние панилығын етеді екен», «Құйрық атып құлия» деген өлеңдерінен көруге болады. «Өмірдің өтуінде» құлан мен құрбақа арқылы өмірдің жалған екендігін бейнелей білген. «Құдыққа құлан құлаған, Құлағында құрбақа Қауіп-қатерсіз ойнаған» деген жолдармен осындай әділетсіздіктің адамдар өмірінде де болатындығын ишаралап жеткізе білген. Бұл жолдардан басыңа күн туғанда, есіктегі күңіңнің басыңа әңгір таяқ ойнатуы да мүмкін деген тұжырым жасауға болады. Өмірдің бір қалыпта тұрмайтынын, оның да өткінші екендігін осындай әдемі мысалдармен жеткізе білген ақын енді бірде ұршықтың неден жасалғандығына көңіл аударады:

 

Ағаш едің құрма өскен,

Ұршық болдың шуда ескен.

Бір қалыпта тұрмақ жоқ,

Шығармалық мұны естен.

 

Осылайша ол деректі заттардан нақты мысал келтіре отырып, өмірдің өткінші екендігін әдемі образбен бейнелей білген.

 

Жалғаншы, жарық дүние!

Бізден де бір күн қаларсың.

Піл сауырлы қара жер

Қойныңа ашып, қол жайып,

Құшағыңа аларсың!

 

– дейтін ақын өлімді бар болмысымен қабылдаған. Ол өмір бар жерде өлімнің болатындығын табиғи заңдылық ретінде түсінген, түсіндірген. Өлім туралы кейбір ойларынан оның өмірден тойған, жалыққан күйреуіктігін де аңғаруға болады.

Оның бірсыпыра өлеңдеріне адамның жас ерекшелігі туралы толғамдары арқау болған. Осы өлеңдерінен ақынның өзінің өмір жолы анық аңғарылады. «Алла яр» жаздым, аға, Көлборсыдан» деген өлеңінде ақынның өмірбаяны бейнеленген. Жиырма алты жасқа келген лирикалық кейіпкер өткен өміріне шегініс жасайды. Бес жасында ата-анадан айрылған лирикалық кейіпкер олардан қалған мол дәулеттің арқасында ешқандай қиыншылық көрмегенін «Көп жылға ата-аналы болады екен, Жас жетім ата дәулет арқасында» деп бейнелейді.

 

Ата-анаң өліп, мүлкі болса мұра,

Көп болар жалпақтаушы өз қасыңда.

Тұқымы қорашылдың жұда болмай,

Қалар ма майлы сүйек қар астында?

 

– деп ақын өзінің бақуатты өмір сүргенін майлы сүйекке теңей білген. Бала кездегі таза, пәк сезімнің жиырма алты жылда мүлде өзгергенін ақын салыстыру, параллел, суреттеу арқылы аша түскен. Ол «Тең көрген бай-жарлыны бала күнім, Кеттің сен, менмендікпен көңіл тасқан» деп уақыт өте өзгерген адам мінезінің бұрыс жақтарын сынға алады.

«Ол күндерді тапсырдым» деген өлеңінде Нарын құмындағы алпыс бөлмелі, жүз есікті көк ордада дүниеге келгендігін, балалық шағы осы жерде өткендігін айта келіп, алпысқа дейінгі өміріне шолу жасайды. Оның қой жылы дүниеге келгенін де өлең жолдарынан білеміз. Ол өзі өмір сүрген алпыс жылдың ішіндегі ел өмірінде болған аумалы-төкпелі кезеңдерге немқұрайлы қарай алмайды. Сол тұстағы оқу-білімсіз, шұрайлы жерінен айрылған қазақтың аянышты күйін жырға қосқан ақын одан шығар жолды оқу-білімнен іздейді.

 

«Адыра» дедім Нарынды:

Құсы ұшып көлінен,

Құты кетіп жерінен,

Саба құрсақ билерден,

Еңіреген ерлерден

Айырылып адыра қалғанға

 

- деген жолардан құты қашқан, азаматынан да аң-құсынан да айрылған елдің жабырқау күйін танимыз. Ақын отар елге айналып бағы мен құтынан айрылған қазақ халқының мүшкіл халін осылай бейнелей білген.

Шәңгерей «Қайран жерім» деген өлеңінде туып-өскен мекенін жер жәннатына теңейді. Туған жеріне бар жақсы сөзін арнау – қазақ ақындарының бәріне ортақ қасиет. Осы тұрғыда алғанда Шәңгерей де туған жерін жеткізе жырға қосқан:

 

Мақпалдай көгеріңкі төсеп салған,

Жәннаттей десем мислі, емес жалған...

Бір сағат сап ауасын татқан адам,

Табады неше түрлі дертке дәрмен.

 

Ақын шығармаларынан үлкен орын алатын тақырыптың бірі – махаббат. Оны «Жігіттің болса алған жақсы жары», «Қияға мен бір қыран көз жіберген», «Қатшекейге», «Жылдарда жыл болады бағзы-бағзы» сынды өлеңдерінен көруге болады. Ақын бірде «Ақылы жамалына болса лайық, Жігіттің сол емес пе жан дидары?» деп жігіттердің алған жары жақсы болса, бағының жанғаны деп түйсе, енді бірде «Адасқан арық қудай болдым асық, Айдындай ақ төсіңе, асыл айнам!» деп сүйгеніне деген сезім құштарлығын бейнелеген. «Қатшекейге» деген өлеңінде лирикалық кейіпкердің сүйген жарына деген ынтық сезімі менмұндалайды:

 

Қатшекей көп баладан асыл екен,

Аршын төс, алма мойын, асыл еркем.

Алманың қабығындай бетің қызыл,

Құбылған бәйшешектей жүзің көркем...

 

...Тартқанда таразыға сені алармын,

Алтынды не қылайын күмісімен.

 

Қыз бойындағы сұлулықты алмаға, алтын сынды асылға теңеу ауыз әдебиеті үлгілерінде бар дәстүр. Ақын қазақ поэзиясындағы қалыптасқан осы дәстүрді жалғастыра отырып, Қатшекейдің құбылған жүзін бәйшешекке теңей білген. Ол қалыптасқан дәстүрді жаңа бейнелі образдармен байыта түсті.

Ақынның «Ғылым», «Эдисон» өлеңдерінде білім-ғылым жөніндегі ой-түйіндері жинақталған. «Оқысаң ғылым қорын, білім асар. Көңілдің кіршік басқан көзін ашар» деген ақын ғылымның құдіретін жер-жиһанның құпия сырын ашатындығымен түсіндіреді. Жансызға жан бітіріп сөйлеткен ғылымның құдіретін оқымысты ғалымдардың жетістігі деп білген ақын ғылым жөнінде мынадай тұжырым жасайды:

 

Бұл ғылым – бір бәйтерек шектен асқан,

Шұлғанған бұтағына ғарсы-күрсі.

Бар ғалам он сегіз мың саясында,

Таусылмас бұтақ сайын бар жемісі.

 

Адамның бір иығында шайтан, екінші иығында періште отырады деген ұғым бар. Мұсылман жұртында шайтан адамды жаман істер істеуге азғырса, періште ізгілік пен жақсылық жасауға шақырып, оны қолдап, қуаттап отырады деген түсінік қалыптасқан. Ақын осыны негізге ала отырып:

 

«Пәндерден кимие-симие ғылымы хикмет,

Көп сырлар ашты түпсіз дариядан.

Періштеміз оң жақтағы өсер еді,

Солардай болып өтсек дүниядан,

 

– деген тұжырым жасайды. Осыған қарағанда ақынның химия, физика, т.б. сынды жаратылыс пен табиғаттың құпия сырын ашатын ғылымдардан да мол хабары бар.

Шәңгерейдің кейбір өлең жолдары нақыл сөздерге, тұрақты афоризмге құрылған. Үлкен мәні бар философиялық тұжырымдар ақын өлеңдерінде көптеп кездеседі:

 

Шайтанға шаршап тұрған ат бергенің –

«Тамұққа жақынымды жақ!» дегенің.

Жыланды жолда жатқан соқпай кетсең –

Тап болып бір ғаріпті шақ дегенің.

 

«Бір күнде, жас көңілім, судай тастың» өлеңінде «Мұхитта нән балықтай кезген көңілім, Тұмсығың тимей тасқа неге алжастың» дейтін ақын бірде өмірден өз жолын таба алмай, адасуын тілге тиек етсе, енді бірде «Жалғыздық жанға батса, шер тарқатқан Қобыздай күңіренген қайран тілім!» деп замандастарынан сөз ұғар жан таппай күйзеледі. Осындай тоқырауға ұшыраған кейбір шақтарында лирикалық кейіпкер өмірден баз кешеді. Алайда «Ғасаңды кәлим алла маған берсең» деген өлеңінде ақын имандылық жолын таңдайды. Сүлейменнің жүзігін қолына киюді, он сегіз мың ғаламға патша болуды, жәннәттің қасиетті суын ішуді, бау-бақша ішінде мәрмәрдан үй салуды, жәннәттағы хор қызын сүюді, оқымысты ғұлама ғалымдардан құранның мағынасын сұрауды, Қап тауына періштелердей бір сәтте ұшып баруды, мұхитта үлкен балықтай құлаш ұрып жүзуді арман еткен лирикалық кейіпкер осы жәннәттің бәрін жиырма жасына айырбастауға бар. Олай болса, бар шайырларға арман болған қайран, жиырма бес жасты Шәңгерей ақын да өз халінше жырлай білген.

ХІХ ғасырда өмір сүрген, ұлттық рухани қорымызды байыта білген ақындардың бірі – Шәңгерей Сейіткерейұлы Бөкей. Оның шығармалары өмірдің сан алуан салаларын қамтиды. Өмір мен өлім жайында философиялық түйін жасаған ақын махаббат, достық, білім-ғылым, саятшылық, туған жер, табиғат көріністерін көркем бейнелей білді. Өнер-білім алуды мұрат санамаған қазақ халқына ғылымның алып келер пайдасын түсіндіре білді. Әр түрлі ғылымдарды игеру арқылы өмірдің тылсым күштерін, табиғат құпиясын меңгеруге, игеруге болатындығын жырлай білді. Оның ойлы да мәнді жыр жолдарының қазақ әдебиеті тарихындағы орны ерекше. Артында мол мұра қалдырған Шәңгерей ақынның есімі қазақ әдебиеті тарихында мәңгілік қалмақ.

 







Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 2954. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Логические цифровые микросхемы Более сложные элементы цифровой схемотехники (триггеры, мультиплексоры, декодеры и т.д.) не имеют...

Характерные черты немецкой классической философии 1. Особое понимание роли философии в истории человечества, в развитии мировой культуры. Классические немецкие философы полагали, что философия призвана быть критической совестью культуры, «душой» культуры. 2. Исследовались не только человеческая...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит...

Кран машиниста усл. № 394 – назначение и устройство Кран машиниста условный номер 394 предназначен для управления тормозами поезда...

Почему важны муниципальные выборы? Туристическая фирма оставляет за собой право, в случае причин непреодолимого характера, вносить некоторые изменения в программу тура без уменьшения общего объема и качества услуг, в том числе предоставлять замену отеля на равнозначный...

Тема 2: Анатомо-топографическое строение полостей зубов верхней и нижней челюстей. Полость зуба — это сложная система разветвлений, имеющая разнообразную конфигурацию...

Виды и жанры театрализованных представлений   Проживание бронируется и оплачивается слушателями самостоятельно...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия