Студопедия — Сет Найманбайұлы
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Сет Найманбайұлы






(1867-1913)

Әсет Найманбайұлы – суырыпсалма ақын, әнші-композитор. Қазіргі Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы аумағындағы Қызыларай деген жерде дүниеге келген. Әсеттің әкесі Найманбай Семей қаласынан Мақаншы өңірінде тұратын туыстарына көшіп барып, сол жерде мекендеп қалады. Ата-анасы Әсетті медресеге оқуға береді. Әсет 14-15 жасында медреседен шығып, бір саудагерге жалданады. Хат танитын сауаты бар, ел ішінде “Әнші бала” атанған Әсет 1883 жылы Қоянды жәрмеңкесіне барыпты. Міне, сол жолы Әсет айтыскер ақын Рысжанмен кездеседі. Осыдан кейін Әсет 1885-1890 жылдары Абайдың алдында болып, тәлім-тәрбие алған.

1916 жылғы дүрбелең кезінде Тарбағатай тауының Қытай жақ бетіне бала-шағасымен көшіп келіп, нағашы еліне қоныстанған.

Әсет 1923 жылы 23 шілдеде (құрбан айттың бірінші күні) Қытайдағы Іле аймағының қазіргі Құлжа ауданының Көкқамыр жайлауында жаңсақ жалаған алмастан (ән айтардың алдында тамағын шаятын мүсәтір деп) уланып, дүние салады.

Көз көргендердің айтуынша Әсет – орта бойлы, толық денелі, қою, қысқа қара мұртты, дөңгелек жүзді, қара торы адам болған. Оның үні биік те сазды, қимылы тез, ақкөңіл, әзілқой, мысқылшыл екен. Суырыпсалма төкпе өнерін бұлдамайтын, бет-жүзің демейтін, жанынан әнші-күйші, сауықшыл жастарды тастамайтын дүбірлі жан екен.

Әсет кедей, шаруа отбасынан шыққан. Ер жетіп айтысқа түскен кезінде де кейбір ақындар жеңу үшін ең алдымен оның осы кедейлігін бетіне баса береді екен. Ескіше оқыған, көзі ашық Әсет айналасына білім нұрын да сеуіп отырған. Оның дүниетанымының кеңдігі мен ойының тереңдігі әсіресе айтысқа шыққан кезде анық көрінген. Қарсылас ақындар Әсеттің осындай білімдарлығынан да тайсақтайды екен. Әйгілі ақын қыз Ырысжанмен айтысқанда Әсет небәрі он сегіз жасқа жаңа толған көрінеді. Қыз оны әлі көкөрім жас деп менсіне қоймаған. Ырысжанның айтқан небір қиын жұмбақтарын қиналмастан қолма-қол шешіп беріп Әсет тыңдаушыларды таң қалдырады. Әсет пен Ырысжанның айтысы көркемдігі, сөз қолдану шеберлігі жөнінен Біржан мен Сара айтысына жақын деуге болады. Әсет Ырысжаннан басқа Әріп, Бақтыбай, Кәрібай, Қали, Сәмет, ақындармен және Мәлике қызбен айтысқан. Соған қарағанда оның айтыскерлері күшті болған.

Ақынның білімді, зерделі екендігі оның басқа шығармаларынан да байқалады. Әсеттің “Салиха мен Сәмен” дастаны мен фантастикалық тұрғыда жазылған “Ағаш ат” қиссасы – адал достықты, әділеттікті ұран етіп жырлаған шығармалар.

Әсет өлеңдері көркем де ойлы. “Жас жігіт надандықпен алданады”, “Өсиетнама” өлеңдерінде ғылым-білімге, өнер мен мәдениетке үндесе, “Фани дүние” атты өлеңдерінде өмір, оның мән-мағынасы, жалпы тіршілік жөнінде толғанады, “Сүйенген жаным жалғыз өзің”, “Сеніспей уағдалы серттен қайтпа”, “Жақсы әйел” шығармалары махаббат, әйел теңдігі, отбасы жылылығы жөнінде тебірене сыр шертеді. “Ақырғы сөз”, “Жас шама” сияқты туындыларында өмірге деген құштарлық лебі есіп тұр. Бұларда туған жер мен елге деген ыстық сезімінің көрінісі күшті. Әсеттің замана ағымына орай таптық тұрғыдан жазған өлеңдері де бірсыпыра. Мысалы, “Жасболат, кісі-ақ едің алшаңдаған”, “Қарақұрсақ Күшік болысқа” және “Төртқұл Ақболаттың биі Кәріпке айтқаны” және т.б. өлеңдерінде үстем тапты шенеп, оның кейбір өкілдерін сынайды.

Оның өлеңдерінде қазақ халқының көшпелі тұрмысының көріністері, тарихи белестері мен этнографиясы айқын сезіледі. Туған халқының болмыс-бітімін жан-жүрегімен сезінетін майталман ақын жырларының мазмұны ең алдымен адам жанына жақын. Ойды образбен беруге бейім Әсет қандай тақырыпты өлеңге айналдырса да, түрлендіріп құбылтып жеткізе біледі.

Әсет – артына аудармашы ретінде де із қалдырған ақын. Ол А.С.Пушкиннің “Евгений Онегин” романын еркін аударып, қазақи мәнерде қисса етіп жырлаған.

Әсет ақындығымен бірге, композитор ретінде де танылды. Халық арасына кеңірек тарағаны – оның әндері екені белгілі. Ол Арқа әнінің дәстүрін жалғастырып, Біржан сал, Ақан сері сияқты өзіндік мәнермен жаңаша дамыта түсті. Бастапқы шығарған әндерінде психологиялық тереңдік пен адамның жан дүниесін қозғайтын нәзік лирика басым. “Кіші Ардақ”, “Үлкен Ардақ”, “Қаракөз”, “Мақпал” сияқты әндердің мәтіндері Әсеттің мықты ақын екендігін айқын көрсетеді. Ақан сері әндеріндегі құбылмалы қайырымдар, ән тармақтарының музыкалық-синтаксистік ерекшеліктері Әсет әндеріне де тән. “Інжу-Маржан” әні – өз стилін айқындай түскен туынды. Ән оптимистік нақышымен, формалық және интонациялық ерекшелігімен көптеген музыкалық шығармалар ішінде дара тұр. Осындай биіктен көрінетін шығармаларының бірі – “Қисмет” әні. Оның мәтінінде тыңдаушысын өзіне баурап алатын ақындық арын бар. Әуені де өзгеше, қайырманың көтеріңкілігі толық әрі үйлесімді. Әсеттің “Ырғақты”, “Аққарагер”, “Қарагөз”, “Майда қоңыр”, “Жалған-ай”, “Сырмақ үйкер” және т.б. әндері де ел ішіне кең тараған. Бүгінгі таңда музыка зерттеушілері оның қазақ музыкасының тарихында өзіндік орны бар композитор деп таниды. Әсеттің ақындық үрдісі ән өлеңдерінде де осылайша айқын көрініп, шығармаларының эстетикалық әсерін күшейте түскен.

Әсет шығармаларын іздеп, жиыстыру, жариялау жұмысы 1930 жылдардан бері басталған.

1988 жылы “Жазушы” баспасынан шыққан “Әсет Найманбаев шығармаларында” 29 ән-әуен, 72 өлең-жыр, 10 айтыс-қағыс, 8 қисса-дастан бар. 2000 жылы маусымда Қытай Халық Республикасының астанасы Пекиндегі “Ұлттар баспасынан” шыққан екі томдығына (“Әсет шығармаларында”) 78 өлең-толғау, 35 ән-әуен, 13 айтыс-қағыс, 19 қисса-дастан енген. Бүгінгі таңда Әсеттің Кәрібай Таңатарұлымен айтысы, “Қабанбай батырдың әулеті”, “Сүлеймен болысты жоқтауы”, “Мәмиді жоқтауы”, “Мағауия Орысбай қызымен кездесуі...” тағы басқа да шығармалары табылып жатыр.

Әсет әндерінің көбін Б.Т.Ерзакович әнші, композитор Әділжан Құрбанғалиевтан (бұрын Қытайда жасаған) 1958-1959 жылдары жазып алып, нотаға түсірген. Әсет әндерінің анық та, тұнық нұсқаларының көбін Дәнеш Рақышев жеткізген.

Әсет “Ақырғы арыз өлеңін” зар илеп, запыран құсып жатып шығарыпты.

Бір ауыз сөзбен айтқанда, Әсет Найманбайұлы–көркемдігі айшықты өлең-жырларымен, әндерімен қазақ мәдениетінде өзіндік өрнегін қалдырған айтулы тұлға.







Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 2369. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчет концентрации титрованных растворов с помощью поправочного коэффициента При выполнении серийных анализов ГОСТ или ведомственная инструкция обычно предусматривают применение раствора заданной концентрации или заданного титра...

Психолого-педагогическая характеристика студенческой группы   Характеристика группы составляется по 407 группе очного отделения зооинженерного факультета, бакалавриата по направлению «Биология» РГАУ-МСХА имени К...

Общая и профессиональная культура педагога: сущность, специфика, взаимосвязь Педагогическая культура- часть общечеловеческих культуры, в которой запечатлил духовные и материальные ценности образования и воспитания, осуществляя образовательно-воспитательный процесс...

Приготовление дезинфицирующего рабочего раствора хлорамина Задача: рассчитать необходимое количество порошка хлорамина для приготовления 5-ти литров 3% раствора...

Дезинфекция предметов ухода, инструментов однократного и многократного использования   Дезинфекция изделий медицинского назначения проводится с целью уничтожения патогенных и условно-патогенных микроорганизмов - вирусов (в т...

Машины и механизмы для нарезки овощей В зависимости от назначения овощерезательные машины подразделяются на две группы: машины для нарезки сырых и вареных овощей...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.014 сек.) русская версия | украинская версия