Студопедия — Жұмағали Саин
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Жұмағали Саин






(1912-1961)

Жұмағали Саин 1912 жылы бұрынғы Көкшетау (қазір Солтүстік Қазақстанға қарайды) облысының Арықбалық ауданында Баян көлінің жағасында туған. Әке-шешесі жастай қайтыс болып, балалар үйінде тәрбиеленеді. 1927 жылы жетіжылдық мектепті бітіріп, ересек адамдардың сауатын ашу мектебінде сабақ береді. Осы кезден бастап жазуға икемділігі барын танытып, өлеңдер мен мақалалар жаза бастайды.

1930 жылы Жұмағали орталыққа барып оқу талабымен Мәскеудегі Цветмедзолото институтына түседі. Бірақ тұрмыс жағдайы көтермей, оқи алмайды. Оқуын Алматыға келіп, Қазақтың Педагогикалық институтында жалғастырады. Оны да аяқтай алмай, екі жылдан соң Қарсақпайға оқу бөлімінің бастығы қызметіне кетеді. 1934 жылы Алматыға оралып, «Лениншіл жас» газетіне орналасады. Ақындыққа беріледі. 1936 жылы «Бақыт жыры» атты тұңғыш өлеңдер жинағы басылады. Осыдан бастап шығармашылық ісіне беріле қызмет еткен Жұмағали «Алтын таң» (1938) атты өлеңдер жинағын жариялайды, «Досыма хат» (1939), «Күләнда» (1940) атты поэмалар жазады.

1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталғаннан кейін әскер қатарына шақырылған Жұмағали атқыштар ротасында саяси жетекшілік қызметін атқарады. 1942 жылдың жазында болған қатты ұрыстарда жараланып, жау басып алған жерде қалып, жергілікті партизандар отрядымен байланыс жасайды. Олар жаралы солдатты Луганск облысының Краменск ауданына қарасты Пшеничный хуторынның тұрғыны қарт шахтер Михаил Масловтың қолына тапсырады. Масловтың қызы Екатерина Жұмағалиға қамқорлық жасап, оны қоршаған немістер торуынан сақтайды. «Жаралы партизан бар» деп іздеп келген адамдардан тығып, үлкен азамматтық ерлік көрсетеді. Мұндай адамгершілік, адалдық сезім ақынды тебірентеді. Оның «Жаралы партизан жырлары» атты өлеңдері осындай жағдайда туады. Тәуір болып қатарға қосылған Жұмағали партизандарға қайта қосылып, Украинаны жаудан азат ету ісіне белсенді араласады. 1944 жылы елге оралады, «Жорық жырлары» атты жинағын бастырады.

Бұдан кейінгі жылдары Жұмағали Қазақ Мемлекеттік филормониясында, Халық шығармашылығы үйінде, Қазақстан Жазушылар одағында, «Жұлдыз» журналы мен «Қазақ әдебиеті» газеті редакцияларында басшылық қызметтер атқарады.

Соғыс салған жарадан айыға алмаған ақын 1961 жылы 49 жасында қайтыс болды.

Жұмағалидың шығармашылық жолға түсуіне Көкше елінің ақындық, әншілік дәстүрі әсер еткені даусыз. Ол туған жер топырағының сұлулығын жанына жұбаныш етіп, жетім бала тағдырына саналы ғұмыр дарытқан табиғат тылсымына құлақ түреді.

 

Орманның жасыл жапырағын

Аялап талай тарадым.

Мөп-мөлдір бұлтсыз түндерде

Жұлдызды қанша санадым.

...Қопаны кездім, су кештім,

Шулады маған құрақтар.

Еншісі дала елде өстім,

Алдымда жатты бұлақтар,

 

– дейді ақын «Ойласам бала кезімді» атты өлеңінде. Өлең жетім баланың жоқшылық көрген өмірінің суреттерін алға тартады.

Жұмағалидың алғашқы өлеңдерінің тақырыбы мен кейіпкерлері – өз заманы мен оның адамдары. Ол өмір таныған отызыншы жылдар Кеңес одағында жаңа социалистік қоғам жасау идеясының үстем боп тұрған кезі болатын. Ақын осы идеяны арқаланып, өткен қоғам мен жаңа дәуірді салыстыра суреттеп, бірінің қайшылықты жақтарын баса, екіншісінің жарқын көріністеріне көңіл аударуға тырысты. Социализм орнату жолында еңбек етіп жатқан адамдарды, олардың табыстарын мадақтады. «Жетім серті», «Екі түн», «Айбала», «Бақыт құшағында», «Құлпыра берші, кең дала» сияқты өлеңдерінің мазмұны осыдан туады. Көркемдік ізденісте шындықты образбен тануға, суреткерлікке ұмтылыс байқалғанымен, оларда әлі де баяндауға, таңырқауға көбірек ден қоюшылық танылатын. Ақынның «Пилот сыры», «Досыма хат» поэмалары да сол дәуір алға ұсынған тақырыптарға арналды. «Пилот сыры» сол жылдары техниканы игеру, әлемде озат елдердің қатарына кіру жоспарын ұсынған Кеңес одағының сол жолдағы табысын – жаңа самолет жасау мен оны игерген қазақ пилотының сырын әңгімелесе, «Досыма хат» капиталистік қоршауда отырған Кеңес елінің шекарасын күзету ісін жақсартудағы шекарашылардың ерлік еңбегін суреттейді. Мұнда шекарашы жігіт қыз боп мүләйімсіп келген дұшпанды ұстайды. Екі поэма да бірінші жақтан, негізгі кейіпкер атынан баяндалады. Екеуі де Кеңестік патриоттық идеяны көтереді.

Эпикалық поэма жолындағы осы ізденіс ақынды «Күләнда» поэмасына алып келді. Поэма 1940 жылы жазылып бітіп, авторы майданға кетіп, соғыс жағдайының қиыншылықтарына сәйкес кітап болып басылмай қалып, тек 1945 жылы ғана жарық көрді.

Поэманың тақырыбы – қазақтың бұрынғы өмірі жағдайындағы әйел теңсіздігі мәселесі. Автор сүйіскен екі жастың қосылуына бөгет болған қоғамдық қарым-қатынастарды сыншылдық тұрғыдан суреттеп көрсетеді. Бұл жағынан, ол ХХ ғасырдың басы мен 20-жылдары жазылған қазақ жазушыларының шығармалары сюжетіне ұқсас жағдайды қайталайды. Ал, шығармашылық ізденісте ақынның елеулі табыстарға жеткені байқалады. Екі жастың сүйіспеншілігі сюжетке өзек болып, ақын соның негізінде қоғамдық теңсіздік – жағдайындағы жастар тағдырына, олардың өміріне әсер еткен әлеуметтік тартыс мәселелеріне көңіл аударады. Бұл – ақын өмір сүрген дәуірдің көзқарасына да, шындығына да сыйымды. Поэманың образдары дараланып, өмір шындығы суреткер көзімен талданған. Ұнамды қаһармандар Күләнда, Әбікеш, Есенгелді қарт, жағымсыз кейіпкерлерден Есмет бейнесі портреттік суреттерде де, іс-қимыл, ой-сана қозғалысы көріністерінің танылуында да тәп-тәуір көркемдікке ие болған. Қазақтың көшпелі өмірі, ауыл, ел суреттері, табиғат көріністері жарқын жасалған.

Бұлар – Жұмағалидың алғашқы ақындық өмірі сәтті басталғанының белгісі.

Соғыс Жұмағалидың ақын есебінде есейтті. Ол ел қорғау ісінде жаңа тақырып ашты. Қазақ әдебиетінде тұңғыш рет партизан жауынгерлердің ой-сезімін, ерлігі мен күресін танытар тың шығармалар жазды.

Партизандар туралы жырлардың негізгі кейіпкері – партизан. Ол ел басына қиыншылық түскенде, «Қар құшып, мұз жайлап» жүрген топтың өкілі, ер жүрек, қайсар, қатал адамдар. Партизанға ешнәрсе қорқынышты емес, қаңтардағы боран да, «Теңселген қара орман» да оның бекінісі, бой тасалайтын орны. Өйткені олар –

 

Жүрегінде тулаған,

Намысы бар, ары бар.

Жауда қалған елі бар,

Қайғысы бар, зары бар –

 

жандар. Ақын партизандық күрестің ерекшеліктерін суреттей отырып, жау қолында қалған елі мен жерінің, бала-шағасының кегін қуып жүрген халықтық күрескерлердің бейнесін жасайды. Жаралы партизан сол ортасынан бөлініп қалғанына налиды, достарымен кездесер күнді аңсайды. Өмірін сақтап қалған Катя Масловаға деген ризалық көңілін білдіреді, оны «Өмірінің тәңірі» санайды. «Партизандар», «Жаралы партизан жырлары», «Айтылмай кеткен аманат» өлеңдері ақын суреттеп отырған өмірдің әртүрлі шындығын тануға көмектеседі. Оларда партизандық қозғалыстың туу себептері, ыза мен кек буған адамның қатал характері, жараланып ортасынан бөлініп қалған адамның сезімі мен тебіреністері, майдандас достан айрылу сезімі әр қилы түрде ашылады. Эпикалық баяндаулар мен лирикалық сезімнің қатар өрбіп, өмір шындығын, солдаттың жан қозғалысын ашуы да ақынның зор жетістігі.

Жұмағали соғыс тақырыбына кейін де тәуір өлеңдер жазды. Оның «Есімде Айдар өзені», «Ұрыстан кейін», «Днепрге қарады», т.б. өлеңдері ақынның кешегі бастан кешкен өмірін ойшыл, сезімталдықпен еске алуы түрінде жазылған. Бұлар – әскери лириканың үздік үлгілері. Әсіресе «Есімде Айдар өзені» атты өлеңде Айдар өзені бойындағы ұрыс пен неше түрлі сезім арпалыстарын басынан кешкен солдаттың бүкіл жан дүниесі түгел көрінеді. Жауынгерлердің жеңімпаз қуаты, жараланғандар мен қаза тапқандар жайы, Отан тәуелсіздігін қорғаған солдаттың ыза-намысы, халықтар достығы – бәрі де өлең рухына сыйғызылып берілген. Кейін бейбіт еңбекке араласқан халық қаһармандығын жырлаған ақын еңбек адамдары бойынан да соғыс ізін көреді. Тілеу деген кейіпкерін:

 

Маңдайында қос сызық,

Майдан жолы – оқ жолы.

Сәл қисықтау бітіпті

Сол иығы, сол қолы, –

 

деп суреттейді.

Соғыс тақырыбына Жұмағали 1950 жылы «Алтай» атты поэма жазды. Онда өз өмірінің штрихтары кең пайдаланылған.

Соғыстан кейінгі бейбіт еңбек жылдары Жұмағали бүкіл замандастарымен бірге соғыс салған жараны жазу, халық шаруашылығын қалпына келтіру, тың даланы игеру сияқты ел өмірінің маңызды мәселелеріне белсене қатысты. Соғыстан қалған ауыр жарасына қарамай, өлең жазды, қызмет істеді. «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы міндетін атқарды. Осы жылдары жазылған «Туған жерім – сен, Баян», «Тасбұлақ», «Орман туралы жыр», «Колхоз түні», «Колхоз таңы», «Таң мен адам», т.б. өлеңдерде ақын өз замандастарының ісі мен тіршілігін дала табиғаты, еңбекпен жаңарып жатқан өлке суреттерімен астастыра суреттеді. Ол сол кезеңнің ең бір маңызды тақырыбы – бейбітшілікті қорғау ісіне үн қосты, әскери өмірін еске алды.

Өмірінің соңғы шағында Жұмағали көркем прозаға қалам тербеп, «Жол үстінде» (1961) атты хикая жазды. Көркем аударма ісіне араласты. Оның аудармалары ішінде М.Ю.Лермонтовтың «Біздің заманның геройы» атты романының орны ерекше.

Ақын шығармалары орыс және басқа да туыстас республикалар халықтары тілдеріне аударылды.

 







Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 3160. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Травматическая окклюзия и ее клинические признаки При пародонтите и парадонтозе резистентность тканей пародонта падает...

Подкожное введение сывороток по методу Безредки. С целью предупреждения развития анафилактического шока и других аллергических реак­ций при введении иммунных сывороток используют метод Безредки для определения реакции больного на введение сыворотки...

Принципы и методы управления в таможенных органах Под принципами управления понимаются идеи, правила, основные положения и нормы поведения, которыми руководствуются общие, частные и организационно-технологические принципы...

Машины и механизмы для нарезки овощей В зависимости от назначения овощерезательные машины подразделяются на две группы: машины для нарезки сырых и вареных овощей...

Классификация и основные элементы конструкций теплового оборудования Многообразие способов тепловой обработки продуктов предопределяет широкую номенклатуру тепловых аппаратов...

Именные части речи, их общие и отличительные признаки Именные части речи в русском языке — это имя существительное, имя прилагательное, имя числительное, местоимение...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия