Студопедия — Силлабус
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Силлабус






1. Оқытушының тегі, аты-жөні, ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағы; лауазымдық қызметі; байланыс ақпараты; оқытушының ғылыми мектебі мен ғылыми қызығушылығы.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық универсиеті практикалық қазақ тілі кафедрасының аға оқытушысы Ахметова Қарлығаш Асқарқызы.

Байланыс телефоны: 70-95-00, 32-233 (жұм.); karlygach [email protected].

Ғылыми қызығушылығы: Қазақ тілінің морфологиясы мен синтаксисі.

Ғылыми мектебі: Қ;азақ тілінің синтаксисі. Ф.ғ.д., професор З.Күзекованың жетекшілігімен «Антилогизм мәнді синтаксистік конструкциялар» тақырыбында ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысуда.

2. Пәннің коды, атауы және кредит саны. Код: PK(R)Ya 2206, PК(R)Ya 2225, PК(R)Ya 223. Пәннің атауы: Кәсіби қазақ тілі. Кредит саны 2.

3. Оқу пәнін өткізу уақыты мен орны. 3 семестр; бекітілген сабақ кестесіне сәйкес.

4. Оқу пәнінің пререквизиттері:Мемлекеттік тілді еркін меңгеру үшін қазақ тілінен орта мектеп, лицей, гимназия деңгейіндегі лексикалық минимум мен грамматикалық құрылысы жөнінде алғашқы білімі болуы керек (В2 - негізгі стандартты деңгей) және жоғары оқу орнындағы қазақ тілі курсының толық бағдарламасын меңгеруі тиіс (С1 - негізгі стандарттан жоғары деңгей)

Постреквизиттер: Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы, морфологиясы, синтаксисі, қазақ тілінің стилистикасы, қазақ тілін оқыту әдістемесі, кәсіби бейімді лексикалар мен мамандыққа қатысты терминдік сала (С-2 – негізгі стандарттан жоғары деңгей).

5. Оқу пәнінің сипаттамасы.

5.1Оқу пәнінің аты. Пән студенттің мамандығына қатысты кәсіби лексикасын қалыптастыруға, оны дамытуға бағытталған.

5.2 Оқу пәнін оқыту мақсаты

Қатысымдық, танымдық, тәрбиелік мақсат бірлікте алынады:

- қарым-қатынас құралы – тілді меңгеруді жетілдіре түсу;

- өз мамандығын игеруде қазақ тілі мүмкіндігін жете пайдалану;

- мамандыққа сәйкес белсенді лексика мен терминдерді меңгеру арқылы нақты тілдік ортада тілдік қызмет жағдаяттарына бейімдеу;

- коммуникативті мақсатта берілген тапсырмалар, жаттығулар негізінде кәсіби лексикасын қалыптастыру;

- қазақ заңдары тарихынан танымдық-тәрбиелік мәлімет беру.

5.3 Пәнді оқыту міндеттері:

- кәсіби мәтін түрлерімен, олардағы мамандыққа тікелей қатысты сөздер мен сөз тіркестерімен таныстыру. Кәсіби мәтін түрлерін талдауда мамандыққа қатысты сөздермен бірге өз мамандықтарымен байланысты танымдық материалдарды игеріп, оларды мемлекеттік тіл – қазақ тілінде айта алатындай, сондай-ақ жазбаша жұмыстар жүргізетіндей дағдыларды қалыптастыру. Соның негізінде студенттердің кәсіби бейімін екі тілде жұмыс істеуге дағдыландыру.

тілдік қызметтің барлық түрлерін өзара байланыста оқыту;

5.4.Оқу пәнінің мазмұны

- студенттердің кәсіби сөздік қорларын молайту;

- қазақ тілінде сөйлеу дағдыларын, жазу сауаттылығын арттыру;

- болашақ мамандардың мемлекеттік тілде өз мамандығы бойынша мағлұмат алатындай деңгейге жеткізу, мәтінді еркін игеруге машықтандыру;

- кәсіби лексиканы игерту ауқымында салалық терминологиямен таныстыру.

 

5.5. Оқу пәнін оқыту жоспары

Апталар Тақырып аты Сағаттар саны мен оқытуды ұйымдас-тырудың формалары БӨЖ үшін тапсырмалар (БӨЖ)
  Қоршаған орта және адам денсаулығы. Етістіктің шақтары. Практ. (2 сағ.) БӨЖ (4 сағ) «Таза ауа – тіршілік кепілі»
2. Су - тіршілік көзі, шөл және шөлейт зоналар. Етістіктің райлары. Практ. (2 сағ.) БӨЖ (4 сағ) «Судың ластануына әсер ететін факторлар» тақырыбына реферат жазу.
3. Географиялық қабық және биосфера Шылаулардың түрлері Практ. (2 сағ.) БӨЖ (4 сағ) «Жер Ананы Аяла» Эссе жазу.
4. Қазақстанда қалыптасқан экологиялық жағдайлар. Үстеу, оның түрлері Практ. (2 сағ.) БӨЖ (2 сағ) Ауасы ең таза емес қалалар туралы мәлімет жинау.
5. Қазақстан қорықтары: Іс-әрекеттің өту сипаты. Практ. (2 сағ.) БӨЖ (4 сағ) «Аққу ұшып, қаз қонған мекен» деген тақырыпта эссе жазу.
6. Қазақстан Республикасының географиялық орны, мемлекеттік шекаралары. Сөз тіркестері Практ. (2 сағ.) БӨЖ (4 сағ) «Қазақстан – киелі мекен» эссе жазу.
7. М.Қашқари – ұлы географ. Сөйлем мүшелері. Практ. (2 сағ.) БӨЖ (4 сағ) «Асанқайғының Жерұйықты іздеуі» туралы аңыздар.
  Аралық бақылау Коллоквиум    
8. Орман – тіршілік көзі, таза ауаның өзі. Жай сөйлемдер. Практ. (2 сағ.) БӨЖ (4 сағ) «Үй маңына тал өсір, балама деп тағы өсір» сөзінің мағынасы туралы әңгіме.
9. Әлемге таралған Қазақстан қызғалдағы Жай сөйлем түрлері. Практ. (2 сағ.) БӨЖ (4 сағ) Көктемнің алғашқы гүлдері туралы мәліметтер жинастыру.
10. Солтүстік Қазақстан аймағы. Құрмалас сөйлем. Практ. (2 сағ.) БӨЖ (4 сағ) «Бурабай – ел мақтанышы» тақырыбына шығарма жазу.
11. Оңтүстік Қазақстан аймағы Болымды, болымсыздықтың берілуі Практ. (2 сағ.) БӨЖ (4 сағ) Қазақстанның көне қалалары. Реферат жазу.
12. Гидрология саласы Мекендік қатынастардың берілуі. Практ. (2 сағ.) БӨЖ (4 сағ) «Су – тіршілік көзі» Пікір алысу.
13. Гидротехникалық ғимараттар Қарсылықты қатынастардың берілуі. Практ. (2 сағ.) БӨЖ (4 сағ) Су қоймаларының маңызы туралы әңгіме.
14. Қазақстанның жер бедері Мезгілдік қатынастардың берілуі.. Практ. (2 сағ.) БӨЖ (4 сағ) Таулы, орманды, өзенді аймақтар туралы әңгіме.
  Аралық бақылау Коллоквиум    
15. Ш.Уалиханов – зерттеуші ғалым Қайталау сабағы Практ. (2 сағ.) БӨЖ (4 сағ) Ш.Уалиханов еңбектерінің маңызы туралы әңгіме

 

Барлығы: 90 сағат, прак. – 30; БӨЖ – 60 сағат.

6. Негізгі және қосымша әдебиеттер тіізімі

6.1. Негізгі әдебиет:

1. Күзекова З., Әбдіқұлова Р.М. Қазақ тілі. – Алматы, «Раритет» баспа компаниясы, 2011 ж.

2. Жұмағұлова А. Кәсіби қазақ тілі. – Алматы, 2012.

3. Күзекова З. Қазақ тілінің практикалық курсы. Алматы, «Ғылым», 2001.

4. Күзекова З.С. Қазақ тілі: Жоғары оқу орындарына арналған.

Таным Астана: 2003 ж.

5. Күзекова З.С. Қазақ тілі практикумы. Грамматикалық жаттығулар жинағы.

«ІС-Сервис» ЖШС, 2010ж

6.2 Қосымша әдебиет тізімі

1. Әлімқұлова Р., Сәтімбеков Р. Қызықты биология. Өсімдіктер әлемі. – Алматы, 2011.

2. Қазақстан қорықтары. Т.1. – Алматы, «Санат», 2008. – 488 бет.

3. Бейсенова Ә.С., Шілдебаев Ж.Қ., Сауытбаев Г.З. Экология. Оқулық. – Алматы.2001.

4.Көпжасаров Ж.Г. Гидрология, гидрометрия және гидротехникалық ғимараттар. –Алматы, 1993. – 164б.

5. Қазақстанның тарихи-танымдық географиясы/ Әбілхан Әбіласан/. –Алматы. 2007.-184б.

6.Темреева ф.М., Бейсеркеева Л.С. Қазақстанның физикалық географиясы курсының практикумы. – Алматы. 2009. – 82б.

7. Астана. Энциклопедия. Алматы: Атамұра, 2008

8. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: Аруна, 2010.

9.Қазақстан Республикасы. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы, 2001.

10.Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. Алматы, 1998-2007.

11.Қазақ әдебиеті. Энциклопедия. Алматы, 2000.

12. Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік: Экология. – Алматы. 2000.

13. Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік: Су шаруашылығы.

– Алматы. 2000.

7. Оқу нәтижелерін бағалау және бақылау

Аудиториялық сабақтар барысында ағымдық бақылау, БӨЖ тапсырмаларының орындалу сапасын бақылау, коллоквиум түрінде екі аралық бақылау; ауызша қорытынды емтихан жоспарлануда.

Ағымдық бақылау 20%

БӨЖ тапсырмаларын бақылау 20%

Аралық бақылау (коллоквуим) 20 %

Ағымдық және аралық бақылау 60%

Қорытынды бақылау 40%

 

 

Студенттің білімін бағалаудың жалпы шкаласы

Әріптік жүйе бойынша баға Сандық эквивалент % мазмұны Дәстүрлі жүйе бойынша баға
А 4,0 95-100 үздік үздік
А- 3,67 90-94
В+ 3,33 85-89 жақсы жақсы жақсы
В 3,0 80-84
В- 2,67 75-79
С+ 2,33 70-74 қанағаттанарлық қанағаттанарлық қанағаттанарлық қанағаттанарлық қанағаттанарлық
С 2,0 65-69
С- 1,67 60-64
D+ 1,33 55-59
D 1,0 50-54
F   0-49 қанағаттанарлықсыз

8. Оқу пәнінің саясаты. Кәсіби қазақ тілі пәні – міндетті пән. Оқу жүктемесінің көлемі 2 кредиттен тұрады. Оның ішінде семинар (практикалық) сабақ -30 сағат.

Студенттерден аудиториялық сабақтарға міндетті түрде дайындықпен келу, БӨЖ тапсырмаларын белгіленген мерзім ішінде орындау, барлық бақылауға қатысу талап етіледі.

Кәсіби қазақ тілі пәні бойынша жүргізілетін практикалық сабақтар барысында БӨЖ тапсырмаларының орындалу деңгейі нәтижесінде ағымдық, аралық бақылау алынады. Ағымдық бақылау өткен немесе жаңа тақырып бойынша дербес, топтық, жалпы сұрақ-жауап, жазба жұмыстары түрінде өткізіледі.

Оқу үдерісінің 7, 14 апталарында аралық бақылау алынады. Аралық бақылаудың түрлері: коллоквиум.

Пәнді оқыту барысында тақырыптық бақылау жұмыстары (жазбаша), ауызша сұрақтарға жауап беру, аралық бақылаулар, қорытынды емтихан қолданылады.

Студенттердің білімін бағалауда аудиториялық сабақ барысындағы жауабының сапасымен қатар белсенділігі де ескеріледі.

 

Глоссарий

Сөйлесім – белгілі бір тақырып, проблема жайлы өз білгендерін қазақша толық жеткізе алуға және пікірін қарсыласымен жарыссыз

арқылы жеткізуге дағдылану: Ауызекі және ресми сөйлесім үлгілерін меңгеру.

Тыңдалым – меңгерілген лексикалық материал және қосымша таныс емес

мәтін материалын ауызша мәнерлеп оқып, тыңдауға жаттығу. Радио, теледидар хаьарларын тыңдауларға жаттығу және аудио-видио құралдарынан берілетін мәтіңді тыңдау,айтып беруге үйрену.

Оқылым - өз бетінше іштей оқу, дауыстап оқу техникасын меңгеру. Газет материалы, естеліктер және әңгімелер, повестер оқу

тапсырылады. Өздік жұмыс барысында оқу нормаларын, талаптарын жетілдіреді.

Жазылым – сөйлесім, тыңдалым-оқылым үнемі жазба жұмыстарымен

ұйымдастырылады. Жазба жұмысының тақтада жазу, көшіріп жазу, шағын реферат, баяндама, аннотация т.б. түрлері жүргізіледі.

Диалог – екі адам арасындағы сұрақ-жауап үлгісінде өткізілетін сұхбаттасу.

Дискуссия (лат. Discussion – қарастыру, зерттеу) – мәселені талқылау үрдісі,

оны шешу жолдарында берілетін ұжымдық зерттеу тәсілі.

Жағдаяттық;

тапсырма – білім алушының белгілі бір оқиғаға немесе жағдайға қатысты орындайтын жұмысы. Көп жағдайда бұл тапсырма рөлдік үлгіде орындалады.

Дыбыс – дыбыстау мүшелері арқылы жасалып, естілетін физикалық құбылыс.

Орфография – сөздердің дұрыс жазылу ережелерінің жиынтығы.

Орфоэпия – сөздердің дұрыс айтылу ережесі.

Омоним – дыбысталып, жазылуы бір, мағыналары бір– бірінен алшақ сөздер.

Антоним – мағыналары бір – біріне қарама– қарсы сөздер.

Синоним – жазылуы мен айтылуы әртүрлі, бірақ мағыналық жағынан жақын сөздер.

Түбір – сөздің ешқандай бөлшектеуге келмейтін түпкі түрі.

Қосымша – жеке тұрғанда мағынасы болмағанмен, түбірге жалғану арқылы сол сөзге әртүрлі лексикалық және грамматикалық мағына беретін сөз бөлшегі.

Сөйлем – тиянақты ойды білдіретін сөз, сөз тіркесі.

Сөз тіркесі – толық мағыналы, кем дегенде екі сөздің мағыналық жағынан да, тұлғалық жағынан да байланысуы.

Хабарлы сөйлем – белгілі бір оқиға, құбылыс, адам, нәрсе туралы хабарлай

айтылатын сөйлем.

Сұраулы сөйлем – бір нәрсе жайында сұрай айтылатын сөйлем.

 

Бұйрықты сөйлем – іс–қимылға итермелеу, орындауға ұмтылдыру

мақсатында айтылатын сөйлем.

Лепті сөйлем – айтушының немесе жазушының көңіл күйін, эмоциясын

білдіретін сөйлем.

Құрмалас

сөйлем – мағыналық жағынан, интонациясына байланысты,

грамматикалық тұлғаларына қарай екі не одан да көп жай

сөйлемдерден құралып, күрделі ойды білдіреді. Олар

салалас құрмалас, сабақтас құрамалас және аралас құрмалас сөйлемдер деп бөлінеді.

Ауа – түрлі газдардың қосындысы.

Атмосфера – Жердің ауа қабаты.

Биосфера – тірі организмдер тіршілік ететін жердің бір бөлігі.

Гидросфера – жердің су қабығы немесе жер айналасындағы су, мұз қабаты.

Гидрология – мұхиттарды, өзендерді, көлдерді, батпақтарды, жерасты

және жер үсті суларын, қарлар мен мұздарды, атмосферадағы ылғалды және олардың қасиеттерін, онда өтіп жатқан құбылыстарды атмосферамен, литосферамен, биосферамен байланысын қарастырып, зерттейтін ғылым.

Географиялық қабық; – жер шарының барлық сыртқы қабатын алып жатқан

біртұтас аймақтар жүйесі.

Қоршаған орта – белгілі бір аумақты, тірі организмдерді және атмосфераны

қамтитын тіршілік ету ортасы.

Трофосфера – атмосфераның Жер бетіне таяу орналасқан ең төменгі қабаты.

Стратосфера – тросфера үстіндегі қабат.

Экзосфера – атмосфераның ең биік қабаты.

Табиғат – латын тілінің «natura» деген сөзінен шыққан сөз. Ол «туу» деген ұғымды білдіреді.

Климат – белгілі бір жердегі ауа-райының көп жылдық орташа жай-күйі.

Монолог – бір адамның кез келген тақырыпты немесе естіген, оқыған

материалдарды ауызша баяндауы.

Орман – күрделі тірі ағза, себебі ол тек ағаштардың жиынтығы ғана емес тірі табиғат және ғаламдағы көбірек таралған ландшафтық көрініс.

Гидротехникалық;

ғимартаттар – каналдар, насос станциялары, жерді суғаруға суландыруға және құрғатуға арналған т.б. ғимараттар.

Фитогеография – өсімдік географиясы.

Гидроторап – бір жерге орналасып, ортақ су шаруашылық жұмыстарын атқаратын гидротехникалық ғимараттар жиынтығы.

Радиация – күннен тарайтын сәулелер немесе қуат толқындары.

Фауна – белгілі бір аймақты немесе табиғатта өмір сүретін жан-жануарлар.

Флора – белгілі бір аймақты немесе табиғатта өсетін өсімдіктер.

 

 

 

 

Міндетті және қосымша әдебиет пен дереккөздер тізімі:

 

6.1. Негізгі әдебиет:

1. Күзекова З., Әбдіқұлова Р.М. Қазақ тілі. – Алматы, «Раритет» баспа компаниясы, 2011 ж.

2. Жұмағұлова А. Кәсіби қазақ тілі. – Алматы, 2012.

3. Күзекова З. Қазақ тілінің практикалық курсы. Алматы, «Ғылым», 2001.

4. Күзекова З.С. Қазақ тілі: Жоғары оқу орындарына арналған.

Таным Астана: 2003 ж.

5. Күзекова З.С. Қазақ тілі практикумы. Грамматикалық жаттығулар жинағы.

«ІС-Сервис» ЖШС, 2010ж

6.2 Қосымша әдебиет тізімі

1. Әлімқұлова Р., Сәтімбеков Р. Қызықты биология. Өсімдіктер әлемі. – Алматы, 2011.

2. Қазақстан қорықтары. Т.1. – Алматы, «Санат», 2008. – 488 бет.

3. Бейсенова Ә.С., Шілдебаев Ж.Қ., Сауытбаев Г.З. Экология. Оқулық. – Алматы.2001.

4.Көпжасаров Ж.Г. Гидрология, гидрометрия және гидротехникалық ғимараттар. –Алматы, 1993. – 164б.

5. Қазақстанның тарихи-танымдық географиясы/ Әбілхан Әбіласан/. –Алматы. 2007.-184б.

6.Темреева ф.М., Бейсеркеева Л.С. Қазақстанның физикалық географиясы курсының практикумы. – Алматы. 2009. – 82б.

7. Астана. Энциклопедия. Алматы: Атамұра, 2008

8. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: Аруна, 2010.

9.Қазақстан Республикасы. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы, 2001.

10.Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. Алматы, 1998-2007.

11.Қазақ әдебиеті. Энциклопедия. Алматы, 2000.

12. Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік: Экология. – Алматы. 2000.

13. Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік: Су шаруашылығы.

– Алматы. 2000.

 

Бақылауға арналған өзін-өзі бақылау мен өзін-өзі тексеруді ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқау

Білім алушылар кәсіби қазақ тілі пәні бойынша типтік бағдарламаға сәйкес тақырыптар негізінде мәтіндерді оқып, берілген тапсырмалар бойынша тапсырмаларды орындайды. Мәтіндерді түсініп берілген өздік жұмыстарында мамандықтарына сәйкес кәсіби мәтіндер негізінде түрлі тапсырмаларды орындайды. Мәтінді мазмұндау, өзара ой бөлісіп, сұрақтарға жауап беру арқылы сөздік қоры молайып, жетік сөйлеуге дағдыланады.

Білім алушылардың оқу материалын меңгеру деңгейін өздігінен анықтауына көмектесетін теориялық білімді бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар, өзін-өзі бақылау мен өзін-өзі тексеруді ұйымдастыру кезеңдері тәлімгерлерге арналған оқу-әдістемелік кешен негізінде, оқытылған лексика-грамматикалық тақырыптарға сай жасалады. Білімгерлердің өзін-өзі бақылау және өзін-өзі тексеру тапсырмалары аралық және ағымдық бақылаулар бойынша жүргізіледі.

Кәсіби қазақ тілінен білім алушылар үшін бақылауға арналған сұрақтар немесе тапсырмалар, өзін-өзі бақылау мен өзін-өзі тексеруді ұйымдастыру олардың күнделікті сабақ барысында алған тілдік дағдыларын дамытуға, олардың қорытынды деңгейлерін анықтауға көмектеседі. Оқытушы осы міндеттердің нәтижелілігін көтеруге қол жеткізуді мақсат етеді.

Бақылауға арналған сұрақтар

  1. Қоршаған орта және адам денсаулығы
  2. Етістіктің шақтары.
  3. Су – тіршілік көзі, шөл және шөлейт зоналар.

4. Етістіктің райлары.

  1. Географиялық қабық және биосфера.

5. Шылаулардың түрлері..

  1. Қазақстанда қаоыптасқан экологиялық жағдайлар.
  2. Үстеу және оның түрлері.
  3. Қазақстан қорықтары.
  4. Іс-әрекеттің өту сипаты.
  5. Қазақстан Республикасының географиялық орны, мемлекеттік шекаралары.
  6. Сөз тіркестері.
  7. М.Қашқари – ұлы географ.
  8. Сөйлем мүшелері.
  9. Орман – тіршілік көзі, таза ауаның өзі.
  10. Жай сөйлемдер.
  11. Әлемге таралған Қазақстан қызғалдағы.
  12. Жай сөйлем түрлері.
  13. Солтүстік Қазақстан аймағы.
  14. Құрмалас сөйлем.
  15. Оңтүстік Қазақстан аймағы.
  16. Болымды, болымсыздықтың берілуі.
  17. Гидрология дегеніміз не?
  18. Мезгілдік ұатынастардың берілуі.
  19. Гидрологиялық ғимараттар.
  20. Қарсылықты қатынастардың берілуі.
  21. Қазақстанның жер бедері.
  22. Мекендік қатынастардың берілуі.
  23. Шоқан Уалиханов – зерттеуші ғалым.

 

Білім алушылардың өздік жұмысына әдістемелік нұсқаулық;

Білім алушылар кәсіби қазақ тілінен берілген өздік жұмыстарында мамандықтарына сәйкес кәсіби мәтіндер негізінде түрлі тапсырмаларды орындайды. Өздері оқыған кәсіби тақырыптарына байланысты танымдық сұрақтарға жауап беріп, мамандығына қатысты лексиканы игерту ауқымында салалық терминологияны меңгереді. Мәтінді мазмұндау, өзара ой бөлісіп, сұрақтарға жауап беру арқылы сөздік қоры молайып, жетік сөйлеуге дағдыланады. Тақырыпқа қатысты түрлі реферат, мәлімет, ақпараттар дайындау олардың өз бетінше ізденуіне, қазақша ойлау қабілетін ұштауына көмектеседі. Сонымен қатар мамандығына қатысты тақырыптар арқылы жазба жұмыстарын орындау, өз ойларын еркін жеткізе отырып, жазылым дағдысының қалыптасуына, сауатты жазуларына көмектеседі.

Кәсіби қазақ тілінен білім алушыларға арналған өздік жұмыстары олардың күнделікті сабақ барысында алған тілдік дағдыларын дамытуға көмектеседі.

Білімгерлердің өздік жұмысына арналған тақырыптары мен тапсырмаларының жоспарлануы:

БӨЖ тақырыптары мен тапсырмалары БӨЖ сағат саны БӨЖ ұйымдастыру формасы
  Таза ауа – тіршіліктің кепілі   БӨЖ – 4 сағат ауызша
  Судың ластануына әсер ететін факторлар БӨЖ – 4 сағат жазбаша
  Жер – Ананы аяла   БӨЖ – 4 сағат жазбаша
  Ауасы ең таза емес қалалар туралы мәлімет жинау БӨЖ – 4 сағат жазбаша
  Аққу ұшып, қаз қонған мекен» деген тақырыпта эссе жазу.   БӨЖ – 4 сағат жазбаша
  «Қазақстан – киелі мекен» эссе жазу БӨЖ – 4 сағат жазбаша
  Ұлт болашағы – жақсы денсаулықта» пікір алысу.   БӨЖ – 4 сағат  
  Үй маңына тал өсір, балама деп тағы өсір» сөзінің мағынасы туралы әңгіме   БӨЖ – 4 сағат ауызша
  Көктемнің алғашқы гүлдері туралы мәліметтер жинастыру БӨЖ – 4 сағат ауызша
  Бурабай – ел мақтанышы» тақырыбына шығарма жазу.   БӨЖ – 4 сағат жазбаша
  Қазақстанның көне қалалары туралы реферат жазу БӨЖ – 4 сағат жазбаша
  «Су– тіршілік көзі» Пікір алысу.   БӨЖ – 4 сағат ауызша
  Су қоймаларының маңызы туралы пікір алысу.   БӨЖ – 4 сағат ауызша
  Таулы, орманды, өзенді аймақтар туралы әңгіме.   БӨЖ – 4 сағат ауызша
  Ш.Уалиханов еңбектерінің маңызы туралы әңгіме.     БӨЖ – 4 сағат ауызша

Семинар (практикалық) сабақтарға дайындалу бойынша әдістемелік нұсқаулық;

 

 

Білім алушылар кәсіби қазақ тілі пәнінен мамандықтарына сәйкес кәсіби мәтіндер негізінде берілген тапсырмаларды орындайды. Білімгерлердің кәсіби тақырыптарына байланысты мамандықтарына қатысты лексиканы меңгеру негізінде салалық лексиканы меңгереді. Мәтінді түсініп оқу, мазмұндау, өзара пікірлесу, сұрақтарға жауап беру арқылы сөздік қорлары молайып, жетік меңгеруге дағдыланады.

Сонымен бірге мамандығына қатысты тақырыптар негізінде түрлі жазба жұмыстарын орындау, өз ойларын еркін жеткізе отырып, жазылым дағдысының қалыптасуына, сауатты жазуларына ықпал етеді.

Кәсіби қазақ тілінен білім алушыларға арналған семинар (практикалық) сабақтарға дайындалу арқылы олардың күнделікті сабақ барысында алған тілдік дағдыларын дамытуға көмектеседі.

 

 

1-САБАҚ;

Қоршаған орта және адам денсаулығы.

Етістіктің шақтары

Мақсаты: Студенттердің қоршаған орта туралы түсінігін кеңейту, салауатты өмір салтын ұстануына ықпал етуге, табиғатты сүюге баули отырып, өз ойын еркін жеткізуге үйрету.

 

1. Сөздікпен жұмыс:

Табиғи орта – природная среда, табиғи орта

өнеркәсіп – промышленность

қалдықтар – отходы

адам ағзасы – организм человека

күн сәулесі – солнечный лучь

күкірт қышқылы – серная кислота

улы заттар – ядовитые вещества

қатерлі ауру– опасная болезнь, неизлечимая болезнь

улану – отравится

сутек – водород

 

2. Ойтүркті сұрақтар:

1. Қоршаған ортаны кімдер ластайды?

2.Лас ауа адам ағзасына қалай әсер етеді?

3.Ауаның ластануы қауіпті ме?

4.Қазіргі кезде қандай аурулар көп?

 

  1. Мәтінді оқыңыз.

 

Айналадағы орта мен адам денсаулығы

Табиғат –адамзаттың тіршілік ететін ортасы. Сондықтан оның көптеген сұраныстарын қамтамасыз ететін шикізат көзі болып отыр.

Айналадағы ортаның табиғат жағдайлары адамның шаруашылық әрекетінің түрін анықтайды. Қазақстанның шөлейтті, далалы жерлерінде мал шаруашылығымен айналысса, ал өзен бойларында суармалы егіншілікпен айналысқан.

Адамдардың түрлі шаруашылықпен айналысуы қазіргі кезде биосфераны ластаушылардың негізгі көзі болып отыр. Табиғи ортаға күн сайын, сағат сайын өнеркәсіптің газ тәріздес, сұйық және қатты қалдықтары түсіп отырады.

Осы қалдықтардағы әртүрлі химиялық заттар ауаға, суға және топыраққа түсіп, бір трофикалық тізбектен екіншісіне өте отырып, соңынан адам ағзасына келіп түседі.

Бүкіл жер шарында осы ластаушы заттардың түспеген жері жоқ деп айтуға болады.

Табиғи ортаны ластаушы заттар әртүрлі болып келеді. Ол заттар өзінің табиғатына, шоғырлануына және адам ағзасына әсер ету уақытына қарай түрлі нәтижелер туғызады. Аз ғана уақыт әсер етуінің өзінен адамның басы айналып, құсуы, жөтелуі мүмкін. Осындай улы заттар көп мөлшерде әсер етсе, адам қатты уланып, есінен тануы, тіпті өліп кетуі де мүмкін.

Қазіргі кезде ауаны ластайтын улы заттардың 150-ден астам түрі бар. Бұл заттар ауада күн сәулесінің әсерінен бір-бірімен реакцияға түсіп, жаңа қосындылар түзеді.

Мысалы, улы заттар ылғалдың әсерінен күкірт қышқылына айналып, адамдар мен жануарлардың тыныс жолдарына, терісіне әсер етеді және жүйке ауруын туғызады. Ауадағы фторлы сутек те өте улы. Адамға жағымсыз әсер етіп, қатерлі аурулар туғызады. Ол пластмасса жаққан кезде пайда болады. Қоңыр көмірді жаққан кезде ауаға күл бөлініп шығады да, көкөністерге, жеміс-жидектерге зиянын тигізеді. Ластанған өсімдіктерді жеген адамдар мен жануарлардың ағзасында физиологиялық өзгерістер болады.

Адам ағзасының осы сияқты улы заттарға төзімділігі әр адамның өзінің жеке басының гигиенасына, ең алдымен денсаулығына, жасы мен жынысына байланысты. Улы заттарға балалар, қарт адамдар және денсаулығы нашар адамдар өте сезімтал болып келеді.

Улы заттар адам ағзасына біртіндеп әсер етіп жинала берсе, онда созылмалы улануға ұшырайды. Оның мынадай белгілері бар: адам тез шаршағыш болады, ұйқышыл немесе ұйқысы қашуы, бейжай, ұмытшақ, көңіл-күйі құбылмалы болып, зейіні төмендеуі мүмкін.

 

  1. Мәтін бойынша сөйлемдерді аяқтаңыздар.

1. Табиғи ортаға күн сайын, сағат сайын өнеркәсіптің газ тәріздес, сұйық және қатты қалдықтары.......................................................................................

2. Бүкіл жер шарында осы ластаушы заттардың.....................................................

3. Аз ғана уақыт әсер етуінің өзінен.........................................................................

4. Осындай улы заттар көп мөлшерде әсер етсе,......................................................

5. Бұл заттар ауада күн сәулесінің әсерінен бір-бірімен..........................................

6. Адам ағзасының осы сияқты улы заттарға төзімділігі.................................................................................................................................................................................

7. Улы заттарға.............................................................................................................

өте сезімтал келеді.

 

6. Мәтінде кездесетін етістіктерді тауып, қай шақта тұрғанын анықтаңыздар.

Үлгі: болып отыр - нақ осы шақ.

Есте сақтаңыздар! Қазақ тілінде де іс-әрекеттің сөйлеп тұрған кезден бұрын болғанын, сөйлеп тұрған кезде болып жатқанын, сөйлеп жатқан кезден кейін болатынын білдіретін шақ категориясы бар. Олар өткен шақ, осы шақ, келер шақ деп үшке бөлінеді.

Өткен шақ;

Іс-әрекеттің сөйлеп тұрған кезден бұрын болып кеткенін білдіреді: бардым, айтқан, келген емес, бартынмын.

Өткен шақтың үш түрі бар: жедел өткен шақ, бұрынғы өткен шақ, ауыспалы өткен шақ;.

Жедел өткен шақ;

Жедел өткен шақ етістіктің түбіріне – ды, -ді, -ты, -ті жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалып, жіктеліп қолданылады: бардым, бардың, барды, бардық;.

Жедел өткен шақтың болымсыз түрі етістіктің - ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнақтарынан кейін -ды, -ді, -ты, -ті жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады: бармадым, бармадың, бармады.

 

Бұрынғы өткен шақ;

Бұрынғы өткен шақ іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәттен әлдеқашан бұрын жасалғанын білдіреді. Бұрынғы өткен шақтың жұрнақтары:

  1. -ған,-ген, -қан,-кен тұлғалы етістіктің жіктеліп қолданылуы арқылы жасалады: айтқан, келген.
  2. - ып, - іп,-п жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады: барыпты, келіпсің;.
  3. -ған,-ген, -қан,-кен тұлғалы етістіктің еді көмекші етістігімен және емес, жоқ; сөздерінің тіркесіп келуінен де жасалады: барған еді, барған емес, барған жоқ.
  4. -ып, - іп, -п тұлғалы етістікке еді көмекші етістігінің тіркесіп келуінен де жасалады: айтып еді, барып еді, көріп еді.

 

Ауыспалы өткен шақ;

Ауыспалы өткен шақ есімшенің -атын/-етін, -йтын/-итін жұрнақтары арқылы жасалып, бірде өткен шақ, бірде келер шақ мағынасында жұмсалады: болатын, баратын, келетін, сөйлейтін

 

7. Іс-ірекеттің қашан болғанын айтыңыздар.

Атам көп ағаш отырғызатын. Қоршаған ортаны қорғау туралы оқытушы ескерткен. Бізге ешкім айтқан емес. Сіз тауға баратын едіңіз. Үнемі бақшаға баратынсыңдар. Айгүл қашан келетінін айтқан. Өткенде сенбілікке қатысыпты. Ерте айтқанда келетін едім.

 

8.Көп нүктенің орнына өткен шақтың тиісті жұрнақтарын қойып жазыңыздар.

Біз таза ауада демал.... Олар бүгін ағаш егуге барма.... Бұл туралы өткенде сен айт.... Табиғат туралы ғылыми еңбектер жаз.... Ол кезде ауа таза бол.... Ешкім маған айт... жоқ. Сіз табиғатты қорғау туралы жиналысқа бар... емес.... Бақшаға ағаш отырғыз... еді.

Ауа таза болмағаннан адам денсаулығы нащарлай.... Машиналар ауаны ластай....

 

9.Сұрақтардың орнына тиісті сөздерді қойып, сөйлем құрап жазыңыздар.

Кім? Не

Кімге? тікті Қайда? сайрады

Не Қашан?

 

Осы шақ;

Осы шақ сөйлеп тұрған сәтпен байланысты іс-әрекеттің болып жатқанын білдіреді. Осы шақ болатын етістіктердің мағыналық белгілері:

1. Сөйлеп тұрған кездегі іс-әрекетті білдіреді: болып жатыр, сөйлеп тұр.

2. Әрдайым қайталанып тұратын дағдылы іс-әрекетті білдіреді: ұшады, айтады.

Нақ осы шақ;

Іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәтте болып жатқанын білдіреді:

а) отыр, тұр, жатыр, жүр қалып етістіктерінің жіктелуі арқылы

жасалады.

ә) нақ осы шақ - ып,-іп,-п тұлғалы көсемшемен отыр, жатыр, тұр, жүр қалып етістіктерінің көмекші етістік қызметінде тіркесуінен жасалады: барып отыр, тыңдап тұр, оқып жатыр,







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 1215. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

Концептуальные модели труда учителя В отечественной литературе существует несколько подходов к пониманию профессиональной деятельности учителя, которые, дополняя друг друга, расширяют психологическое представление об эффективности профессионального труда учителя...

Конституционно-правовые нормы, их особенности и виды Характеристика отрасли права немыслима без уяснения особенностей составляющих ее норм...

Толкование Конституции Российской Федерации: виды, способы, юридическое значение Толкование права – это специальный вид юридической деятельности по раскрытию смыслового содержания правовых норм, необходимый в процессе как законотворчества, так и реализации права...

Случайной величины Плотностью распределения вероятностей непрерывной случайной величины Х называют функцию f(x) – первую производную от функции распределения F(x): Понятие плотность распределения вероятностей случайной величины Х для дискретной величины неприменима...

Схема рефлекторной дуги условного слюноотделительного рефлекса При неоднократном сочетании действия предупреждающего сигнала и безусловного пищевого раздражителя формируются...

Уравнение волны. Уравнение плоской гармонической волны. Волновое уравнение. Уравнение сферической волны Уравнением упругой волны называют функцию , которая определяет смещение любой частицы среды с координатами относительно своего положения равновесия в произвольный момент времени t...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.013 сек.) русская версия | украинская версия