Студопедия — Тапсырмалар. 1-тапсырма. Мәтін бойынша жаңа сөздермен танысып, есте сақтаңыз
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Тапсырмалар. 1-тапсырма. Мәтін бойынша жаңа сөздермен танысып, есте сақтаңыз






1-тапсырма. Мәтін бойынша жаңа сөздермен танысып, есте сақтаңыз.

дене жылылығы-температура тела

қорғау-защищать

қайызғақтану-покрываться перхотью

қышу-чесаться, зудеть

мазасыздану-беспокоиться

қал-родинка

сезім-чувство

үсті-поверхность

түлеу-обновлять

сулы-водянистый

қотыр-чесотка

сүйел-бородавка

 

2-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыз.

Тері құрылысы, аурулары

Тері адамның өмірінде маңызды роль атқарады. Ол газ алмасуын, дене жылылығын реттейді, сезім арқылы ағзаны түрлі зиянды, сыртқы әсерлерден қорғайды. Тері үш қабаттан құралады. Үстіңгі қабаты - эпидермис деп аталады. Ол түлеп, өзгеріп отырады. Ортаңғысы – өсу қабаты. Ол теріні жетілдіріп отырады. Осы қабатта жүйке, лимфа жолдары, шаш, түк қалташығы, май және тері бездері орналасады. Май безінің секрециясы теріні майлап, жұмсартып отырса, тері бездері ағзаны жиналған зиянды қалдықтардан тазартады. Терінің үшінші қабаты – шел-май қабаты. Ол өзінің астындағы мүшелерді жарақаттан қорғайды, ағзадағы зат алмасу процесіне тікелей қатысады. Тері түрлі физикалық, механикалық, биологиялық және химиялық факторлар әсерінен жарақаттануы мүмкін. Тазалық тәртібі сақталмаса, медициналық көмек көрсетілмесе осылардың бәрінде де терінің қабынуы мүмкін. Сондай-ақ ішкі секреция бездерінен, жүйке жүйесі қызметінің бұзылуынан пайда болады.

Тері аурулары – адам терісінде және оның өсінділерінде (тырнақ, түк), кілегей қабығында әр түрлі жағдайларға байланысты пайда болатын патологиялық өзгеріс. Тері ауруларына: қышыма, қотыр, тері туберкулезі, есекжем, теміреткі т.б. аурулар жатады.

Тері аурулары кезінде адам терісінде іріңді, сулы бөртпелер шығады. Терінің әр жері жарылып, қасығанда қайфзғақтанып түседі. Кейбір тері аурулары денені қатты қышытады, ашиды, кейде қатты ауырып мазасыздандырады.

Жұқпалы тері ауруларына тері туберкулезі жатады. Тері ауруларының іріңді түрі жиі кездеседі. Қышыма, қотыр т.б. аурулары әр түрлі паразиттер, жәндіктер таратады. Кейде адам терісі әр түрлі дәрілерге, өсімдіктерге т.б. өте сзімтал келеді. Мұның салдарынан тері ауруларына шалдығады. Теріде қал, сүйел, ісік т.б. пайда болуы да мүмкін. Тері ауруларын зерттейтін ғылым – дерматология.

3 –тапсырма. Төменде тері ауруы бойынша дәрігердің сұрақтары берілген.

Науқастың жауаптарын дайындаңыз.

1. – Денеңіздегі бұл бөртпені қашан байқадыңыз?

-...

2. – Денеңіз қыши ма?

-...

3. – Өз бетіңізбен емделдіңіз бе?

-...

4. – Үйіңізде бұл аурумен ешкім ауырған жоқ па?

-...

5. – Ауырғаныңызға көп болды ма?

-...

6. – Қандай тағамдарды көп жейсіз?

-...

7. – Бірге жұмыс істейтін адамдардан бұл ауруды байқамадыңыз ба?

-...

 

1-жаттығу. Көп нүктенің орнына қажетті сын есімнің шырайларын көрсетіңіз.

Арманның үйінде қап-қара ит бар. Бүгін күн салқындау екен. Мен білікті маман болғым келеді. Аурухананың іші өте үлкен екен. Оның бөлмесі үлкенірек. Айгүлдің халатты тап-таза екен. Ол ауруханаға тым ауыр жағдайда түсті. Қазір оның жағдайы тәуірлеу болып қалды.

4-тапсырма. Мәтінге тақырыпша қойыңыз, сұрақтар дайындаңыз. Мазмұнын айтыңыз.

Микоз – дүние жүзі дәрігерлерін толғандырып жүрген мәселе. Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, жер жүзі халқының бестен бірі саңырауқұлақ ауруымен ауырады екен. Ал соның тең жартысы тырнақ жұқпаларына – онихоликозға шалдыққан.

Тері мен шырышты қабықтардың зақымдануы тән тазалығына дұрыстап көңіл бөлмеуден болады. Бұл ауруларды жұқтыру жолдары оңай – моншада, жағажайда, бассейнде шомылғанда, тіпті ауылдық жерлерде жалаңаяқ жүргенде, ит немесе мысықты сипалағанда да жұқтырады.

Ауру жұққан жағдайда саңырауқұлақтардың тұқымы теріге кіріп ішіне енеді. Тері қабынғанда тері қабыршақтанып, қызарып, ісікті дақтар, кейде жарықтар да пайда болуы мүмкін.

Жалпы аурудың алдын алу үшін, моншалар мен бассейндерді тұрақты түрде залалсыздандырып, оларда жұмыс істейтін қызметкерлерді медициналық бақылаудан өткізіп тұру және ауруға шалдыққан адамдарды дер кезінде емдеу қажет.

 

10. Бақылау (сұрақтар, жаттығулар, тапсырмалар т.б.):

Коммуникативті компетенция бойынша

1-жаттығу. Төмендегі сөз тіркестерін орыс тіліне аударып, сөйлем құраңы з.

Әр түрлі жағдайлар, патологиялық өзгеріс, сыртқы әсер, газ алмасу, өзгеріп отыру, түк қалташығы, зиянды қалдықтардан тазарту, жарақаттан қорғау, тікелей қатысу, тазалық тәртібі, ішкі секреция бездері, сулы бөртпе, жәндіктер таратады, терінің қабынуы, химиялық жарақаттану, теріні майлау, жұмсартып отыру, дене жылылығын реттеу.

5-тапсырма. Берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Тері адам өмірінде қандай қызмет атқарады?

2. Тері неше қабаттан тұрады?

3. Терінің сыртқы қабаты қалай аталады?

4. Эпидермистің астыңғы қабаты қалай аталады?

5. Терінің үшінші қабаты қандай қызмет атқарады?

6. Қандай тері ауруларын білесіз?

7. Тері аурулары кезінде қандай өзгерістер байқалады?

Когнитивті – білім компетенциясы бойынша

2-жаттығу. Төмендегі сөйлемдерді қазақ тіліне аударың;ыз.

1. На грязной коже размножаются микроорганизмы. 2. Чаще всего обмараживаются кожа открытых частей тела. 3. Вначале кожа бледнеет, потом мертвеет. 4. Пострадавшему дают горячее питье (сладкий чай, кофе, молоко). 5. Пламя, горячий металл, кипяток и другие вещества могут вызвать ожог кожи. 6. Нельзя прокалывать пузыри. 7.На пораженную поверхность наложить стерильную повязку. 8.Какую помощь необходимо оказать при обмороживаний? 9. Почему необходимо следить за чистотой кожи?

Операционалды – дағды компетенциясыбойынша

6-тапсырма. Берілген сұрақтарды қазақ тіліне аударып, қай ауруға арналып қойылғанын анықтаңыз.

* У вас есть высыпания на коже? Где?

* Когда появилась(лись) эта (и) сыпь (и) (пузырьки, пятна)?

* С чем вы связываете появление этих высыпаний?

* Сыпь появилась после приема лекарства (определенной пищи, применения косметики,

бытовых (моющих) средств)?

* Что появилось вначале зуд (краснота, пятна, пузырьки)?

* У вас были уже подобные высыпания на коже? Сколько раз?

* Эти высыпания исчезли сами или в результате лечения?

* Зуд обычно усиливается (возникает) в ночное время?

* Беспокоят ли вас эти высыпания?

* Где первоначально появилась сыпь?

* Сыпь сопровождается зудом?

 

11. Әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Медициналық оқу орындарына арналған. Алматы, 2002 ж. 59-58 беттер.

2. Дәрменқұлова Р.Н.Медициналық мәтіндер жинағы. Алматы, 2002 ж. 58-59 беттер.

3. Доскеева Б.Ж. Кәсіби медициналық қазақ тілі. Алматы, 2012 ж. 71-76 беттер.

Қосымша әдебиеттер:

1. Рақышев А. Адам анатомиясындағы халықаралық атау-терминдер. Алматы, 2011 ж.

2. Қазақша-орысша сөздік. ҚР Білім және ғылым министрлігі А. Байтұрынұлы атындағы Тіл білімі институты. – Алматы, 2001 ж.


 

 

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

№19 тақырып: Жұқпалы аурулар. Венерологиялық аурулар, диалог

Сан есім

 

 

2013 ж.

 

 

Кафедра мәжілісінде талқыланып, бекітілді

 

Хаттама №____, «_____»____________2013ж.

 

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі, п.ғ.д. Аяпбергенова К.К.

 


1. Тақырыбы: Жұқпалы аурулар. Венерологиялық аурулар, диалог

Сан есім

 

2. Мақсаты: Мәтіннің мазмұнын жүйелі баяндауға үйрету, түрлі жаттығу жұмыстары арқылы қазақша сөйлеуге дағдыландыру. Сан есімді орыс тілімен салыстыра отырып, практикалық жолмен меңгерту, өз бетінше сөйлем құрастыруға машықтандыру.

 

3. Міндеті: Мәтіндегі медициналық сөздер мен сөз тіркестерінің аудармасын беріп, қазақша өз ойын еркін жеткізуге үйрету.

 

Когнитивті – білім компетенциясы: Сан есімтуралы түсінік беру, түрлері мен жасалу жолдарына мысалдар келтіру арқылы сөйлем құрастыра білуге үйрету, мәтіндегі медициналық жаңа атауларды меңгерту

 

Операционалды – дағды компетенциясы: мәтіндегі жаңа сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіріп, сөйлем құратуға, мәтінді өз сөзімен мазмұндауға дағдыландыру.

Коммуникативті компетенция: топтасып жұмыс істеу барысында өз ойын еркін жеткізуге баулу, шығармашылық қатынас орнату.

Өзін-өзі дамыту компетенциясы: венерологиялық және жұқпалы аурулар бойынша сұхбат құрастырып, қазақша кәсіби тілін дамыту, осы арқылы сөздік қорын байыту.

 

4.Негізгі ұғымдар: ағзаның жалпы күйі, қоздырғыш микробтардың мөлшері,жасырын кезеңі, даму кезеңі, айығу кезеңі, микроорганизмдердің енуі, ағзаның жағдайы, өкпе қабыну, тыныс алу жүйесі.

5. Сабақты өткізу жоспары (уақыты, минут)

Ұйымдастыру кезеңі (5 мин.)

Үй тапсырмасын сұрау (45мин.)

Жаңа сабақ;

Грмматикалық тақырып бойынша жұмыс (25мин.)

Лексикалық материалмен жұмыс

Мәтін алдындағы жұмыс (10 мин.)

Мәтін бойынша жұмыс (25 мин.)

Мәтіннен кейінгі жұмыс (15 мин.)

Жаңа сабақты қорыту (10 мин.)

Студенттің білімін бақылау (10 мин.)

Студенттің білімін бағалау (5 мин.)

6.Өткізу түрі:Аралас сабақ

7.Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері: сұрақ- жауап, әңгімелесу, салыстыру, түсіндіру, жаттығу, сөздік, пікірталас, шығармашылық.

8.Көрнекі құралдар:Жұқпалы және венерологиялық ауруларға арналған кесте, сан есім, түрлері жазылған кесте, үлестірмелі парақшалар, сызбалар, бүктемелер.







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 1581. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Репродуктивное здоровье, как составляющая часть здоровья человека и общества   Репродуктивное здоровье – это состояние полного физического, умственного и социального благополучия при отсутствии заболеваний репродуктивной системы на всех этапах жизни человека...

Случайной величины Плотностью распределения вероятностей непрерывной случайной величины Х называют функцию f(x) – первую производную от функции распределения F(x): Понятие плотность распределения вероятностей случайной величины Х для дискретной величины неприменима...

Схема рефлекторной дуги условного слюноотделительного рефлекса При неоднократном сочетании действия предупреждающего сигнала и безусловного пищевого раздражителя формируются...

Тема: Изучение фенотипов местных сортов растений Цель: расширить знания о задачах современной селекции. Оборудование:пакетики семян различных сортов томатов...

Тема: Составление цепи питания Цель: расширить знания о биотических факторах среды. Оборудование:гербарные растения...

В эволюции растений и животных. Цель: выявить ароморфозы и идиоадаптации у растений Цель: выявить ароморфозы и идиоадаптации у растений. Оборудование: гербарные растения, чучела хордовых (рыб, земноводных, птиц, пресмыкающихся, млекопитающих), коллекции насекомых, влажные препараты паразитических червей, мох, хвощ, папоротник...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.007 сек.) русская версия | украинская версия