Студопедия — Тапсырмалар
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Тапсырмалар






Жаңа сабақ;

Есімдік

Жіктеу есімдіктері:мен, сен, сіз, ол, біз, сендер, сіздер, олар

Сілтеу есімдіктері:осы, сол, бұл, осында, мұнда,

Өздік есімдіктері:өз, өзім, өзің, өзіңіз, өзі.

Белгісіздік есімдіктер:әрбір, кейбір, біреу, әлдекім, әлдене, әлдеқашан, бірдеңе

 

Болымсыздық есімдіктер

Болымсыздық есімдіктер негізінде еш деген сөзбен кейбір есімдіктердің бірігуі арқылы жасалады. Мысалы: еш, ешкім, ешбір, ештеме, дәнеңе, ешқашан, ешқандай, ешқайсы. Болымсыздық сөйлемде болымсыздық мағына білдіретін емес, жоқ; деген сөздермен және етістіктің болымсыз түрімен байланысты қолданылады (ешкім айтқан емес; ешкім айтқан жоқ; ешкім айтпады т. б.).

Бұлардың ішінен заттық ұғым білдіретіндері - ешкім, ештеңе(ештеме), ешқайсы дегендер. Ешбір, ешқандай дегендер - аттрибутивтік ұғымдағы сөздер.

 

Жалпылау есімдіктері

Жалпылау есімдіктеріне бәрі, барлық, барша, бар (бар адам), күллі, бүкіл, түгел деген сөздер ғана жатады.

Жалпылау есімдіктері деп мағына жағынан кем дегенде екі я онан көп заттар мен құбылыстарды жинақтай атау үшін қолданылатын сөздерді айтамыз. Мысалы: Асқазан, бауыр, ішектер, ұйқы безі- барлығы ас қорыту мүшелеріне жатады.

Жалпылау есімдіктерінің ішінен бәрі деген атау формада субстанциялық (заттық) ұғымды білдіреді де, басқалары атау формада аттрибутивтік (анықтау) ұғымдарды білдіреді. Жалпылау есімдіктерінің ішінен бар, бүкіл, күллі сөздері лексикалық жолмен өзге сөз таптарынан ауысқан, бәрі, барлық барша сөздері морфологиялық тәсіл арқылы бар есімдігінен жасалған.

Бар, барлық, барша есімдіктеріне тәуелдік жалғаулары оңаша және ортақ түрінде де жалғана береді де, бүкіл, күллі, бүтін есімдіктеріне ешқашан да жалғанбайды. Жіктік жалғаулары да жалпылау есімдіктерінің ешбіріне жалғанбайды.

А.бәрі І. бәрінің Б. бәріне Т. бәрін Ж.бәрінде Ш.бәрінен К. бәрімен А.барлығы І. барлығының Б.барлығына Т.барлығын Ж.барлығында Ш.барлығынан К.барлығымен  

 

Өз бетінше орындайтын жаттығу жұмыстары

1 – жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті есімдіктерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жазыңыз.

1.... студенттер салауатты өмір салтын жақсы ұстайды. 2. Науқастардың... анализді толық тапсырған жоқ. 3. Ол... кеш келді. 4.... халық бейбітшілікті қалайды. 5. Дәрігер... жұмысын бастап кеткен.

Керекті сөздер: әлдеқашан, барша, әлдеқайдан, кейбір, кейбіреуі.

2-жаттығу. Есімдіктердің қай септікте тұрғанын айтыңыз.

Өзіңді, ешкімнен, баршасына, осында, мынадан, нешеуіне, кейбірінің, мынаған.

3 – жаттығу. Төменде берілген белгісіздік есімдіктеріне сөйлем құрастырыңыз.

Біреу, әрбір, әлдеқайдан, әлдене, кейбір, әркім.

 

4-жаттығу. Берілген өлеңді оқып, мазмұнын айтып беріңіз.

Медбикелер

Дәрігерлерге қолғанат,

Ақ халатты абзал жан.

Ауру келсе тыным жоқ,

Қасынан дәйім табылған.

Дауа жасап кеселге,

Күндіз-түні сабылған.

Медбикелер мейірімді,

Қолдары шипа асыл жан.

Құтты болсын мереке,

Емшілер даңқын асырған! (Бекемгүл Батырбекқызы)

 

Мәтін алдындағы жаттығу жұмыстары

1-тапсырма. Мәтінде кездесетін жаңа сөздер мен сөз тіркестерін оқып, жаттап алыңыз.

без - железа құрылысы - строение өнім - выработка, продукция қалқанша без - щитовидная железа қалқан серік бездері – паращитовидные железы айыр без - вилочковая железа бүйрек үсті - надпочечник көк бауыр - селезенка   үйлесімділік – совместимость, соответствие талшық - волокно түзілу- образоваться бәсеңдеу - приутихнуть, ослабить күшейту - усилить мағлұмат - сведение он екі елі ішек - двенадцатиперстная кишка

2-тапсырма. Мәтін бойынша берілген сөз тіркестерін оқытушының көмегімен орыс тіліне аударыңыз. Курсивпен берілген сөздерге сұрақ қойыңыз. Қарамен жазылған сөз тіркестеріне құрмалас сөйлем құрастырыңыз

Жүйке талшықтары, жыныс бездері, кеңірдектің алдында, гормондар түзіледі, шеткі бездердің қызметі, бездерге тікелей әсер ету, қоршаған ортаның өзгерістері, белсенділігін өзгерту, жүйелердің үйлесімділігі.

3–тапсырма. « Эндокриндікжүйе » мәтінін оқып, орыс тіліне аударыңыз.түсінігіңізді

Эндокриндік жүйе

Эндокринология (грек. endon – ішкі, krino – бөліп шығарамын және
logos - ілім) - эндокриндік бездердің құрылысы, қызметі, олар бөліп шығаратын өнімдер-гормондар, сондай-ақ осы бездердің қызметі бұзылуы салдарынан туатын аурулар туралы ғылым.

Адам ағзасында эндокриндік жүйе маңызды қызмет атқарады. Эндокриндік бездерге гипофиз, эпифиз, қалқанша, қалқан серік бездері, айырбез, бүйрек үсті, ұйқыбе з және жыныс бездері жатады. Ағзадағы жүйке жүйесі мен ішкі секреция бездері тығыз байланыста болып, әр түрлі қызметтер мен жүйелердің үйлесімділігін қамтамасыз етеді.

Жүйке талшықтарымен келген қозулар гормондардың түзілуі мен олардың белсенділігін өзгертіп, бездерге тікелей әсер етеді. Эндокриндік функцияның орталық буыны – бездер. Бездерде гормондар түзіледі және қанға шығарылады. Ішкі секреция бездері қоршаған ортаның өзгерістеріне өздерінің функциясын күшейту немесе бәсеңдету арқылы жауап қайтарады.

Ішкі секреция бездерінің өнімдерін гормондар деп атайды. Гормон гректің horman- қоздыру, активтендіру деген сөзінен алынған. Гормон деген терминді 1902 жылы ағылшын зерттеушілері Бейлисс пен Старлинг енгізген. Ішкі секреция бездері жүйесінде гипофиздің алатын орны ерекше. Гипофизді ішкі секреция бездерінің «орталық безі» деп атайды. Өйткені, ол өзінде түзілетін тропты гормондары арқылы ағзадағы шеткі бездердің қызметін реттейді.

Қалқанша без эндокриндік жүйенің ішіндегі аса маңызды бездердің бірі. Ол туралы алғашқы мағлұматтарды 1543 жылы Везалий жазған. 1656 жылы Вартон оны «қалқанша без» деп атады. 1827 жылдан бастап оның ағзада атқаратын қызметі эксперименттік жолмен зерттеле бастады. Қалқанша без мойын аймағында, кеңірдектің алдында орналасқан.

Бүйрек үсті бездері бүйректердің жоғарғы жағында (полюсінде) орналасқан. 1849 жылы Аддисон бүйрек үсті бездерінің физиологиялық және функционалдық маңызын ғылыми тұрғыдан дәлелдеп шықты.

Ұйқы безі денедегі аса ірі бездер қатарына жатады және қарынның артын ала он екі елі ішек пен көкбауырдың арасында орналасады. Ұйқы безі ішкі (эндогендік) және сыртқы (экзогендік) секрециялық қызмет атқарады.

4–тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

Сұрақтар:

1. Эндокриндік бездерге қандай бездер жатады?

2. Қалқанша без туралы не білесіз?

3. Ұйқы безі қайда орналасқан?

4. Сыртқы секреция бездеріне қандай бездер жатады?

5. Олар сөлін қайда бөледі?

6. Ішкі секреция бездерінің қызметі қандай?

5-тапсырма. «Сыртқы және ішкі секреция бездері» мәтіні бойынша кездесетін жаңа сөздермен танысып, жаттап алыңыз.

Сыртқы-внешний Ішкі-внутренний Сөл-сок, выделяющие вещества Өзек-проток, ствол Тікелей-непосредственно,прямо Бөлу-выделять, деление,разделить Ұйқы безі-поджелудочная железа Қалқанша без-щитовидная железа Түтікше-сосуд   Тіршілік-жизнь,существование Ұлпа-ткань Зиянды-опасный, вредный Мінез-құлық-характер Құбылмалы-изменчивый, переменчивый Бейімделу-адаптация, припособиться Қуану-радоваться, восторг Үрейлену-тревожиться,бояться,паника  

6-тапсырма. Төмендегі сөз тіркестерін оқып шығыңыз. Орыс тіліне аударыңыз.

Ағзадағы бездер, өзектері бар бездер, өзектері жоқ бездер, сөлді қанға бөлу, сөлді ас қорыту мүшелеріне бөлу, адамның тіршілік етуі, адамның өсуі, адамның дамуы, ішкі секрециясы бездерінің маңызы, гормон бөліп шығару, ағзаның түрлі әрекеті, күшті биологиялық заттар, қан арқылы, бүкіл денеге таралу, мүшелердің қызметін реттеу, ұлпалардың қызметін реттеу, психологиялық іс-әрекетін қалыптастыру, адамның қуануы, адамның үрейленуі, адамның мінез-құлқы, адамның іс-әрекеті.

 

7-тапсырма. Төменде берілген мәтінді оқып шығыңыз.Орыс тіліңе аударыңыз. Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңыз. Сұрақтарыңыз бен жауаптарыңызды дәптерге жазыңыз.

Сыртқы және ішкі секреция бездері

Ағзадағы бездер негізінен екі топқа: сыртқы және ішкі секреция бездеріне бөлінеді. Сыртқы секреция бездері деп сөл бөліп шығаратын өзектері бар бездерді айтады. Ал ішкі секреция бездерінің сөл бөлетін өзектері болмайды. Сондықтан олар сөлді қанға бөледі. Сыртқы секреция бездеріне сілекей, ұйқы безі және ішек бездері мен бауыр жатады. Бұлар сөлді ас қорыту мүшелеріне бөледі.

Ішкі секреция бездеріне мидың төменгі қосалқы безі(гипофиз) және жоғары қосалқы без (эпифиз), қалқанша без, оның қасындағы бездер, тимус, бүйрек бездері жатады. Бұларда түтікше болмағандықтан, олар сөлін қанға бөледі. Адамның тіршілік етіп, өсіп, дамуына ішкі секреция бездерінің маңызы ерекше. Себебі бұл жүйеге жататын бездер гормон бөліп шығарады. Гормон-ішкі секреция безінің қанға бөліп шығаратын биологиялық заттар. Гормондар қан арқылы бүкіл денеге таралады және барлық мүшелер мен ұлпалардың қызметін реттеуге әсер етеді.

Ішкі секреция бездерінің қызметі бұзылып, гормондарды аз немесе көп бөлсе, дененің өсуіне, оның дамуына зиянды әсерін тигізеді, ауру пайда болады. Ішкі секреция бездері дене мүшелерінің атқаратын қызметін және мінез-құлық, яғни психологиялық іс-әрекетін қалыптастырады. Ішкі секркция бездері бөлетін гормондар адамның мінез-құлқына, іс-әрекетіне әсер етеді.

 

8-тапсырма. Көп нүктенің орнына керекті қосымшаны қойып, сөйлемді толықтырыңыз.

1.Бездер екі топ... бөлінеді.2.Ішкі секреция бездері сөл... қанға бөледі.3. Сыртқы секреция без... сөлді өзектері арқылы бөледі.4. Адамның дамуы... әсерін тигізеді.5.Бұл жүйе... жататын безден гормон бөледі.6.Гормондар қан арқылы бүкіл дене... тарайды.7.Ішкі секреция бездері... қызметін жүйке жүйе... басқарады.

 

9-тапсырма. Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Бездер нешеге бөлінеді?

2.Сыртқы секреция бездері деген не?

3.Олар қандай қызмет атқарады?

4.Сыртқы секреция бездеріне қандай бездер жатады?

5.Ішкі секреция бездеріне қандай бездер жатады?

6.Олар сөлін қайда бөледі?

7.Гормон деген не?

8.Ішкі секреция бездерінің қызметі қандай?

 







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 1907. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Экспертная оценка как метод психологического исследования Экспертная оценка – диагностический метод измерения, с помощью которого качественные особенности психических явлений получают свое числовое выражение в форме количественных оценок...

В теории государства и права выделяют два пути возникновения государства: восточный и западный Восточный путь возникновения государства представляет собой плавный переход, перерастание первобытного общества в государство...

Закон Гука при растяжении и сжатии   Напряжения и деформации при растяжении и сжатии связаны между собой зависимостью, которая называется законом Гука, по имени установившего этот закон английского физика Роберта Гука в 1678 году...

Общая и профессиональная культура педагога: сущность, специфика, взаимосвязь Педагогическая культура- часть общечеловеческих культуры, в которой запечатлил духовные и материальные ценности образования и воспитания, осуществляя образовательно-воспитательный процесс...

Устройство рабочих органов мясорубки Независимо от марки мясорубки и её технических характеристик, все они имеют принципиально одинаковые устройства...

Ведение учета результатов боевой подготовки в роте и во взводе Содержание журнала учета боевой подготовки во взводе. Учет результатов боевой подготовки - есть отражение количественных и качественных показателей выполнения планов подготовки соединений...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия