Студопедия — XV - XVII ғ.ғ Қазақ хандығының ішкі - қоғамдық құрылысы, шаруашылығы, діні.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

XV - XVII ғ.ғ Қазақ хандығының ішкі - қоғамдық құрылысы, шаруашылығы, діні.






XV - XVII ғ.ғ қазақ хандығы әкімшілік басқару жағынан 7 сатыға бөлінді: 1)Ауыл; 2) Ата-аймақ (XVI - XVII ғ.ғ. қазақ хандығында ата-аймақты ақсақал басқарды); 3) Он немесе он бес ата-аймақтан ру құралды; 4) Арыс (басқарушысы би); 5) Ұлыс-бірнеше арыстан кұралды (билеушісі сұлтан); Ибн Рузбихан Исфаханидың айтуынша XVI ғ. қазақ хандығында он шақты ұлыс болған. 6) Жүз; Қазақ хандығы 3 жүзге бөлінген: 1) Ұлы жүз. Территориясы Жетісу, Оңтүстік Қазақстан, Түркістан; Ұлы жүздің рулары дулат, албан, жалайыр, уйсін, қаңлы, суан, сіргелі, ысты, ошақты, шапырашты, шанышқылы.

2) Орта жүз. Территориясы Орталық, Солтүстік, Шығыс Қазақстан, Сырдарияның орта бойы; Орта жүзге жататын рулар: найман, керей, қыпшақ, арғын, коңырат, уақ. 3) Кіші жүз. Территориясы Батыс Қазақстан, Сырдарияның төменгі ағысы; Кіші жүз 3 үлкен атадан тұрады:

а) 12 ата байұлы. (адай,байбақты, алшын, алаша, жаппас, беріш, масқар, таз, ментемір, ысық, қызылқұрт, шерже жатады).

б) Жетіру. (табын, тама әлім, кердері, жағалбайлы, телеу, керей кіреді).

в) Алты ата Әлімұлы.(қаракесек, қарасақал, төртқара, кете, шөмекей, шекті жатады).

7) Үш жүзден хандық құралды. Қазақ хандығында хан сайлаудың басты шарты Шыңғыстың ұрпағы болуы тиіс болған. Қазақтынң ханын сайлауға барлық рудан атақты, сыйлы шонжарлар қатысқан. Сайланған ханның мал-мүлкін бөліп алу дәстүрі ханталапай деп атаған. Қазақ хандарының өз елінен іріктеп алған жасағы төленгіттер деп аталады. Бейбітшілік жағдайда ханның рұқсатынсыз көшіп қонуға рұқсат берілмеген. Қазақ хандығы таптық жағынан негізгі 2 топқа бөлінді. Олар: феодалдар мен қарапайым халық. Қазақ хандығындағы ең құқықсыз әлеуметтік топ құлдар болған.

14-15 ғасырлардағы көшпенді және отырықшылардың атауы шаруа болды. Қазақстан егіншілері 13-18 ғ.ғ. өсірген, баптауды қажет етпейтін дақыл бидай болған.

Таза малмен айналысатын шаруашылық көшпелі мал шаруашылығы. Көшпелі шаруашылықта ірі қара мал маңызды орын алмайды. Малы жоқ, көшіп-қонуға көлігі жоқ кедейлер жатақтар деп аталған. Малын жаюды көршіге беру Сауын деп аталған.

Қазақтарда тұрғын үйдің 2 түрі белгілі. Көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан қазақтардың төрт кезеңге бөлінген жайылымы маусымдық жайылым деп аталған. Көшпелі қазақтар суық басталысымен күздеуге көшті. Қазақтардың қысқы киімдері ішік, тымақ болған. Қыста көшіп-қонған қазақ ауылдары үшін ең қауіпті нәрсе жұт болды. XVI - XVII ғ.ғ түйе мен қой, ешкілер үшін қазақтар қыстық жайылым ретінде Қызылқұм шөлін таңдаған.

Көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан қазақтар үшін көктем кезіндегі маңызды іс мал төлдету болды. Сондыктан да, малшылар ү-щін ең жауапты кезең малдың жаппай төлдеуі болған. Жас төлдерді күніне 8-10 шақырымға дейін айдап отыру қозы көш деп аталады. Малшылар төлдерді түнге қарай бөліп, төлдерді көгенде ұстаған. Қозылардың жүнін қырқатын мезгіл Қозы күзем деп атаған.

XIV-XV ғасырлар аралығында Қазақстанда ислам діні мен шаманизм діни наным-сенімдері қатар өмір сүрді. Қазақ халқы ресми түрде ислам дінін XVI - XVII ғасырларда ұстанды.

Қазақ хандығының қалалары

Сығанақ. Дешті-Қыпшақ үшін сауда аймағы болған қала. Ерзен ханның кезіңде Сығанақ маңында мешіт, медреселер салына бастады.

Түркістан (Яссы) қазақ хандығының діни астанасы. XVII ғ.Есім ханның тұсында Қазақ хандығына қосылып, астанасына айналды. Йасы (Түркістан) каласы XVIIғ. II жартысында Қазақ хандығына өте бастады. Ортағасырларға жататын Жүніс шебердің аты ойып жазылған мөр ізі бар көзе сынығы Түркістаннан табылған.

Сауран. Тәуекел хан тұсында ірі сауда орталығы болған қала. Сауран қаласы үшін Өзбек пен Қазақ хандықтары арасындағы шайкас 1 ғасырға созылды.

Созақ. Қазақ хандығының әскери-стратегиялық пункті болған қала.

Отырар қаласы 8 ғасырдың басынан белгілі болған. Қала монгол шапкыншылыгынан кейін қайта жанданып XVII ғасырға дейін өмір сүрді. 18 ғасырдың ортасында Отырарда дирхемдер деп аталатын алтын теңгелер құйыла бастап, кейін еркін айналымға түсті.

Оңтүстік Қазақстан қалалары XVIII ғасырда сауда қызметі мен ақша айналымының құлдырауын бастан кешті.

Орта ғасырдың соңгы кезеңіне дейін өмір сүріп, өркендеген атақты қалалар Тараз, Сайрам, Йасы.

Ортағасырлық қалаларда лас суды тазартатын қондырғылар ташнау деп аталған (қазіргі канализацияның прототипі).

Қазақ хандығындағы ақын-жыраулар (XV- XVIII ғ.ғ)

1490ж. Доспамбет жырау Азов қаласында тулған.

XVIII- XVғ.ғ аттары бізге аңыз болып жеткен ауызша поэзияның өкілдері мыналар: Кетбұға, Асан Қайғы.

XVғ. Дешті- Қыпшақтың атақты жыраулары Қодан Тайшы, Асан Қайғы.

XVғ жататын жыраулар Сыныра мен Асан Қайғы.

XVғ. өмір сүрген Асан қайғы (шын аты Хасен Сәбитұлы) Керей мен Жәнібек сұлтандардың бас кеңесшісі болған. Ш.Уалиханов оны Ұлы даланың философы деп атаған.

Марғасқа жырау. Есім ханның жорық жырауы. 1627ж. Тұрсын ханның бүлігін басуға қатысқан. Ол Есім ханға арнап "Еңсегей бойлы ер Есім" жырын шығарған.

Жиембет жырау. Есім ханның кіші жүздегі ел басқарушысы би. Есім ханға арнап " Әмірің қатты Есім хан" толғауын шығарған.

Ақтамберді жырау(1675-1768ж.ж өмір сүрген). Оның XVIIIғ.шығармалары аңызға айналған сардарлар Қабанбай мен Бөгенбайға арналған. Ақтамберді Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданындағы Жүрекжота деген төбенің басында жерленген.

XVIIIғ. өз қлеңдерінде Абылайды дәріптеген ақын Тәттіқара Абылайдың керемет қасиеттерін жырлап, Орта жүздегі оқиғаларға белсене қатысқан.

XVIIIғ. өмір сүрген Үмбетей жыраудың соңғы шығармалары Абылай хан кезіндегі қазақ қоғамының ішкі өмірі туралы маңызды мағлұмат көзі болып табылады. Үмбетей жырау (1706-1778 ж.ж. өмір сүрген) Абылай ханға Бөгенбай батырдың қазасын естірткен. Қайтыс болған жері қазіргі Ақмола облысының Ерейментау ауданы.

XVIII ғ. қазақ әдебиетінің ірі өкілі Бұқар жырау (1684-1781ж.ж) ел арасында "көмекей әулие" атанған. Ол алғашқыда Тәукенің, кейін Абылайдың ақылшысы болған. Бұқар жырау (1684-1781ж.ж) Абылай ханның ішкі және сыртқы саясатына әсер еткен дарынды жырау. Жыраудың өлендерің жазып қалдырған М:Ж:Көпеев: "Бұл кісінің сөзін түгел жазамын деушіге нұхтың өмірі, Аюбтың сабыры, Аплатонның ақылы керек" деп айтқан.

XVIII ғ. суырып салма ақындардың бірі Жанақ ақын (1775-1846ж.ж.) "Қозы-Көрпеш Баян Сұлу" поэмасының ерекше бір нұсқасын таратты.

XV- XVII ғ.ғ. тарихшылар

Мұхаммед Хайдар Дулати. Бабырдың бөлесі. Әйгілі "Тарихи Рашиди" еңбегін жазып, бұл еңбекті Абдар Рашидке арналған.

XVI - XVIIғ.ғ. қазақ-моңғол қарым-қатынастарының тарихы баяндалған "Тарих" атты еңбекті Шах Махмуд Шорас жазды.

У.Кухустани "Тарихи Әбілқайырхани" еңбегін жазған.

XVI ғасырдың ортасында жазылған Өтемісқажының "Шыңғыснама" шығармасында Жошы хан әулетінің тарихы баяндалған. Бұл еңбек қазір Ташкентте сақтаулы тұр.

Қ.Жалайри "Шежірелер жинағы" (Жамиғат-тауарих) еңбегін 1587ж. Б.Годуновқа сыйға тартқан. "Жамиғат ат-тауарих" қазақ ханзадасы Ораз Мұхаммедтің даңқын жырлаған туынды.

XVIIғ. Әбілғазы хан "Түрік шежіресі" кітабын жазды.

Жоңғар хандығы (1635-1758ж.ж)

Жоңғарлар ойраттардан тараған тайпа. Ойраттардың одағы 1627ж. 3 топқа бөлінген: 1) Торғауыттар (Еділ бойына қоныстанған қалмақтар); 2) Хошоуттар (Тибетке қоныс аударған); 3) Жоңғарлар (Батыс Моңғолияны мекендеген).

1635ж. Батыс Моңғолияда жоңғарлардың әскери-феодалдық мемлекеті құрылды. Астанасы Дихуа қаласы. Мемлекеттің негізін қалаушы Батыр Қоңтайшы. (1635-1654).

Жоңғар хандығындағы билеушінің титулы қоңтайшы деп аталған. Қоңтайшы нояндар мен жайсаңдарға арқа сүйеген. Жоңғарлар соғысқа 100 мың әскер шығара алған. Елдегі негізгі орынды ламалар (дінбасылар) иеленді.

Қазақ-Жоңғар соғыстары

Есім хан өлген соң хан тағына баласы Жәңгір отырды (1628-1652). 1635ж. Батыр қоңтайшы Жетісуға жорық жасап, қазақтарды жеңіп, Жәңгірді тұтқындап әкетті (бірақ, көо ұзамай түн жамылып, Қарасай мен Арғынтай батырлар Жәңгірді жоңғар тұтқынынан босатып әкелген).

1643ж. Батыр қоңтайшы тағы да 50 мың әскерімен қазақ жеріне жорық жасады. Жәңгір Қосқалаң тауындағы Орбұлақ деген жерде 600 әскерімен жоңғарлардың 50 мың қолына қарсы тұрып,жеңіске жетті. Осындай ғажайып ерліктері үшін халық оған "Салқам (Айбатты) Жәңгір" деген ат берген. Орбұлақ түбінде болған щайқаста қазақ батырлары Қарасай, Ағантай, Көксерек, Жиембет, Сарпық, Жақсығұл, Елтынды батырлар ерлік көрсетті. Шайқаста жоңғарлар 10 мың адамынан айырылды. Орбұлақ шайқасында Салқам Жәңгірге Самарқаннан Жалаңтөс Бахадүр 20 мың әскерімен көмекке келген болатын. (Орбұлақ шайқасы болған жер қазіргі Алматы облысы Жаркент (Панфилоф) ауданындағы Орбұлақ қырқасы).

1652ж. Ресейден зеңбіректер сатып алған Батыр қоңтайшы қазақ жеріне қайта шабуылдап, қазақ әскерлерін ойсырата жеңді. Жас жоңғар батыры Қалдан серен қарт болып қалған Салқам Жәңгірді жекпе-жекке шақырып өлтірді.

Жоңғарияда Батыр өлген соң қоңтайшы болып мұрагері Галдан-Бошокту сайланды.

XVII ғасырдың соңы мен XVIII ғасырдың басында Жоңғар феодалдары Қазақ хандығына үздіксіз шабуыл жасады. XVII ғ. 70ж. жоңғар әскерлері Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанға басып кіріп 9 қаланы басып алды. 1680ж. жоңғар шапқыншылығы кезінде Түркістан қаласы ғана аман қалды, себебі мұнда Тәуке мен әскері бар болатын. 1681-1685жж. жоңғарлар әскерлері Оңтүстік Қазақстанға бірнеше рет шабуыл жасап, Сайрам қаласын басып алды. Жоңғар әскерлерінің бір бөлігі Сарысу өзеніне басып кірді. XVII ғ. соңы мен XVIIIғ. басында жоңғалар Жетісудың бір бөлігін жаулап Сарысу өзені алабына дейін жетті. 1698жылдан бастап Жоңғар шапқыншылығы Қазақ хандығы үшін басты қауіп-қатерге айналды.

" XVIIIғасырдың алғашқы 10 жылдықтардың қазақ халқының өмірдегі кияметі терең болды. Жоңғарлар, Еділ қалмақтар, Жайық қазақтары, башқұрттар ұлыстадың талқандап, малдарын айдап,отбасыларын тұтқындап алып кетті"-деп жазды Ш.Уәлиханов.

Тәуке ханның билігі (1680-1718ж.ж): (1680-1715ж.ж)

XVIIғ. соңы мен XVIIIғ. басында қазақ хандығындағы саяси жағдайды Тәуке хан реттеді.

Тәуке хан 1694ж. I Петермен елші Аталықов арқылы сауда байланысын күшейту туралы келісім жасады.

1710ж.қазақ жасақтары жоңғарларға қарсы тойтарыс беру үшін Қарақұмда бас қосқан. Қарақұмдағы құрылтайда бүкіл қазақ жасақтарының колбасшысы болып Қанжығалы Бөгенбай сайланды, ақылшысы Тәуке болды.

Тәуке Ташкент түбіндегі Күлтөбе деген жерде үш жүздін басын қосып, құрылтай шақырып отырған. Жетіжарғы бойынша қазақтың ру тайпаларының басшылары жылына 1 рет осы құрылтайға жиналуы тиіс болған. Құрылтайға қарусыз келген адам жиберілми, дауыс беру құқығынан айырылған.

XIXғ. 1ши жартысындағы орыс тарихшысы Левшин Қазақстан тарихы туралы көлемде еңбек қалдыра отырып, Тәукені "қазақ жерінің Ликургі деп аталған.

"Жеті жарғыны" жасауға Тәукеге Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би көмектесті. "Жеті жарғы" дегеніміз қазақтардың XVIIIғ. әдет-ғұрып заңдары ("жарғы" деген сөз әділдік деген ұғымды білдіреді).

XV- XVII ғ.ғ.Қазақ хандығында кек алу заңы 1ши орында тұрды. Кек алу "қанға қан" ұранымен сот шешімі арқылы жүзеге асты. Сот шешімін бүкіл ру орындаған.

"Жеті жарғы" бойынша қылмыскер "құн" төлеп құтыла алды. "Құн" дегеніміз- адам өлтіргені үшін өтем төлеу. Мысалы "Жеті жарғы бойынша ер адамның құны мың кой; әйел адамның құны 500 қой". Тәуке хан заңдарының таптық мәнін ашатын ережесі хан, сұлтан, төре (ақсүйек) тұқымын өлтіргендер. адамның құнын төлеген.

"Жеті жарғы" бойынша мына 2 жарғы бойынша өлім жазасы берілген: 1) Әйел зорланса; 2) Құдайға тіл тигіссе. Қылмыскерді айыптау үшін 7 куә керек болған.

"Жеті жарғы" бойынша мына 3 адам қыллмыстық жауақа тартылмаған: 1)екіқабат әйелдер. 2) өз балаларын өлтірген ата-аналар. 3) он үш жасқа толмаған балалар. Он үш жас "Жеті жарғы бойынша некеге отырудың шарты ретінде белгіленген.

"Жеті жарғы" бойынша ауыл басы заң шығару құқы және барлық қазақ қоғамындағы мүшеге бұйрық беру міндетті болды.

Тәуке хан тұсында билер сот билігін, атқарушы өкімет билігін атқарған. Сонымен қатар, билет "Жеті жарғы" бойынша хандықтың ішкі өмірі мен сыртқы саяси өмірінің аса маңызды саяси мәселелерін шешті.

"Жеті жарғы" бойынша хан барлық ру бірлестігінің басшысы, хандықтың басшысы, бас қолбасшысы болып есептелген. Хан жоғарғы соттын міндетін қоса атқарды. Хан заңға қосымша өзгеріс енгізуге құқылы болды.

Тәуке ханның сыртқы саясаттағы мақсаты көрші мемлекеттерімен одақ құру және бейбіт қатынас орнату болған.

Тәуке хан қырғыздарды Қоқым Қарашор би арқылы, қарақалпақтарды Сасық би арқылы басқарған. Тәуке хан жоңғарлармен күресу мақсатында қырғыздармен және қарақалпақтармен одақтасты. Тәуке ханның кезіде жоңғарлардың қазақ жерінде шабуылының уақытша бәсендеткен жағдай Тәуке ханның қырқыз, қарақалпақтармен одақтас болуы. 1715ж. Тәуке өлген сон оның мирас қоры қайып болды. 1716ж. Қайыпхан Сібір Губернатор М.Гагаринге елші жіберіп, қалмақтарға қарсы қолдау корсетумен өтінген. 1718ж. Тәукенің өлгенің жоңғарлар пайдаланып, осы жылы Аягөзге басып кірді. Қазақтар мен жоңғарларүш күн соғысып,қазақтар жеңілді. Себебі, Әбілқайыр сұлтан мен Қайып сұлтан соғысты келісуп жүргізбеді.1718 жылы жоңғарлар Арыс өзенінің бойында да қазақтарды жеңді.

Әбілқайырдың есімі алғаш рет Құлтабай аталықтың баласы Тайқонырдың жазбаларында кездеседі: "Қазақ жерлерін блеуші Тәуке хан қаитыс болғаннан кейін, билікті Датқа сұлтанның баласы Қайып алды. Осы Қайып ханның қол астында Әбілқайыр батыр қызметін өтейді. Әбілқайыр ханның 20 мың әскері бар"-деп жазған.

1723 жылы Болат хан өліп, хандыққа Сәмеке мен Әбілқайыр таласты. 1723 жылы қазақ даласын "Ақмешін жұты" жайлады.

1723ж. Цинь императоры Кансидың өлімі Жоңғарияның барлық күш-қуатын қазақ еліне қарсы жұмсауына мүмкіндік берді. Қазақ жерінде ерекше қаталдық көрсеткен жоңғар қоңтайшысы Цеван-Рабдан болды. Жұттан тұралап шыққан елге 1723ж. жоңғардың 70мың әскері 7 жағынан басып кіріп, шабуыл жасады. XVIIIғ. 20ж. қазақ халқы "Ақтабан Шұбырынды" немесе " Алқакөл сұлама" оқиғасына ұшырап, (1723-1727ж.ж) нәтижесінде 2,5 млн. халықтың 40%-ы, яғни 1млн-нан астам адам қаза тапты. Қазақ халқында осы жылдары "Елім-ай" әні туды.

Жоңғар шапқыншылығынан Жетісу қатты ойрандатылды. Жоңғарлардан қашқан орты жүздің бір қатар рулары бас сауғалап Самарқанға үдере көшті.

1724-1425ж.ж. жоңғарлар Түркістан мен Ташкентті басып алды,32 қала жоңғарлардың қол астына өтті. 1725 жылы Әбілқайыр жоңғарлардан Түркістанды қайтарып алды. 1726ж. қазақ жасақтары Ордабасы тауының маңында бас қосу себебі бұл жер Жетісуды азат ету үшін жақын болды. Қазақ жасақтары Ордабасы тауында жүздік негізде құрылды. Ордабасыдағы құрылтайда бүкіл қазақ жасақтарына қолбасшы болып Әбілқайыр сайланса, Бөгенбай батыр Сардарбек болып сайланды.

1726ж. біріккен қазақ жасақтары Бұланты өзенінің бойында қалмақтарды қынадай қырды. " Қалмаққырылған шайқасы" 1726ж. жоңғарларды талқандаудың басы болған оқиға еді. Бұл шайқастың тарихи маңызы Қазақстанның Солтүстік- Батысы азат етілді. Бұлантыдағы "Қалмаққырылған" шайқасында Кіші жүз қолына Ералы сұлтан басшы етті.

1728ж "Қара сиыр"шайкасында біріккен 60мың қазақ-қырғыз әскерлері қалмақтарды талқандады.

1729ж. Балқаш көлінің маңындағы ұрыста жоңғарлар боздап, аңырап қашты. Сондықтан да бұл шайқас Аңырақай шайкасы деп аталған. Аңырақай шайқасынан кейінгі жеңісте қазақ жасақтарының қолайлы жағдайларды пайдаоана алмау себебі тақ үшін Шыңғыс ұрпақтарының таласуы.

1743 жылы Орта Жүзбен жоңғарлар арасында бейбіт келісім жасалды. 1750 жылы Жоңғарлар мен қазақтар арасындағы бір-біріне тиіспеу жөніндегі келісім жасалған аяқ жеріндегі шайқас болған.

Қазақ батырлары

Жоңғарларға қарсы күресте қол бастап, ерекше көзге түскен батыр Қнжығалы Бөгенбай. -ден астам жорыққа қатысқан. Үмбегей жырау "Алатаудай ақша батыр" деп аттады.

Қаракерей Қабанбай (шын аты Ерасыл). Ерлігі үшін Абылайдан "хан батыр" және "дарабоз" деген атақтар алған. Қабанбай туралы жазушы Қ.Жұмаділовтың диалогиясы "Дарабоз" деп аталады.

1728ж.Ойрантөбе түбіндегі шайқаста Райымбек батыр бастаған қазақ жасақтары жоңғарларға күйрете соққы берді. Райымбек батыр албан руынан шыққан, 1730-1829ж.ж. өмір сүрген. Ол Алматы қаласының Райымбек көшесінде жерленген.

1729ж. Наурызбай қалмақ батырлары Шамал хан, Қаскелең, Боралдайды жекпе-жекте өлтірген. 1742жылы қазақ даласы арқылы жоңғарларға барған елшісі К.Миллер Наурызбай батырдың ауылын Балқаштың ауылынан кездестірген.

Абылайды қалмақ тұтқынынан босатуға қатысқан Малайсары батырға Жоңғария басшылары тархандық атақ берген.

Жоңғарларға қарсы күреске 15 жасынан бастап белсене қатысқан қазақтың бірегей батыры Абылай.

Абылай хан (1711-1781ж.ж.);(1771-1781ж.ж.)

Абылай 1711ж. Орта жүз сұлтны, Түркістан билеушісі Көокем Уәлидің шаңырағында туылған. Шын аты Әбілмансұр. 1724-1725ж.ж. Жоңғарлар Түркістанды басып алған кезде Төле биге барып, оның түйесін бағады. Би оған Сабалақ деп ат қойған. Ол үлкен бір шайқаста жоңғарлардың бас батыры, Қалдан Серенің ұлы Шарыштың басын алды. Сөйтіп, туысқан ағасы, орта жүздің ханы Әбілмәмбетке бірге Орынборға барып, Ресей билигін мойындады. Орынбор комиссиясының төрағасы князь В.Урусовтың да мақсаты Орта жүзді Ресей құрамына қабылдау болатын.

Абылай 1742-1743ж.ж. Жоңғария мемлекетінің тұтқынында болды. 1745ж. Қалдан-Серенің өлуіне байланысты жоңғарлардың Қазақстанға қаупі сейілді. Жоңғариядағы хандық билікке Цин империясының көмегімен Әмірсана келген еді. Ол 1755ж. Цин өкіметіне бағынғысы келмегендіктен қытайлар оны тақтан күштеп түсірді. Сондықтан да, ол қытайлармен шайқаста жеңіліп, Орта жүзге келіп, Абыладан көмек сұрады. Жоңғар әскерлері 1757ж. жазда Алтай мен Тарбағатайға басып кірді.

1758ж. Жоңғария толық талқандалып, мемлекет ретінде жойылды. Жоңғария халқының 10/4 бөлігі аурудан, қайыршылықтан қырылды. 10/2 бөлігі Ресейге қашты. 10/3 бөлігі қаза тапты.

1759ж. Абылайдың сауда миссиясы Үрімшіде жақсы қабылданды. Абылай 1761ж. орыс патшайымы Елизавета Петровнадан ағаш ұсталарын және 200-300 пұт астық жіберуін сұрады.

1771ж. Әбілмәмбет хан қайтыс болған соң Орта жүз ханы боп Абылай сайланды. Бірақ мұрагерлік жолмен Әбілмәмбеттің ұлы Әбілпейіз хан болуы тиіс болатын.

1778ж. II Екатерина Абылайды Орта жүзге хан етіп бекітті. Абылай өзінің сыртқы саясатында Ресейге қарап бағыт ұстады. тСондықтан да, Абылай жоңғар шапқыншылығы кезінде елдің тыныштығын, жердің бірлігін қамтамасыз етуді мақсат етіп, Ресейге арқа сүйеді.

Абылай хан тұсында сыртқы саясатта Орта Азия үлкен роль атқарды, XVIIIғ. 70ж. қазақ әскерлері Ташкеент Күшбегіне күйрете соққы берді.

Абылайдың халық алдында беделінің өсуіне жоңғарлармен күресте басшылық жасауы ықпал еткен болатын. Абылай туралы: " Алла оны ұлы істрді жүзеге асыру үшін жіберген" деп айтылған.

Абылай отырықшы шаруашылыққа аса мән беріп, Ертіс бойында егіншілікті дамытуды көздеді. Қазақстандағы құнарлы шұрайлы жерлерді Абылайдың атынан бақылап жүретіндер тқлеңгіттер деп аталды.

Абылай сот істерін шариғат ережелеріне сай жүргізетін блердің қызметін шек қойып, хандық билікті дамытты.

1781ж. Абылай кайтыс болып, артында 72 ұрпақ қалды. Абылайдың мұрагері Уәли 1782ж. Петропавл бекінісіне барып, Ресейге адалдығы жөнінде ант берді.







Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 3440. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Виды и жанры театрализованных представлений   Проживание бронируется и оплачивается слушателями самостоятельно...

Что происходит при встрече с близнецовым пламенем   Если встреча с родственной душой может произойти достаточно спокойно – то встреча с близнецовым пламенем всегда подобна вспышке...

Реостаты и резисторы силовой цепи. Реостаты и резисторы силовой цепи. Резисторы и реостаты предназначены для ограничения тока в электрических цепях. В зависимости от назначения различают пусковые...

Именные части речи, их общие и отличительные признаки Именные части речи в русском языке — это имя существительное, имя прилагательное, имя числительное, местоимение...

Интуитивное мышление Мышление — это пси­хический процесс, обеспечивающий познание сущности предме­тов и явлений и самого субъекта...

Объект, субъект, предмет, цели и задачи управления персоналом Социальная система организации делится на две основные подсистемы: управляющую и управляемую...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия