Студопедия — Орта жүздегі хандық билікті жою.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Орта жүздегі хандық билікті жою.






1822 ж. жарғы бойынша Қазақстанда үш буынды әкімшілік жүйе енгізілді:

1)Округ. Басшысы алғашқы кезде аға сұлтан болды,бірақ кейін Сібір қазақтарын билеу шекаралық басқармаға жүктеліп,оған шетелдермен келіссөз жүргізу құқығы берілді.(1840-1850 жылдары құрылған округтер Көкпекті,Құсмұрын,Алатау)

2)Болыс. Болыс сұлтаны мұрагерлік жолмен тағайындалды. Болыс сұлтандары дәрежесі бойынша Ресейдегі 12 классқа жататын шенеуліктерге теңелді.1822 ж. ереже бойынша болысқа 10-12 ауыл кірді.

3)Ауыл. Оны басқарған аға сұлтандар үш жылға сайланды.Аға сұлтанды сайлаушылар тек сұлтандар болған. Аға сұлтанды ақ киізге салып көтеру рәсімі сақталды.10 жылғы еңбегі үшін аға сұлтанға дворян атағы берілді. «Сібір қазақтарының жарғысы»бойынша ауыл 50-70 шаңырақтан құралды.

1822ж.Жарғы бойынша сот ісі 3-ке бөлінді:

1)қылмыстық істер (қылмыстық істер округтік приказдарда қаралды);

2)талап ету;

3)болыстық басқармаға шағым айту;

1822ж..«Ереже» бойынша қазақ даласында шарап сатуға тиым салынды

1824 ж..«Орынбор қазақтарының жарғысы» қабылданып,Кіші жүзде де хандық билік жойылды.Бұл ережені Орынбор генерал-губернаторы Эссен жасады.Ол 1824ж. Кіші жүздің ең соңғы ханы Шерғазыны Орынборға шақырып,Кіші жүздегі хандық билікті тоқтатты.1824ж. Ереже бойынша Кіші жүздегі лауазымды қызметкерлерді Орынбор генерал-губернаторы тағайындадаы. 1824ж. реформа бойынша кіші жүздің территориялық әкімшілігі қаласы болды.1824ж.Орынбор қазақтарының ережесі бойынша Кіші жүз территориясында 54 арақашықтық; жасалды.

1822ж.1824ж.реформаларға қарсы күресті Арынғазы хан Әбілғазыұлы басқарды. Ол ел ішінде тыныштық орнатқаны үшін «тыным хан» деп асталған.Эссен Кіші жүздің ханы Арынғазының күшеюінен қорқып,оны хан деп есептемеді. Эссеннің бұйрығымен Арынғазы Петербургке шақырылды,алайда жолда ұсталып, 1833ж. Калуга түрмесінде қайтыс болды.
Бөкей Ордасында хандық билік 1845ж. жойылып, 1867-1868ж.ж.реформадан кейін яғни, 1872ж.Бөкей хандығының аймағы Астрахан губерниясының құрамына еніп кеті.1867-1867 ж.ж. реформадан соң Қазақстандағы Маңғыстау приставтығы Ресейдің Закаспий облысының құрамына кірді.

 

 

1867-1868 ж.ж.реформа («Уақытша ереже»)

1865ж. 5маусымда ІІ Александрдың бұйрығымен «Қазақ жерін зерттеу сұрақтарын дайындау» (немесе «өлкені зерттеп білу мәселелері») туралы жарлық шықты.

ХІХ ғ. 60ж. И.Бутков ұсынған жоба бойынша қазақ өлкесі батыс және шығыс деп 2 облысқа бөлінуі тиіс болды.

ХІХғ.60 (1865ж.) Қазақ даласын басқару жөніндегі «Ереженің» жобасын дайындайтын «Далалық комиссия» құрылып оны Ф.Гирс басқарды.

1867-1868ж.ж. әкімшілік басқару жүйесіне Ш.Уәлиханов өз пікірін ұсынып халықтың өзін-өзі басқару жүйесін қалпына келтіруді ұсынды.

1867-1868ж.ж. реформа бойынша Қазақстандағы әкімшілік бөлініс 5 буыннан құралды: генерал-губернатор –облыс-уезд-болыс-ауыл.

1867-1868ж.ж. Ереже бойынша Қазақстан территориясы 3 генерал-губернаторлықтың;құрамына енді (Батыс-Сібір;Орынбор және Түркістан).

Генерал-губернаторлықтың басқарушылары генерал-губернаторлар болды.Ереже бойынша Түркістан генерал-губернаторлығына Иранмен және Қытаймен дипломатиялық келіссөз жүргізуге рұқсат берілді.

1867-1868ж.ж. Ереже бойынша Қазақстанда 6 облыс ашылды.(Ақмола,Семей,Торғай,Орынбор,Сырдария,Жетісу).Басқарушылары әскери губернатор. Әскери губернаторларға көмектесетін облыстық басқармалар құрылып олар мынадай бөлімдерден тұрды: а) шаруашылық;б)жарлықты іске асыру;в)сот істері.

1867-1868ж.ж.«Ереже» бойынша сот ісі 3-ке бөлінді:а)Әскери-сот

комиссиялары;б)уездік соттар;в)билер мен қазылар соты.1867-1868ж.ж. «Ереже» бойынша ең төменгі сот жүйесі билер мен қазылар соты болды. 1867-1868ж.ж.ережеге сәйкес билер мен қазылар сотын әскери-губернатор бекітті.Сырдария облысында қазылар соты сақталып,отырықшы елді-мекендерде басқару билігі ақсақалдар қолына берілді.Облыстық әскери-губернатор бекіткен ақсақалдар үш жылға сайланды.Ақсақалдарға қоладан құйылған арнайы белгі және мөр тапсырылды.

1867ж.11 шілдеде ІІ Александрдың Сырдария және Жетісу облыстарын басқару туралы заңы шықты.Гейнс пен Проценко енген комиссия Жетісу мен Сырдария облыстарын басқару жөніндегі реформаның жобасын дайындады.(1867-1868 ж.ж.ереже бойынша ашылған облыс Жетісу).

1868ж.21 қазанда патшаның Орынбор және Сібір генерал-губернаторлығында Дала облыстарын (Торғай,Орынбор,Ақмола,Семей)басқару туралы заңы шықты (1857 ж. Ертістің оң жағалауында патша үкіметінің отаршылдық басқару саясатына байланысты Семей облысы құрылған болатын).

Облыстар уездерге бөлінді,басқарушылары уезд бастықтары немесе аға сұлтан. Уезд бастықтарының қолына әкімшілік және полицейлік билік шоғырландырылды.Ережеге сәйкес уезд бастықтарын генерал-губернатор тағайындады (1867-1868ж.ж.реформа бойынша Ақмола облысында енген уездер Көкшетау,Омбы,Петропавл).

Уездер болыстарға (1000-2000шаңырақ) бөлініп,басқарушылары болыс сұлтаны болды.

Болыстар ауылдарға бөлінді.1867-1868ж.ж.Ережеге сай ауылдар 100-200 шаңырақтан құралды.Басқарушысы ауыл старшыны.

1867-1868ж.ж.реформаға сәйкес басқарудың ең төменгі екі сатысындағы болыстар мен ауылнайлар жергілікті ақсүйектерден іріктеліп сайланды.

1867-1868ж.ж.реформа бойынша міндетті салық ретінде шаңырақ салығы енгізіліп,оның мөлшері 3 сом болды (1 сомнан 3 сомға өсті).1867-1868ж.ж. реформалар кезінде өкімет билігін шеттетілген билеуші сұлтандар мен аға сұлтандарға яғни ,Шығыстың тұқымдарына өмірлік зейнетақылар тағайындалып,олар барлық салықтардан босатылды.

1867-1868ж.ж. Ереженің басты қағидасы әскери және азаматтық биліктің ажыратылмауы.

Ереженің ең басты ауыртпалығы қазақ жері Ресей үкіметінің меншігі болып жарияланды.

1867-1868ж.ж реформа 2 жылға уақытша енгізілгенімен бұл «тәжірбие»

20 жылға созылды,яғни бұл реформа да қоғамның түбірлі қайшылықтарын шеше алмады.

1886ж.2 маусымда 17 баптан тұратын жаңа патша заңы -«Түркістан өлкесін басқару және ондағы жер,салық өзгерістерін енгізу туралы» ереже бекітілді.1886ж. «Ережеге» сай уездік және болыс тұрғындарына қатысты мәселелерді шешетін сот жиыны соттардың төтенше съезі деп аталса,облыстық,уездік билеушілердің мүддесін қорғайтын сот бітістіруші

сот деп аталды.Ал облыстық дәрежедегі тек үстем таптар мен отарлаушы басқарманың мүддесін қорғайтын сот билердің соттары деп аталған.

1891ж.25 наурызда «Ақмола,Семей,Жетісу,Орал,Торғай немесе Дала облыстарын басқару туралы» ереже бекітіліп,ол ереже бойынша Түркістан өлкесіне Сырдария,Ферғана,Самарқанд облыстары (3 облыс) енді.Ал 1891ж.«Ережеге» сай дала генерал-губернаторлығына кірген үш облыстың (Ақмола.Семей,Жетісу) орталығы Омбы қаласы болды.(осы ережеге сай Торғай облысы мен Ақмола облыстары 4 уезден құралды).Ережеге сәйкес жергілікті мұсылман тұрғындарының ісін қарайтын төменгі сот буыны халық соттары деп аталды.1891 ж.реформа бойынша ірі облыстық орталықтарда полиция басқармасы,ал уездік қалаларда полицейлік пристав құрылды.«Ережеге» сай болыстық басқарушылар мен ауыл старшындарын бекіту облыстық әскери-губернатор құзырында болды.1891ж. «Ережеге» сай Жетісу,Орал облыстық әскери-губернаторлары атаман болып есептелді.1891ж.«Ереже» бойынша қазақ өлкесінің байлығы мемлекеттік меншік болып жарияланды.

 







Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 2528. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Условия приобретения статуса индивидуального предпринимателя. В соответствии с п. 1 ст. 23 ГК РФ гражданин вправе заниматься предпринимательской деятельностью без образования юридического лица с момента государственной регистрации в качестве индивидуального предпринимателя. Каковы же условия такой регистрации и...

Седалищно-прямокишечная ямка Седалищно-прямокишечная (анальная) ямка, fossa ischiorectalis (ischioanalis) – это парное углубление в области промежности, находящееся по бокам от конечного отдела прямой кишки и седалищных бугров, заполненное жировой клетчаткой, сосудами, нервами и...

Основные структурные физиотерапевтические подразделения Физиотерапевтическое подразделение является одним из структурных подразделений лечебно-профилактического учреждения, которое предназначено для оказания физиотерапевтической помощи...

Словарная работа в детском саду Словарная работа в детском саду — это планомерное расширение активного словаря детей за счет незнакомых или трудных слов, которое идет одновременно с ознакомлением с окружающей действительностью, воспитанием правильного отношения к окружающему...

Правила наложения мягкой бинтовой повязки 1. Во время наложения повязки больному (раненому) следует придать удобное положение: он должен удобно сидеть или лежать...

ТЕХНИКА ПОСЕВА, МЕТОДЫ ВЫДЕЛЕНИЯ ЧИСТЫХ КУЛЬТУР И КУЛЬТУРАЛЬНЫЕ СВОЙСТВА МИКРООРГАНИЗМОВ. ОПРЕДЕЛЕНИЕ КОЛИЧЕСТВА БАКТЕРИЙ Цель занятия. Освоить технику посева микроорганизмов на плотные и жидкие питательные среды и методы выделения чис­тых бактериальных культур. Ознакомить студентов с основными культуральными характеристиками микроорганизмов и методами определения...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия