Студопедия — Сурет 83. Аппендицинт.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Сурет 83. Аппендицинт.






а-гангренозды-перфоративті; б-флегмонозды.

 

Жедел аппендициттің ауыр асқынған түрлері 0,25 – 0,38% жағдайларда адам өліміне әкеледі. Соқыр ішек құрт тәрізді өсіндісінің жедел қабынуының этиологиясы мен патогенезі күні бүгінге дейін зерттелуде. Өсінді лимфоидты тінге бай, өзегі тар, ұшының қан айналымы нашар. Орналасуы: қалыпты жағдайда соқыр ішектің жалғасы болып келеді. Басқа атипиялық жағдайда аппендикс соқыр ішектің артында, бауыр астында, іш пердесінің сыртында, жамбастың кіші қуысында, сол жақ мықын аймағында орналасуы мүмкін (84-сурет).

 
 

Іріңді аппендициттің қоздырғышы полимикробты болып келеді. Гангренозды және жарылып кеткен аппендициттерді тудыратын қоздырғыштар көбінесе анаэробты микроорганизмдер. Жедел аппендицитте патолого-анатомиялық өзгерістер ішкі шырышты қабатынан басталады.

Жедел аппендициттің клиникалық көріністері аппендициттің орналасуына, науқастың жасына, жынысына және науқастың жалпы жағдайына байланысты болып келеді. Ауру жедел, кенеттен оң жақ мықын аймағынан басталады. Асқынбаған аппендицитте науқастың жалпы жағдайы өзгеріссіз, сау адамдардан айырмашылығы жоқ, активті. Іріңді аппендицитте түрі бозарған, аяқтарын ішіне тартып, шалқасынан немесе оң жақ қырында жатады, қозғалғанда ауырсыну пайда болады. Аурудың алғашқы ұстамасы асқазан немесе кіндіктен басталып, 3-4 сағаттан кейін оң жақ мықын тұсында тұрақталады (Кохер – Волкович симптомы). Ауырсыну біртіндеп күшейе береді. Реактивтілігі төмен, егде тартқан адамдарда іштің ауруы айқын болмайды. Кей кезде науқастың жүрегі айнып 1-2 рет құсуы мүмкін, дене қызуы балалар мен жастарда 37-38°С көтерілсе, қарттарда төмен болады. Тік ішек қуысындағы және қолтық астындағы температура айырмашылығы 0,6 – 0,8°С болса, Ленандер симптомы оң деп есептеледі. Науқастарда тахикардия орын алады, тілі таза, ауру дамыған сайын аузы кеуіп, құрғайды. Асқынбаған аппендицитте іштің сыртқы пішіні өзгермейді, қабыну іш пердесіне жайылғанда іші кеуіп, оң жақ мықын аймағы тыныс алудан қалып отырады. Пальпация кезінде оң жақ мықын тұсының ауырсынуы, бұлшықеттің қатаюы жедел іріңді аппендициттің маңызды белгілері болып табылады. Бұл симптомдар аппендицит кіші жамбас қуысында және соқыр ішек артында орналасса айқын болмайды. Абайлап перкуссия жасағанда, қабыну ошағында ауырсыну байқалады. Аппендицитке тән симптомдарды анықтау:

Ровзинг симптомы – дәрігер оң алақанын сол жақ мықын тұсына қойып, бірнеше рет тереңірек басқанда, аппендицит болса оң жақ мықын аймағында ауырсыну пайда болады.

Щеткин – Блюмберг симптомы – оң мықын тұсына алақанды қойып, абайлап ішті терең басып тұрып алақанды күрт көтергенде науқастың іші қатты ауырады.

Ситковский симптомы – науқасты сол жақ қырына жатқызғанда оң жақ мықыны ауырады.

Пастернацкий симптомы – сол жақ алақанды оң жақ бүйрек тұсына қойып, оны екінші алақан қырымен ақырын соққылағанда ауырса, бұл ретроцекалды аппендициттің немесе бүйрек ұстамасының белгісі.

Науқасты қарап тексеру ректалды және вагиналды зерттеумен аяқталады, тексеру барысында дуглас кеңістігінде ауырсыну, инфильтрат, абсцесті анықтауға болады.







Дата добавления: 2015-09-07; просмотров: 738. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Законы Генри, Дальтона, Сеченова. Применение этих законов при лечении кессонной болезни, лечении в барокамере и исследовании электролитного состава крови Закон Генри: Количество газа, растворенного при данной температуре в определенном объеме жидкости, при равновесии прямо пропорциональны давлению газа...

Ганглиоблокаторы. Классификация. Механизм действия. Фармакодинамика. Применение.Побочные эфффекты Никотинчувствительные холинорецепторы (н-холинорецепторы) в основном локализованы на постсинаптических мембранах в синапсах скелетной мускулатуры...

Шов первичный, первично отсроченный, вторичный (показания) В зависимости от времени и условий наложения выделяют швы: 1) первичные...

Демографияда "Демографиялық жарылыс" дегеніміз не? Демография (грекше демос — халық) — халықтың құрылымын...

Субъективные признаки контрабанды огнестрельного оружия или его основных частей   Переходя к рассмотрению субъективной стороны контрабанды, остановимся на теоретическом понятии субъективной стороны состава преступления...

ЛЕЧЕБНО-ПРОФИЛАКТИЧЕСКОЙ ПОМОЩИ НАСЕЛЕНИЮ В УСЛОВИЯХ ОМС 001. Основными путями развития поликлинической помощи взрослому населению в новых экономических условиях являются все...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия