Студопедия — ІРІҢДІ АППЕНДИЦИТТІҢ АТИПИЯЛЫҚ ТҮРЛЕРІ.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

ІРІҢДІ АППЕНДИЦИТТІҢ АТИПИЯЛЫҚ ТҮРЛЕРІ.






 

Жамбас қуысында орналасқан іріңді аппендицитке тән клиникалық белгілер:

1. Қабынудың шектелуіне байланысты кейбір аппендицит симптомдары айқын болмайды, жалпы жағдайы аса өзгере қоймайды, науқас мазасыданбайды, сирек құсады.

2. Пальпация кезінде іштің төменгі бөлігі аурады.

3. Іш бұлшықетінің қатаюы болмайды.

4. Коупт симптомы оң – шалқасынан жатқан науқастың оң аяғын тізе, жамбас буындарынан бүгіп, медиалды және латералды бағытта айналдырғанда, кіші жамбас қуысында ауырсынудың пайда болуы.

5. Қабыну тік ішекті, қуықты қамтуына байланысты науқасты үнемі үлкен дәретке отырғысы келетіндей сезім мазалайды, кіші дәретке аздан және жиі барады, зәр анализінде эритроциттер пайда болады.

6. Тік ішекті саусақпен зерттегенде, алдыңғы қабырғасының қатты ауырсынуы, аппендикулярлы инфильтрат түзілгенде, ішектің алдыңғы беті ішіне қарай ығысады.

7. Жамбас қуысындағы аппендицитті жедел аднекситтен ажыратуда келесі жағдайларды ескерген жөн: 1. Анамнездері басқаша; 2. Аднекситте ауырсыну сезімі толғақ тәріздес төменнен басталады, сегізкөзге, шап, тік ішекке таралады. Аппендицитте ауырсыну тұрақты, жан жаққа таралмайды, жоғарыдан басталып барып төмен түседі; 3. Коупт симптомы аднекситте теріс, жамбас қуысындағы аппендицитте оң; 4. Құсу, жүрек айну аппендициттің белгісі; 5. ЭТЖ аппендицитте өзгермейді, аднекситте өседі. (Е.Г. Дехтярь); 6. Қынапты саусақпен зерттегенде жамбас қуысында орналасқан аппендицитте жатырдың артында, оң жағында ауыратын түзіліс анықталады, жатырмен байланысы жоқ. Промтов симптомы теріс-қынап арқылы жатырды қозғалтқанда ауырсыну сезімі болмайды. Жатыр мойнының, қынаптың шырышты қабатының гиперемиясы және іріңді бөліністер анықталмайды (Е. Г. Дегтярь).

Медиалды орналасқан аппендицит 16 – 17% кездеседі, ағымы өте ауыр клиникалық көріністерінің ерекшеліктері: а) ауырсыну сезімі оң жақ мықын аймағынан кіндікке қарай жақын ығысады; б) аппендициттің барлық белгілері айқын анықталады; в) соқыр ішек өсіндісі ащы ішек ілмектерінің арасында орналасқандықтан қабыну ошағы толық шектелмейді, перитонит жиі дамиды.

Ретроцекалды аппендицит жиі кездеседі (20 – 30%), ауыр түрде өтеді, диагноз қою қиын. Клиникалық ерекшеліктері:

1. Ауырсыну сезімі белдің оң жағында орналасады, терең пальпация кезінде оң жақ мықын тұсында ауырсыну анықталуы мүмкін.

2. Іштің бұлшықетінің қатаюы баяу не мүлде анықталмайды.

3. Щеткин – Блюмберг симптомы жоқтың алды, құсу жүрек айну сирек кездеседі.

4. Ретроцекалды аппендицитте науқас оң аяғын бүгіп, ішіне қарай тартқанда ауырсыну бәсеңдейді, аяғын жазғанда іші, белі ауыра бастайды, себебі қабыну аппендициттен m. ileopsoasқа тарайды. Образцов симптомыоң болады – дәрігер алақанымен науқастың оң жақ мықынын абайлап басып тұрып, науқас оң аяғын көтергенде іші ауырады. Коупт симптомы оң болады.

5. Ретроцекалды аппендицитте қабыну процесі айналасындағы тіндерге (ішпердесіне, оның сыртындағы майға, m. ileopsoasқа) таралғандықтан, Пастернацкий симптомы оң болады. Және осы қабынудың әсерінен белдің оң жағы біраз ісінеді, оң жақтық сколиоз байқалады.

6. Ретроцекалды аппендициттің басталуы баяу, ішпердесінің тітіркенуі болмағандықтан, науқасты ауырсыну аса мазаламайды.

Ретроперитонеалды орналасқан аппендициттің клиникалық көріністері белдің оң жағының қатты ауырсынуынан басталады, дене қызуы 39°С жоғары көтеріледі. Клиникалық көріністері іш пердесінің сыртында орналасқан терең флегмонаға ұқсас келеді.

Бауыр астында орналасқан аппендициттің ерекшеліктері: а) асқазан, ұлтабарға жақын жатқандықтан анамнезінде іштің өтуі, жүрегі айнып құсуы; б) жергілікті ауырсыну, бұлшықеттің қатаюы оң жақта, бауыр астында орналасады; в) Ровзинг симптомы оң; г) аппендициттің атипиялық ораласуына байланысты диагностикалық қателіктер жиі кездеседі. Көбінесе жедел холецистит, асқынған асқазан, ұлтабар ойық жарасы диагноздары қойылады.

Сол жақ мықын аймағында орналасқан аппендициттің анамнезі, клиникасы, симптомдары қалыпты жерде орналасқан аппендициттен айырмашылығы жоқ, тек-қана белгілердің бәрі сол жақта анықталады Қателіктер жібермес үшін аппендициттің атипиялық түрлері кездесетінін еске сақтаған жөн.

Диагноз. Жедел іріңді аппендициттің орналасуында ауытқулар болмаса диагноз қою қиынға соқпайды. Аурудың клиникалық көріністері, анамнезі толық болмаса және асқынған түрлерінде диагнозды анықтау қиындай түседі. Диагностикалық қателіктер жиі кездеседі, В. И. Стручков, В. К. Гостищев, Ю. В. Стручков мәліметтері бойынша 3149 ауруға аппендэктомия операциясы жасалып, солардың тек қана 1821 операция алдында жедел аппендицит диагнозы қойылған (57,8%). Іріңді аппендицитің асқынған түрлерінде дер кезінде дұрыс диагноз қою үшін көптеген клиникасы ұқсас аурулармен ажырату диагностикасын жүргізу өте маңызды. Айта кетсек, ол аурулар асқазан және ұлтабардың тесілген ойық жаралары, жедел холецистит, жедел ішек өтімсіздігі, жедел панкреатит, бүйрек тас аурулары, өкпенің төменгі бөлігінің пневмониясы, миокард инфарктісі, іштің инфекциялы аурулары. Жас балаларда кездесетін инвагинациялық ішек өтімсіздігі, пневмококты перитонит, жедел туберкулезді перитонит және ішектің шажырқай бездерінің туберкулезі. Жүрек ауруы және қан қысымы жоғары науқастарда шажырқай тамырларының тромбозы, әйелдердің жедел гинекологиялық аурулары. Жедел іріңді аппендицитті жоғарыда аталған аурулармен ажырату диагнозын жүргізуде науқастардың шағымына, анамнезіне, клиникалық көріністеріне, зерттеу тәсілдерінің нәтижесіне мұқият көңіл бөліп айырмашылықтарын анықтай білу керек. Казіргі кезде іштің жедел хирургиялық ауруларында диагноз қою қиынға соққан жағдайларда лапароскопия тәсілін қолданады.

Жедел іріңді аппендициттің емі дер кезінде аппендэктомия жасау.

 







Дата добавления: 2015-09-07; просмотров: 1136. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Этапы и алгоритм решения педагогической задачи Технология решения педагогической задачи, так же как и любая другая педагогическая технология должна соответствовать критериям концептуальности, системности, эффективности и воспроизводимости...

Понятие и структура педагогической техники Педагогическая техника представляет собой важнейший инструмент педагогической технологии, поскольку обеспечивает учителю и воспитателю возможность добиться гармонии между содержанием профессиональной деятельности и ее внешним проявлением...

Репродуктивное здоровье, как составляющая часть здоровья человека и общества   Репродуктивное здоровье – это состояние полного физического, умственного и социального благополучия при отсутствии заболеваний репродуктивной системы на всех этапах жизни человека...

КОНСТРУКЦИЯ КОЛЕСНОЙ ПАРЫ ВАГОНА Тип колёсной пары определяется типом оси и диаметром колес. Согласно ГОСТ 4835-2006* устанавливаются типы колесных пар для грузовых вагонов с осями РУ1Ш и РВ2Ш и колесами диаметром по кругу катания 957 мм. Номинальный диаметр колеса – 950 мм...

Философские школы эпохи эллинизма (неоплатонизм, эпикуреизм, стоицизм, скептицизм). Эпоха эллинизма со времени походов Александра Македонского, в результате которых была образована гигантская империя от Индии на востоке до Греции и Македонии на западе...

Демографияда "Демографиялық жарылыс" дегеніміз не? Демография (грекше демос — халық) — халықтың құрылымын...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия