Студопедия — Жұқпалы аурулар жайлы жалпы түсінік
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Жұқпалы аурулар жайлы жалпы түсінік






Потогенді микроорганизімнің макроорганизімге (балаға) сыртқы ортаның қатысуымен әсер етуінен туындайтын ауруларды жұқпалы аурулар деп атаймыз. Балалардың жұқпалы ауруларына қызылша, қызамық, жел шешек, күл, көкжөтел, мысқыл, паракоклюш, дифтерия, полиомиелит жатады.

“Балалардың жұқпалы аурулары” деген салыстырмалы түсінік, өйткені бұл аурулар көбінесе балаларда кездескенімен, кейін кез-келген жастағы адамдарда да байқалуы мүмкін. Мысалы, кейінгі жылдары балалармен қатар ересектер арасында да дифтерия, қызылша сияқты аурулар байқалып отыр. Жұқпалы аурулар өткір және созылмалы болып, ағымғы бойынша да бөлінеді. Жоғарыда аталған жұқпалы аурулар өткір түрде өтіп, бала тез жазылады да, соңынан имунитет қалады. Ал созылмалы жұқпалы аурулар туберкулез, сифилис т.б. ұзақ уақытқа созылады.

Эпидемиология

1. Аурудың көзі – ауру адам, бактерия тасымалдаушы және үй жануарлары.

2. Таралу жолдары – а) ауа сілекей арқылы – ең жиі кездесетін таралу жолы (қызылша, қызамық, жел шешек, көкжөтел, менингококты мененгит, күл, мысқыл ауруларында, яғни балалардың жұқпалы ауруларының басым көпшілігінде кездесеті таралу жолы); б) тамақ, су арқылы – іш сүзегі, жұқпалы іш аурулары дизентерия, кои-инфекция, сальмонеллез, бруцеллез, туберкулез т.б.); в) сирегірек кездесетін таралу жолы – прлацента арқылы (сифилис, туберкулез, сары ауру, токсоплазмоз, листериоз, СПИД т.б. ауруларда.)

3. Аурудың даму сатылары – жұқпалы аурулардың сатылап өтуі басқа аурулардан айырмашылығы болып табылады:

А) инкубациялық (жасырын) кезең – микроорганизенгеннен бастап аурудың бірінші белгілері пайда бола бастаған уақыт аралығы;

Б) продромальді (бастапқы) кезең – ауруың алғашқы белгілері біліне басталғыннан санлады;

В) аурудың қыған кезеңі – белгілердің айқындалған уақыты;

Г) аурудың баяулауы, бәсеңдеу кезеңі;

Д реконволесценциялық жазылу кезеңі.

Жұқпалы аурулардың балаларда дамуына әсер ететін факторлар:

1. Қоздырғыштың қасиеттері вирулентность.

2. Баланың иммунитетінің деңгейі.

3. Баланың жасы.

4. Баланың қосымша аурулары.

Иммунитеттің 2 түрін білеміз: пассивті және активті. Пассивті иммунитет балада анасынан плацента арқылы өткен антиденелер нәтижесінде пайда полады. Сондықтан да бала туылғаннан кейін бірінші айларында жұқпалы аурулармен көбінесе ауырмайды. Пассивті иммунитет табиғи және жасанды болып екіге бөлінеді. Пассивті табиғи иммунитет анасынан өткен антиденелерден кейін, ал пассивті жасанды иммунитет иммуноглобулиндер егуден кейін пайда болады. Активті иммунитет те осындай 2 топқа бөлінеді. Активті табиғи иммунитет жұқпалы аурулармен ауырғаннан кейін, ал активті жасанды иммунитет вакциналар еккеннен кейін түзіледі.

 

Жұқпалы аурулардың алдын алу шаралары

Бұл шараларды үлкен 2 топқа бөлуге болады:

1. Жалпы шаралар (ерекшеленбеген, әдейіленбеген).

2. Арнайы шаралар (ерекшеленген, әдейіленген).

Жалпы шаралар:

1. Жұқпалы ауруларды дер кезінде анықтап, есепке алу.

2. СЭС-ке жедел хабар беру (ф.058/у).

3. Науқасты оңашалау (ауруханада немесе үй жағдайында)

4. Қатынастағыларға карантин тағайындау (карантин мерзімі аурудың түріне қарай және жасырын кезеңге сәйкес әртүрлі).

5. Ауру шыққан ошақта дезинфекция жүргізу.

6. Санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу.

7. Баланың жалпы иммунитетін көтеру.

Арнайы шаралар немесе ерекшеленген профилактика арнайы вакциналарды егу арқылы жүргізіледі: АКДС, АДС, АДС-М, АД-М, ОПВ, БЦЖ, ВГВ, қызылша және мысқыл вакциналарын.

Балалардың ауа-тамшы арқылы тарайтын жұқпалы ауруларының басым көпшілігінің иммунопрофилактика жүргізу арқылы алдын алуға болады. Ол үшін барлық бала санының 90% жуығы мерзімінде екпелер қабылдап отыру керек. Осындай жағдайда жұқпалы аурулардың кең тарап кетпеуіне де (эпидемиялық жағдайға) тосқауыл қоюға болады.

Балалардың жұқпалы ауруларының алдын алудың арнайы шаралары, яғни ерекшеленген профилактикасы белгілі бір мөлшерде арнайы вакциналарды баланың жалпы жағдайын, денсаулығын ескере отырып егу арқылы жүргізіледі. Бұл үшін арнайы егу күнтүзбегі түзіліп, бұйрқпен қабылданып, бекітілген.

Қазақстан Республикасы бойынша 26.06.1995 жылы №270

Бұйрықпен қабылданған жаңа егу күнтізбесіне сәйкес балалардың келесі жұқпалы ауруларына қарсы міндетті түрде егу жұмыстары жүргізіледі: туберкулез, полиомиелит, көкжөтел, дифтерия, сіріспе, мысқыл және қызылша.

 

Кесте







Дата добавления: 2015-10-01; просмотров: 2812. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Логические цифровые микросхемы Более сложные элементы цифровой схемотехники (триггеры, мультиплексоры, декодеры и т.д.) не имеют...

Расчет концентрации титрованных растворов с помощью поправочного коэффициента При выполнении серийных анализов ГОСТ или ведомственная инструкция обычно предусматривают применение раствора заданной концентрации или заданного титра...

Психолого-педагогическая характеристика студенческой группы   Характеристика группы составляется по 407 группе очного отделения зооинженерного факультета, бакалавриата по направлению «Биология» РГАУ-МСХА имени К...

Общая и профессиональная культура педагога: сущность, специфика, взаимосвязь Педагогическая культура- часть общечеловеческих культуры, в которой запечатлил духовные и материальные ценности образования и воспитания, осуществляя образовательно-воспитательный процесс...

Алгоритм выполнения манипуляции Приемы наружного акушерского исследования. Приемы Леопольда – Левицкого. Цель...

ИГРЫ НА ТАКТИЛЬНОЕ ВЗАИМОДЕЙСТВИЕ Методические рекомендации по проведению игр на тактильное взаимодействие...

Реформы П.А.Столыпина Сегодня уже никто не сомневается в том, что экономическая политика П...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия