Павлодар облысы
Павлодар облысы 1938 жылдың 15 қаңтарында құрылған. Облыс аумағы 124,8 мың шаршы км. және Қазақстан аумағының 4,6% құрайды. Облыс әкімшілік-аумақтық құрылымына 3 қала, 5 кент, 10 ауыл аудандары, 167 село және ауыл округтері кіреді. Облысымызда 99 ұлт өкілдері тұрады. 2. «Ұлы Отан соғысының батырлары» диалог -Ұлы Отан соғысының батырларын білесің бе? -Иә,білемін.Бауыржан Момышұлы,талғат Бигельдинов,Әлия Молдағұлова,М.Мәметова. Ә.Молдағұлова,М.Мәметова.шығыс қыздарының жұлдыздары. Ә.Молдағұлова 25 қазанда 1925 жылы Ақтөбе облысында туған.1943 жылы Снайперлер дайындық орталық мектебін аяқтады.1943 жылы 54 арнайы атқыштар бригадасында 4 батальонның снайпері болған.1944 жылы Псков облысының Солтүстігіндегі Новосокольники ауданында қаза тапты.. Ә.МолдағұловаКеңес Одағының батыры,Ленин орденімен марапатталған. М.Мәметова 1922 жылы Гурьев облысы,Орда ауданынында туған. М.Мәметованың әкесі-Ахмет Маметов Ғылыми-зерттеу институтының директоры болған.Мектепті бітірген соң Мәншүк медицина институтына оқуға түседі.1942 жылы 19 тамызда Алматыдан 100 атқыштар бригадасы майданға аттанады.1943 жылы Псков облысындағы Небель қаласын босату үшін өте қатал соғыс ерлікпен қаза тапты. М.Мәметова Кеңес Одағының батыры атағы берілді.Небель қаласында Мәншүк атындағы көше бар.
3. Сын есім. Туынды сын есім. Заттың түр-түсін, сапасын, сипатын, салмағын, көлемін, дәмін, иісін білдіретін сөз табы сын есім деп аталады. Сын есім Қандай? Қай? Деген сұрақтарға жауап береді. Құрамы жағынан сын есімдер негізгі және туынды сын есім болып екіге бөлінеді. Негізгі сын есімдер ешбір қосымшасыз, түбір күйінде қолданылса, туынды сын есімдер жұрнақ арқылы жасалады. Туынды сын есім жасайтын жұрнақтар есім сөздерден сын есім тудыратын және етістіктерден сын есім тудыратын жұрнақтар болып бөлінеді.
№25 билет 1. Сұлтанмахмұт Торайғыров Торайғыров Сұлтанмахмұт– қазақ ақыны, ағартушы, қоғам қайраткері, ойшыл. Ол Павлодар облысы, Баянауыл ауданында дүниеге келген. Сұлтанмахмұт алғаш әкесінен ескіше хат танып, 13 жасынан Мұқан, Әбдірахман, Тортай деген молдалардан дәріс алды. 1911 жылы жаңаша оқыған Нұралы ұстазының көмегімен қазақ, татар тілдеріндегі әдеби кітаптармен, газет-журналдармен танысады. 1912 жылы Троицкідегі Ахун Рахманқұли медресесіне түседі, бірақ мұнда бір жылдай оқыған ол өкпе ауруының зардабынан оқудан шығып қалады. Торайғыров енді медреседе оқуды қойып, орысша оқу іздейді, қала маңындағы елде жаз бойы бала оқытады. Осы кезден ақыңдыққа ден қойып, 1912-1913 жылдар аралығында «Оқып жүрген жастарға», Шәкірттерге», «Оқудағы мақсат не?», «Шығамын тірі болсам адам болып», «Түсімде», «Қымыз», т.б. өлеңдерін, «Зарландым» атты ұзақ очеркін жазды. 1913 жылдың күзінде Троицкіге қайтқан Торайғыров «Айқап» журналына жауапты хатшы болып жұмысқа орналасып, «Ауырмай есімнен жаңылғаным», «Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайынан», т.б. әңгіме, мақалаларын осы журналда жариялайды. Журналда аз ғана уақыт қызмет еткен ақын 1914 жылы жазда туған елі Баянауылға оралады. Ел ішінде мәдени-ағарту жұмысын жүргізеді. Көптеген әңгіме, очерктер, әдеби-сын мақалалар жазды, екі роман («Қамар сұлу», «Кім жазықты?»), төрт поэмасын («Таныстыру»), «Адасқан өмір», «Кедей», «Айтыс») жазған ақын 27 жасында қайтыс болды. 2. «Менің қалам» диалог -Сен қай қалада тұрасың? -Мен Екібастұз қаласында тұрамын. -Екібастұз қандай қала? - Екібастұз – өте әдемі, таза, келешегі мол қала - Екібастұз қаласы қай облыста орналасқан? - Ол Павлодар облысында орналасқан -Қалаңда қандай көрікті жерлер бар? -Саябақтар, атақты адамдарға арналған ескерткіштер, алаңдар, демалыс орындары бар -Қалаңда қандай өндіріс орындары бар? -«Батыр», «Шығыс» кеніштерінде екі миллиард тоннадан астам көмір өндіріледі. Гиннес рекордтары кітабына енгізілген, мұндағы «Батыр» кенішіне әлемде тең келетіні жоқ. Осында жұмыс істейтін роторлық экскаваторлар сағатына бес мың тоннаға дейін көмір өндіреді.. 3.Үстеу. Үстеу қимыл, іс-әрекеттің жай-күйін, мекенін, мезгілін, мөлшерін, мақсатын т.б. белгілерін білдіретін сөз табын үстеу деп атаймыз.
|