Студопедия — Фонетика .
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Фонетика .






Класні керівники — педагоги, які постійно спілкуються з учнями, закріпленими за ними, різнобічно впливають на них і водночас працюють за предметною системою. Тобто, крім викладання певного предмета він дбає про об'єднання зусиль учителів, які працюють у певному класі, координацію їхніх вимог для поліпшення результатів виховної та навчальної роботи з учнями класу.

Функції класного керівника

Завдання і зміст виховання всебічно розвиненої особистості визначають функції класного керівника:

— забезпечувати оптимальні умови для всебічного гармонійного розвитку вихованців, їх самореалізації;

— у співдружності з батьками, вчителями, дитячими громадськими організаціями здійснювати всебічне виховання школярів у процесі навчально-виховної роботи в школі та за її межами;

— систематично аналізувати індивідуальні анатомофізіологічні і соціально-психологічні особливості розвитку учнів класу; давати рекомендації іншим учителям, батькам щодо необхідності враховувати індивідуальні та вікові особливості розвитку кожного вихованця;

— здійснювати організацію і виховання первинного учнівського колективу, всебічно вивчати динаміку його розвитку, координувати діяльність учителів, які працюють у класі;

— організовувати виховні та організаційні заходи для створення оптимальних умов, які сприяли б зміцненню та збереженню здоров'я учнів;

— здійснювати організаційно-виховну роботу з учнями, батьками та учителями для формування в школярів старанності, дисциплінованості у процесі навчальної діяльності з урахуванням їх індивідуальних можливостей;

— організовувати позакласну виховну роботу з учнями, сприяти залученню їх до роботи позашкільних дитячих виховних закладів, дитячих громадських організацій;

— здійснювати цілеспрямовану організаційно-педагогічну роботу з батьками, забезпечувати системність у формуванні їх психолого-педагогічної культури;

— домагатись єдності вимог до вихованців з боку школи й сім'ї, підтримувати зв'язок з вихователями груп подовженого дня, керівниками гуртків, студій, спортивних секцій, дитячими громадськими організаціями;

— вести відповідну документацію, подавати керівництву школи відомості про успішність, розвиток і вихованість учнів; стежити за веденням учнями щоденників.

Конкретні обов'язки класного керівника зазначені у Статуті середньої загальноосвітньої школи. Класний керівник має право відвідувати уроки всіх учителів у своєму класі, запрошувати до школи батьків або опікунів учнів класу, подавати клопотання до дирекції про заохочення або застосування стягнення до учнів.

Основним обов'язком класного керівника є вивчення учнів і координація на цій основі роботи вчителів, які працюють з ними. Процес вивчення учнів має відбуватися з дотриманням певних правил:

— вивчення потрібно спрямовувати на виявлення особливостей фізичного, психічного і соціального розвитку конкретного вихованця;

— дослідження процесів розвитку школярів має тривати впродовж усіх років навчання;

— виявляти потрібно не лише наявний рівень розвитку конкретної особистості, але й прогнозувати його з урахуванням “зони найближчого розвитку”;

— вивчення особистості школярів та їх колективів потрібно спрямовувати на вирішення конкретних педагогічних завдань;

— вихователь у процесі вивчення учнів має бути сповнений педагогічного оптимізму щодо їх розвитку і соціально-психологічного зростання;

— вивчення учнів має охоплювати всі аспекти їх фізичного, психічного і соціального розвитку;

— застосування методів і методик вивчення учнів і шкільних колективів має відповідати віковим можливостям дітей;

— дослідження соціально-психічного розвитку слід здійснювати в природних умовах навчально-виховного процесу;

— дослідженням повинні бути охоплені усі учні, таке вивчення має стати систематичним;

— вивчення учнів поєднують з виховним впливом на них;

— вивчаючи учнів, слід акцентувати увагу на позитивних, а не негативних рисах характеру та поведінки.

 

 

БИЛЕТ

1. «Қазақстан тарихы» пәні, оның мақсаты мен міндеттері. Тарих ғылымы – адамзаттың пайда болуын, алғашқы қауымдық құрылыстан қазіргі дәуірге дейінгі өмір сүру тіршілігін, әр дәуірдегі оқиғаларын, жалпы қоғамның дамуын жеке дәуірлерге бөліп қарастыратын ғылым. Ол сананы қалыптастырып, өткенге қорытынды жасап, болашаққа саяси бағыт береді. Тарих ғылымы жалпы тарихтық, арнаулы және қосалқы тарихи пәндерге бөлінеді. Жалпы тарихи пәндер – бүтіндей алғанда ежелгі дүниеден қазіргі дәуірге дейінгі қоғам дамуын зерттейді. Арнаулы тарихи пәндер – қоғамдық өмірдің жеке жақтарын, яғни экономикасын, саясатын, мәдениетін, құқықтық жүйесін, тарихын жеке-жеке зерттейді. Қосалқы тарихи пәндер – тарихи зерттеудің әдісі мен техникасының жалпы да жеке мәселелерін жеке-жеке талдап тұжырымдайды. Мысалы: эпиграфика – тас плиталардың, ағаштың, сүйектің үстіне ойылып жазылған жазуларды зерттейді; папиралогия – сигареттерді жазуларды зерттейді; палеография – ежелгі қолжазбаларды зерттейді; сфрагистика – мөрлердегі жазуларды зерттейді; хронология – уақыт өлшемдері туралы ғылым; метрология – өлшеу бірліктерін зерттейді; топонимика – жер-су аттарын зерттейді; генеология – ата-баба шығу тегін зерттейді, т.б.

2. Тәуке хан кезіндегі қазақ хандығы. Жәңгірдің баласы Тәуке хан (1680-1718) тұсында Қазақ хандығының күш-қуаты өсіп, бірлігі артты. Ол асқынған ішкі феодалдық алауыздық пен бытыраңқылықты жойып, бір орталыққа бағынған Қазақ хандығын құруға қажырлы қайрат жұмсады. Орыстың белгілі тарихшысы А.И.Левшин Тәукені көне Спартаның ақылгөй заңгері Ликургпен теңеген. Тәуке хан әр түрлі әлеуметтік топтан шыққан дарынды, ақылды адамдарды мемлекетті басқару ісіне тартты. Бұған дейін мемлекетті басқару ісіне тек Шыңғыс ханның ұрпақтары мұрагерлік жолмен тартылатын еді. Тәуке хан мемлекетті басқару ісіне туа біткен данышпан, ел арасында асқан ерлігімен, батырлығымен дараланған тұлғаларды, яғни билер мен батырларды тартты. Бұл шаралар нәтижелі болды. Мемлекетті басқару ісіне де үлкен өзгерістер енгізді. Билер кеңесін құрып, оның билік ауқымын кеңейтті. Билердің әлеуметтік тегі тек ақсүйек табынан болмағанын ескерсек, қарапайым халықты мемлекетті басқару жүйесіне тарту Тәуке хан енгізген үлкен өзгеріс болды. Билер кеңесі мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатына қатысты мәселелерді шешуде үлкен қызмет атқарды. Сонымен қатар қырғыз тайпалары мен қарақалпақ тайпалары Тәуке ханның қарауында болды. Тәуке қырғыздарды Қоқым би арқылы, қарақалпақтарды Сасық би арқылы басқарып отырған. Бұл іс жүзінде жоңғарлардың шабуылынан қорғануды негіз еткен қазақ, қырғыз және қарақалпақ халықтарының әскери-саяси одағы еді. Тәуке ханның аты тарихта «Жеті жарғы» заңдарымен де тығыз байланысты. Ол қазақтың атақты билерімен ақылдаса отырып, қазақтың әдет-ғұрып заңдарын, билер сотының тәжірибелерін, аса дарындылықпен айтылған түйінді биліктерді жинақтап, өзінен бұрынғы «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» сияқты қазақ заңдарын жаңа жағдайға сай өзгертіп, толықтырып, дамыту негізінде «Жеті жарғы» атты заңдар жинағын құрастырды. «Жеті жарғы» - жеті әдеттік құқықтық жүйеден тұратын қоғамдық қатынастарды реттейтін салалардың жиынтығы. Олар: жер дауы, жесір дауы, құн дауы, бала тәрбиесі және неке, қылмыстық жауапкершілік, рулар арасындағы дау, ұлт қауіпсіздігін қамтамасыз ету. «Жеті жарғы» заңдар жинағы мемлекеттің ішкі жағдайын күшейтуге бағытталды. Тәуке ханның сыртқы саясаты көрші елдермен тату көршілік байланыс орнатуға, олармен экономикалық, сауда-саттық қарым-қатынас жасауға тырысқан бейбіт дипломатиялық саясат болды. Тәуке хан Бұхар ханымен Ташкент жөнінде келіссөз жүргізіп, оны қазақтар иелігінде қалдырды. Қазақ мемлекеті мен Бұхар хандығы арасында бейбіт қарым-қатынас орнап, Бұхар саудагерлері қазақ жеріне кіріп сауда жасауға мүмкіншілік алған. Тәуке хан билік құрған жылдары Ресеймен қарым-қатынас бірқалыпты болмады. Орыс-қазақ қарым-қатынастары 17-ші ғасырдың соңы мен 18-ші ғасырдың басында барынша шиеленіседі. Өйткені осы жылдары Ресей мен Жоңғар мемлекеттері жақындасады. Қазақ мемлекетінің күшейгенін байқаған орыстар жоңғарлармен жақындасып, оларды қазақтарға қарсы қою саясатын жүргізеді. Тәуке хан билік құрған жылдары қазақ мемлекеті мен жоңғарлар арасындағы қарым-қатынас тұрақсыз болды. Осыған байланысты 1710 жылы Қарақұмда Тәуке ханның бастамасымен қазақ жүздерінің біріккен жиналысы болды. Жиналыс нәтижесінде қазақтар жоңғарларға қарсылық көрсетуге шешім қабылданды. Жоңғарлармен күресте Тәуке хан Шыңғыс хан құрған әскери басқару жүйесін қайта жаңғыртты. Әскерді қатаң басқаруға үлкен мән берілді. Әскерде басшылық ету онбасы, жүзбасы, мың басы болып тағайындалды. Сонымен бірге хан жарлығымен шекара аудандарында әр 5-7 шақырым аралықта әскери мұнаралар тұрғызылды. Жоңғарлар шабуылы басталған сәтте мұнаралардағы тұрақты жауынгерлер от жағып, келесі мұнараға жау шабуылы басталғаны туралы хабар беріп отырды. Бұл стратегиялық тактика негізінде жау шабуылын 100 шақырым жерден көріп, ұтымды қарсылық алдын-ала ұйымдастырылды. Қорыта келгенде, Тәуке хан тұсында қазақ қоғамында интеграциялық сана күшейіп, хан билігі нығайды. Үш жүздің құрамына 112 ру кіріп, қазақ халқының саны 2-3 миллион адамға жетті.

3. ХХ ғ. 30 жж. қоғамдық саяси өмір. 1930 жылдарда елдің барлық жерінде социалистік қатынастар орнады. Жер, фабрикалар мен зауыттар, ұжымшарлар мен кеңшарлар мемлекет меншігіне өтті. Республикалар іс жүзінде толық егемендік алмады және оларға заң шығару құқығы берілмеді. Сталинизмнің идеологиялық апаттары халықтардың тарихи зердесін жоюға бағытталды. Жеке адам құқығы аяққа тапталып, балама пікір айтқан адам «халық жауы» атанды. Ұлт зиялыларының көрнекті өкілдерін қырып-жойды. Х. Досмұхамедов, Ә.Бөкейханов және Алаш партиясының басқа мүшелерін жазалауды ұйымдастыра бастады. С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров, М.Жұмабаев, М.Дулатов жазаға ұшырап атылды. Степлаг, Карлаг, Алжир, ГУЛАГ секілді лагерьлер жүйесі ашылды. 101,000 қазақстандық ГУЛАГқа жабылып, 27,000нан астамы атылды. Қазіргі уақытта 31 мамыр – Ұлттық аза күні.

БИЛЕТ

1. Қазақстан тас дәуірінде: кезеңдері, ескерткіштері, қоғамдық құрылысы. Адамның алғашқы еңбек құралдары тастан жасалған. Сондықтан да аса ұзаққа созылған алғашқы тарихи кезең – тас дәуірі деп аталады. Тас дәуірінің кезеңдеріне тоқталып өтсек. Ерте палеолит (б.з.б. 2,5 млн жыл – 140 мыңж.) Бұл кезеңде адамдар тобыр болып өмір сүрді Тастан еңбек құралдарын жасап үйрене бастады. Терімшілік пен аңшылық негізгі кәсіптері болды. Бұл кезеңге жататын ескерткіштердің бірі – Оңтүстік Қазақстандағы Қаратау жотасы. Осы жерден тасстан жасалған ең көне еңбек құралдары табылған. Орта палеолит (б.з. 2. Қыпшақ хандығы. Қыпшақ хандығы (ХІ-ХІІІ ғ. басы). “Қыпшақ” атауы ең алғаш рет 760 жылы ежелгі түріктің руникалық ескерткішінде жазылған. ХІ ғ. орта кезінде қыпшақ тайпалары Еділден батыс жаққа жылжып, Орыс және Қара теңіз өңірі далалары мен Византия, Венгрия шекараларына дейін қоныс аударады. Еділден Днепрге дейінгі қыпшақтар қоныстанған аумақ “Половецтер өлкесі” деп атала бастайды. Ал Батыс Европа деректерінде қыпшақтар «коман» деген атпен мәлім болады. ХI ғ. басында қыпшақ бірлестігі мейлінше күшейеді. Өріс-қонысы шығыста Ертістен батысында Орал тауына, Доннан және Қара теңізге дейінгі жер елбөрілі руынан шыққан хан әулеті билеген Шығыс Қыпшақ қағанаты; Кавказ, Қырым өңірін және одан әрі батысқа қарай созылып жатқан басында Тоқсоба рулық әулеті түрған Батыс қыпшақ бірлестігі болып екіге бөлінеді. Қазіргі Қазақстан аумағының көп бөлігі Шығыс қыпшақ ұлысының билігінде болды. Қазақстан аумағында тұрған қыпшақтар екі қанатқа бөлінді. Оң қанаты – Торғай, Жем, Жайық, Еділ, Маңғыстау түбегі. Ханы – елбөрі руынан. Ордасы – Сарайшық. Сол қанат Орталық және Шығыс Қазақстанды, Сырдариядан Ертіс пен Есілге дейінгі аралықтағы жерлерді қамтиды. Ханы – ұран тайпасынан. Ордасы – Сығанақ. Орталығы Сығанақ қаласы болды, оның ханы ұран тайпасынан шыққан. Оң қанат екіншісінен күштірек болған. XI ғ. аяғы мен XII ғ. бас кезінде Жент, Янгикент, Сырдарияның төменгі ағысындағы қалалар үшін қыпшақ хандары мен Орта Азияның мұсылмандық әулеттері арасындағы қиян-кескі ұрыс басталады. Хорезм шахы Атсыз Жентті жаулап алады. 1133 жылы Жент қаласынан Дешті Қыпшақ даласына тереңдеп жорық жасаған Атсыз қыпшақтарды ойсырата жеңеді. Тап осы кезден бастап Қыпшақ хандығының ыдырауы басталады. Кейіннен Хорезм шахы Мұхаммед Қыпшақ еліне бірнеше рет жорық жасайды. Осы кезде ол Торғай даласында қыпшақтар еліне қашып кірген меркіттерді қуып келе жатқан Шыңғысхан қолымен соқтығысып қалады. Бұл монғолдардың Қазақстан жерінде алғаш рет болуы еді, сөйтіп, бұдан кейін монғол басқыншылығының дәуірі басталады.

б. 140 мыңж. – 40 мыңж.) Бұл кезеңде адам ағаш бұтағын бір-біріне үйкей отырып немесе шақпақ тастарды ұрып ұшқын шығарып, от алуды үйренді. Алғашқы діни сенім қалыптасты. Аналық, рулық қоғамның алғышарттары қалыптасты. Белгілі тұрақтары: Арыстанды, Орталық Қазақстандағы ең көнесі – Жезқазған аймағындағы Обалысай тұрағы, Қарағандының солтүстігіндегі Батпақ шатқалы. Кейінгі палеолит (б.з.б. 40 мыңж. – 12 мыңж.) Бұл кезеңде адамзат жердің барша климаттық зоналарына тарап қоныстанған және нәсілдік топтар қалыптасқан. Дене бітімі қазіргі адамға ұқсас адамдар қалыптасқан. Мұндай адамның сүйегі бірінші рет Франциядағы Кро-Маньон үңгірінен табылған. Сонымен қатар тас өңдеу әдістері жетілдірілді. Ескерткіштерінің ішіндегі ең ірісі – Ащысай тұрағы. Орталық Қазақстандағы Батпақ тұрағынан кейінгі палеолитке жататын ірі қырғыш тастар табылған. Мезолит (б.з.б. 12 мыңж. – 5 мыңж.) Мезолиттк климат жылынды. Жебелі садақ пен бумеранг дүниеге келді. Адамдар тас тілгіштерге ағаштан қолға ұстайтын сап орнатуды үйренді. Балық аулау кең тарады. Қазіргі таңда Қазақстан жерінен 50-ге жуық мезолит тұрағы табылған. Негізінен Оңтүстік Қазақстан мен Қаратау маңында, Есіл мен Атбасар төңірегінде орналасқан. Неолит (б.з.б. 5 мыңж. – 3 мыңж.) Бұл тас өңдеу техникасының әбден жетілген кезеңі. Мал шаруашылығы мен егін шаруашылығының тууы, табиғаттың даяр өнімдерін пайдалану, аң аулау орнын өндіруші шаруашылықтың басуы – сол кезеңнің аса маңызды белгісі болып табылады. Жабайы жануарлар қолға үйретілді. Тоқымашылық пайда болып, керамикалық ыдыстар жасала бастады. Қазақстан жерінде 500-ден аса неолиттік ескерткіштер бар. Ең елеулісі болған Ботай тұрағынан жабайы жылқының көптеген сүйектері табылды.

3.Алаш партиясының құрылуы және оның қызметі. 1905 жылдың өзінде-ақ құруға әрекет жасалған "Алаш" партиясы іс жүзінде 1917 жылдың мамыр айында қалыптасып, ал оның ресми тіркелуі 1917 жылдың желтоқсанында жүзеге асқан еді. 1917 жылы Орынбор қаласында І жалпықазақ съезі ашылды. Съездің күн тәртібіне сол кезеңдегі қазақ жұрты үшін өзекті делінген он төр мәселе қойылған. Оның ең маңыздысы «Алаш» париясын құру жөніндегі мәселе. Бұл съезде «Алаш» партиясын құру туралы шешім шығарылды. Жетекшісі – Әлихан Бөкейханов. Мүшелері: А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Тынышпаев, т.б. Қазақ халқын отарлық езгіден азат ету және автономиялық ұлттық мемлекет құру секілді мақсатта жұмыс жасады. Уақытша орталығы – Семей қаласы. 1917 жылғы 17 қарашада «Алаш» партиясы бағдарламасының 10 бөлімдік жобасы «Қазақ» газетінде жарияланды. Бұл бағдарламада дінді мемлекеттен бөлектеу; сот ісін қазақ тілінде жүргізу; әскери қызметті өз жерінде атқару; жұмысшыларды заңмен қорғау; оқудың жалпыға бірдей және ақысыз болуы; жиналыс, сөз, баспасөз еркіндігі; жерді алдымен жергілікті халыққа беру секілді мәселелер сөз етілді. Алайда большевиктер Алаш партиясына ұлттық буржуазия мен феодалдық топтардың таптық мүддесін қорғайтын кедергі есебінде қарады. Солайша 1920 жылы Алашорданы таратып жіберді.

 

БИЛЕТ

1. Қазақстанның қола дәуірі: кезеңдері, шаруашылығы және қоғамдық құрылысы. Қола дәуірі (б.з.д. 2 мыңж. – 1 мыңж.) Бұл дәуірде Оңтүстік Сібір, Орал аймағында, Қазақ жерінде шығу тегі жағынан ұқсас өзіндік мәдениеті бар тайпалар мекендеді. Осы тайпалардың алғашқы ескерткіші Ачинск қаласы маңындағы Андроново селосынан табылды. Сол үшін 1914 жылы археолог Тугаринов Андрон мәдениеті деген атауды ашты. 1946 жылы Әлкей Марғұлан қола дәуірін жоспарлы түрде зерттеді. Андрондықтардың негізгі қоныстанған аймағы – Орталық Қазақстан. Бұл өңірден 30-дан астам қоныс пен 150-дей оба зерттелген. Соның ішіндегі ең ежелгісі – Челябинск пен Қостанай облыстарының шекарасындағы Арқайым қаласы. Кейінгі қола дәуірінде Андрон мәдениетіне ұқсас Беғазы-Дәндібай мәдениеті зерттелген. Андрон мәдениетінен айырмашылығы – мазарлардың айрықша типі, өзіндік өзгешелігі бар жерлеу салты, қыш ыдыс-аяқтардың жаңа түрлері. Шаруашылығы: көшпелі мал шаруашылығы, отырықшылық, егіншілік, балық аулау. Мыс пен қалайыны қосып қола өндірген. Жартылай жертөле үйлерде тұрған. Жер бетіне салынған үйлер де кездескен. Бөлмелерді жылыту үшін тастан қаланған пештер қолданған. Мүлік теңсіздігі қалыптасып, жеке меншік пайда болды. Малға жеке меншік, жерге рулық-қауымдық меншік болған. Қола дәуірінің тайпалары табиғат күштеріне табынған. Құдайға арнап құрбандықтар шалған. Ата-баба аруағына сиыну және о дүниеге сену кең тарады.

2. Қазақ - жоңғар қарым-қатынастары (17 ғ. – 18 ғ. орта кезеңіне дейін).. “Жоңғар” деген аттың шығуы – Шыңғысханның шапқыншылығы кезеңінде ойраттар қашанда армиясының “сол қанатын” құраған, моңғолша ол “зюнгор” деген мағынаны білдіреді. Содан “зюнгор” – жоңғар деп аталып кеткен. Қазақ жеріне шығыстан қауіп төндірген осы жоңғарлар еді. Өздерінің жер көлемін ұлғайту мақсатында Қазақ хандығы аумағына шапқыншылықтар жиілетті. Шапқыншылықтың ең үдеген кезеңі 1722 жылдан бастау алды. Цин императоры Кансидің өлімінен кейін Цеван Рабдан басты күшті қазақ хандығына бағыттады.1723 жылы көктемде жоңғарлар 70 мың әскермен жеті бағыттан қазақ жеріне тұтқиылдан басып кірді. Алғашқы соққыны Жетісу мен Ертіс өзенінің қазақтары қабылдады. Үлкен шапқыншылықты күтпеген халық еш қарсылық көрсете алмай, ұлы жүз қазақтары Ходжентке, орта жүз қазақтары Самарқанға, кіші жүз қазақтары Хиуа мен Бұхара аумағына өтті. Қазақ тарихында бұл кезең «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деп аталды. Сол заманнан қазіргі күнге жеткен «Елім-ай» әні халық бұқарасының сол замандағы мұң-зарын бейнелейді. Жауға қарсы жаппай қарсылық көрсету 1724 жылдан басталды. Бұл жылдары Әбілқайыр хан бастаған қазақ қолдары табысты қимылдады. 1725 жылы Әбілқайырдың қол астындағы сарбаздар саны 50,000ға жетіп, жаудың басып алған жерлерін азат ете бастады. 1726 жылы Ордабасы деген жерде үш жүз өкілдерінің біріккен жиналысы болды. Олар жауға қарсы біріккен майдан құру керек деп шешіп, Әбілқайыр хан – бас қолбасшы, ал Қанжығалы Бөгенбай – қазақ қолының сардарбегі болды. Дәл осыдан соң 1730 жылы Балқаштың оңтүстік-батысындағы Алакөл маңында орын алды. Аңырақай шайқасы болған жер 200 шақырымға созылды. Қазақ әскерінің жалпы саны 29,000 болса, жоңғарлар саны да 30,000ға жеткен. Шайқас Шарыш пен Сабалақтың жекпе-жегінен бастау алып, қазақтардың жоңғарларды ойсырата жеңуімен аяқаталады. Бірақ, Аңырақай жеңісі өз жалғасын таппады. Басты себеп: шайқастан кейінгі қазақ билеушілерінің арасында жік туды. Болат хан қайтыс болғаннан соң, оның орнын орта жүздегі Сәмеке мен кіші жүздегі Әбілқайыр хан аламыз деп дәмеленді. Болат орнына оның ұлы Әбілмәмбет отырды. Осылайша Қазақ жерін жоңғарлардан толық азат ету ісіне нұқсан келді.

3. «Қазақстан дамуының 2030 ж стратегиясы»

«Қазақстан-2030» стратегиясы – ел дамуының 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиялық бағдарламасы. 1997 ж. қазанда қабылданған. Стратегияда мынандай ұзақ мерзімді негізгі бағыттар бөліп көрсетілді: 1. Ұлттық қауіпсіздік: аумақтық тұтастықты толық сақтай отырып, еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде дамуы. Мемлекеттің тұрақты түрде дамуын қамтамасыз ететін бастапқы шарт – ұлттық қауіпсіздік. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі көрсеткіші ретінде индустриясы дамыған басты мемлекеттермен байланыстарды күшейту қажеттігі атап көрсетілді. 2. Ішкі саясаттың орнықтылығы: Бұл салада барша азаматтар үшін тең мүмкіндіктің және барлық этникалық топтар үшін тең құқықтың болуына кепілдік беру, әлеуметтік мәселелерді шешу міндеті қойылды. 3. Нарықтық экономика негізінде экономикалық өрлеу: Негізгі қағидалары: ашық экономика мен еркін сауда қатынасын орнату, энергетикалық және табиғи қорды өндіруді одан әрі жалғастыру, шетелдік инвестицияларды қорғау. 4. Қазақстандықтардың денсаулығы және игілігі: азаматтардың тұрмыс жағдайы мен деңгейін көтеру, салауатты тұрмыс салтына ынталандыру, нашақорлық пен наша бизнесіне қарсы күресу, маскүнемдік пен темекі шегуді қысқарту, ана мен баланың денсаулығын сақтау, қоршаған орта мен экологияны таза ұстау мәселелерін қамтиды. 5. Энергетикалық қорлар: мұнай мен газ өндірудің және оларды шетке шығарудың көлемін жедел ұлғайту жолымен энергетикалық қорды тиімді пайдалану. Халықаралық мұнай компанияларымен ұзақ мерзімді серіктестік орнату, мұнай мен газ экспорты үшін құбырлар желісінің жүйесін жасау, ішкі энергетикалық инфрақұрылымды жасау мәселелерін қамтиды. 6. Инфрақұрылым (көлік және байланыс): Отандық көлік-коммуникациялық кешеннің әлемдік рыноктағы бесекелестік қабілетін қамтамасыз ету және Қазақстан арқылы өтетін сауда ағынын ұлғайту міндеті қойылған. 7. Кәсіпқой мемлекет: іске шын берілген және елдің негізгі мақсаттарына қол жеткізуде халық өкілдері болуға лайық мемлекеттік қызметкерлердің осы заманғы қабілетті құрамын жасақтау. Бұл саладағы міндет - басты мақсаттарды іске асыруға қабілетті Үкіметті жасақтау. Қазақстан осы стратегиялық міндеттерді орындай отырып, 2030 жылға қарай дамыған елдердің деңгейіне жетуге, дүние жүзінің ең дамыған жиырма елінің қатарына қосылуды көздейді.

БИЛЕТ

1. Сақ тайпа одағы. Б.з.д. І мыңжылдықта алғашқы мемлекеттік бірлестіктер Қазақстан территориясында пайда болды. Жазба деректерге қарағанда б.з.д. 7-4 ғ-да сақ тайпалары Орта Азия және Қазақстан жерінде мекендеді. Олар негізінен әскери қоғамда болды. Сақтардың үш тобы: шошақ бөрікті сақтар (тиграхауда) Шаш, Солтүстік Қырғызстан, Оңтүстік Қазақстан жерін мекендеген; теңіздің арғы жағындағы сақтар (парадарайа) Арал аймағы мен Сырдария-Әмудария өзендерінің аймағын мекен етті; хаома сусынын дайындайтын сақтар (хаомаварга) Ферғана аймағында тіршілік етті. Сақтарда мал шаруашылығының үш түрі болған: көшпелі, жартылай көшпелі, отырықшы мал шаруашылығы. Сақ қоғамында халықтың үш тобы болған. Олар: жауынгерлер, абыздар, басқа қауым адамдары. Жауынгерлерге – қызыл және сары-қызыл, абыздарға – ақ, қауымшыл сақтарға – сары мен көк түстер тән еді. Сақтарда матриархаттық ел билеу тәртібі сақталды. Б.з.д. 519-518 жж. парсылармен соғысып, І Дарийдің әскеріне қарсы ерлікпен шайқасады. Б.з.д. 530 жылы Томирис парсы патшасы Кир әскерін жеңеді. Сақ кезінде қолөнер мен сауда жедел дамыды. Сауданың дамуы Жібек жолына байланысты болды. Сақ өнерінде аңдық стиль қалыптасты. Арыстан бейнесіндегі өмір ағашы сақтарда көп тарады. Астанасы – Шырық-Рабат, ең үлкен ескерткіші – Есік қорғаны. 1969 жылы археолог Ақышев ақсүйек сақтың қабірін тапқан. Басынан аяғына дейінгі киімдері алтыннан жасалған 4000-ға жуық қаптырмалармен әшекейленген, олардың көпшілігі аң стилінде жасалған. Және онда табылған күміс тостағанның маңызы ерекше, оның түбіндегі 26 таңбадан тұратын жазу әліпбилік жазба болуы ықтимал.

2. 16-17 ғасыр қазақ-орыс қарым-қатынасы. Хақназар хан тұсында Қазақ хандығының сыртқы жағдайында аса ірі тарихи оқиғалар болды. Ресеймен қарым-қатынастың басталуы Хақназардың билік басында болуымен тығыз байланысты. 1569-1573 жылдары орыс елшілері Семен Мальцев пен Третьяк Чебуков Қазақ хандығында болып қайтты. Хақназар хан Мәскеумен сауда байланыстарын орнатты. Ресеймен қарым-қатынас жасауда Хақназар әкесі Қасым ханның жолын ұстанды. Одан кейінгі байланыстардың үдеуі XVII ғасырдың басына тиесілі. Дәл осы кезде қазақ хандары Орта Азия билеушілерінен, Жоңғар феодалдарынан төнген қауіпті ескеріп, орыс мемлекетімен экономикалық және саяси-дипломатиялық байланыс орнатуға тырысты. І Петр Ресейдің сауда қатынастарын өрістету және жерін кеңейту үшін Қазақстан «кілт және қақпа» болады деп көрсетті. Сол үшін де елші Аталықов арқылы 1694 жылы сауда байланысын күшейту туралы келісім жасады. Ал орыс феодалдары қазақ жерін жаулап алуды ойластырып, орыс қоныстарын орналастыра бастады. Өз мақсаттарына жету үшін қазақ жерін зерттейміз деген сылтаумен бекіністерін сала бастады.

3. Қазақстан 2010 ж. Еуропадағы Қауісіздік және ынтымақтас ұйымына және Ислам конференциясына төрағалық етуі. ИКҰ. Ислам Конференциясы Ұйымы 1969 жылы 25 қыркүйек айында мұсылман мемлекеттерінің қолдауымен құрылды. Аталған Ұйымға бүгінде 57 мемлекет мүше болып отыр. Сауд Арабиясының Джидда қаласында Ұйымның негізгі штаб-пәтері орналасқан. Мұсылман елдер арасындағы тыныштық пен бейбітшілікті сақтау барысында бірлесіп қызмет ететін Ұйымға Қазақстан халқы 1995 жылы мүше болды. 2011 жыл – Қазақстанның Ислам Конференциясы Ұйымына төраға болатын мағынасы тереңде жатқан жылдардың бірі. Төрағалық етуіміздің басты көздеген мақсаты – мұсылман елдерінің өзара қарым-қатынастарын тереңдетіп, олардың табиғи байлықтары мен адами құндылықтарын өз елдерінің мүдделеріне жұмсау қажеттілігін ескерту, тұрақты дамумен қамтамасыз ету болып табылады. ЕҚЫҰ саммитінде қақтығыс пен шиеленіске бет алдырып жатқан мемлекеттерге қолдау көрсету жағын қарастырған Қазақстан - Ислам Конференциясы Ұйымында діни бағыттар негізінде мәселе жүктеді. Мұсылман елдері саналатын Иран, Ирак, Ауғанстан мемлекеттеріндегі қақтығыстардың күннен-күнге үдеп бара жатқаны барша бауырларымызды ойландыратыны анық. Жаңа ғасырда иықтарына суық қару асынған мұсылман бауырлардың жағдайлары ендігі уақытта Қазақстан басшылық жасайтын ИКҰ жиынында кеңінен талқыланды.

ЕҚЫҰ. ЕҚЫҰ тарихында тұңғыш рет Қазақстан 2010 жылы төрағалық етуде. Мұндай шешім 2007 жылдың 30 қарашасында Испанияның астанасы Мадрид қаласында ЕҚЫҰ-ның сыртқы істер министрі кеңесінің отырысында қабылданған еді. Қазақстан кандидатурасын Ұйымға мүше 56 елдің өкілдері бірауыздан қолдады. Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағалығына сайлауы – біздің еліміздегі нарықтық экономика құру ісіндегі талассыз табыстардың даусыз дәлелі. Мұның өзі еліміздің халықаралық беделі мен Елбасы Н.Назарбаевтың әлемдік ауқымдағы көрнекті саясаткер ретіндегі мәртебесін нақтылыған тарихи маңызды оқиға. ЕҚЫҰ басшылығында болу мемлекетіміз қолға алған реформаларды тездете түсті. Ең бастысы – ЕҚЫҰ-ға төрағалық Президентіміз Н. Назарбаев ұлттың ұлы идеясы деп атаған асыл мақсатымызға жетуге, әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына қосылуды жеделдетуге септігін тигізгені сөзсізЕҚЫҰ төрағасы ретінде Қазақстан тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, халықаралық терроризмге қарсы тұру секілді мәселелерге ден қойды. Осы арқылы Қазақстан елдің беделін жалпыеуропалық сахнада нығайтуға және еуропалықтардың Орталық Азия еліне деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік алды.

 

БИЛЕТ

1.Ғундар. Ғунну державасынның құрылуы. Ғұндар туралы мәліметті негізінен қытай жазбаларынан аламыз. Олар Солтүстік Қытай, Алтай мен Жетісуға дейінгі аумақта, ал кейіннен одан әрі батысқа да таралып отырған. Олар 24 руға бөлінген. Әрбір рудың өзіндік көшіп жүретін жері болды. Жоғарғы билеушілері қытай деректерінде «шаньюй» деп аталған. Басқару жүйесі құқықтық жүйе болған. Б.з.д. 3-ғасырдың соңына қарай ғұндар бірігіп әскер түзеп, өздерінің мемлекетін құрды. Оларда бір одаққа біріктіру әйгілі Мөде шаньюйдің есімімен байланысты. Ғұндар қытайлармен көп соғысты. Олардың шабуылының жойқындылығынан қытай императоры ұлы қорғанды тұрғызуға мәжбүр болды. Б.з.д. 200 жылы Хань династиясы ғұндардан ойсырай жеңілді. Қытай императоры бейбіт келісім сұрап, қызын қалыңдыққа беріп, жыл сайын салық төлеп тұруға келісті. Б.з.д. 55 жылы ғұндар дағдарысқа ұшырап, солтүстік және оңтүстік болып екіге бөлінді. Оңтүстік бөлігі Қытай жерінде қалуға мәжбүр болды, ал солтүстік бөлігі Еуропаға қоныс аударады. Б.з. 4-ғасырында Батыс Еуропаға басып кіреді. Шығыс Рим империясының жеріне шапқыншылықтар жасайды. Дунай жағалауындағы римнің иеліктерін жаулап алады. Қазіргі Венгрия аймағында Батыс ғұн империясы құрылады. 433 жылы мемлекет тізгіні Атилланың қолына өтеді. Ол Еуропаның көптеген халықтарын бағындырып, бүкіл Еуропаны дүр сілкіндіреді. 453 жылы қайтыс болғаннан кейін Батыс ғұн империясы ыдырап кетеді.

2. 1916 ж.ұлт азаттық көтерілістің себептері,барысы,нәтижесі және маңызы. 1916 жылы 25 маусымда патшаның 19 бен 43 жас аралығындағы ер азаматтарын тыл жұмысына алу туралы жарлығы шығады. Бұл жарлық ұлт-азаттық көтерілісінің басталуына себеп болды. Стихиялық қозғалыстар бірте-бірте ұйымдасқан сипат алып, қарулы көтеріліске ұласып, оның ірі ошақтары пайда болды. Жетісу (Бекболат Әшекеев, Ұзақ Саурықов, Жәмеңке Мәмбетов). 17 шілдеде Жетісуда және Түркістан өлкесінде соғыс жағдайы жарияланып, ірі әскери күштер әкелінді. Б.Әшекеев Ошақты деген жерде болыстар өкілдерінің съезін шақырады. Съезде үкімет органдарына қарулы қарсылық көрсетуге дейін барып, бағынбауға шешім шығарды. Алайда, бұл әрекеттер жетістік бермейғ көтеріліс басып-жаншылды. 9 қыркүйекте Боралдай асуында Б.Әшекеев дарға асылды. Сот үкімімен Түркістанда 347 адам атылды, 168 адам каторгалық жұмысқа тартылып, 129 адам түрмеге жабылды. Торғай (Әбдіғаппар Жанбосынов, Амангелді Иманов, Әліби Жангелдин). Көтерілісшілер саны 50,000ға жетті. Торғай уезінің ханы болып Ә.Жа







Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 189. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Характерные черты немецкой классической философии 1. Особое понимание роли философии в истории человечества, в развитии мировой культуры. Классические немецкие философы полагали, что философия призвана быть критической совестью культуры, «душой» культуры. 2. Исследовались не только человеческая...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит...

Кран машиниста усл. № 394 – назначение и устройство Кран машиниста условный номер 394 предназначен для управления тормозами поезда...

Стресс-лимитирующие факторы Поскольку в каждом реализующем факторе общего адаптацион­ного синдрома при бесконтрольном его развитии заложена потенци­альная опасность появления патогенных преобразований...

ТЕОРИЯ ЗАЩИТНЫХ МЕХАНИЗМОВ ЛИЧНОСТИ В современной психологической литературе встречаются различные термины, касающиеся феноменов защиты...

Этические проблемы проведения экспериментов на человеке и животных В настоящее время четко определены новые подходы и требования к биомедицинским исследованиям...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия