Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

тақырып




Қысыммен жұмыс істейтін қондырғылар мен ыдыстарды пайдалануда сақталатын еңбек қауіпсіздігі, ( 1 сағат)

Тезистері –

Қысыммен жұмыс істейтін қондырғылар мен ыдыстардың классификациясы.

Қысым астындағы ыдыстар мен қондырғылардың апатқа және жарылысқа ұшырау себептері және салдары.

Бу қондырғыларын пайдалануда қауісіздікті қамтамасыз ететін негізгі шаралар. Қысыммен жұмыс істейтін қазандар мен системаларды орнататын бөлмелерге қойылатын талаптар.

 

Қысыммен жұмыс істейтін қондырғылар мен ыдыстарды пайдалануда сақталатын еңбек қауіпсіздігі.

ҚР Мемлекеттік қалалық техникалық қадағалау органының « Қысыммен жұмыс істейтін сауыттар орнату және қауіпсіз пайдалану ережелерімен », артық қысыммен істейтін сауыттарды ( цистерналар, бөшкелер, балондар) орнату, дайындау, қайта құру, жөндеу, жыйнау және пайдалануды жобалау талаптары анықталған.

Сауыт дегеніміз – химиялық, жылылық немесе басқадай технологиялық процесстерді жүргізуге , сонымен қатар газға ұқсас, сұйық және басқа заттарды сақтауға және тасымалдауға арналған герметикалық жабық ыдыс.

Балон дегеніміз – бір немесе екі мойны бар қысыммен сығылған, сұйықталған немесе ерітілген газдарды тасымалдауға, сақтауға және пайдалануға арналған вентилді, фланцыларды немесе штуцерлерді орнататын сауыт.

Бөшке дегеніміз - бір жерден екінші жерге домалатылатын, қосымша тіреусіз тігінен қойылатын сұйық және басқа заттарды тасымалдауға және сақтауға арналған цилиндірлі немесе басқа формалы сауыт.

Цистерна дегеніміз –темір жол вагонының рамасына, автомобильдің шассиына (тіркемесіне) немесе басқадай жылжымалы құралдарға орнатылған газға ұқсас, сұйық және басқадай заттарды тасымалдауға және сақтауға арналған жылжымалы сауыт.

Штуцер дегеніміз – құбырларды, құбырлар арматураларын және өлшеп- бақылау аспаптарын сауыттарға жалғауға арналған элемент.

Өрттен қорғану ережелері температурасы 115º С жоғары судың қысымымен жұмыс істейтін, немесе қайнау температурасынан артық температурасы бар басқа сұйықтар кұйылған сауыттарға; будың немесе газдың 0,07 МПа қысымында жұмыс істейтін сауыттарға; қысымдары 0,07 МПа –дан жоғары сығылған, сұйықталған және ерітілген газдарды тасымалдауға және сақтауға арналған балондарға, цистерналарға және бөшкелерге тарайды. Төмендеу қысыммен жұмыс істейтін және аздау қауіптілігі бар сауыттарды құрау, жөндеу және пайдалану талаптары завод нұсқауларымен анықталады.

Сауытардың конструкциясы есептелген жұмыс істеу мерзімі бойынша беріктікті, пайдалану ұзақтығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек және техникалық куәләндіруді, тазалауды, жууды, толық босатуды, үрлеуді, жөндеуді, метал мен қоспаларды пайдаланудың бақылауын өткізуге мүмкіншілік қарастырады.

Сауыттарды дайындағанда, құрғанда және пайдаланғанда бақылау үшін пісіру тігістерінің жолдары ашық болу керек. Олар радиография немесе ультрадыбыс дефектоскопия әдісімен 100%-тік көлемде бақылаудан өтеді. Барлық пісірілген тігістерге таңба қойылады. Ультрадыбысты дефектоскоп және радиографиялық бақылау пісірілген қосылыстардың ішкі ақауларын (жарылған, толық пісірілмеген, шлакты қоспалар және басқалары) табу мақсатында өткізіледі.

Сауыттарды қауіпсіз пайдалану және жұмысын басқару үшін, олар келесі бұйымдармен қамтамасыз етіледі: қорғаныс немесе тиекті-реттеу арматурасы, қысымды және температураны өлшейтін аспаптар, сақтық құрылғылар, сұйықтың деңгейін көрсеткіштер. Барлық сауыттарда, оларды ашу алдында қысымның жоқтығын бақылауды қамтамасыз ететін вентиль, кран немесе басқадай құрылғылар қарастырылады.

Жарылғыш, өртенгіш заттарға, 1 және 2-классты қауіптілігі бар заттарға арналған сауыттар, насоспен немесе компрессормен жалғану жолында, сауыттағы қысым әсерінен автоматты жабылатын қайтару клапанмен жабдықталу керек.

Әрбір сауыт тікелей әсерілі манометрлермен камтамасыз етіледі. Манометрдің шкаласында, сауыттың жұмыс қысымын көрсететін, қызыл сызық түсірілуі керек. Бақылау алаңының деңгейінен 2 м жоғарлықта орнатылған әрбір манометрдің диаметрі 100 мм-ден кем болмау керек, ал 2-ден 3 м-лік биіктікте – 160 мм-ден кем болмау керек.

Манометр қолданылмайды, егер:

- манометрде пломба немесе тексеру өткізілген белгі болмаса; тексеру мерзімі өтіп кеткен болса;

- манометрді айырған кезде оның тілі, шкаланың нольдік көрсеткішіне, мөлшері сол аспаптың мүмкіндік қателігінің жартысынан астамынан қайтпаса;

- әйнектері сынған немесе зақымданған, өйткені дұрыс көрсетпеуге әсер етсе.

Манометрлерді пломбалау немесе таңбалау тексерулері кемінде 12 айда бір рет өткізіледі.

Әрбір сауыт қысымның жоғарғы шектік мөлшерінен аспауын қадғалайтын қорғаныс құрылғыларымен жабдықталады. Қорғаныс құрылғылары ретінде қолданылатын бұйымдар: серіппелі қорғаныс клапандар; тетіктік-жүктік қорғаныс клапандар; негізгі қорғаныс клапаннан және тікелей әсерлі, басқарылатын шабытты клапаннан тұратын шабытты қорғаныс құрылғылар; бұзылғыш мембраналары бар қорғаныс құрылғылар. Қорғаныс құрылғылары қарауға, жинауға және бұзуға қолайлы ашық және қол жетерлік жерлерде орналастырылады.

Сауыттар ашық алаңдарда, адамдар жиналмайтын жерлерде, немесе жеке тұрған ғимараттарда орналастырылуы керек.

Қысыммен істейтін сауыттар, жұмысқа жіберу алдында Мемлекеттік қалалық техникалық бақылау органдарында тіркелуі керек. Егер, сауыттар орын ауыстырса, иесі ауысса және жұмыс істеу схемасы өзгертілсе, онда да бақылау органдарында тіркелулері керек. Сауытты пайдалануға беру тіркелуден өткеннен кейін аттестацияланған күтуші қызметкерлер болса ғана рұқсат етіледі.

Сауыттарды күтуге 18 жасқа толған, медициналық куәләндірілуден өткен, тиісті программада оқытылған, аттестацияланған және сауытты күтуге қақылы куәлігі бар адамға рұқсат етіледі. Ондай қызметкерді дайындау және білімін тексеру Мемлекеттік қалалық техникалық бақылау органдарынан алынған рұқсаттары (лицензиялары) бар кәсіптік – техникалық училищеде, оқулық-курстық комбинаттарда жүргізіледі. Қызметкерлердің мерзім аралық білімін кезексіз тексеру, жұмыста үзіліс болса 12 айда бір рет өткізіледі. Білім тексеруден өткен қызметкер өздігінше жұмыс істеуге сынау мерзімінен кейін жіберіледі.

 

Сауыттардың ақаусыздығына және қауіпсіз жұмыс істеуіне мекеме бұрығымен жауапты адам, сонымен қатар сауыттардың техникалық жағдайларын және пайдалануын бақылайтын адам тағайындалады. Ондай адамдардың міндеттер: сауыттарды тексеру; кезекшінің журналына күнделікті жазбаларды тексеру; сауыттарды техникалық куәләндіруге қатысу; цикл тәртібінде жұмыс істейтін сауыттардың циклді толтырылуын есептеу; қызметкерлердің квалификациясын көтеру үшін арнайы жұмыстар жүргізу.

 

Сауыттатрды іске қосу схемалары қызметкердің жұмыс орнында болу керек. Сауыт бірден тоқтатылуы керек, егер: қызметкердің қолданған шараларына қарамастан сауыттағы қысым мүмкіншіліктен артық көтеріліп төмен түспесе; сауыттарда саңылаулар байқалса, төсемдері жыртылса; манометрдің ақауы болса т.б. Сауытты апатты тоқтату және іске қайта қосу тәртібі әрекеттегі нұсқауларда көрсетілуі керек.

Сауыттың ішінде істеген жұмыстарда ( ішін тексеру, жөндеу, тазалау және т.б.) кернеуі 12 В-тан жоғары емес, қауіпсіз шамдар қолданылуы керек. Керекті жағдайларда ауа ортасында зиянды және басқадай заттардың болмауын талдау қажет.

Темір жол цистерналарының жоғарғы жағында диаметрі 450 мм-ден кем емес люк және цистернаның екі жағында, люктың қасында темір саты болу керек. Цистерналарда сұықты құйатын және төгетін сифонды құбырғысы бар вентильдер болу керек.

Цистерналар мен бөшкелерді тек қана соларды тасуға және сақтауға арналған газдармен толтыру керек. Жауапты қызметкер цистернаны немесе бөшкені ұқыпты түрде тексеріп қортындысын журналға жазады.

Тұтұнушы цистернаны, бөшкені босатқаннан кейін онда, 0,05 МПа –дан кем емес артылған қысымды газ қалдыруы керек. Цистерна мен бөшкені сұйықталған газбен толтыру нормасы 22-ші кестеде қорсетілген.

Цистерна мен бөшкені сұйықталған газбен толтыру нормалары.

22-ші кесте.

Газдың аты Цистерна мен бөшкеднің 1 л сыйымдылығындағы газдын салмағы, кг, көп болмауы керек. Цистерна мен бөшкенің 1 кг газға сыйымдылығы л, кем болмауы керек
Азот 0,770 1,30
Аммиак 0,570 1,76
Бутан 0,488 2,05
Бутилен 0,526 1,90
Пропан 0,425 2,35
Пропилен 0,445 2,25
Фосген,хлор 1,250 0,80
Оттегі 1,080 0,926

Сыйымдылығы 100 л жоғары балондарға қорғаныс клапандар орнатылады. Оттегі бар балондардағы вентильдердің бұрандасы тығыз материалмен орналыстырылады, оттегі бар ортаның жанбауы үшін.

Балондардың сырты ішіндегі газға байланысты әр түрге боялады.(23 кесте).

Газды балондардың бояу түрі мен сақтандыру жазбалары.

23-ші кесте

Газдың аты Балондардың түрі Жазбаның тексті Жазбаның түрі Сызбаның түрі
Азот Қара Азот Сары Қоңыр
Аммиак Сары Аммиак Қара Қоңыр
Техникалық аргон Қара Техникалық аргон Көк Көк
Таза аргон Сұр Таза аргон Жасыл Жасыл
Ацетилен Ақ Ацетилен Қызыл Жасыл
Бутилен Қызыл Бутилен Сары Қара
Мұнайлы газ Сұр Мұнайлы газ Қызыл Қара
Бутан Қызыл Бутан Ақ Қара
Сутегі Күнгірт-жасыл Сутегі Қызыл Қара
Ауа Қара Тығыз ауа Ақ Қара
Гелий Қоңыр Гелий Ақ Қара
Азот қышкылы Сұр Азот қышқылы Қара Қара
Оттегі Көгілдір Оттегі Қара Қара
Сұр сутегі Ақ Сұр сутегі Қызыл Қызыл
Күкіртті ангидрит Қара Күкіртті ангидрит Ақ Сары
Көмірқышқыл Қара Көмірқышқыл Сары Сары
Фосген Қорғаныс Фосген Сары Қызыл
Фреон-22 Алюминий Фреон-22 Қара Екі сары
Хлор Қорғаныс Хлор Қара Жасыл
Этилен Күлгін Этилен Қызыл Жасыл
Басқа жататын газдар Қызыл Газ аты Ақ Жасыл
Басқа жанбайтын газдар Қара Газ аты Сары Жасыл

Балонның жазуын 1/3 шеңбер бойы, ал сызықтарды бүкіл шеңбер бойы

жазады.

Газды балондар бір қабатты ғимараттарда сақталады. Ғимараттардың биіктігі 3,25 м-ден кем болмауы керек. Терезелер мен есіктер сыртқа ашылуы керек. Склад бөлмелерінде 500 балоннан көп сақтауға болмайды. Бөлмелерін жанбайтын материалдармен бөледі. Эр бөлмеде шығатын бөлек есік болу керек.

Негізгі окулықтар: 1,2.

Қосымша окулықтар: 7,8,9,10.

 


14-ші тақырып. Өндірістік жабдықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Өндірістік жабдықтарға және процесстерге қойылатын қауіпсіздік талаптар. Тиеп-түсіретін жабдықтарға қойылатын қауіпсіздік талаптар. Машиналар мен механизмдердің орнықтылығын қамтамасыз ету.

Өндірістік жабдықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Аса қауіпті жұмыстарға жататындар: электр қондырғыларын, қысыммен жұмыс істейтін қазандар мен сауыттарды пайдалану және жөндеу, газ шаруашылығын және тиеп-түсіру мен лифтерді күту, жоғарыда жұмыс істеу, электрлі-газды күйдіру, тиеп-түсіру операцияларын орындауда, радиоактивті заттарды, қопарылғыш материалдарды, пиротехникалық құрылғыларды қолдану әрекеттерінде.

Оқыту жұмыстары мекеменің басшысының, еңбек қорғау қызметкерлерінің және кәсіподақ комитетінің келісімінен кейін бекітілген программалар бойынша жүргізіледі де теориялық білімдер мен практикалық дағдыларын тексерумен аяқталады. Сынақтан өткен қызметкерге өте қауіпті жұмыстарды атқаруға рұқсат етілетін құжат беріледі.

Өте қауіпті жұмыстарға наряд – допуск беріледі. (Әрекеттегі электр қондырғыларының жұмыстары, жүк тиеу крандарын жөндеу, газ таратқыш пунктерін және газ тұғырындарын тексеру мен жөндеу, қазандарды жөндеу және т.б.).

Наряд-допуск – ол жұмыс жасауға тапсырма берілгендегі белгілі формадағы арнайы дайындалған бланк. Онда жұмыстың мазмұны, орны, басталу және аяқталу уақыты, қауіпсіз орындалу шарттары, бригада құрамы және жұмысты орындауда қауіпсіздікке жауапты адам көрсетіледі.

Жүк көтергіш машиналарды басқаруға жасы 18-ге толған, медициналық куәләндіруден өткен, арнайы оқу бітірген және тиісті құжаты бар адам жіберіледі.

Жүк көтеруші машиналар жұмыс атқару процесстерінде келесідей техникалық куәләндірулерден өткізіледі: бірен-саранды, кемінде 12 айда 1 рет, толықтық және кемінде 3 жылда 1 рет.

Жүк көтергіш машиналарын толық техникалық куәләндіруден өткізгенде текскріледі:

барлық механизмдері және көтеруші конструкциялары;

машинаның беріктігін және жүгімен аударылуға қарсы орнықтылығын машинаның жүк көтергіш шамасынан 25 пайыздан астам жүкпен, статикалық сынау;

механизмдері мен тежеуіштерін тексеру үшін машинаның жүк көтергіш шамасынан 10 пайыздан астам жүкпен динамикалық сынау.

Техникалық куәләндірудің қорытындылары келесі куәләндірудің уақыты мен қоса машинаның паспортына жазылады, ал кранға кестеше орнатылады.

Домкраттарды техникалық куәләндіргенде паспортта көрсетілген жүк көтеру шамасынан 10 пайыздан аспайтын, тек қана статикалық күшпен сынайды. Сынау мерзімі – 12 айда 1 рет.

Аспалы жүк ілгіш жабдықтар жасап шығарылғаннан кейін сол заводта техникалық сынаудан өтеді. Оларды жүк көтергіш щамаларынан 25 пайыздан астам күшпен тексереді және сынайды.

Пайдалану процесстерінде жүк ілгіш құрал-жабдықтар үнемі тексерілулері керек:

аспалар, строптар, ілгектер, карабиндер – 10 күн сайын;

қысқыштар, іліп-алғыштар және басқадай ұқсас жабдықтар – 1 ай сайын;

әр түрлі траверстер – 6 ай сайын.

Кабель оралған барабандарды тиеу және түсіру жұмыстары механикаландырылған тәсілмен жазық жерде атқарылады; егер еңіс жер болса барабандардың астына қойылатын тіреулер қолданылады.

Әрекеттегі күш кабельдерін жылжыту және жоғары асу жұмыстары тек қана диэлектрикті қолғаптар мен диэлектрикті галоштарды пайдаланып, кабельдерді ажыратқаннан кейін, және оларды электр жүйесі маманының қатысуымен жерге разрядтағаннан кейін орындалады.

Талшықтарында ара-қашықтықты тоқпен жабдықталатын кабельдердегі жұмыстар тек қана мекеме бастығы немесе бас инженер берген ара-қашықтық тоқпен жабдықтауға және бітіру уақыты көрсетілген рұқсат нарядтармен орындалады. Бұл жұмыстар кемінде екі жұмысшымен істелінеді.

Кернеуді босатқаннан кейін кабельді тоғынан айыру керек, индикатормен кабельдің екі басында кернеудің жоқтығын тексеру керек, сонсоң келесі түрдегі плакатты іліп қою керек: ( Қоспаңдар! Адамдар жұмыс жасап жатыр!). Ара-қашықтықтық тоқтан айырғаннан кейін телебасқару орнында және байланысты да үзу керек.

Ауыспалы тоқта электрлік тарту күшпен істейтін учаскелердегі магистральді кабель бойында белгі және байланыс жұмыстары кемінде екі адаммен орындалу керек.

Жабдықтардың қапшығын алу кезінде, кернеуді айыруды қамтамасыз ететін ара-қашықтықтың тізбегіне тоқ беруді блокадалау жұмыстары кемінде айына бір рет тексерілуі керек.

Кабельдік және аспалы байланыс жолдарындағы кірісті және кірісті-сынаушы тіреушелердің, ара-қашықтыққа тоқ беру тіреушелерінің, тоқ таратқыш тіреулердің алдарында резинадан жасалған диэлектрлік төсеніштер болу керек.

Тоқ тізбектерінде қолмен ұстайтын бөлшектерде изоляцияланған имектер, немесе изоляцияланған тұрқыларда қосақ айырлар қолданылуы керек. Кернеуленген штифтер изоляцияланған түтіктердің ішіне алынулары керек.

Алдын-алу жұмыстары және аппараттарды жеңіл-желпі жөндеу жүмыстары кернеуден тек қана толық айырғаннан кейін орындалады.

Жұмыс орындарын аттестациялау мақсатына кіретіндер:

- жұмыс орындарындағы қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың нағыз мағыналарын анықтау;

- жұмыс орындарындағы еңбек шарттарының дұрыстығын бағалау;

- зиянды және ауыр еңбек жағдайларында жұмыс атқарғаны үшін жеңілдік пен орнына төлеу қажеттілігін белгілеу;

- еңбек шарттарын жақсарту және қалпына келтіру шараларын зерттеп дайындау.

Еңбек шарттарына қарай жұмыс орындарын аттестациялауды мекеменің аттестациялық комиссиясы өткізеді.

Аттестацияны өткізгенде келесі кезеңдер есепке алынады:

- жұмыс орындарында ҚӨФ және ЗӨФ нағыз мағыналарын анықтау;

- жұмыс орындарындағы еңбек шарттарының дұрыстығын бағалау;

- еңбек шарттарын жақсарту және қалпына келтіру шараларын зерттеп дайындау.

Қорытындылары тиісті құжаттармен жинақталып, соның негізінде мекемеде еңбек шарттарын жақсартуға арналған шараларға жоспар құрылады.

Негізгі оқулықтар: 1, 2, 3.

Қосымша оқулықтар: 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10.

 

 


Поможем в написании учебной работы
Поможем с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой





Дата добавления: 2015-03-11; просмотров: 1861. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2022 год . (0.028 сек.) русская версия | украинская версия
Поможем в написании
> Курсовые, контрольные, дипломные и другие работы со скидкой до 25%
3 569 лучших специалисов, готовы оказать помощь 24/7