Студопедия — Лексикалық жүйенің экспрессивтік стилистикалық құрылымы.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Лексикалық жүйенің экспрессивтік стилистикалық құрылымы.






 

Тілдегі экспрессивтілікті жеткізуші құралдардың қатарына сөз жатады. Сөйлеу барысында сөз сөйлеуші туралы фактуалды және эмоционалды-экспрессивтік ақпараттарды жеткізіп тұрады,18 қалыптасқан мағынасынан тыс қосымша мағыналарды жеткізуге қатысады. Сөз мағынасы нақты контекст жағдайында түрлі стилистикалық аспектіде көрініп, бағалауыштық, мәнерлегіштік, функционалдық т.б. экспрессивтік мағыналарды жеткізу құралына айналады. «Лексикалық құралдардың экспрессивтік стилистикасы. Синонимия». Тілдің синонимиялық ресурсын, олардың коммуникативтік мәнерлілік маңызын және саралануын зерттеу лингвостилистиканың негізгі міндеті деп қарауға болады. Кейбір зерттеушілер стилистиканы тікелей «тілдің синонимиялық құралы туралы ғылым» деп қарайды. Тіл біліміндегі лексикалық синонимияға қатысты ғылыми көзқарастарды топтастыра келе, лексикалық синонимия құбылысы туралы анықтаманы мынадай екі топта қарастыру мүмкін болады: 1. Синонимдер дегеніміз – әртүрлі айтылатын, мағынасы жағынан жақын, бірақ өзара тең емес сөздер (А.М.Земский, С.Е.Крючков, М.В.Светлаев, А.М.Финкель, Н.М.Баженов, А.И.Ефимов, А.Н.Гвоздев т.б.). 2. Синонимдер дегеніміз – ақиқат өмірдегі бір құбылысты білдіріп, мағына реңкі, стилистикалық қатыстылығы жағынан айырмашылығы бар сөздер (Р.А.Будогов, Н.М.Шанский, Е.М.Галкина-Федорук). Лексикалық синонимияға қатысты берілген анықтамалар бір-біріне кереғар деуге келмейді. Себебі екі анықтама да бірін-бірі толықтырып, анықтап тұр. Алғашқы анықтамадағы мағынасы жақын болып, бірақ өзара тең болмау себебі екінші анықтамада мағына реңкі, стилистикалық қатыстылығы жағынанан тең болмайтындығы нақты көрсетілген. «Синонимдердің стилистикалық қызметі». Бүгінде синонимдерді топтастыру туралы теориялар жан-жақты толықтырылды. Синонимдерді анықтау және топтастыру туралы ғалымдар көзқарасы әртүрлі. Жұмыста синонимдерді анықтау, топтастыру туралы қазақ, орыс тілі білміндегі көзқарастар талданады. Синонимдердің атқаратын негізгі стилистикалық қызметі – ерекшелеп айтылатын ойды нақтылауға көмектесу. Әдетте сөз-синонимдер мен стилистикалық бейтарап синонимдердің қайталанып келуі ойды неғұрлым толық, дәл жеткізуге қызмет етеді. «Лексикалық құралдардың антонимиясы». Антонимдерге қатысты айтылып жүрген ұғымдардың бірі – энантиосемия. Бұл құбылыс көпмағыналы сөздерде байқалады. Көпмағыналы сөздің өзі өз ішінде қарама- қарсы мәндерге ие болуы мүмкін. Мысалы, қайту сөзінің семантикасында «аурудың үшінші күн дегенді беті қайтты» дегендегі өмірге оралу мағынасы және «ауру үшінші күн дегенде дүниеден қайтты» дегендегі жан тәсілім қылу мағынасы бар. Антонимдердің сөйлеудегі стилистикалық қолданысы сан түрлі. Қай тілде болсын бір-бірімен жұп құрайтын, өзара қарама-қарсы мағынада және қатынаста тұрып біртұтас ұғымды жеткізетін сөздердің мол лексикалық қоры бар. Бұл сөздердің шығу тегіне қарай табиғатында бойына біткен қарама- қарсы дүниетанымның екі жақ қырын бейнелейді. Өмірдің өзі қарама- қайшылықтардың күресі дейтін болсақ, осындай өмір философиясынан туған сөздер тілде антонимдер арқылы бейнеленеді. Синонимияға семантикалық жағынан ұқсастық тән болса, антонимияға – семантикалық айырмашылық тән. Антоним көркем сөйлеуде көркемдік құралы ретінде қолданылады. Синонимия, антонимия, полисемия, паронимия, парономазия арқылы берілген экспрессивтілік пен автордың бағалау қарым-қатынасы энантиосемиялық номинацияның белгілері болып табылады. Ол сөздің потенциалды мүмкіншіліктерін анықтап, тілдің екі бастауының логикалық және эмоционалдық-органикалық бірлігін көрсетеді.

 

 

3. О. Бөкейдің «Жетім бота» повесіндегі эмоционалды-экспрессивті лексика.

 

Тілімізде сөздер өзінің экспрессивтілігі-эмоционалды бояуы жағынан әр түрлі болып келеді. Эмоция сөзі психологияда жағымды не жағымсыз реакция, субьективті психологиялық үдеріс болып табылады. Эмоция сөзіне беріліп жүрген анықтамаларға тоқталатын болсақ: «Эмоциялар – адамның қоршаған ортаға және өз-өзіне деген қатынасын толғануы, ақиқат шындықты сәулелендіру формаларының бірі», «Эмоциялар – организмнің субъективті айқын бояуы бар және адамның сезініс, толғаныстарының барлық түрін қамтитын физиологиялық жай-күй», «Эмоциялар – адамның болмысты толғауын сипаттайтын психикалық процестердің негізгі қырларының бірі».

Эмоцияны психикалық процесс қана деп түсінуіміз қателік. Жалпы, сөздер зат, құбылысты, олардың белгі-қасиетін, болмаса іс-әрекетін ғана атап білдіріп қоймайды, сонымен қатар адамның сезіміне әсер ететіндей белгілі бір стильдік мәнге ие болып отырады. Адамның сезіміне әсер ететін сөздер тобы экспрессивті-эмоционалды лексика деп аталады.

Экспрессивті-эмоционалдық сөздер көп жағдайда көркем әдебиет стилінде жиі қолданылатын құбылыс. Әрбір жазушы өзінің көркем шығармасында белгілі бір образ жасау барысында бейнелеу құралының осы түрін пайдалануға тырысады. Экспрессивті-эмоционалды сөздер тек көркем әдебиетте ғана қолданылады деген сыңаржақ ой туындауы мүмкін. Эксперссивтік бояуы бар сөздер сонымен қатар публицистикалық, сөйлеу стильдерінде де барынша ерекшелене түседі. Экспрессивті және эмоционалды бояуы бар сөздерді қолданудың мәні де ерекше.

Мәселен, Таң атты деген сөйлемнен Таң арайлап атты деген сөйлемнің ара-жігін салыстыратын болсақ, алғашқысы – ақпараттық, соңғысы – эмоционалдық мағынада айтылып тұрғанын байқау қиын емес.

Жоғарыда айтып кеткеніміздей, көркем туындыда эмоция мен экспрессиялық бояуы бар сөздер жиі кездесіп отырады. Ал публицистикалық шығармаларда эмоция мен экспрессивтілікті жеткізу мүмкіндігі шектеулі болып келеді. Дегенмен де, шебер публицист өзінің қаһарман кейіпкерінің адамгершілігін, қоғамдық- әлеуметтік, саяси өмір шындығын нақты суреттей алады. Сондықтан да көркем публицистикалық туындының өзінде де шынайы да көркем образ жасау мүмкіндігі бар деген сөз.

Көптеген ғалымдар экспрессия және экспрессивтілік терминін тек синоним түрінде ғана емес, сонымен бірге өзара алмаса алатын лексикалық дублет түрінде де қарастырады. Бұл А.П.Горбунова, Ю.Д.Каражаева, А.Д.Кулова, И.И.Туранский, Л.М.Васильев және басқа ғалымдардың зерттеулерінде айтылады. Н.А.Лукьянова, В.Н.Цоллер, В.Н.Гридиннің еңбектерінде бұл ұғымдар өзара тең емес, екі түрлі ұғым ретінде анықталады. Тілдің лексикалық бірлігінің экспрессивтік қасиетін зерттеген Н.А.Лукьянова осы екі түсініктің ерекшеленуін былайша түсіндіреді: «экспрессивтілік экспрессия түсінігіне негізделеді. Бірақ «экспрессия объективтік шынайылық деңгейіне жатады. Экспрессия сөзінің өзі тілден тыс нәрсені білдіретін болса, «экспрессивтілік» тілдік... бірліктің кейбір қасиеттерін көрсететін лингвистикалық термин». Ғалымның ойынша, «объективтік экспрессияға» іс-әрекеттің қарқындылығы, күйі, белгісі, бет-әлпеттің, заттың, құбылыстың «сандық-сапалық» сипаттамасы жатады, экспрессивтілік – тілдік бірліктің әлеуеттік мүмкіндігі, іс-әрекеттің, құбылыстың, заттың, белгінің сипатын, оның сандық-сапалық қасиетін білдіреді.

В.Н.Цоллер экспрессияны функционалды, прагматикалық категорияға және сөз деңгейіне жатқызады, ал экспрессивтілік тіл деңгейіне жататын семантикалық категория дейді. Осындай шектеуді О.С.Ахманованың «Лингвистикалық терминдер сөздігінен» көруге болады: «Экспрессивтілік – экспрессияның барлығы... Экспрессия – кәдімгі тілден ерекшелендіріп тұратын және оған өзіндік үлгі мен эмоционалды бояу беріп тұратын сөздің айқын көркемдік қасиеті». Тілтанудың энциклопедиялық сөздігінде бұл категория төмендегідей жүйеленген: «Экспрессивтілік – тіл бірлігі белгілерінің семантика-стилистикалық жиынтығы, ол тілді коммуникативті актіде сөйлеушінің сөз мазмұнына немесе сөз адресатына қатысты субъективті айқындылығының құралы ретіндегі қасиетімен айқындалады. Тілдің экспрессивті құралын, бірлестігін және өзара қарым-қатынасын белсендендіру нәтижесінде сөз сөйлеушінің психикалық күйін айқын көрсетуге қабілеттендіретін экспрессияға ие болады.

О. Бөкеев – ұлттық өмірімізден тарихи-психологиялық, әлеуметтік шығармалар жазып, қазақ әдебиетінде ерекше із қалдырған бірегей суреткер.

Жазушы қаламынан туған «Мұзтау», «Қар қызы», «Жетім бота», «Атау керек» сынды повестер мен шағын әңгімелерінің өзі – мәңгілік мәселелерді көтерген әлемдік әдебиеттегі озық шығармалармен деңгейлес туындылар.

С. И. Абакумов: «Айтылатын ойдың әр түрлі реңдерін интонация арқылы соншалық биязы да мәнерлі жеткізуге болады, себебі интонация – тіпті бір керемет әр алуан әрі бай құбылыс», - деп көрсетеді.

Ал профессор В. А. Артемов «Сақ болыңыз» деген сөйлемді әр түрлі мазмұнда айтқанда, оның 22 түрлі интонацияға құбылғанын жазса, профессор А. Н. Гвоздев: «Интонация жазғанда кейде, қалам маңайлай алмайтын, әсіресе, эмоциялық және экспрессивтілік сипаттағы, реңдерді бере алады, - дейді. Ағылшынның ұлы драматургы Бернард Шоу: «Иә» деп айтудың елу, «жоқ» деудің бес жүз тәсілі бар, ал оларды жазу тәсіліміз – біреу ғана», - дейді.

Мысалдар: Содан соң Тасты бас салып жұлмалай жөнелді.

1. Елім-ау, жұртым-ау, қайдасыңдар, қорлады ғой, зорлады ғой. Көмектесіңдер, ойбай! Помогите ей люди! [9, 384] – Жалған!- шаңқылдады келіншек. – Тас деген ат болмайды [9, 385]. – Оңбағанды босатасың, жазықсызды жазалайсың, а? Үстіңнен управлениеге арыз беремін.

Зерттеуші Н. А. Лукьянова: «Экспрессия мен эмоция өзара байланысты, осы негізде эмоция экспрессив негізінде пайда болған, ол екінші деп түсіндіре келе, экспрессивтілік кең мағынада тілдік бірліктердің семантикалық қасиеттерінің негізінде көрініс бере отырып, сөйлемнің көркемдеуші құралы болып табылады»,- дейді.

«Тілдегі экспрессивтілік пен эмоционалдық элементтерді айыра білу қажеттілігі, олардың ара байланысы мен ара әсеріне қарамастан, функциялық міндеттерінің әр түрлілігінен туады... Тілдегі эмоционалдықты экспрессивтілікпен бір деп қарамау керек. Бұлар әр түрлі құбылыстар». Мысалдар: Пайғамбар жасына келгенде сақалды басыммен жалған айта алмаймын. Ей, қақбас, сақал текеде де бар, жоқтан өзгеге саудаламай-ақ қой. Албасты-ау, үйдің астында қыңсылап жатқаныңда қол ұшын берейін деп барған жігітті нақақ неге күйдіресің?. Дүние ақ сүтке шомылып, аста-төк мол қуанышқа кенеліп, жарылқанып жатты. Жанарымнан жас сауғалаған сәулетші ақыл-есінен айырылғандай ешбір қимыл-әрекетсіз мелшиіп тұра берді.

Бірінші сөйлемдегі қақбас, албасты деген сөздер эмоционалды реңді, ал екінші сөйлемдегі аста-төк мол қуаныш тіркесі эмоционалды мәнді. Үшінші сөйлемде мұндай сөздер бар ма? Жоқ, тек «жанарынан жас сауғалаған сәулетші ақыл-есінен айырылғандай» деген теңеу сияқты экспрессивті рең ғана бар. Олай болса, бұл мысалдардан да тілдегі эмоционалдық пен экспрессивтілік дегеннің екі түрлі құбылыс екені көрінеді.

Қазақ тіл білімінде эмоционалды лексика жайында алғаш сөз еткен І. Кеңесбаев пен Ғ. Мұсабаев сияқты ғалымдар эмоционалды лексиканы екі топқа бөліп қарастырады: а) эмоционалды мәні бар сөздер; ә) кішірейту, аялау, үлекейту немесе құрметтеу мағынасындағы аффикстердің жалғануы арқылы пайда болған сөздер.

Ал Ә. Болғанбаев пен Ғ. Қалиев өздерінің «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы» атты еңбегінде эмоционалды- экспрессивті лексикаға мынадай анықтама береді: «Сөздер зат, құбылысты, олардың белгі-қасиетін, болмаса іс-әрекетін ғана атап білдіріп қоймайды, сонымен бірге адамның сезіміне әсер ететіндей стильдік мәнге ие болады. Адамның сезіміне әсер ететін сөздер тобы экспрессивті-эмоционалды лексика деп аталады».

Жалпы алғанда, эмоционалды деп қандай сөздерді айтамыз? Қабылдануында адам көңілінде жағымды не жағымсыз реакция тудыра алатын сөздерді эмоционалды деп атаймыз. Мысалға алатын болсақ: Мас адамның, оның ішінде долданған әйелден қарулы ештеңе жоғына әбден көзі жеткен Тас жағасына жармасқан айғыз бет келіншекті сүйрей қонақ үйдің табалдырығына ілікті. «Масқара- ай, пәле болды-ау».

Тас: «Уһ, құтылдым- ау»,- деп демін ауыр алып еді.

Осындағы сөйлемдердегі долданған әйел, жағасына жармасқан айғыз бет келіншек, масқара-ай, пәле болды-ау сөздерінің семантикасына қарай әсер етуі бірдей емес. Бұлар белгілі бір жағымды не жағымсыз реакциямен қабылданады. Негізінен, табиғаты эмоционалды болып келетіндер – одағайлар мен алғыс және қарғыс мәнді сөздер болып табылады. Мысалы: Астапыралла! – деп жүрегін ұстады кезекші шал. – Лағынет! Лағынет! – келіншекті шапалақпен осып жіберді – құры сайтанның сапалағы.

Экспрессивтік- эмоционалды лексика әр түрлі жолмен пайда болған:

А) бірқатар сөз ешбір қосымшасыз-ақ жеке тұрып эмоционалдық бояуға ие болып тұрады. Мысалы: масқара, әттең, тамаша, шіркін, ғажап, тағы басқа Мысалы: – Ғажап екен!- деді басын шайқап. – Ғажап екен. – Керемет екен,- деді қыз сүйсіне тыңдап.

Ә) морфологиялық жолмен пайда болған эмоционалды сөздер еркелету, менсінбеу, елемеу, кішірейту, тағы басқа қосымшалары арқылы жасалады. Мысалы: құлыншақ, ботақан, інішек, балақай, ағеке, ағатай. Экспрессивті- эмоционалды сөздер бұдан басқа фонетикалық жолмен (дауыс ырғағы, пауза арқылы) жасалады. Мысалы: Қақаған аязда үстіме бір шелек су құя салғандай немесе түшіркене ұйықтап жатқанымда қойныма сұп-суық жыланда салғандай-ай-ай-ай... ай... ай.... Ай-ай!

Сонымен қорыта келе, эмоция ол – қоршаған ортадағы әсер тудырушы ақпараттарды сезімге апаратын саты. Ол – сезім күйі мен оның қысқа мерзімді айқын көрінісі, жан дүниесінің жандануы мен тіршілік ағымында айтарлықтай маңызы бар психикалық үдеріс. Эмоция мен экспрессия сөздерінің екеуі де эмоцияның қатысуымен, яғни даму жолында бастау бұлағын адамның эмоциясы арқылы шыққан сөздерден алатын болып табылады.

О. Бөкейдің «Жетім бота» повесіндегі эмоционалды-экспрессивті сөздер мәтін ішінде айқын көрініп, образ ашуда айрықша қызмет ететін стильдік бояуы қанық сөздер болып табылады.

Тілдегі эмоционалдық сөздер адам сезімін білдіру үшін қызмет етеді. Ал тілдегі экспрессивтік амалдар эмоцияны, ойды білдіруде де мәнерлілік пен суреттілікті күшейтуге ең басты қызмет атқарады. Профессор А. И. Ефимов: «Экспрессивтілік ұғымына, сол сияқты, тілдік тәсілдердің эмоционалдық бояуының реңдері де енеді, себебі эмоциялық экспрессивтіліктің маңызды құрамды бөлігі», - дейді.

Жалпы тілімізде змоционалдық пен экспрессивтіліктің болатынын және бұлардың бір-бірінен нақты айырмашылықтары да бар екенін көре аламыз. Эмоционалдық пен экспрессивтілік не үшін қолданылады деген сұрақ туындауы ғажап емес. Мысал үшін ақын, жазушыларымыздың сөз құдіретін қастерлей білуі, сезгіш, аңғарғыш болуы – заңды құбылыс. Сондықтан да олардың ойды жеткізуші сөздердің, әрсіз, ашымсыз болмай, жалын атып, ұшқын шашып тұруын, аса уытты, әсерлі болуын, сезім мен ойдың бірдей дөп тиіп жатуын қалайды. Осы үшін де экспрессивті-эмоционалды сөздердің атқаратын қызметі жоғарғы дәрежеде тұр деп айтсақ қателеспейміз. Эмоционалдық пен экспрессивтілік теориялық және практикалық тұрғыдан әлі терең, жан-жақты саралануға тиісті категория болып саналады. Дегенмен де, оның өрісі кең, қолданысы бай құбылыс екені анық көрінеді. Көркем шығарма тіліндегі эмоционалды-экспрессивті лексика әлі де болса зерттеуді қажет етеді.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1. Жалпы психология. – Алматы, 1980.

2. Қалиев Ғ., Болғанбаев Ә. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. – Алматы, – 242 б.

3. Лукьянова Н. А. Экспрессивная лексика разговорного употребления // Проблемы семантики. – Новосибирск: Наука, 1986. – 228 с.

4. Цоллер В.Н. Экспрессивная лексика, семантика и прагматика // Филологические науки. – 1996. – №6 (596). – 55 с.

5. Ахманова О.С. Словарь лингвистических терминов. – М.: Наука, 1966. – 603 с.

6. Қалиев Ғ. Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі. – Алматы: Сөздік-Словарь, 2005. – 439 б.

7. Абакумов С. И. Методика пунктуации. – М., 1951.

8. Нұрмұқанов Х. Сөз және шеберлік. – Алматы: Ғылым, 1987.

9. Бөкей О. Екі томдық шығармалар. Бірінші том. Повестер. – Алматы: Жазушы, 1994. – 469 б.

10. Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. – Алматы: Мектеп, 1985.

11. Ефимов А. И. Стилистика художественной речи. – М., 1957.

 







Дата добавления: 2015-08-18; просмотров: 1600. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Условия, необходимые для появления жизни История жизни и история Земли неотделимы друг от друга, так как именно в процессах развития нашей планеты как космического тела закладывались определенные физические и химические условия, необходимые для появления и развития жизни...

Метод архитекторов Этот метод является наиболее часто используемым и может применяться в трех модификациях: способ с двумя точками схода, способ с одной точкой схода, способ вертикальной плоскости и опущенного плана...

Примеры задач для самостоятельного решения. 1.Спрос и предложение на обеды в студенческой столовой описываются уравнениями: QD = 2400 – 100P; QS = 1000 + 250P   1.Спрос и предложение на обеды в студенческой столовой описываются уравнениями: QD = 2400 – 100P; QS = 1000 + 250P...

Решение Постоянные издержки (FC) не зависят от изменения объёма производства, существуют постоянно...

ТРАНСПОРТНАЯ ИММОБИЛИЗАЦИЯ   Под транспортной иммобилизацией понимают мероприятия, направленные на обеспечение покоя в поврежденном участке тела и близлежащих к нему суставах на период перевозки пострадавшего в лечебное учреждение...

Кишечный шов (Ламбера, Альберта, Шмидена, Матешука) Кишечный шов– это способ соединения кишечной стенки. В основе кишечного шва лежит принцип футлярного строения кишечной стенки...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия