Студопедия — Жағдайлық есептер
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Жағдайлық есептер

Медико-профилактикалық іс бойынша

Білім бағдарламалары

Комитетінің төрайымы

____________________

Аға оқыт. Н.Е. Алимова «___» _____________ 2013 ж.

БЕКІТЕМІН» Қоғамдық денсаулық сақтау

Департаментінің директоры

_________________

М.ғ.д., профессор Камалиев М.А.

Ж.


Quot;Ауруханаішілік инфекциялар эпидемиологиясы және алдын алу. Инфекциялық бақылау жүйесі" элективтік циклы бойынша

Мамандығы «Қоғамдық денсаулық сақтау» 4 курс студенттеріне арналған емтихандық тесттік сұрақтары, жағдайлық есептер

Оқу жылы

Эпидемиология кафедрасының отырысында қаралған және бекітілген

Хаттама № «___»_______________2013 ж.

Эпидемиология кафедрасының меңгерушісі м.а., м.ғ.д.________________ Б.Т. Жакипбаева

Жағдайлық есептер

1-есеп. Нейрохирургия бөлімшесінде 1апта ішінде 9 науқасқа операциялар жасалды (диагноздары: бас миы астындағы қатерсіз ісік, жарақаттан болған самай бөлігінде ұйылған гематома, жұлын қабықшасы жарығы, т.б.). Операцияларды бірнеше бригада жасады. Кейбір операция өкпені жасанды вентиляциялау әдісімен жасалды, наркоз да әртүрлі болды. 5 науқас операциядан кейін 2-7 күн ішінде қайтыс болды. Патологоанатомиялық тексеріс нәтижесінде "сепсис" диагнозы қойылды. Бөлімше жаңа науқастарды қабылдамайтын болып жабылды, операциялар жасау тыйылды.

Бұрқетпені тексеру үшін қандай қосымша мәліметтер керек? Операция барысында науқастардың зарарлануы қандай себеп болуы мүмкін? Алдағы уақытта осындай бұрқетпелер шықпауы үшін бөлімшеде қандай шараларды жүргізуі қажет?

2- есеп. Ірі көп профильді 5- қабатты корпуста орналасқан ауруханада бір айда бірнеше сальмонеллез оқиғалары шықты. 1 қабатта қабылдау бөлімшесі, 2-де соматикалық бөлімше, 3- де нефрологиялық бөлімше, 5- қабатта- соматикалық бөлімше.

Науқастардың наурыз айы күндеріне сай бөлінуі:

Күні                 Бары
Науқас саны                  

Сальмонеллездің жеңіл түрі – 13, орта түрі- 4, ауыр түрі- 1 науқаста болды.

Жасы бойынша: 6 айға дейін- 4, 6- 12 айлығында- 4, 13-23 айлығында- 2, 2 жасында- 1, 7-14 жасында- 2 науқас болды.

2- қабатта-4, 3- де- 3, 4-де- 5, 5-де- 6 науқас болды. Шығу палаталары әртүрлі.

Жағдайды және бұрқетпе типін бағалаңыз. Бұрқетпені жоюға бағыталған шаралардың көлемін мен сипатын анықтаңыз, қажетті шаралар келтірілген құжатты көрсетіңіз. Әрбір шараның орындаушысын және олардың орындалуын ұйымдастыру тәртібін көрсетіңіз.

Қосымша мәліметтер. Барлық 18 науқастан S. typhimurium бөлінген. Сальмонеллезбен науқастанғандармен жанасуда болған балалардан 22 S. typhimurium тасымалшысы анықталды. С8- 5 қабаттан, 5-4- ден, 6- 3- ден, 3- 2- ден, палаталары бөлек. Медициналық персоналды 3 қайтара тексергенде 20.03. нефрология бөлімшесі медбикесінен S. typhimurium. Оны жұмыстан аластатқаннан кейінгі тексерістерде қоздырғыш тасмалшысы табылмады. Бактериологиялық тексеріс кезінде соған жақын күндерде ішектік дисфункциялар байқалған жоқ. 4- бөлімшенің 2 – 3 палатадағы вентиляциялық тордан алынған шайындыларды бактериологиялық зерттегенде барлығынан S. typhimurium табылды. Төленің (подвал) санитарлық жағдайы жақсы, шатыр астында (чердак) мол құс саңғырығы мен көгершін өліктері табылды, олардан S. typhimurium бөлінді.

3-есеп. Жас балаларға арналған дизентерия бөлімшесінде бір ауруханаға жатқызылған 8-күні жәншаумен (скарлатина) ауырады. Осы ауру кірме инфекция ма, әлде ауруханаішілік жұқпа ма, шешіңіз. Жәншау ошағын жоюға қажетті эпидемияға қарсы және АИ алдын алу шараларын жүргізіңіз.

4-есеп. 50 ересек кісі жатқан терапия бөлімшесінде өкпе қабынуымен науқаста, аурухана бөлімшесіне түскеннен кейін 10 күн өткесін көздің ақ қабығында сарғаю пайда болды және науқас соңғы 2 күнде үлкен дәретінің ағарғанын, несептің қара-қоңырланғанын айтты. Емдеуші дәрігер вирустық гепатитке күдіктенді. Осы оқиға кірме инфекция ма, әлде ауруханаішілік заралану ма, шешіңіз. Қандай шараларды жүргізу қажет?

5-есеп. Облыстық аурухананың кардиохирургиялық бөлімшесінде бір ай ішінде, жүрегіне жасанды қан айналымы жағдайында операция жасалған 9 науқаста іріңді-септикалық инфекция тіркелді. Ауру бір типті болды. Операциядан кейінгі 2-3тәулікте іріңді трахеобронхит басталды (бактериологиялық тексергенде көкіріңі таяқшасы бөлінді), бұдан 3-4 күн өткесін өкпе қабынуы қосылды, 7-10 күннен соң операция орны (жара) іріңдеді, алдыңғы медиастенит, содан кейін сепсис белгілері пайда болды.

Іріңіді-септикалық инфекцияның қосылуына не себеп болды? Бұрқетпені тексеру үшін қандай қосымша мәліметтер керек? Іріңді-септикалық инфекцияның алғашқы оқиғалары шыққанда не істеу керек еді? Осы бұрқетпені эпидтексерудің алгоритмін құрастырыңыз.

6-есеп. Ірі көп профильді ауруханада (2-корпус) 2 ай ішінде 23 сальмонеллез тіркелді. 2-ші корпус 4 қабатты ғимарат, 6 ай бұрын күрделі жөндеуден өткен. 1-қабатта: қабылдау бөлімшесі, ЭКГ кабинеті, клиникалық-диагностикалық зертхана, физиотерапиялық, ЛФК кабинеттері; 2-қабатта: неврология бөлімшесі; 3-қабатта: терапия бөлімшесі (гематологиялық); 4-қабатта: неврология бөлімшесі орналасқан.

Сырқаттанушылар №1 неврология (14) және №2 неврология бөлімінен (9 оқиға) шықты. Бұрқетпе кезінде пациенттер саны нормадан біршама артық болды (63-68 адам).

Ауырған күндері: 16-22.07. -3 адам, 23-29.07. – 3, 30.07-05.08 - 2, 06-12.08 – 4, 13-19.08 – 2, 20-26.08 – 3, 27.08- 02.09 – 3, 03-09.09 – 3.

Науқастар мен тасымалдаушылар жасы: 45-ке дейін – 2; 65-69 жаста -2; 70-74 жаста – 3; 80 және жоғары – 1.

23 науқастың 21-нде ауырар алдында сальмонеллез болды.

45 жасқа дейінгі 2 науқаста – «радикулит», қалғандарында «инсульт», «ми қан айналымының бұзылуы» диагноздары болды.

Сальмонеллездің жеңіл түрі – 14, орташа ауыр түрі – 8, ауыр түрі -1 науқас болды. Соңғы науқаста құсу байқалды.

23 науқас және 43 жанасушы зерттелді. Тиісінше 13 және 4 S. typhimurium, 1 және 2 - S. enteritidis, 8 және 16 - S. haita бөлінді.

Сальмонеллез бен тасымалдаушылардың палата бойынша бөлінуі.

Қабат Палаталар – науқастар (тасымалдаушылар саны) Барлығы
2- 21-2 (2) 22-1 24-4 (2) 26-3 28-1 (3) 11 (7)
4- 43-2 (1) 45-1 47-2 (1) 49-4 (3) - 9 (5)

Осы бұрқетпені эпидемиологиялық тексеру алгоритмін құрастырыңыз. Жағдайды бағалап, бұрқетпе типін анықтаңыз. Бұрқетпені жою қажет шаралардың көлемі мен сипатын анықтаңыз. Қажетті шаралар келтірілген құжатты келтіріңіз. Әрбір шараның орындаушысын және орындау тәртібін көрсетіңіз.

Қосымша мәліметтер. Ауруханада дәрігерлер штаты – 100%, орта білімді дмедперсонал - 74%, санитаркалар - 52% көлемінде жасақталған. Посытлары медбикелер бекітілген. Саитарка қызметін медбикелер атқарады.

Медперсоналды бактериологиялық зерттеу (30.07-19.08) нәтижелері: 03.08 күні процедуралық кабинет медбикесінен S. typhimurium бөлінді, шағымы жоқ, жақын арада сальмонеллез белгілері болған жоқ дейді.

Ас әзірлеу бөлігі қызметкерлерін тексеру теріс нәтиже көрсетті. Бөлік жұмысында қателіктерге жол берілмеген. Бұрқетпе шыққан қабаттардағы буфеттердің санитарлық жағдайы – қанағаттанарлық. Тамақты медбикелер үлестіреді.

Сыртық орта объектілерін тексергенде: 2-қабатта – 21-палатадағы М-нің көпшік тысынан S. typhimurium; 22-палатадағы краннан S. enteritidis; 24-палатадағы раковина төгіндісінен Ps. aeruginoza бөлінді. 4-қабатта – 42 палатадағы тумбочка бетінен S. typhimurium; 41, 43-палаталардағы есік тұтқасынан E. coli 0144, 42, 48-палаталардағы терезе алды тақтайынан, 44-палатадағы кереует арқасынан, 41, 48, 49-палаталардағы вентиляция торынан, 45-палатаның қабырғасынан E. coli бөлінді.

2 қабаттағы 22 палата, 4 қабаттағы 41 палата ауасынан S. typhimurium; 21,22,42 палатадағы S. aureus; 3 қабаттағы 33-37 палаталармен дәлізінен (коридор) S. epidermalis бөлінді.

2 корпустың төбе шатырында бұрын кеміргіштер нәжісі болған еді, жақында ол жөндеуден өтті. Тексерген күні шатырдың санитарлық жағдайы қанағаттарнарлық болды. Төленің (подвал) санитарлық жағдайы өте нашар жүргенде едені солқылдап тұрады. Еден қырындысын бактериологиялық тексергенде S.haifa, S.. typhimurium бөлінді. Жөндеу кезінде және соңынан канализациялық түтіктерді авариялар болып тұрды, жөндеу кезінде 3 қабатқа шығатын вентиляциялық жүйенің бір бөлігі «кесіліп» тасталды.

2-, 4- қабаттағы вентиялция торларынан алынған шайындыларда S.haifa, S.. typhimurium табылды.

7-есеп. Қабылдау бөлімшесінің бір бөлмесінде 40 мин. Ішінде науқас балаларымен екі ата ана бірге болды. Қарау нәтижесінде бір балада жедел дизентерия, екіншісінде қызылша диагнозы қойылды. Қызылшамен науқас бокске жіберілді. Дизентериямен науқас (7 жастағы бала, қызылшаға қарсы егілмеген және бұрын қызылшамен ауырмаған) қайда жіберілуі тиіс:

А) қызылшамен ауырған баламен бірге бір бокске;

Б) жеке (бөлек) бокске;

В) дизентериямен науқастар бөлімшесіне, науқасының барлық мерзіміне

Г) дизентериямен науқастар бөлімшесіне – алғашқы 7 күнге, сосын бокске ауыстыру;

8-есеп. Балалар ауруханасының соматикалық бөлімшесінде бір баланың ұртында (ауруханаға түскеніне 3-күні) Филатов дақтары анықталды. Бөлімшеде әр жастағы 40 бала бар, арасында 10 баланың 1,5 жаста, олардың 2 қызылшамен бұрын ауырған, 25-вакцинамен егілген. Осы қызылша оқиғасы кірме инфекция ма?, не ауруханаішілік зарарлану ма? Шыққан ошақты жоюға бағытталған шараларды айтыңыз (ескерту соңғы 3 күн ішінде бөлімшеден 5 адам шығарылған).

9-есеп. Балалар жұқпалы инфекциялар ауруханасының қабылдау бөлімшесіне ауру бала түсті, анамнезінде 11 күн бұрын желшешекпенмнауқаспен жанасуда болған. Осы бала түскен кезде қабылдау бөлімшесінде бұрын желшешекпен ауырмаған бір бала болды. Балаларды қабылдау кезінде жіберілген қатені көрсетіңіз: жәншаумен науқас баланы қайда салу керек – ол қабылдау бөлімшесінде желшешекпен ауру баламен бірге болғандықтан? Дәл осы күні ауруханада тек бір бокс қана бос болса.

10-есеп. Қалалық аурухананың хирургия бөлімшесіне 01.08 психиатриялық ауруханадан 63 жастағы К науқас әйел келіп түсті, шағымы іші жіті ауырады. Объективті: іш кебуі жоқ, саусақпен басқанда іші қатты (ширыққан, «тақтай сияқты іш») Щеткин-Блюмберг белгісі оң. Хтрургиялық бөлімше операция жасалып 3 күн өткесін науқас К «іш сүзегі» диагнозымен жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылды, онда клиникалық және бактериологиялық деректерге сүйеніп «әш сүзегі» диагнозы расталды.

Жағдайды бағалаңыз, басқару шешімін қабылдауға қажетті ресми нұсқаулық – әдістемелік құжаттарды көрсетіңіз. Жүргізілген шараларды бағалаңыз, және психиатрия ауруханасы мен хирургиялық бөлімшеде жүргізілетін қажетті шаралар тізімін жасаңыз.

Қай құжатта басқару шешімдері қарастырылған? Әрбір шараның орындаушысын атаңыз және орындаудың ұйымдастыру тәртібін анықтаңыз.

Қосымша мәліметтер: Психиатриялық аурухана – 400 төсектік. Науқас К емделген 2 ерлер бөлімшесінде 80 адам ауру. Палатасында 12 адам, есігі құлыптаулы тұрады. Палатадағы науқастар арасында 10.06., 11.07., 14.07 өкпе қабынуына шалдыққандар болды. 13.07-ОРЗ, 16.07 және 17.07 баспа.

Науқас 10.06. палатадағыларға ас үлестіруге қатысты. Палата пациенттерін бактериологиялық зерттегенде іш сүзегі қоздырғышын тасымалдаушы табылды. Ауруханаға түсер алдында К. Екірет іш инфекцияларына тексерілді, нәтіжелері-теріс. Туысқандарының айтуынша К-да іш өту байқалған жоқ. Науқас К. Психиатрия ауруханасында 1 жыл бойы емделуде.

Хирургиялық бөлімше 30 адамға арналған. Науқас К-ге ауруханаға түскен күні операция жасалды.

 




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Многослойная и многопроходная сварка | Особенности сварки высокопрочных сталей аустенитными свар. материалами

Дата добавления: 2015-08-12; просмотров: 2536. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Логические цифровые микросхемы Более сложные элементы цифровой схемотехники (триггеры, мультиплексоры, декодеры и т.д.) не имеют...

Ганглиоблокаторы. Классификация. Механизм действия. Фармакодинамика. Применение.Побочные эфффекты Никотинчувствительные холинорецепторы (н-холинорецепторы) в основном локализованы на постсинаптических мембранах в синапсах скелетной мускулатуры...

Шов первичный, первично отсроченный, вторичный (показания) В зависимости от времени и условий наложения выделяют швы: 1) первичные...

Предпосылки, условия и движущие силы психического развития Предпосылки –это факторы. Факторы психического развития –это ведущие детерминанты развития чел. К ним относят: среду...

ТЕХНИКА ПОСЕВА, МЕТОДЫ ВЫДЕЛЕНИЯ ЧИСТЫХ КУЛЬТУР И КУЛЬТУРАЛЬНЫЕ СВОЙСТВА МИКРООРГАНИЗМОВ. ОПРЕДЕЛЕНИЕ КОЛИЧЕСТВА БАКТЕРИЙ Цель занятия. Освоить технику посева микроорганизмов на плотные и жидкие питательные среды и методы выделения чис­тых бактериальных культур. Ознакомить студентов с основными культуральными характеристиками микроорганизмов и методами определения...

САНИТАРНО-МИКРОБИОЛОГИЧЕСКОЕ ИССЛЕДОВАНИЕ ВОДЫ, ВОЗДУХА И ПОЧВЫ Цель занятия.Ознакомить студентов с основными методами и показателями...

Меры безопасности при обращении с оружием и боеприпасами 64. Получение (сдача) оружия и боеприпасов для проведения стрельб осуществляется в установленном порядке[1]. 65. Безопасность при проведении стрельб обеспечивается...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия