Студопедия — СӨЖ тапсырмаларын орындау мен тапсырудың кестесі
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

СӨЖ тапсырмаларын орындау мен тапсырудың кестесі






Тақырыптың атауы Тақырыптар бойынша тапсырмалар Ұсынылатын әдебиеттер СӨЖ өткізу нысаны СӨЖ өткізу аптасы
  Қылмысқа қатысуды құқықтық реттеудің жалпы мәселелері (3 сағ.) Мына еңбекпен танысыңыз, маңызды тұстарын жазып алыңыз: Джекебаев У.С., Вайсберг Л.М., Судакова Р.Н. Соучастие в преступлении. - Алма-Ата, 1981. Дәріс сабақтарының сәйкес тақырыптарында көрсетілген Сұхбаттасу  
  Қылмысқа қатысудың ұйымдасқан нысандары үшін қылмыстық жауаптылық (4 сағ.) Мына есептерді шығарыңыз: 1. Бұзақылық үшін соттылығы бар Кац, Новгородцев және Понин Кацтың ұсынысы бойынша зорлау мақсатында әйелдерге шабуылдар жасау үшін қарулы топ құрады. Топтың иелігінде фин пышақтары мен Кац сақтаған тапанша болды. Бақта қыдырып жүрген Кудлатова мен Косматованы кездестіріп, топ мүшелері тапаншамен қорқыта отырып оларды зорлайды. 10 күн өткен соң Кац, Новгородцев және Понин түнгі көшемен автокөлікте келе жатып Боткинаны ұстап алып, көлік ішінде зорлайды. Бір аптадан кейін олар Цыганкова мен Швабринаны зорламақшы болады, бірақ жәбірленушілер қашып кетеді. Кац олардың соңынан тапаншадан оқ атады да Цыганкованы білегінен жаралайды. Кац, Новгородцев және Пониннің әрекеттерін саралаңыз. 2. Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері 30 адамнан тұратын топты ұстайды. Топ ұйымдастырушылары облыстың перзентханаларымен тығыз байланыстар орнатады. Перзентхана дәрігерлерінің көмегімен қылмыскерлер жаңа туған нәрестелерді 3-10 мың АҚШ долларына шетелдерге сатады. Нәрестелердің ата-аналарына дәрігерлер балалары өлі туды деп хабарлайды. Осылайша Мехаисов басқаратын қылмысты топ шетелге 20 шақты нәрестені жөнелтеді. Олардың кейбіреулерін шетелдіктер асырап алса, ал басқаларын органдары мен тінін алу үшін бөлшектеп сатады. Топ мүшелерінің әрекетіне қылмыстық-құқықтық баға беріңіз. 3. Бұрын екі рет сотталған Кречетов бас бостандығынан айыру жазасын өтеп келген соң қылмысты әлемнің өкілдерімен байланыс орнатады. Олардың арасында бедел жинап алған соң, қорқытып алумен шұғылданған және қаладағы ойын бизнесін бақылайтын үш топты бір қылмыстық ұйымға біріктіреді. Есірткі заттардың заңсыз айналымынан табыс табудыөздеріне мақсат етіп қояды. Опийдің шетелдік өндірушілеріне шығып, өз ұйымының адамдары арқылы Кречетов есірткі заттарды ҚР-ның шекарасынан өткізуді, оларды тасымалдауды және сақтауды ұйымдастырады. Шынығу-сауықтыру кабинеті ретінде бүркемелей отырып, опийді тұтынуға арналған орын жабдықтайды. Ол кабинеттің «клиенттері» негізінен ПТШ оқушылары болады. Осы жолмен табылған қаражатты Кречетов есірткі бизнесін дамытуға жұмсайды, «ұрылар общагын» толықтырады, банкке депозитке салады және кеден органдарының лауазымды адамдарын сатып алады. Бір жылдан соң ұйымның қызметі әшкереленеді. Кречетовтың әрекеттерін саралаңыз. Дәріс сабақтарының сәйкес тақырыптарында көрсетілген Есептердің шешімін тексеру  
  Ұйымдасқан қылмыстылықтың криминологиялық сипаттамасы (4 сағ.) Мына еңбекпен танысыңыз, маңызды тұстарын жазып алыңыз: Мауленов Г.С. Криминологическая характеристика организованной преступности. - Алматы, Адилет-Пресс, 1997. Дәріс сабақтарының сәйкес тақырыптарында көрсетілген Сұхбаттасу  
  Трансұлттық ұйымдасқан қылмыстылықпен күрес мәселелері (3 сағ.) Мына еңбекпен танысыңыз, маңызды тұстарын жазып алыңыз: Номоконов В.А. Транснациональная организованная преступность: дефиниции и реальность. Монография. – Владивосток: Изд-во Дальневост. ун-та.2001. Дәріс сабақтарының сәйкес тақырыптарында көрсетілген Сұхбаттасу  
  Ұйымдасқан қылмыстылықтың жекелеген көріністері (3 сағ.) Мына еңбекпен танысыңыз, маңызды тұстарын жазып алыңыз: Мауленов Г.С. Криминологические проблемы предупреждения коррупции и организованной преступности. – Астана, 2006. – 359 с. Дәріс сабақтарының сәйкес тақырыптарында көрсетілген Сұхбаттасу      
  Сыбайлас жемқорлық ұғымы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар (4 сағ.) Мына еңбекпен танысыңыз, маңызды тұстарын жазып алыңыз: Коррупция: природа, проявления, противодействие: Монография. Отв. ред. Т.Я.Хабриева. - М., 2012. Дәріс сабақтарының сәйкес тақырыптарында көрсетілген Сұхбаттасу  
  Сыбайлас жемқорлық қылмыстардың субъектілері (4 сағ.) «Соттардың сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстар жөніндегі қылмыстық істерді қарау практикасы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы №18 нормативтік қаулысын конспектілеңіз. Дәріс сабақтарының сәйкес тақырыптарында көрсетілген Сұхбаттасу    
  Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық қылмыстар (5 сағ.) Мына есептерді шығарыңыз: 1. Қарағанды қаласы ІІБ-ның жедел-іздестіру қызметкерлері С. пен Т. мүліктік қылмыстарды ашу жөніндегі көрсеткіштерін жақсартып көрсету мақсатымен 2012 жылдың 2 қыркүйегінде А. деген азаматты ҚР ҚК-нің 175-бабының 1-бөлігі бойынша заңсыз қылмыстық жауаптылыққа тартып, ҚР ҚІЖК-нің 132-бабында көзделген тәртіппен ұстайды. С. пен Т.-ның әрекеттерін саралаңыз. 2. Ақтөбе облысы Сырым ауданы ауылдық округтерінің әкімдері Б. мен А. 2008-2010 жылдар аралығында жеке үй құрылысы үшін Жымпиты ауылындағы жер телімдерін бөлумен шұғылданады. Ауылдық округ әкімдері жер телімдерін бөлген кезде арнайы есеп пен жеке үй құрылысына жер алу үшін кезекте тұрғандардың тізімін басшылыққа алуға тиіс болатын. Алайда Б. мен А. тізімді елемей, бірнеше жыл кезекте тұрған азаматтардың құқықтарын бұза отырып, кезекте тұрмаған тамыр-таныстарына жер телімдерін үлестіріп береді. Б. мен А.-ның әрекеттеріне қылмыстық-құқықтық баға беріңіз. 3. Жетпісов қалалық салық бөліміне көлік салығын төлеуге барады. Сол жерде бөлімнің жетекші маманы Алыпбергенов оған 2005-2010 жылдар аралығындағы көлік салығы бойынша 53 мың теңге берешегі бар екенін, бірақ бұл проблеманы шешуге көмектесе алатынын айтады. Салық берешегін толық көрсетпей, 2009-2010 жылдарға төленуі тиіс 15940теңге салығын ғана төлеуге болатынын түсіндіреді. Осылайша көлік салығы бойынша қарызын толық жауып бергені үшін 20 мың теңге сұрайды. Содан кейін Жетпісовты қалалық салық бөлімінің іс қағазын жүргізуші Акимовқа барып 2009-2010 жылдардың салығын төлеп келуді тапсырады. Акимов Жетпісовқа 2009-2010 жылдардың салығын кассаға төлеттіріп, одан 20 мың теңге алып, Алыпбергеновқа ұялы телефон арқылы берешегі жоқ деген анықтама беруге болатынын хабарлайды. Алыпбергенов Жетпісовқа аталған анықтаманы берген соң қаржы полициясы қызметкерлерінің қолына түседі. Алыпбергенов пен Акимовтың әрекеттеріне қылмыстық-құқықтық баға беріңіз. Дәріс сабақтарының сәйкес тақырыптарында көрсетілген Есептердің шешімін тексеру  
  Сыбайлас жемқорлық қылмыстардың өзге түрлері (6 сағ.) Мына есептерді шығарыңыз: 1. 2011 жылдың желтоқсан айында «ДойтГазПожСервис» ЖШС-гі Сырдария ауданының Шаған ауылында сметалық құны 1 млрд. 151 млн. теңгелік мектеп құрылысын жүргізуге тендер ұтып алады. 2012 жылдың маусым айына дейін «ДойтГазПожСервис» ЖШС-не бюджеттен 192,7 млн. теңге аударылады. Серіктестік директоры М. бұл соманың 183,7 млн. теңгесін өзі директоры болып табылатын «КызылордаГазПромСтрой» ЖШС-не аударады. Аударылған соманың 146 млн. теңгесін қолма-қол ақшаға айналдырып, иемденіп алады. М.-ның әрекеттеріне қылмыстық-құқықтық баға беріңіз. 2. Мельниченкоға өз кәсіпкерлік қызметін тоқтату үшін кассалық аппаратты тіркеуден шығару қажет болады. Осы мақсатпен ол қалалық салық басқармасының инспекторы Бейсенбаевамен жолығады. Бейсенбаева өзінің керек құжаттарды жасап, кассалық аппаратты тіркеуден шығарып беру жөніндегі «қызметін» 50 мың теңгеге бағалайды. Бұған келіспеген Мельниченко Бейсенбаеваның заңсыз әрекеттері туралы қаржы полициясына хабарлайды. Келісілген күні Мельниченко Бейсенбаеваға соңғының жеке пәтерінде алдын ала дайындалған ақша сомасын береді. Бейсенбаева қылмыс орнында ұсталады. Бейсенбаеваның әрекеттерін саралаңыз. Мельниченко пара беруші деп таныла ма? 3. Қалалық салық басқармасының бас маманы Зекенов өзінің танысы жеке кәсіпкер Утебаевқа оның кафесі тексерістер кестесінде тұрғанын хабарлайды. Утебаевтың кафесінде тексеріс жүргізу міндеті қалалық салық басқармасының бас маманы Бекбергеновқа жүктеледі. Тексерістің сәтті өтуіне мүдделі УтебаевЗекеновтың көмегінің арқасында Бекбергеновпен жолығады. Бекбергенов Утебаевқа қажетті акт шығарып беруі үшін 1 мың доллар беруді ұсынады. Утебаев талап етілген соманы азайтуды сұрайды, Бекбергенов оған келіспей ойлануға уақыт береді. Ақыр соңында Зекеновтың тапсырмасы бойынша оның таксист болып жұмыс істейтін інісі Қайрат Утебаевтың кафесіне барып қағазға оралған 150 мың теңгені алады. Тергеу органдары Бекбергенов пен Зекеновтың әрекеттерін ҚР ҚК 311-бабының 4-бөлігінің «б» тармағы бойынша саралайды. Ал аудандық сот Бекбергеновтың әрекеттерін лауазымды адам жасаған пара алу деп ҚР ҚК 311-бабының 2-бөлігі бойынша, ал Зекеновтың әрекеттерін парақорлыққа делдал болу деп ҚР ҚК 313-бабының 1-бөлігі бойынша қайта саралайды. Саралаудың дұрыстығына баға беріңіз. Дәріс сабақтарының сәйкес тақырыптарында көрсетілген Есептердің шешімін тексеру  
  Сыбайлас жемқорлық қылмыстылықтың криминологиялық сипаттамасы (5 сағ.) Мына оқу құралымен танысып, маңызды тұстарын жазып алыңыз: Борьба с коррупцией в государственных органах Республики Казахстан: учебное пособие. Под ред. Е.О. Алауханова – Алматы: 2008.   Дәріс сабақтарының сәйкес тақырыптарында көрсетілген Сұхбаттасу  
  Сыбайлас жемқорлық қылмыстылықпен күрестің халықаралық және шетелдік тәжірибесі (4 сағ.) Мына еңбекпен танысып, маңызды тұстарын жазып алыңыз: Уголовное законодательство зарубежных государств в борьбе с коррупцией: Коллективная монография под ред. И.С.Власова. - М., 2009. Дәріс сабақтарының сәйкес тақырыптарында көрсетілген Сұхбаттасу  
  Барлығы: 45 сағат

 








Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 425. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Понятие метода в психологии. Классификация методов психологии и их характеристика Метод – это путь, способ познания, посредством которого познается предмет науки (С...

ЛЕКАРСТВЕННЫЕ ФОРМЫ ДЛЯ ИНЪЕКЦИЙ К лекарственным формам для инъекций относятся водные, спиртовые и масляные растворы, суспензии, эмульсии, ново­галеновые препараты, жидкие органопрепараты и жидкие экс­тракты, а также порошки и таблетки для имплантации...

Тема 5. Организационная структура управления гостиницей 1. Виды организационно – управленческих структур. 2. Организационно – управленческая структура современного ТГК...

Постинъекционные осложнения, оказать необходимую помощь пациенту I.ОСЛОЖНЕНИЕ: Инфильтрат (уплотнение). II.ПРИЗНАКИ ОСЛОЖНЕНИЯ: Уплотнение...

Приготовление дезинфицирующего рабочего раствора хлорамина Задача: рассчитать необходимое количество порошка хлорамина для приготовления 5-ти литров 3% раствора...

Дезинфекция предметов ухода, инструментов однократного и многократного использования   Дезинфекция изделий медицинского назначения проводится с целью уничтожения патогенных и условно-патогенных микроорганизмов - вирусов (в т...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия