Студопедия — азақстанның ортағасырлардағы тарихы пәнінен тест сұрақтары. 300
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

азақстанның ортағасырлардағы тарихы пәнінен тест сұрақтары. 300

1. Түрік қағанаты қай жылы құрылды?

A) 552 жылы

2.VІ ғасырдың бірінші жартысында түріктер қай тайпаның вассалы еді?

A) аварлардың

3. Түрік қағанатының алғашқы қағаны кім?

A) Бумын

4. Түрік қағанатында Қара Еске таққа отырған соң аварларды екінші рет қай аймақта жеңіліске ұшыратты?

A) Букрат тауларында

5. Мұқан қаған Түрік қағанатын қай жылдары биледі?

A) 553-576 жж.

6. Түрік қағанаты мен эфталиттер арасындағы соғыс қай жылдары болды?

A) 563-567 жж.

7. Түрік қағанымен жасалған келісім бойынша Хұсрау І Ануширван шах 564 жылы эфталиттерден қай аймақты тартып алды?

A) Тоқарстанды

8. Батыс Вэй императоры қай жылы түрік көсемі Бумынға елші жіберді?

A) 545 жылы

9. Бумын қайтыс болған соң Түрік қағанатының тағына кім отырды?

A) Қара-Еске

10. 555 жылы Түрік қағанатының әскері батыста қай аймаққа дейін келіп жетті?

A) Арал теңізіне

11. Түрік қағанатында қағаннан кейінгі бірінші адам лауазымы қалай аталды?

A) Жабғы

12. Қаған тағына мұрагер қалай аталды?

A) Тегін

13. Түріктер дініне байланысты «Шайтандар мен аруақтарды құрметтейді, дуақанаттарға сенеді» деген мәлімет қай деректемеде кездеседі?

A) Суйшуда

14. Л.Н. Гумилевтің зерттеуі бойынша ҮІІ ғ. Алтайда қандай екі діни жүйе өмір сүрді?

A) Анимизм және тотемизм

15. Түрік қағанатының екіге бөліну себебі:

A) Көрсетілгендердің барлығы

16. Батыс түрік қағанатында қағаннан кейінгі екінші адам лауазымы қалай аталды?

A) ұлық

17. Батыс түрік қағанатының ендік бағыттағы аумаған көрсетіңіз

A) Қаратаудың шығыс баурайынан Жоңғарияға дейін

15. Түркештер туралы ең алғашқы жазба мәліметті кім құрастырған?

A) Қытай тарихшысы Сы Магуаң

17. 658 жылы Таң империясы құрған Вен Лу Уәли мекемесіне қай аймақта орналасқан тайпаны тізгіндеу тапсырылды?

A) Іле өзенінің орта және төменгі сағасына орналасқан Сақал Баға тайпасын

19. Түркеш билеушісі Үгіл (Үшлік) басқарудың қандай жүйесін енгізді?

A) Бүкіл елді 20 әкімшілік аймаққа бөлді

20. Түркеш қағанатының билеушісі Үгіл (Үшлік) қайтыс болған соң орнына кім отырды?

A) Сақал

21. 715 жылы түркештер мен Шығыс түрік қағанаты арасында болған соғыстың нәтижесі

A) Шығыс түрік қағанаты жеңіске жетті

22. 715 жылы Шығыс түрік қағанатына қарсы жорық жасаған түркеш қағаны кім?

A) Сақал

23. Түркеш қағаны Сұлық (Сұлу) қай жылдары ел биледі?

A) 716-738 жж.

24. 742 жылы Таң империясы Түркеш қағанатына кімді қаған етіп тағайындайды?

A) Асана Шинді

25. Тарихта «Атлах шайқасы» атымен қалған ұрыс қай жылы болды?

A) 751 жылы

26. «Атлах шайқасы» кімдер арасында болды?

A) Арабтар мен қытайлар арасында

27. Л.Н. Гумилевтің зерттеуі бойынша түркештер қай тайпалардан пайда болған?

A) Мұқырлар мен аварлардан

28. 742 жылы қарлұқтар, басмылдар, ұйғырлар бірігіп қай мемлекетке қарсы жорық жасады?

A) Шығыс түрік қағанатына

29. 742 жылы Монғолия далаларында саяси үстемдік қай тайпаның қолына көшті?

A) Басмылдардың

30. 744 жылы ұйғырлар мен қарлұқтардың біріккен күштері қай тайпаны талқандады?

A) Басмылдарды

31. Қай жылы Тараз бен Суябты қоса бүкіл Жетісу қарлұқ жабғуының қолына көшті?

A) 766 жылы

32. 791 жылы болған Бесбалық түбіндегі шайқастың нәтижесі

A) Ұйғырлар қарлұқтар мен тибеттіктердің әскерін талқандады

33. 812 жылы ұйғырлар мен қарлұқтар арасында болған соғыстың нәтижесі.

A) қарлұқ жабғуы ұйғыр қағанының жоғарғы билігін мойындауға мәжбүр болды

34. 840 жылы Саманилердің Самарқандтағы билеушісі Нұх ибн Асад қарлұқтардың қай қаласын басып алды?

A) Испиджабты

35. 893 жылы Таразға жорық жасаған Самани билеушісі

A) Исмаил ибн Ахмад

36. Самани әулеті қай жылы Таразға жорық жасады?

A) 893 жылы

37. 893 жылы Самани әулетінің Таразға жасаған жорығының нәтижесі

A) Тараздың билеушісі Саманилердің әулетіне жартылай вассалдық тәуелділікте болды

38. Жазбаша деректемелерде қарлұқтар туралы алғашқы хабарлар кімдердің шежіресінде кездеседі?

A) Суй әулетінің шежіресінде

39. Х ғасырда «Олар (қарлұқтар) – ежелгі түріктер» деген жолдардың авторы.

A) Ибн әл-Факих

40. «Таншу» деректері бойынша, ҮІІ ғасырдың ортасында қарлұқтар құрамына кірген үш ірі рулық бірлестіктер:

A) моулалар, чжисилер, ташилдер

41. «Худуд әл-алам» анонимінде Құлан мен Мирки арасында қарлұқтардың үш тайпасы орналасқаны айтылады. Ол қай тайпалар?

A) бистан, хим, бириш

42. ҮІІІ-Х ғасырларда қарлұқ тайпалары қандай аумақта қоныстанды?

A) Жоңғар Алатауынан Сырдарияның орта ағысына дейінгі аумақта

43. Қарлұқ мемлекеті қай жылы құлады?

A) 940 жылы.

44. ҮІІІ ғ. печенег-кангар конфедерациясының саяси орталығы.

A) Отырар

45. ІХ ғ. орта шенінде оғыздар қай тайпалармен одақ құрып кангар-печенег тайпаларын талқандады?

A) кимектер және қарлұқтармен

46. Оғыздар кангар-печенег тайпаларын талқандау нәтижесінде қай өңірді өздеріне қаратып алды?

A) Сырдарияның орта және төменгі ағысының аңғары мен Арал өңірін

47. Жайық және Еділ өзендерінің аралығына ие болып, печенектерді талқандау үшін оғыздар кімдермен одақ құрды?

A) Хазарлармен

49. Оғыздар мемлекеті туралы алғашқы дерек қандай тілді шығырмаларда айтылады?

A) ІХғ. аяғы-Хғ. басындағы араб тілді тарихи-географиялық шығармаларда

50. Оғыздар мемлекетінің біржола қалыптасу кезеңін көрсетіңіз

A) ІХғ. аяғы-Хғ. басы

51. Оғыз жабғуының мұрагері қалай аталды?

A) инал

52. 965 жылы оғыз жабғуы мен Киев князі Святославтың арасында кімдерге бағытталған әскери одақ жасалды?

A) Хазарларға

53. 985 жылы оғыздар орыс князьдерімен бірігіп қай мемлекетке қарсы жорыққа шықты?

A) Еділ Бұлғариясына

54. Оғыз мемлекетінің құлдырай бастаған кезеңі.

A) Х-ХІ ғасырлар шегі

55. Салжұқ көсемдері қай уақытта Жент қаласын басып алды?

A) Х ғасырдың ортасында

56. 1041 жылы Шахмәлік билік құрған кезде оғыздар қай аймақты басып алды?

A) Хорезмді

57. Оғыз мемлекеті қай тайпаның соққыларынан құлады?

A) қыпшақтардың

58. ХІ ғасырда оғыздарда қанша тайпа болғаны мәлім?

A) 22

59. Махмұд Қашғари оғыздар алғашында қанша тайпадан құралған дейді?

A) 24

60. Оғыз тобының алғашқы ұйытқысы қай территорияда қалыптасқан?

A) Жетісуда

61. Оғыз қоғамындағы атабектер дегеніміз кімдер?

A) иналдардың тәрбиешісі

62. ҮІІ ғасырда кимектер тайпасының басшысының атағы

A) шад-түтік

63. ІХ ғасырдың ортасына қарай кимектер басшысы қалай аталды?

A) ябғу

64. Кимек қағанаты қай кезеңде қалыптасты?

A) ІХ ғасырдың аяғы-Х ғасырдың басы

65. Кимек қағанаты қалыптасқан кезден бастап билеушілері қалай аталды?

A) қаған

66. Кимек қағанатының өмір сүрген уақыты

A) ІХ ғасырдың аяғы-ХІ ғасырдың басы

67. Кимек мемлекеті құлаған соң орнын басқан тайпа

A) қыпшақтар

68. Жазбаша деректемелерде кимек этнонимінің уақыты жағынан алғаш рет айтылуы қай ғасырға жатады?

A) ҮІІІ ғасыр

69. Деректемелерде «көпестер қаласы» деп қай қала аталды?

A) Тараз

70. ҮІ ғасырдан бастап түріктер қандай діннің ықпалына ұшырады?

A) будда

71. Түріктердің сенімі бойынша жер асты патшалығын билеуші қалай аталды?

A) Еріклік

72. ХҮІІІ ғасырдың 20-жылдары түрік жазуын алғаш тапқан

A) неміс ғалымы Д.Мессершмидт пен швед офицері И. Страленберг

73. Түріктердің руна жазуы қай ғасырларда қолданудан шығып қалды?

A) ХІ-ХІІ ғасырлар

74. 629 жылы Сюань-Цзанның жылнамасында «Ақ өзендегі қала» атымен аталған қала

A) Испиджаб

75. Археологтардың зерттеуі бойынша ерте ортағасырларда Оңтүстік Қазақстанда қанша қала болған?

A) 33

76. Шу және Талас аңғарынан ҮІІ-ІХ ғасырларға жататын қанша қала жұрты табылды?

A) 36

77. Қарахан әулетінің негізін салушы

A) Сатұқ Боғра-хан

78. 960 жылы ислам дінін мемлекеттік деп жариялаған Қарахан мемлекетінің билеушісі

A) Мұса

79. Қарахан мемлекетінің билеушісі Мұсаның астанасы

A) Қашғар

80. 990 жылы Хасан Боғра-хан Испиджабты басып алады. Ол кезде бұл қала кімдердің иелігінде еді?

A) Саманилердің

81. Х ғасырдың аяғында қарахандықтардың негізгі әскери-саяси ұмтылыстары қай аймаққа бағытталды?

A) Мауараннарға

82. 996 жылғы келісімге сәйкес Қарахан мен Самани мемлекеті арасындағы шекара

A) Қатуан даласы

83. Қарахандықтардың шығыс иелігінің саяси орталығы

A) Орда, содан соң Қашғар

84. Қарахандықтардың Батыс қағанатының астанасы

A) Үзкент, кейінірек Самарқанд

85. Батыс қағанаттың астанасын Үзкенттен Самарқандқа көшірген қарахан билеушісі

A) Ибраһим Тамғаш Боғра хан

86. 1040 жылы Мауараннахрдың толық билікті қожасына айналып, тамғаш боғра-хан атағын қабылдағын батыс иеліктің билеушісі

A) Ибраһим ибн Насыр

87. 1102 жылы салжұқ сұлтаны Санжар Мауераннахр билеушісі етіп кімді тағайындады?

A) Арслан-хан

88. 1089 жылы Салжұқ сұлтаны Мәлік-шах Қарахандық Батыс қағанатқа жасаған жорығының нәтижесі.

A) Боғра-хан өзін Мәлік шахтың вассалы деп мойындауға мәжбүр болды.

89.Қарахан мемлекетінің өмір сүрген уақыты

A) Х ғасырдың ортасынан-ХІІ ғасырдың бірінші жартысына дейін

90. Қарахан мемлекетінде қағанның ең жақын көмекшісі және кеңесшісінің атағы

A) Уәзір

91. Қарахан мемлекетінде сарай күзетінің басшысы қалай аталды?

A) Қапығ-башы

92. Қарахан мемлекетінде хат жүргізушілер қалай аталды?

A) Бітікші

93. Қарахан мемлекетіндегі үлес билеушілерінің лауазымы

A) Ілек

94. Х-ХІІ ғасырларды наймандар қай аймақты мекендеген?

A) Шығыс Қазақстан мен Батыс Монғолия

95. ХІ-ХІІ ғасырларда керейіттер қай аймақты мекендеген?

A) Тола өзенінің аңғарын, Орхон өзенінің орта ағысы ауданын және Онгын өзенінің аңғарын

96. Шыңғыс-хан империясының өрлеу кезінде жалайырлар қай аймақты мекендеген?

A) Хилок және Орхонның Селенгаға құятын сағасын

97. Керейіттер мен наймандар қандай дінді мойындаған?

A) несториандық бағыттағы христиан

98. Наймандар мен керейіттер қандай жазу түрін қолданды?

A) Ұйғыр

99. Наймандардың этнонимін, есімдерін, атақтарын, сондай-ақ кейбір тарихи мәліметтерге талдау жасай келе наймандар түркі тілдес деген қорытындыға келген ғалым.

A) С.Мураяма

100. 1185 жылы керейіттердің Ван-ханы, Шыңғыс-хан монғолдардың жажрат тайпасынан шыққан Жамұқа әскерлерімен бірге кімдерді талқандады?

A) Меркіт ұлысын

101. 1194 жылы Эрхэ Хара ағасы Ван-ханды (керейіт ханы) өз ұлысынан қуып жібергенде кімдердің көмегін пайдаланды?

A) Наймандардың

102. 1196 жылы Ван-хан кімнің көмегі нәтижесінде керейіт ұлысындағы билікті қайта қолына алды?

A) Шыңғыс-ханның

103. 1206-1207 жылдары Шыңғыс-хан Енесей қырғыздарын бағындыруға кімді жіберді?

A) Жошы-ханды

104. 1206 жылы Бұқтырма өзені бойында кімдер арасында шайқас болды?

A) монғолдар мен найман ханы Бұйрық әскерлері арасында

105. Коммендация институтының мәні.

A) Әлсіз адам өзінің жер учаскесін күштінің қамқорлығына береді, ол әлсіз адамды қорғауға тиіс

106. Иқта дегеніміз не?

A) Салық жинау құқығы

107. 1102 жылы Боғра-хан өлген соң Салжұқтардың Орта Азиядағы саяси үстемдігіне қарсы шыққан Тараз бен Баласағұн билеушісі

A) Қадыр-хан Жабрайыл

108. 1893 жылы түрік жазуының кілтін тапқан кім?

A) В.Томсень

109. Түрік жазуларын алғаш рет оқыған орыс түркологы

A) В.В. Радлов

110. Қазақстан территориясында Қарақытай мемлекетінің негізін қалаған кім?

A) Елюй Даши

111. Қарақытай билеушісінің титулы

A) Гурхан

112. Қарақытай билеушісінің ордасы қай қала?

A) Ғұз-орда

113. Жаңадан жаулап алынған аймақтарда қарақытайларға алым төлеу қай уақытта міндетті бола бастады?

A) ХІІ ғ. 40-жылдарының басында

114. Қарақытайлар басшысы Елюй Даши әскері қай жылы Емілге келді?

A) 1125 жылы

115. Қарақытайлар көсемі Елюй Даши әскері 1125 жылы қай жерге келді?

A) Емілге

116. Жергілікті мұсылман халқының қарақытайлардың билікті мұраға қалдыру жүйесіне наразы болуының себебі?

A) Гурхан қайтыс болған соң таққа гурхан атағын алған әйелі отырды

117. Қарақытайлар гурханы Елюй Даши 1143 жылы қайтыс болған соң билік кімге көшті

A) Табуянға

118. 1198 жылы сәуір-мамыр айларында қарақытайлықтарға Ауғанстан жерінен шыққан қандай тайпа күйрете соққы берді?

A) Гуридтер

119. 1205 жылы жазда қарақытайлар қай қаланы тастап кетуге мәжбүр болды?

A) Термезді

120. ХІ ғ. басында кимек, қыпшақ, куман тайпалары қоныстанған аумақта әскери-саяси үстемдік қай тайпаның қолына көшті?

A) Қыпшақтардың

121.Қыпшақтар Сырдарияның төменгі және орта аңғарынан Арал өңірі мен Каспий өңірі далаларынан оғыз жабғуларын қай уақытта ығыстырды?

A) ХІ ғасырдың екінші ширегінде

122. ХІ ғасырдың екінші ширегінің басында «Оғыздар даласы» деген атаудың орнына қандай атау пайда болды?

A) Дешті Қыпшақ

123. Шығыс және Батыс қыпшақ бірлестіктерін қай өзен бөліп жатты?

A) Еділ

124. Қазіргі Қазақстанның көп бөлігі кыпшақтардың қай ұлысының құрамына кірді?

A) Шығыс

125. Қыпшақ ақсүйектері шығыс Дешті Қыпшақ тайпалары қоныстанған аумақты кеңейтуде кімдермен соғысқан жоқ?

A) Саманилермен

126. Қыпшақтардың оң қанатының ордасы қай қала?

A) Сарайшық

127. Қыпшақтардың сол қанатының ордасы қай қала?

A) Сығанақ

128. 1065 жылы қыпшақтарға қарсы Маңғыстауға жорық жасаған салжұқ билеушісі

A) Алып Арслан

129. Қыпшақтар күшті де алғыр қарсылас деп білген 1127-1156 жылдар аралығында билік

құрған хорезмшахы.

A) Атсыз

130. «Половец даласының» шегі ертедегі орыс жылнамаларында қалай белгіленді?

A) Еділ мен Днепр аралығында

131. Батыс бірлестіктегі қыпшақтардың тайпалық құрамына кірмейтін тайпаны көрсетіңіз

A) байандұр

132. 1209 жыл бірлесіп қимылдаған наймандар мен меркіттер тобын кімдер тас-талқан етеді?

A) Ұйғырлар

133. Талқандалудан аман қалған Күшлік бастаған наймандар кімдердің иелігіне келіп қоныстанды?

A) Қарақытайлардың

134. Күшлік қай жылы гурханды тақтан тайдырып билікті басып алды?

A) 1210 жылы

135. 1211 жылы Жетісуға келген монғолдардың мұнда ұзақ тұрақтамай кері қайтуының себебі

A) Шыңғыс-хан оларды Цзинь империясымен соғысуға кері шақырып алды

136. Шыңғыс-хан Күшлікті жазалауға кімді аттандырды?

A) Жебе ноянды

137. 1216 жылы Қазақстан даласындағы меркіттерді талқандауға бағытталған монғол әскерін кім басқарды?

A) Жошы

138. Отырарға таянғанда оны қоршауға Шыңғыс-хан кімдерді қалдырды?

A) Шағатай мен Үгедей

139. Отырар қаласын монғолдар қай жылы алды?

A) 1220 жылы ақпан айында

140. Қазақстан мен Орталық Азия қай жылдары Шыңғыс-хан империясының құрамына кірді?

A) 1219-1224 жылдары

141. 1137 жылы монғолдарға қарсы көтеріліс бастаған елбөрілі тайпасынан шыққан қыпшақ.

A) Башман

142. Монғолдар жойып жіберген Оңтүстік Қазақстанның үш қаласы

A) Отырар, Сығанақ, Ашнас

143. Монғолдар жаулап алған территориясында енгізген төтенше салық қалай аталды?

A) Аваиз

144. Монғол билеушілеріне отырықшы халықтың төлейтін жер салығы қалай аталды?

A) Харадж

145. 1221 жылы монғолдар Солтүстік Хорезмдегі қай қаланы басып алды?

A) Үргеніш

146. 1220 жылы монғолдардың Кавказға жорығын кімдер басқарды?

A) Жебе-ноян мен Сүбедей-ноян

147. ХІҮ-ХҮ ғасырларда «Инжу» атауымен кімдерге тиісілі аймақтар аталынған?

A) Шыңғыс әулеті рулары мүшелері – ханзадалардың жеке енші аймағы

148. Моғолстанда жерді шартты түрде сыйға тарту қандай сипатта болды?

A) Сойырғал сипатында

149. Қандай қызметі үшін сойырғал берілді?

A) Әскери қызметі үшін

160. ХІҮ-ХҮ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан территориясындағы мемлекеттердегі тағар қандай салық болды?

A) Әскерді азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін заттай жиналатын салық

161. Моғолстанда хан кеңесі қалай аталды?

A) Мәжіліс

162. Моғолстан мен Әбілхайыр хандығында мемлекеттік кеңселер қалай аталды?

A) Диуандар, дафтарлар

163. Әбілхайыр хандығы мен Моғолстанда көкілташ атағы бар адам қандай қызмет атқарды?

A) Хан тағы мұрагерлерінің тәрбиешісі

164. Моғолстанда жоғары қызмет иерархиясында наиб лауазымын иеленген адам қазметі

A) Регенат рөлін атқарды

165. ХІҮ-ХҮ ғғ. Қазақстан аумағындағы мемлекеттердегі хан кеңесшілері қалай аталды?

A) Инақтар

166. ХІІІ-ХІҮ ғасырларда Орталық Азияда болмаған саяхатшыны көрсетіңіз

A) А.Никитин

167. Іле алқабындағы аса маңызды саяси және экономикалық орталық Алмалық қаласы қай ғасырда өз маңызын жоғалтты?

A) ХІҮ ғасырдың орта шенінде

168. Е.А. Давидовичтің айтуынша Шағатай ұрпақтары империясының ақша шаруашылығы неше кезеңге бөлінді?

A) Үш кезеңге

169. Е.А. Давидовичтің айтуынша Шағатай ұрпақтары империясы ақша шаруашылығының бірінші кезеңі

A) Орта Азияны монғолдардың жаулап алуынан бастап, шамамен ХІІІ ғасырдың ортасына дейінгі ғасыр ширегі

170. Отырарда монғолдар дәуірінде күміс жалатылып, мыстан соғылған теңгелер қалай аталды?

A) Дирхем

171. Масудбектің ақша реформасының (1271-72ж.) мәні

A) Орта Азияның, Қазақстанның оңтүстігі және Жетісудың көптеген қалаларында күміс теңгені тұрақты соғып тұратын етті

172. 1254 жылы Қарақорымға аттанған армян патшасы

A) І Гетум

173. Шыңғыс ханның екінші ұлы Шағатайдың иелігіндегі жерлер.

A) Оңтүстік Алтайдан Шығыс Түркістанды, Жетісу мен Мәуеренахрға дейін қамтиды.

174. Шағатай ұлысының басты қаласы.

A) Алмалық

175. Жамал Қарши деректері бойынша Шағатай иеліктерінің негізгі бөлігін құраған өлке қалай аталады?

A) Аларғу

176. Рашид ад-Диннің деректеріне сәйкес, Жошының ордасы қай өзен бойында орналасқан?

A) Ертіс

177. Плано Карпинидің хабарлауы бойынша XIII ғасырдың орта шенінде Жошының баласы Орда- Ежен қай аймақта тұрған?

A) Ертісте, Алакөл көлінің маңында.

178. Рубруктың дәлелдеуі бойынша Ұлы хан Мөңке мен Жошы ұлысының басшысы Батыйдың ықпалы жүретін шекаралар қай өзендер аралығындағы жазықта өткен?

A) Талас пен Шу өзендерінің

179. Батый Алтын Орданы қай жылдары биледі?

A) 1227-1255жж.

180. Орда-Ежен ұлысына енген жерлер.

A) Жетісудің солтүстік-шығыс бөлігіндегі жерлер, Ертіс бойындfғы кең-байтақ аймақ, Ұлытау мен Қаратауға дейінгі жерлер кірді.

181. XIIIғ. ортасынан бастап шығыс деректемелерінде Орда-Ежен ұлысы қалай аталды?

A) Ақ Орда

182. Орыс жылнамаларындағы деректер бойынша Алтын Ордада “ұлы алапат” кезеңі қай жылдар аралығын қамтыды?

A) 1359-1379жж.

183. XIVғ. аяғынан бастап Жайық пен Еділ арасындағы тайпалар бірлестігі қалай деп аталды?

A) Маңғыт жұрты

184. Ноғай Ордасы қай уақытта тәуелсіз мемлекетке айналды?

A) XVғасырдың ортасына қарай

185. XVғасырдың ортасы-XVI ғасырдың басында – Оңтүстік Шығыс Қазақстан қай мемлекеттің құрамына енді?

A) Моғолстан

186. Ақ Орданың астанасы?

A) Сығанақ

187. Алтын Ордадан Ақ Орда билеушілері қай ханның тұсында тәуелділіктен біржола қол үзді?

A) Мүбәрак Қожа хан

188. Моғолстан Шағатай мемлекетінің қай бөлігінде пайда болды?

A) Шығыс

189. Моғолстан мемлекетінің алғашқы ханы?

A) Тоғылық-Темір

190. Моғолстан мемлекеті қай жылы құрылды?

A) 1347-1348жж.

191. “Тарих-и Рашиди” шығармасында Тоғылық–Темірдің ордасын қай қала деп көрсеткен?

A) Алмалық

192. Тоғылық Темір өзінің Мәуренахрға алғашқы жорығын қай жылы жасады?

A) 1360 ақпан-наурыз

193. Дулғат руының көсемі Әмір Поладшының ордасы

A) Ақсу

194. Мырза Мұхамед Хайдар шығармасында Әмір Поладшы билеген аумақ қалай аталған?

A) Маңлай Сүбе

195. XIVғ. Моғолстан мемлекетінің орталығы қай ауданда орналысты?

A) Жетісуда

196. Әмір Темір Тоғылық Темірден қай аумақты басқаруға алды?

A) Кеш қаласын үлесті жерлерімен

197. 1365ж. болған Чиназ бен Ташкент аралығында Сырдарияның жағасындағы “Батпақ шайқасы” кімдердің арасында болды?

A) Моғолстан билеушісі Ілияс-Қожа мен Темір әскерінің арасында

198. 1365жылы Чиназ бен Ташкент аралығында Сырдария жағасында болған “Батпақ шайқасының” нәтижесі.

A) Темір әскері жеңіліске ұшырады

199. Мұхамед Хайдардың хабарлауы бойынша Тоғылық-Темір хан қайтыс болған соң Моғолстанда жоғарғы билікті басып алуға тырысқан адам.

A) Қамар-ад-дин

200. Ілияс-Қожа Молғолстан тағына қай жылы отырды?

A) 1362-1363 ж.

201. Темір Мәуренахрдағы билікті қай жылы басып алды?

A) 1370ж.

202. Темірдің Орта Азияны біріктіруі қанша жылға созылды?

A) 18 жылға

203. 1389 жылы Моғолстанға жорық кезінде Темірдің басты қарсыластары кімдер болды?

A) Енге Төре мен Қызыр-Қожа хан

204. 1389-1390жж. Темірдің Моғолстанға жасаған жорықтарының қортысындысы

A) Қызыр-Қожа хан вассалдық қатынастарды мойындады

205. Алтын Ордада егіншілерден алынатын салық қалай аталады?

A) Қылан

206. Алтын Ордада малшылардан алынатын салық қалай аталады?

A) Қапшауыр

207. Жошы ұлысы Қытай деректерінде қандай атпен кездеседі?

A) Қыпшақ ордасы

208. Алтын Орда қай уақытта ыдырады?

A) XVғ. бірінші жартысының соңына қарай

209. 1321 жылы айналымға енгізілген Шағатай ұрпағының атынан соғылатын күміс ақша қалай аталды?

A) Кебеки динарлары

210. Алтын Ордада атқарушы өкіметтің орталық органы диуанның хатшылары қалай аталды?

A) Бітікші

211. Алтын Ордада бүкіл әскери істі хан атынан кім басқарды?

A) Беклер бек

212. Алтын Ордада азаматтық билік басын қалай атады?

A) Уәзір

213. 1215жылы Хорезмшахы Мұхаммедтің Шыңғыс ханға жіберген елшілігін кім басқарды?

A) Беха ад-дин Рази

214. Сұлтан Бейбарсқа (Египет) қызын ұзатқан Алтын Орда ханы

A) Берке

215. В.В. Бартольдің зерттеулері бойынша Египет билеушілері мен Берке хан арасындағы қарым-қатынас қай жылы басталған?

A) 1262ж.

216. Ноғай Ордасының негізін қалаған кім?

A) Едіге

217. Ноғай Ордасы бөлінген соң Еділдің шығыс бөлігі қалай аталды?

A) Үлкен Ноғайлы

218. Үлкен Ноғайлы елі қай жерде болды?

A) Еділдің шығысында

219. Шағатай әулетінің мемлекеті қашан құрылды?

A) ХІІІ ғ.

220. Шағатай мемлекеті қашан ыдырады?

A) ХІҮ ғасырдың ортасында

221. Моғолстан қашан ыдырап кетті?

A) ХҮІ ғ. басында

222. ХҮ ғ. 40-50 жылдары қандай мемлекеттің тайпа көсемдері өздерін әмір деп жариялап ханға бағынудан бас тартты?

A) Моғолстан

223. Осман Кухистанидің шығармасын көрсетіңіз

A) «Тарих-и-Әбілхайыр хани»

224. Моғолстан ханы Есен-Бұға Керей мен Жәнібек бастап көшіп келген қазақ далалары тұрғындарының рулық-тайпалық топтарына қоныстануға қай территорияларды берді?

A) Шу, Қозыбасы аймағын

225.1446 жылы Көшпелі өзбектер мемлекетінің астанасы қай қалаға көшірілді?

A) Сығанақ

226. Көшпелі өзбектер мемлекетінің билеушісі Әбілқайырдың билік құрған жылдары

A) 1428-1468 жж.

227. 1431 жылы Екіретүп деген жердегі шайқастың нәтижесі

A) Әбілқайыр Тоқа Темір әулетін тас-талқан етіп жеңді

228. Әбілқайыр қай жылы Хорезмді басып алып, Үргенішті тонады?

A) 1430 жылы

229. 1456-1457 жылдары Көшпелі өзбектер мемлекетіндегі саяси жағдай

A) Әбілқайыр әскері қалмақтардан күрей жеңілді

230. Қалмақтар Әбілқайыр ханның қандай туысын тұтқынға алды?

A) 3 жасар немересі Сұлтан Махмудты

231. Қазақ хандығының пайда болуына негіз болған территория

A) Шығыс Дешті Қыпшақ, Жетісу мен Түркістан

232. Қазақ хандығының құрылуына негіз болған мемлекеттер

A) Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасы

233. Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюына ерекше дамыған екі аудан әсер етті. Ол қандай аудандар еді?

A) Түркістан мен Жетісу

234. Қазақ хандығы қашан құрылды?

A) ХҮ ғ. 60 жылдары

235. Қазақ хандығы құрылған соң қандай аудан қалалары үшін күрес жүргізді?

A) Сыр өңірі қалалары

236. ХҮ ғ. 80 жылдарының аяғы – 90 жылдарының басында Ташкент пен Сайрамда билік құрған моғол ханы

A) Сұлтан Махмуд

237. ХҮ ғасырдың соңғы онжылдығында Қазақ хандары мен Мұхаммед Шайбани арасындағы толассыз жүріп жатқан соғыс қимылдары уақытша бітіммен аяқталды. Осы бітім нәтижесінде Шайбани ұрпақтарына қандай қалалар тиісті болды?

A) Отырар, Ясы, Аркөк, Үзкент

238. ХҮ ғасырдың соңғы онжылдығында Қазақ хандары мен Мұхаммед Шайбани арасындағы толассыз жүріп жатқан соғыс қимылдары уақытша бітіммен аяқталды. Осы бітім нәтижесінде қазақ хандарына қандай қалалар тиісті болды?

A) Сығанақ, Сауран, Созақ, Сырдарияның төменгі ағысындағы қоныстар, Арал өңірі

239. 1864 жылы Қазақ хандығының құрылуы мен оның ХҮ-ХҮІ ғғ. тарихын зерттеп, «Қасымов патшалары мен ханзадалары» туралы ғылыми еңбек жазған шығыстанушы

A) В.В. Вельяминов-Зернов

240. ХҮ-ХҮІ ғасырлар шебінде Моғолстанның ыдырауы нәтижесінде оның халықтары дербес мемлекеттерге бірікті. Ол қандай мемлекеттер?

A) Қырғызстанда қырғыз және Шығыс Түркістанда ұйғыр мемлекеттері

241. Бұрындықтан кейін Қазақ хандығының мұрагері /1511 жылдар шамасында/ кім болды?

A) Қасым

242. Орталық Азияда Шайбани хан мемлекеті ыдыраған соң оның орнына қандай мемлекеттер құрылды?

A) Мауереннахр және Арабшах

243. 1514 жылы Шағатай ұрпағы Саид хан Шығыс Түркістанның орталығы Жаркентте қандай жаңа мемлекеттің негізін қалады?

A) Моғол мемлекеті

244. Қазақ хандығымен алғаш дипломатиялық байланыс жасаған Москва мемлекетінің Ұлы князы

A) ІІІ Василий

245. Қазақтар туралы өз жазбасын қалдырған австриялық дипломат

A) Сигизмунд Герберштейн

246. Жошы ұрпақтары үшін екінші орталық ретінде маңызы болған Жайық аңғарындағы қала

A) Сарайшық

247. Қазақтардың халық аңыздарында сақталынған алғашқы заңдар жинағы кімнің есімімен байланысты?

A) Қасым ханның

248. ХҮІІ ғасырдағы Қазақ хандығының астанасы

A) Түркістан

249. Мұхаммед Хайдардың шығармасындағы «Ол Дешті Қыпшаққа өз билігін жүргізді. Оның бодандары (лашкар) милионнан астам адам болды. Жошы ханнан кейін бұл жұртта одан құдіретті хан болған жоқ» деген жолдар кім туралы айтылды?

A) Қасым хан

250. 1522 жылы Қасым хан қайтыс болған соң Қазақ хандығы тағына кім отырды?

A) Мамаш

251. 1523-1524 жылы таққа отырған, ерекше қатігездігімен аты қалған қазақ ханы

A) Тахир

252. 1535 жылы Ноғай Ордасында болып қайтқан Ресей елшісі

A) Данила Губин

253. Мұхамед Хайдар Дулатиға 1537-1538 жж. «қазақтар қырылып қалды» деген ой туғызған тұжырым қандай оқиғаға байланысты?

A) 1537-1538 жж. Тоғым хан, оның барлық ұрпақтары және 37 сұлтан () шайқаста қаза тапқан

254. ХҮІ ғасырда Шығыс Түркістанның моғол хандарынан, ХҮІІ ғасырда Жоңғар мемлекетінен ерекше көп қысымға ұшыраған Қазақ хандығының территориясы

A) Жетісу

255. Ибн Рузбехан «Ол 400 мыңға дейін әскер шығара алады, оның адамдары қазақтар, олар Дешті Қыпшақта көшіп жүреді» деп қай қазақ ханы жөнінде айтқан?

A) Бұрындық

256. Бұрындықтың тұсында Қасым сұлтанның ұлысы қай жерде орналасты?

A) Жетісуда

257. ХҮІ ғ. 50 жылдарында Қазақ хандығын «қайта түлеткен» хан

A) Хақназар

258. 1569-1573 жж. Қазақ хандығында болып қайтқан Ресей елшілері

A) Третьяк Чебуков, Семен Мальцев

259. Москва мемлекетінің Орта Азия хандықтарындағы алғашқы ресми өкілі, ағылшан көпесі

A) Дженкинсон

260. ХҮІ ғ. ІІ жартысында ІҮ Иваннан жеңілдіктер алып Орта Азияда ірі сауда операцияларын жүргізген

A) Ағайында Строгановтар

261. 1582 жылы Шығай хан қайтыс болған соң Қазақ хандығы тағына кім отырды?

A) Тәуекел

262. 1594 жылы Тәуекел хан Феодор патшаға жіберген елшілікті кім басқарды?

A) Құл-Мұхаммед

263. 1594 жылы Феодор патшаға жіберілген қазақ елшілігі туралы істе Тәуекел кімдердің патшасы деп аталған?

A) Қазақ және қалмақ

264. 1594 жылы Орыс мемлекетіне Тәуекел хан жіберген елшілік не мақсат қойды?

A) Ресей патшасынан қару-жарақ сұрау

265. 1595 жылы наурыз айында Феодор патшаның Қазақ хандығына жіберген елшісі

A) Вельямин Степанов

266. 1598 жылғы Тәуекел ханның Шайбаниларға қарсы жасаған жорығының нәтижесі

A) Бүкіл Түркістан, Ташкент Қазақ хандығының құрамына кірді

267. Кім билік құрған кезде Түркістан мен Ташкент Қазақ хандығының құрамына енді?

A) Тәуекел

268. ХҮІІ ғ. басынан бастап Мауараннахрды бір жарым ғасыр билеген әулет

A) Аштраханилер

269. Есім хан қырғыздар мен қазақтар одағының ескерткішіне «Көкемнің көк күмбезі» аталған мұнараны қай қалаға салғызды?

A) Ташкент

270. 1643 жылдар шамасындағы «Орбұлақ шайқасы» кімдер арасында болды?

A) Қазақтар мен қалмақтар арасында

271. 1643 жылдар шамасындағы «Орбұлақ шайқасында» қазақ қолын кім басқарды?

A) Жәңгір

272. Тәуке хан тұсында аса үлкен мәртебеге ие болған билер

A) Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би

273. Тәуке заманындағы бір жүйеге келтіріліп, толықтырылған заңдар жинағы қалай аталады?

A) Жеті жарғы

274. 1575 жылы Третьяк Чебуков бастаған Мәскеу елшілігінің нәтижесі:

A) Орыс елшілерін Сібір ханы Көшімнің адамдары өлтірді

275.1690 жылы қарашада Тобылға келген, Тәуке хан Ресейге жіберген қазақ елшілігін кім басқарды?

A) Қабай

276. Сібір әкімшілігі мен Тәуке хан арасындағы қатынасты ретке келтіру үшін губернатор С.Салтыков 1692 жылы шілдеде Түркістанға елшілік аттандырды. Елшілік құрамында кімдер болды?

A) А.Неприпасов пен В. Кобяков

277. 1686-1693 жылдар арасында Тәуке хан Ресейлік Сібірге бес елшілік жібірді. Елшіліктің нәтижесі:

A) Елшілік сапарлары сәтсіз аяқталды

278. 1687 жылы Тобыл қаласына келген қазақ елшілігін кім басқарды?

A) Тәшім

279. Тұманшы батыр бастаған қазақ елшілігі Тобылға қай жылы келді?

A) 1689ж. аяғы -1698ж. басы

280. 1573 жылы Қазақ хандығына Третьяк Чебуковты елшілікке жіберген орыс патшасы

A) ІҮ Иван

281. Қазақ сөзінің этимологиясы туралы «Қаз+ақ. Мұндағы «қаз» - тұру, тік тұру, мықты, берік тұру. «Ақ» сөзі күшейтетін жалғ




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
 | 

Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 1780. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Этапы творческого процесса в изобразительной деятельности По мнению многих авторов, возникновение творческого начала в детской художественной практике носит такой же поэтапный характер, как и процесс творчества у мастеров искусства...

Тема 5. Анализ количественного и качественного состава персонала Персонал является одним из важнейших факторов в организации. Его состояние и эффективное использование прямо влияет на конечные результаты хозяйственной деятельности организации.

Билет №7 (1 вопрос) Язык как средство общения и форма существования национальной культуры. Русский литературный язык как нормированная и обработанная форма общенародного языка Важнейшая функция языка - коммуникативная функция, т.е. функция общения Язык представлен в двух своих разновидностях...

ТЕРМОДИНАМИКА БИОЛОГИЧЕСКИХ СИСТЕМ. 1. Особенности термодинамического метода изучения биологических систем. Основные понятия термодинамики. Термодинамикой называется раздел физики...

Травматическая окклюзия и ее клинические признаки При пародонтите и парадонтозе резистентность тканей пародонта падает...

Подкожное введение сывороток по методу Безредки. С целью предупреждения развития анафилактического шока и других аллергических реак­ций при введении иммунных сывороток используют метод Безредки для определения реакции больного на введение сыворотки...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия