Студопедия — Пальпацияның жалпы ережелері мен мақсаты
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Пальпацияның жалпы ережелері мен мақсаты






Пальпация науқастың іш қуысы бүлшық еттері босаңсыған жағ-дайда жүргізілуі шарт және зерттеуші өзінің қатысуымен, әдістерімен бүлшық ет кернеуін туғызбау керек.

Науқас іштің бүлшық еттерін бос үстап, қатқылдау төсекте не-месе кушеткада аяқтары созылыңқы, тізелері сәл бүгілген түрде жатады жөне қолдарын кеуде түсына жинайды, аса терең дем ал-майды, ал басының астында қатқылдау жастық болуы қажет. Дәрігер оң жағында, оның төсегіне қарсы орындыққа отырады, ал орындық биіктігі науқас адамның жатқан төсегімен бірдей болуға тиіс. Тексеретін бөлме жылы болып, науқастың іші ашық, дәрігердің қолы да жылы, жүмсақ, қүрғақ болғаны жен. Зерттеуді абайлап, ауырт-пай жүргізеді, ал егер суық қолмен пальпация жасаса немесе қолды қаттырақ батырса іштің бүлшық еттері рефлекторлы түрде жиыры-лады да, ол іш қуысын зерттеуді қиындатады. Науқастың іші ауаға толып кеуіп кетсе, іштің бүлшық етін жүмсартьш, босату үшін және ішекті босату үшін алдын ала клизма жасайды. Науқасты тек жат-қан жағдайда тексеріп қоймай, оны түрғызып та зерттейді, өйткені түрған қалыпта кейбір ағзалар сипап сезінуге ыңғайлы болады, мысалы: бауырдың сол жақ бөлігі, асқазанның кіші иіні, көк бауыр, бүйрек, соқыр ішек.

Пальпацияньщ мақсаты ағзалардың қалыпты физиологаялық орна-ласу жағдайын, олардың қалыпты топографиялық қатынасьш болжау.

Ап патологиялық үдеріс пайда болған жағдайда, онда бүл үде-рістің орналасуын, табиғатын, сипатын анықтайды. Бүл үшін екі түрлі пальпация әдісін қолданады: беткі жағынан жасалатын жөне терең жылжымалы пальпацияны жүзеге асыра отырып ағзалардың физикалық және функционалдық жағдайын, қүрсақ қуысы ағзала-рының топографиясын анықтайды.

Беткі жағынан жасалатын бағдарламалық пальпация. Дәрігер жо-ғарыда жазылғандай ыңғайлы жағдайда отырып, оң қолын науқас ішіне қояды, немесе сәл ғана бүгілген саусақтарының үшымен біртіндеп симметриялық аймақтарды салыстыра отырып, іш қуысы-ның барлық бөліктеріне беткі жағынан пальпация жүргізеді. Пальпация кезінде іштің қатаюьгаа, кернеуіне, ауыру сезіміне және оның таралуына көңіл қоюы қажет.

Пальпацияны көбінесе сол жақ шап аймағынан (егерде бүл жерде наукастың ауыру шағымы болмасы) бастайды, содан кейін іштің оң жақ және сол жағын симметриялы түрде салыстыра отырып, жоға-ры эпигастрияға қарай көтеріледі. Егер науқас адам сол жақ шап аймағына арыз-шағым жасаса, онда пальпацияны іш қуысының алдыңғы аз ауыратын бөлігінен бастайды. Пальпация кезіңде іштің терісіне, тері асты шеліне және іш қабатының кернеуіне көңіл ауда-ру қажет; сонымен қатар, ауыру сезімінің орналасуына, жарықтар-ға, тік бүлшық етгердің ажьфауына және басқа да өзгерістерге терінің беткі жағынан жасалатын пальпация арқылы көз жеткізуге болады. Егерде іштің, бүлшық етгерінің кернеуі жөне серпінділігі (резис тентгілігі), осы жердегі іш пердесінің қабыну үдерісімен қосылатын болса, онда ол закымданған ағза үстінде жақсы анықталады. Іш пердесінің өткір қабынуында (іріңді аппеңдицитге, холециститге) жергілікті қатга ауыру тудырады, яғни Щеткин-Блюмберг симпто-мы оң болады. Паренхиматозды ағзалар біршама үлкейгеңде, асқа-зан кернеуінде ірі ісік пайда болғанда, беткейліх пальпация диагно-стика үшін көп нөрселер береді. Іш қуысының және ондағы ағза-лардың жағдайын таддап тексеру және топографиясын анықтау терең жүйелі пальпация әдісімен қамтамасыз етіледі.

Терең өдістемелік жылжымалы палыіация Образцов-Стражеско әдісімен орыңдалады. Терең пальпацията кірісер аддында, іш қуысы-ның анатомо-топографиялық қатынасына, олардың пішініне және физикалық қасиетіне, науқас дене бетіміне байланысты топо-графиялық вариантына, оның тығыздығына, іштің бұлшық етінің тонусына көңіл аудару қажет. Іш қуысының ағзаларының пальпа-циясында Образцов тапқан қүбылыстарда, яғни екі рет тексеру прин-ципіне сүйеніп жүргізеді. Мысалы, сипап сезілген ішек бөлігі (кесІндісІ) ііеип іегтіпаіе екеніне коз жеткізу үшін, соқыр ішекті табу керек; асқазанның үзындығын анықтау үшін пальпация негіздерін перкуссиямен қоса тексереді. Ағзаларды сипап сезу кезінде тыныс экскурсиясы өдісін қолданады және оны қатаң түрде белгілі бір жоспар бойынша жүргізу керек, оны палыіацияға өте ыңғайлы ағза-дан бастайды. Мынадай реттілік кажет: сигма тәрізді ішек, соқыр ішек өсіндісімен, мықын ішектің соңғы бөлімін, тоқ ішектің өрлеме және төменгі жерін, арқазан бөліктерімен бірге, кәлденең жолақты ішек, бауыр, көк бауыр, он екі елі ішек, үйқы безі және бүйрек.

Ішкі ағзалардың пцльпациясын белгілі бір ережеге сай жүргізеді. Наукас жөне дәрігер жағдайы беткейлі пальпациядағьщай. Паль-пацияны оң қолмен немесе екі қолмен жүргізеді, оң қолмен паль-пация жасағанда, сол қол төменде болады да, оң қолға қарай қүрсақ-тың артқы қабьфғасын итереді (бимануалды пальпация). Егер паль-пацияны бір қолмен жасайтын болса, онда екінші қолмен іш пресін басады, сөйтіп іш қабырғасының қарсылығын төмендетеді, немесе зерттелетін ағзаны пальпация жасайтын қолға жақындатады.

Пальпацияның әдісі. Бірінші кезең; — дөрігер қолының қүрсаққа қойылуы. Дәрігер оң қолын науқастың алдынғы іш қуысына қояды, яғни зертгелетін ішек бөлігінің осіне перпендикулярлы немесе зерт-телетін ағзаның шетіне қояды.

Екінші кезең; — теріні ығыстыру және тері қатпарларын саусақ-тардың астына жинау.

Үшінші кезең; - қолды ішке терең енгізу. Терең палъпация мы-наған негізделген: саусақтар іш қуысына біртіндеп енгізіледі, әрбір тыныс шығарған жағдайда іш қабырғасының босаңсуын пайдалана отырып, іш қуысының артқы қабырғасына дейін жетеді.

Төртінші кезең;. Бүл саусақ үшының жылжымалы әдісімен зергтелетін ағзаның көлденең осіне бағытталған: саусақтармен ағзаны қүрсақтың артқы қабырғасына басады және жьшжымалы әдісті жүргізе береді, ағзаның орналасуына байланысты жылжымалы өдісті ііпкі жағынан сыртына қарай (8 тәрізді ішек, соқыр ішек), не бол-маса жоғарыдан төмен (асқазан, көлденең жолақты ішек) қарай, ағзалардың көлденең немесе тікс жүру бағытына қарай, қиғаш ауыт-қуына байланысты да жүргізеді. Пальпация жасайтын қолдың қоз-ғалысы міндетті түрде терімен бірге жүреді. Ішекті пальпация жасау арқылы, кейін оның орналасуын (локализация), қозғалғыштығын, консистенциясын, диаметрін, беткейлік жағдайын (тегіс, кедір-бүдыр) пальпация кезінде іште шүрыл болуын, не болмауын, ауыра-тынын анықтайды; бүл мәліметтер патологиялық үдерісінің бар не жоғын көрсетеді.

Сигма тәрізді ішектің пальпаішясы. Дөрігер оң қолдың саусақта-рын сигма тәрізді ішеюсе параллельді қояды да, науқастың терісін ішке қарай (кіндікке қарай) сырғытады, науқас дем шығарған кезде қүрсақ еттері босаңсиды Осы кезде дәрігер саусақтарын қүрсақ қуысына біртіндеп терендете енгізеді, сонан соң қолын терімен бірге сол жақ мықынға жылжытады, осы кезде дәрігердің қолы ішектің үстінен өтеді. Стражеско бойынша, сау адамдарда 91— 95 %-ке дейін пальпация жасалады. Оның үсті тегіс, тығыз, ауыр-майды, шүрылдамайды, цилиңдр тәрізді. Перистальтикасы сирек сезі-леді, оны 3—5 см-ге бір жаққа не екінші жаққа ығыстыруға болады.

Соқыр ішек пальпациясы. Соқыр ішекті зерттеу әдісі жоғарыда жазылғандай, бірақ сипап сезу бағыты басқа. Соқыр ішек негізінен ортаңғы және сыртқы үшінші сызық шекарасында жатыр (5 см мықын қыры сүйегінен), сипап сезеді, осы сызық арқылы және оған параллель түрде жүргізеді Пальцияда тек соқыр ішекті ғана тауып қоймай, тоқ ішектің өрлеме бөлігін 10—12 см аралығында, яғни клиникада іурһіоп деп аталатын бөлігін де табады. Соқыр ішек 80-85 % жағдайларда анықталады, қалыпты жағдайда кернеулі, цилиндрдің төменгі диаметрі 2-3 см, басқанда ауырмайды. Ішек палытациясы ауьфу сезімін тудырмай-ды, ол пассивті 2-3 см-ге қозғалысының бар екенін көрсетеді.

Мықын ішектің жөне бүйен ішек (кұрт тәрізді өсінді) пальпациясы. Оң жақтағы мықын ішек 80-85 % дейін анықталады, төменнен көтерілген жөне кіші астаудың сол жағындагы, тоқ ішекпен байла-нысқан жеріндегі бір кесіндісін сипап сезуге болады. Осы кесіңдінің төменнен солға, жоғары жөне оңға қарай багытталуы пальпацияны параллель жүргізуге мәжбүр етеді. Пеит соңғы бөлігі оң жақ мықын ойығының тереңінде жатады, оның жұмсақ жай перистальтикасы пассивті қозғалады, қалындығы қарындаштай, цилиндр түрінде сипап сезіледі, ал ол саусақ астынан жылжып өткен-де шүрыл естіледі. Мықын ішектід соңғы белііін анықтағаннан кейін, қүрт төрізді өсіндіні іздеп көруге болады. Алдын ала (егер науқас оң аяғын түз^ көтерсе, жақсы табылады) және оны іштің бүлшық етінің жиырылуында пальпация жасағанда анықтауға болады. 20—25 % жағдайларда соқыр ішек өсіндісі жіңішке болады, қалындығы қаздың қауырсынындай, ауырмайды жөне шүрылдамай-ды, цилиндр тәрізді, оны соқыр ішек өсіндісі деп айту өлі ертерек, өйткені ол жерде кейде шажырқай дупликатурасы немесе лимфа шогары болуы мүмкін. Осы қүрт төрізді өсіндіні кейде анықтау қиын, өйткені ол соқыр ішектің артқы жағында орналасуы сөзсіз.

Әсінді қабынудың әсерінен қисаяды, қалыңцайды, ол бір орын-да бекіп түрады, бүл кезде соқыр ішекті табу мүмкіншілігі үзаққа созылады. Соқыр ішекті Неит, оның сощы бөлігін және қүрт тәрізді өсіндіні бүгілген төрт саусақпен пальпация жасап анықтайды. Іштің қатайған бүлшық еттерін босату үшін, сол қолдың шыбық жағынан кіндік түсынан басады.

Тоқ ішек палыіациясы. Тоқ ішектің жоғарғы өрлеме және төменгі болігіне бимануалды пальпация жүргізеді. Сол қолдың білезігін сол жақ белге, ал содан кейін оң жақ белге бағытгайды, ал оң қолдын саусақтары күрсақ куысының тереңіне еніп, ішек осіне перпенди-куляр түрде палыіация жасап, ссл колмен жанастырады

Көлденең ток ішекке бүгілген төрт саусақпен немесе екі колмен (билатералды пальпация) бірдей пальпация жасайды Соlоп tгаnsvегsum түрақты емес, сондықтан оны анықтау үшін асказанның теменгі шекарасына Образцовтың «перкуторлы пальпация» әдісін колданады. Ол үшін оң колдың немесе екі қолдың бүгілген саусақтарын сызықтың бүйір шетіне қояды және теріні жоғарғы жағынан итереді, науқас тыныс шығара дем алғанда бүлшық еттердің босаңсуын пайдаланып, қолды біртіндеп күрсақ қуысына енгізіп, іштің арткы қабырғасына дейін жабыстыра жанастырады. Іштің арт-қы қабырғасына жеткеннен кейін, төмен жылжымалы пальпация жасайды, егер ішек доға тәрізді, немесе катты көдденең цилиндр тәрізді, қалындығы 2—2,5 см және жоғары, төмен тез ауыса алатын, ауырмайтын, шүрыддамайтын болса, оны тоқ ішек деп атауға болады.

Егер ол пальпация жасалған жерден табылмаса, сол әдіслен іш қуысының төменгі және бүйір бөліктерінен сол ішекті іздейді. 60— 70 % жағдакда тоқ ішек пальпация әдісімен табылады. Кейде он екі елі ішектің көлденең бөлігі және ток ішек иіні, не болмаса ащы ішек ілмегін сезіп табуға болады, ащы ішек теренде орналасқан-дықтан, оны іштің артқы қабырғасына басуға болмайды жоне қалып-ты жағдайда оны анықтау мүмкін емес. Перкуссия

Іштің перкуссиясы ас қорыту жуйесінің аурулары туралы көп мәлімет бермейді. Ішектер іштің алдыңғы қабырғасында, орналас-кандықтан, перкуссия әдісін қолданғаңда өр түрлі тимпаникалык дыбыс шығады жөне ол өр түрлі дәрежеде болады, себебі ол ішекте түрлі газдар мен қатты затгардың болуына байланысты.







Дата добавления: 2015-10-01; просмотров: 12514. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Признаки классификации безопасности Можно выделить следующие признаки классификации безопасности. 1. По признаку масштабности принято различать следующие относительно самостоятельные геополитические уровни и виды безопасности. 1.1. Международная безопасность (глобальная и...

Прием и регистрация больных Пути госпитализации больных в стационар могут быть различны. В цен­тральное приемное отделение больные могут быть доставлены: 1) машиной скорой медицинской помощи в случае возникновения остро­го или обострения хронического заболевания...

ПУНКЦИЯ И КАТЕТЕРИЗАЦИЯ ПОДКЛЮЧИЧНОЙ ВЕНЫ   Пункцию и катетеризацию подключичной вены обычно производит хирург или анестезиолог, иногда — специально обученный терапевт...

КОНСТРУКЦИЯ КОЛЕСНОЙ ПАРЫ ВАГОНА Тип колёсной пары определяется типом оси и диаметром колес. Согласно ГОСТ 4835-2006* устанавливаются типы колесных пар для грузовых вагонов с осями РУ1Ш и РВ2Ш и колесами диаметром по кругу катания 957 мм. Номинальный диаметр колеса – 950 мм...

Философские школы эпохи эллинизма (неоплатонизм, эпикуреизм, стоицизм, скептицизм). Эпоха эллинизма со времени походов Александра Македонского, в результате которых была образована гигантская империя от Индии на востоке до Греции и Македонии на западе...

Демографияда "Демографиялық жарылыс" дегеніміз не? Демография (грекше демос — халық) — халықтың құрылымын...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия