Студопедия — Осымша тексерістер
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Осымша тексерістер






Зертханалық аспаптық;

1.жалпы қан анализі 1.асқазан рентгеноскопиясы

2.асқазан сөлі 2.асқазан рентгенографиясы

3.асқазан жуынды суының анализі. 3.фиброгастроскопия

4.құсық анализі 4.биоптат алу

Сөлдің түсіне, құрамына, иісіне, қоюлығына көңіл аудару керек. Асқазан ауруының түріне байланысты асқазан сөлінің қышқылдығы әртүрлі болып кездеседі. Ас қорыту мүшелерінің ауруларында құрал – жабдық аппарат арқылы тексеру әдістері міндетті түрде қолданылады. Іш қуысы мүшелерінің орналасуын рентген сәулесі, ультрадыбыспен, сканирлау әдісі арқылы анықтауға болады. Эндоскопия әдісі арқылы асқазан және ішектің ішкі кілегейлі қабатының жағдайын, қатпарлардың, шырышты қабаттардың бұзылысын, жараларды, ісіктерді анықтауға болады. Бояу заттарды қолдана отырып өт қалтасының өзгерістерін көруге болады (холецистография). Ішек жолдарын тексеру үшін ирригоскопия (тоқ ішекке бояу зат енгізіп, рентген сәулесімен қарау), колоноскопия (колоноскоп құралымен тоқ ішектің ішкі кілегей қабатын тексеру) әдістерін қолданады. Ас қорыту мүшелерінің қатерлі ісігін анықтау үшін тіннің гистологиялық тексерісін жүргізеді (биоптат алу).

Дисфагия - тағамның өңеш арқылы өтуінің нашарлауы. Бұл өңеш ауруларында ең жиі кездесетін симптомдардың бірі. Науқас өңешіне астың тұрып қалуы (өңеші түйіліп), мен оның ауырғанын сезінеді. Дисфагия өңештің органикалық немесе функционалдық тарылуынан болады. Органикалық тарылу біртіндеп басталады, ол қатерлі ісікте күшейе түседі. Алғашқыда қою, сосын жүмсақ, соңында сұйық тағамның да жүруі нашарлайды. Қатерлі ісіктің ыдырауы кезінде уақытша болса да өңештің өткізгіштігі қалпына келгендей сезім пайда болады. Өңешке бөгде зат түскенде, сол сияқты өңештің ішкі қабаты улы заттардың түсуіне байланысты күйгенде, дисфагия лезде пайда болады. Сонымен қатар ол өңешке сыртқы денелердің батып, оның қысылуынан, кебінесе қолқа аневризмасы кезінде, жүрек қабының ісігінің әсерінен де пайда болуы мүмкін. Өңештің функционалдық тарылуы өңеш бұлшық еттерінің рефлекторлы болуынан, яғни невроз кезінде иннервациясының бұзылуы себебінен екені сөзсіз, сол сияқты оған өңеш бұлшық еттерінің қатты тарылып, жиырылуы да әсер етеді.

Ауру - бұл еңештің; кілегей қабатының қабынуы кезінде, яғни эзофагит ауруында байқалады. Өңештің ішкі қабаты сілтілер мен қышқылдардың әсерінен күйіп қалғанында, науқас ауырғанын бүкіл өңештің ұзына бойына сезінеді. Өңештің ауруы жауырыннын екі ортасына беріледі. Кардия ахалазиясы ауруында ауыру сезімі әдетте арқаға, төс сүйегінің жоғарғы жағына қарай, мойынға. иек асты, жақ сүйекке беріледі. Аурудың ұзақтығы бірнеше минутқа немесе сағатқа созылуы мүмкін. Кеуде пердесіндегі өңеш тесігінің жарығы және асқазан-өңеш рефлюкс ауруы кезінде ауырғаны кеуде клеткасының сол жағына қарай беріледі және ол жүрек ауруы сияқ-ты сезіледі.

Құсу -бұл өңештің тарылуынан болады. Тағам өңештің тарылған жерінен жоғары кеңейген жеріне жиналады да, оның бұлшық еттерінің жиырылуының нәтижесінде тағамды сыртқа рефлекс түрінде итеріп шығарады. Құсу бірнеше белгілермен ерекшелінеді: ол лоқсусыз болады, науқас тағам тұрып қалған сияқты сезінеді. Құсықтың құрамын зерттегенде, онда қорытылмаған ас қалдығы немесе тұз қышқылы, пепсин бар-жоқтығына көз жеткізу керек. Егер құсықта шіріген иіс пайда болса, ол өңеш дивертикуласын немесе қатерлі ісіктің ыдырауын көрсетеді.

Тамақтың өңештен кері қайтарылуы, ол өңештің тарылған жерінен өте алмағандығынан болады. Бұл белгі көбінесе нерв жүйесі сырқаттарында жиі байқалады. Сонымен бірге ол өңештің төменгі бөлігінің тарылуынан да болуы мүмкін.

Сілекейдің ағуы — бұл белгі эзофагит ауруында кездеседі. Өңештің тесігінің тарылуы, кейде қатерлі ісіктің салдарынан да болады.

Шірік иісті сезіну - өңештің қатерлі ісігінде және кардия ахалазиясы кезінде ас қалдықтарының жиналып қалуынан және оның шіруінен пайда болады.

Қыжылдау симптомы - ол төстің төменгі жағынан сезіледі. Ол асқазандағы ас қалдығы өңештің төменгі белігіне қайта түсуінен және сол сияқты эзофагит рефлюксінің (кері ағуның) әсерінен де болады.

Қан кету, ол өңештің жарасы кезінде байқалады, сондай-ақ бөгде заттардың әсерінен өңештің жарақаттануынан, қатерлі ісіктің ыдырауынан болады. Кейде өңештің кеңейген вена қан тамырынан қан кету себебінен, оның кілегей қабатының өңеш пен асқазанның кардиалды бөлігінің байланысынан, оның аймағындағы кернеудің күшеюінен, тамырлардың кішігірім жарылуынан пайда болады. (Меллори-Вейса синдромы).

Аурудың ағымы өңештің органикалық зақымдануы кезінде күшейіп, оның функционалдық ауруларында психикалық себеп-шарттарға байланысты кейде қайталап кезек-кезек алмасып отыруы мүмкін. Науқастың өмір тарихын сұраудың нәтижесінде өңештің күйгенін (сілтімен, қышқылмен) анықтауға болады. Бұрын басқа қандай аурумен ауырғанын, әсіресе мерез ауруымен ауырған-ауырмағанын білген жен. Науқастың арыз-шағымы дисфагияға, кейде сифилистік өзгерістеріне байланысты болады. Өңеш бүйірқалтасының болуы бұрын ауырған бронхоаденит, әсіресе туберкулез ауруына байланысты болуы мүмкін.







Дата добавления: 2015-10-01; просмотров: 4850. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Анализ микросреды предприятия Анализ микросреды направлен на анализ состояния тех со­ставляющих внешней среды, с которыми предприятие нахо­дится в непосредственном взаимодействии...

Типы конфликтных личностей (Дж. Скотт) Дж. Г. Скотт опирается на типологию Р. М. Брансом, но дополняет её. Они убеждены в своей абсолютной правоте и хотят, чтобы...

Гносеологический оптимизм, скептицизм, агностицизм.разновидности агностицизма Позицию Агностицизм защищает и критический реализм. Один из главных представителей этого направления...

Билет №7 (1 вопрос) Язык как средство общения и форма существования национальной культуры. Русский литературный язык как нормированная и обработанная форма общенародного языка Важнейшая функция языка - коммуникативная функция, т.е. функция общения Язык представлен в двух своих разновидностях...

Патристика и схоластика как этап в средневековой философии Основной задачей теологии является толкование Священного писания, доказательство существования Бога и формулировка догматов Церкви...

Основные симптомы при заболеваниях органов кровообращения При болезнях органов кровообращения больные могут предъявлять различные жалобы: боли в области сердца и за грудиной, одышка, сердцебиение, перебои в сердце, удушье, отеки, цианоз головная боль, увеличение печени, слабость...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.007 сек.) русская версия | украинская версия