Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Радиоактивтілік





1896 жылы француз физигі Анри Беккерель уран тұздарының көзге көрінбейтін сәулелер шыгаратынын байқаған. Ол сәулелердің, рентген сәулелері тәрізді, мөлдір емес заттардан өтіп кететіні анықталған. Онан кейін Мария Склодовская мен Пьер Кюри мұндай сәулелерді торий, полоний және радий элементтерінің де шығаратынына көз жеткізді. Осындай сәуле шығаратын заттарды радиоактивті заттар деп атады.

Қейбір элементтер ядросының өз бетінше сәуле шығарып,
содан соң жаңа элемент ядросы пайда болу қасиеті радиактивтілік деп аталады. Радиоактивті заттар алғашқыда табиғатта байқалған-ды. Сондықтан да табиғатта өз бетінше болып жататын радиоактивтілікті табиғи радиоактивтілік деп атайды. Радиоактивті заттар альфа, бета және гамма сәулелерін шығарады. Ол сәулелердің табиғаты мен қасиеттері әр түрлі болып келеді. Радиоактивті заттардың шығаратын сәулелерін зерттеу үшін радиоактивті затты бір қораптың ішіне орналастырайық. Қорапты магнит өрісіне орналастырайық. Сонда қораптан шыққан сәулелердің үшке жіктелетіні анықталған. Олардың бір тобы магнит өрісінде ауытқымай, тіке таралған. Бұл сәулелердің заряды жоқ деген сөз. Бұл сәулелерді гамма-сәулелер деп атаған. Магниттің сол полюсіне қарай бағытталған сәулелер оң зарядталған деп есептеледі. Ол — альфа-сәулелер. Ал теріс зарядты сәулелерді бета-сәулелер деп атайды.

Альфа-сәулелері гелий атомы ядроларының ағыны болып есептеледі. Оның массасы 4-ке, заряды +2е-ге тең. Энергиясы 2...5 МэВ. Альфа-сәулелері ядродан 20000 км/с жылдамдықпен ұшып шығады.

Затқа келіп соқтығысқан альфа-бөлшектері оның молекулаларымен немесе атомдарымен әрекеттеседі де, оларды иондайды немесе қозған күйге түсіреді.

Бета-сәулелері деп электрондар ағынын айтады. Бета-бөлшектерінің массасы альфа-бөлшектерінің массасынан 7350 есе жеңіл. Сондықтан да бета-сәулелері магнит немесе электр өрісінде альфа сәулелеріне қарағанда күштірек ауытқиды. Бұл сәулелердің жылдамдығы 160 000 км/с шамасында болады. Бета-бөлшектер альфа-бөлшектеріне қарағанда заттарды аз иондайды.

Гамма-сәулелері деп фотондар ағынын айтады. Оның жиілігі 1020 Гц. Гамма-сәулелері жарық жылдамдығына тең жылдамдықпен таралады.

Радиоактивті заттардың биосферада таралу жолдары:Ядролықсынақтарданкейінгі радионуклидтердің таралу жолдарыәртурлі және өте күрделі. Бірақ атмосферада көтерілген радиоактивті заттар біртіндеп әртүрлі процестердің себептерімен жер, су, шөп, топырақ бетіне шөгетіні белгілі. Ал, адам ағзасына түсу жолы, ас жүру жолы, топырақ-өсімдік, жануарлар /малдар/-мал өнімдері /ет, сүт, тер, жүн/, адам.

Радиоактивті заттардың адам ағзасына түсуінің екінші жолы тыныс мүшесі - ішек-қарын немесе тері арқылы болуы мүмкін. Бірақ бұл жолдардың ағзада жиналатын радионуклидтерге үлесі әртүрлі. Мәселен, сынақтан кейін радиоактивтік бұлт өткен жерлерде мал жайылса, онда ағзаға түскен радиоактивті заттар /салыстырмалы бірлік бойынша/ ас қорыту/ жолында - 1000, тыныс мүшелерінде -1, теріде -0,001 есе болып бөлінеді. Демек, бастапқы кезде радиоактивті заттар шөге бастағанда мал ағзасына, ас қорыту жолына аз түсу қамын ойлау керек.

Радиоактивті ыдыраудың бастапқы кезінде аса қауіптісі - иодтың изотоптары, өйткені олар мөлшері жағынан көп бөлініп, биологиялық активтілігі жоғары, 8-10 күннен кейін радионуклидтер ішіндегі қауіптілері стронций-90, цезий-137, бұлар биологиялық тізбекке қосылып, /топырақ-өсімдік-жануар-адам/ адам ағзасына келіп тоқтайды, 9.1.-сурет.

9.1.-сурет.Радионуклидтердің адам ағзасына келіп тоқтауы

 

Стронций-90, цезий-13. – Изотоптарының организмдегі қозғалыс заңдылығын зерттеген кезде S-90- кальцийге, Cz-13-калийге ұқсас екені анықталды. Мәселен, стронций-90, кальцийге бай сүйекке жинала­тын болса, цезий-137 калийге бай бұлшық еттерде жиналады. Стронций - 90 мен кальций, цезий -137 мен калийдің биологиялық ортада жиналуы және сыртқы ортадағы олардың пропорционалдығын еске алып стронцилық, цезийлік өлшем бірліктері тағайындалған.

1 стронцилық өлшем бірлік = 1 нКи Sr - 90/1 г • Са.

Берілген сынамадағы стронцилық өлшем бірлікпен көрсетілген шаманың, оның алдындағы ортадағы активтілігіне қатысымен өлшенетін шаманы дискреминациялық коэффицент деп атайды:

(1)







Дата добавления: 2015-10-12; просмотров: 3768. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...


Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...


ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...


Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Виды и жанры театрализованных представлений   Проживание бронируется и оплачивается слушателями самостоятельно...

Что происходит при встрече с близнецовым пламенем   Если встреча с родственной душой может произойти достаточно спокойно – то встреча с близнецовым пламенем всегда подобна вспышке...

Реостаты и резисторы силовой цепи. Реостаты и резисторы силовой цепи. Резисторы и реостаты предназначены для ограничения тока в электрических цепях. В зависимости от назначения различают пусковые...

Ситуация 26. ПРОВЕРЕНО МИНЗДРАВОМ   Станислав Свердлов закончил российско-американский факультет менеджмента Томского государственного университета...

Различия в философии античности, средневековья и Возрождения ♦Венцом античной философии было: Единое Благо, Мировой Ум, Мировая Душа, Космос...

Характерные черты немецкой классической философии 1. Особое понимание роли философии в истории человечества, в развитии мировой культуры. Классические немецкие философы полагали, что философия призвана быть критической совестью культуры, «душой» культуры. 2. Исследовались не только человеческая...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2026 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия