Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Дәрістік сабақ конспектілері





Дәріс 1. Кіріспе. Негізгі анықтамалар мен түсініктер. Стандарттар түрлері мен жіктелуі. Стандарттар әзірлеу кезеңдері.

Қоғамның дамуына сәйкес адамдардың атқаратын жұмыс түрлері де өзгеріп отырады. Бұл ертеде әр түрлі заттардың, жұмысқа қажетті құрал-жабдықтардың және жұмысты атқарудың жаңа тәсілдерінің пайда болуынан көрініс тауып отырған. Сонымен бірге, адамдар өз жұмыс нәтижелерінің ішінен қолдануға лайықты жақтарын таңдап алып отырған. Көне дәуірдегі өлшем бірліктерінің, стандартты мөлшерлі құрылыс бөліктерінің, су құбырларының қолданылуы стандарттаудың мысалдары болып табылады. Қайта өркендеу дәуірінде елдер арасында экономикалық байланыстардың дамуына сәйкес стандарттау әдістері кең қолданыла бастады. Мысалы, Венецияда көптеген кемелер жасау қажеттілігіне сәйкес оларды алдын ала дайындалып қойылған бөліктерден жинастыру қолданылды. Бұдан кейінгі уақытта да стандарттау жұмыстары жақсы дамып отырған. Мысалы, 1845 жылы Англияда бекіту оймаларының жүйесі, Германияда теміржол табандарының арақашықтығы стандартталды. Халықаралық стандарттау жұмыстары 1875 жылдан бастау алады. Осы жылы халықаралық метрикалық конвенцияны құрайтын 19 елдің өкілі Халықаралық өлшемдер мен салмақтар бюросын құрды. КСРО құрамына кірген елдерде стандарттаудың дамуы өлшемдер мен салмақтардың методикалық жүйесін құрудан басталған. 1925 жылы стандарттау саласында алғашқы орталық орган - Еңбек және Қорғаныс Кеңесінің жанынан стандарттау бойынша Комитет құрылды. Осы жылдан бастап КСРО-да стандарттау саласында көптеген игі істер атқарылды. 1992 жылы бұрыңғы КСРО аумағында тәуелсіз мемлекеттердің құрылуына байланысты осы елдердің арасында стандарттау, метрология және сертификаттау салаларындағы байланысты орнатудың жаңа түрлері қарастырылды. 1992 жылы 13 наурызда Тәуелсіз мемлекеттер достастығына (ТМД) енген елдер «Келісілген саясатты жүргізу туралы» келісімге қол қойды. Келісімге қол қойылуы, одан кейін мемлекеттік стандарттардың әзірленуі Қазақстан Республикасында стандарттау жүйесінің қалыптасуының алғашқы кезеңі болып табылады. 1999 жылы Қазақстан Республикасының «Стандарттау туралы» және «Сертификаттау туралы» Заңдары қабылданды. Заңдар стандарттау саласында нормативтік құжаттарды әзірлеп шығару негізінде тұтынушылардың мүддесін мемлекет тарапынан қорғауға бағытталған шараларды айқындап берді. ТМД-ның басқа да елдеріндегі сияқты Қазақстан Республикасында стандарттау жүйесінің дамуының негізгі бағыттары мыналар:

· келісімге сәйкес мемлекетаралық стандарттау жұмыстарын дамыту;

· Қазақстанның стандарттарды халықаралық стандарттармен үйлестіру жұмыстарын жеделдету;

· міндетті түрде сертификатталуға тиісті өнімдердің (көрсетілетін қызметтердің) мемлекеттік стандарттарын дайындауды жеделдету;

· ИСО 9000 сериялы халықаралық стандарттарын қолдана отырып елімізде сапа жүйелерін кеңінен енгізу, т.б.

Стандарт(от англ. standard — үлгі, норма) - өнімнің сипаты мен жүзеге асыру ережелері, өнімнің сату, тасымалдау, орындалатын жұмыстар мен қызметтердің ережелері бекітілген құжат. Стандарт сонымен қатар терминология, белгілер, қаптау, маркировкалау немесе этикеткаға қойылатын талаптар жиынтығын да қамтыйды.

Стандарт – бұл түрлі мақсаттық шешімнің қайталаушы тапсырмасы үшін анықтама жетістігінің мақсаты.

МЕСТ (ГОСТ)- Мемлекеттік стандарттың қысқартылған түрі. МЕСТ-терді белгілі бір қызмет саласына мамандандлырылған түрлі ұйымдар әзірлейді. Әзірленген МЕСТ-тер Қазақстан Республикасынын «Техникалық реттеу туралы» заңына сәйкес болу керек.

Республикадағы стандарт – стандартталатын объектіге сәйкес ережелер, нормалар, талаптардың негізгі кешенді анықталған нормативтік құжат, онда осы талаптар бірнеше мәрте қолданылады және өнімнің негізгі сипаттамалары, қолданылу ережелері, өндірістік үдерістердің сипаттамалары анықталады деп көзделеді. Сонымен қатар өнімнің алдағы өмірлік циклы да ескеріледі.

Стандарттар ғылыми білімнің жалпы нәтижелеріне, тәжірибелік машықты зерттеуге, техниканың дамуына негізделеді және қоғам үшін тиімдірек жетістік әкелуге бағытталған.

Стандартқа байланысты түрлі түсініктер бар, оны құру бағыттары да әртүрлі.

АЛДЫН АЛА СТАНДАРТ(prestandard): стандарттау мекемесінің белгілі бір уақытқа қабылдаған құжаты. Стандартты әрі қарай әзірлеу үшін, қолданылу тәжірибесіндегі орнын анықтау мақсатында осы стандартқа қызығушылық тудыратын қолданушыларға ұсынылады.

СТАНДАРТ ЖОБАСЫ (draft standard): стандарттың версиясы, толыққанды стандарт ретінде бекіту үшін осы стандартқа қызығушылықтары бар жақтарға талқылау үшін ұсынылады.

Стандарттар заттарға (эталондар, заттар үлгілері, өнімдер), сондай-ақ ережелерге, нормалар мен түрлі талаптарға да әзірленеді. Басқа да салаларда стандарт түсінігін кездестіруге болады:Телевизиялық хабар тарату стандарты, Ашық стандарт, Кодты рәсімдеу стандарты, Алтын стандарт және т.б.); шаблон ретінде қолданылатын бұйым.

Стандарттардың түрлері көп:

1. Халықаралық стандарт

2. Аймақтық стандарт

3. Ұлттық стандарт

4. Мемлекеттік стандарт

5. Салалық Ұлттық стандарт

6. Мекеме стандарты

7. Инженерлік қауым, ғылыми-техникалық кәсіпорындар және өнеркәсіптік консорциумдар стандарттары және т.б.

Стандарттар былай жіктелуі мүмкін:

1. Сапа стандарты

2. Әлеуметтік стандарт

3. Білім беру стандарты

4. Терминологиялық стандарт

5. Техникалық талаптарды анықтаушы стандарт

6. Еңбек қауіпсіздігінің стандарты

7. Құжаттандандыруға стандарт

8. Экологиялық стандарт және т.б.

Стандарттау объектісімен ғана ерекшеленетін стандарттар түрлері бар:

1. Негізін қалаушы стандарт;

2. Өндіріс өніміне стандарт;

3. Жұмыс үдерісіне стандарт;

4. Сынақ әдісіне стандарт (бақылау, өзгерту, талдау).

Мемлекеттік стандарттар халықшаруашылығының көптеген салалары қажет ететін қызмет түрлеріне, өнімдерге, жұмыстарға әзірленеді.

Бұл стандарттарды мемлекет (салаға байланысты мемлекеттік органдардың стандарт бекітуші органдары) бекітеді.

Салалық стандарттар да халықшаруашылығының көптеген салалары қажет ететін қызмет түрлеріне, өнімдерге, жұмыстарға әзірленеді. Салалық стандарттар талаптары мемлекеттік стандарттардың шарттарына, сондай-ақ өндірістік қауіпсіздік ережелері мен сол салада қабылданған еңбекті қорғау талаптарына сай болу керек. Салалық стандарттарды мемлекеттік басқару органдары бекітіп, жауап береді.

Кәсіпорын стандарттары кәсіпорында әзірленіп бекітіледі. Сол мекеме қызметіне сәйкес құрылады.







Дата добавления: 2015-10-12; просмотров: 1241. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...


Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...


Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...


Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Значення творчості Г.Сковороди для розвитку української культури Важливий внесок в історію всієї духовної культури українського народу та її барокової літературно-філософської традиції зробив, зокрема, Григорій Савич Сковорода (1722—1794 pp...

Постинъекционные осложнения, оказать необходимую помощь пациенту I.ОСЛОЖНЕНИЕ: Инфильтрат (уплотнение). II.ПРИЗНАКИ ОСЛОЖНЕНИЯ: Уплотнение...

Приготовление дезинфицирующего рабочего раствора хлорамина Задача: рассчитать необходимое количество порошка хлорамина для приготовления 5-ти литров 3% раствора...

Этапы и алгоритм решения педагогической задачи Технология решения педагогической задачи, так же как и любая другая педагогическая технология должна соответствовать критериям концептуальности, системности, эффективности и воспроизводимости...

Понятие и структура педагогической техники Педагогическая техника представляет собой важнейший инструмент педагогической технологии, поскольку обеспечивает учителю и воспитателю возможность добиться гармонии между содержанием профессиональной деятельности и ее внешним проявлением...

Репродуктивное здоровье, как составляющая часть здоровья человека и общества   Репродуктивное здоровье – это состояние полного физического, умственного и социального благополучия при отсутствии заболеваний репродуктивной системы на всех этапах жизни человека...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия