Стандарт әзірлеу кезеңдері
Техникалық комитет стандарт әзірлеуге тапсырыстар жинайды. Тапсырыстарды қоғамдық бірлестіктер, кәсіпкерлер, мемлекеттік органдар мен ұйымдар, фирмалар, ғылыми-техникалық қауымдастықтар, кәсіпорындар бере алады. Тапсырыста стандарт әзірлеуде ашылу керек сұрақтар көрсетіледі. Осы мақсатта Ресей Федерациясында стандарт әзірлеу кезеңіне тоқталып кетелік. Берілген тапсырыстарға сәйкес Ресей Мемстандарты мемлекеттік стандарттаудың 1 жылдық жоспарын жасайды. Техникалық комитет пен тапсырыс беруші жақ арасында келісім-шарт жасалады. Онда қамтылады: техникалық тапсырма әзірлеу, стандарт жобасын жасау, құжатты қабылдау, қайта қарай немесе қабылдаймай тастау үшін нақты нұсқасын ұсыну. Техникалық тапсырмада анықталу керек: орындалу мерзімі, стандарт құрылымы мен мазмұны, стандарттау объектісіне қойылатын талаптар тізімі; осы стандарттың потенциальды қолданушылары тізімі. Жобаны әзірлеудің екі стадиясы. Бірінші редакция. Бірінші редакцияда жобаның РФ заңдылықтарына, халықаралық нормалар мен ережелерге, шетелдердің ұлттық нормативті құжаттарына (егер бұл құжаттар прогрессивтілігі жоғары болса) сәйкестігі тексеріледі. Осы стадияда стандарттау объектісінің патенттік тазалығы тексеріледі. Екінші стадия. Бірінші редакцияға пікірлер талданады, стандарттың соңғы ақырғы редакциясы әзірленеді, НҚ қабылдауға дайындық жұмыстары жүреді. Стандартты қабылдау – РФ Мемстандарты қабылдайды. Стандарт құрамының РФ заңдарына, метрологиялық нормаларына және ережелеріне, терминдерге сәйкестігі, сондай-ақ құрамы, безендірілуі, баяндалуы бойынша сәйкестігі талданады. Стандарт консенсуспен бекітіледі және оны енгізу мерзімі анықталады. Қабылданған стандарт тіркеледі және ол туралы Ақпараттық көрсеткіште басылып шығарылады. Мемлекеттік стандартты қайта қарау – жаңа стандарт әзірлеу деп түсінсе де болады. Өнімнің негізгі көрсеткіштерін елеулі түзету қажеттілігі туындаса, стандарт қайта қаралады. Стандарт күшін жою – орнына жаңасын әзірлеу, немесе оны мүлдем қолданыстан алып тастау арқылы жүзеге асырылады. Осы стандарт бойынша өндіріс аяқталғанда жарамсыз болып қалады. Негізгі әдебиеттер: 1[10-25], 2[25-55], 3[15-41], 10[25-55], 11[10-25]. Қосымша әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11. Бақылау сұрақтары: 1. Стандарт деген не, оның жарамдылық мерзімі қандай? 2. Мемлекеттік стандарт не үшін қабылданады? 3. Халықаралық стандарттау ұйымының қызметі? 4. Халықаралық стандарт не үшін керек? 5. Стандарттау объектісі деген не? 6. Сапа стандартын құру мақсат? 7. Стандарт әзірлеу кезеңдері?
Дәріс 2. Стандарттау. Стандарттау саласындағы нормативтік құжаттар. Стандарттаудың ғылыми-техникалық принциптері мен функциялары. Стандарттау - нақты қойылып отырған және ықтимал міндеттерге қатысты көпшілікке ортақ, көп мәрте және ерікті пайдалану үшін ережелер белгілеу арқылы өнімге, көрсетілетін қызметке және процестерге қойылатын талаптарды ретке келтірудің оңтайлы деңгейіне қол жеткізуге бағытталған қызмет. Стандарттаудың негізгі мақсаттары мыналар болып табылады: · өнімге, үдерістерге (жұмыстарға), қызмет көрсетулерге нормалар, ережелер мен сипаттамалар белгілеу; · өнім, үдерістер, көрсетілген қызметтердегі адамдар өмірі, денсаулығы, мүліктер үшін қауіпсіздігін, қоршаған ортаның қорғалуын қамтамасыз ету. · өнімнің техникалық және ақпараттық сыйысымдылығын, сондай-ақ өзара алмасымдылығын қамтамасыз ету; · өнімнің, үдерістердің, қызмет көрсетулердің сапасын ғылыми-техникалық даму деңгейімен сәйкестендіру және сапа мәселелерінде тұтынушылардың мүдделерін қорғау; · өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету; · ресурстардың барлық түрін сақтау және ұтымды пайдалану; · елдің қорғаныс қабілеті мен жұмылдырушылық әзірлігін қамтамасыз ету; · табиғи және техногенді апаттар мен басқа да төтенше жағдайлардың туындау қаупін ескере отырып, шаруашылық объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Стандарттау объектілеріне көп мәрте ұдайы өндірілу және пайдалану перспективалары бар өнімдер, үдерістері (жұмыстар), қызмет көрсетулер жатады, ал өзара байланыстағы стандарттау объектілерінің жиынтығы стандарттау аумағы деп аталады. Мысалы, тамақ өндірісі стандарттау аумағына, ал ондағы шығарылатын өнімдер, қолданылатын технологиялық үдерістер және т.б. стандарттау объектілеріне жатады. Стандарттау саласындағы негізгі нәтижелер - өнімнің, көрсетілетін қызметтің және Үдерістің функционалдық міндетіне сәйкестік деңгейін жоғарылату, халықаралық тауар айналымында болатын техникалық кедергілерді жою, ғылыми-техникалық дамуға көмектесу және салааралық ынтымақтастықты нығайту.
|