Студопедія
рос | укр

Головна сторінка Випадкова сторінка


КАТЕГОРІЇ:

АвтомобіліБіологіяБудівництвоВідпочинок і туризмГеографіяДім і садЕкологіяЕкономікаЕлектронікаІноземні мовиІнформатикаІншеІсторіяКультураЛітератураМатематикаМедицинаМеталлургіяМеханікаОсвітаОхорона праціПедагогікаПолітикаПравоПсихологіяРелігіяСоціологіяСпортФізикаФілософіяФінансиХімія






Зав. кафедрой общей и 8 страница


Дата добавления: 2015-10-12; просмотров: 772



1-тапсырма. Сұраққа жауап беріңіз.

1. Қазақстанның білім беру жүйесінде қандай өзгерістер болды?

2. Неге мектепте 12 жыл оқитын болдық?

3. Бастауыш сыныптарды атаңыз.

4. 11-12 сыныпта неге үйретеді?

5. Кредиттік оқыту жүйесі туралы не білесің?

 

 

2- тапсырма. Білім, жоғары оқу орындары, мамандық бойынша қажетті сөздерді жазыңыз.

Үлгі: білім жоғары оқу орны мамандық

орта бөлім С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ қаржыгер

... ... ...

... ... ...

... ... ...

 

 

3-тапсырма. Берілген сөздердің орысша баламасын жазыңыз.

Білім жүйесі -

Орта білім -

Жоғары оқу орны -

Мемлекеттік оқу орны -

Акционерлік оқу орны -

Мемлекеттік емес -

Жаңа технология -

Кредиттік технология -

Инновациялық технология -

Ақпараттандыру -

Компьютерлендіру -

 

 

4-тапсырма. Сөйлемді аяқтаңыз.

1. Қазақстан білім беру жүйесінде жаңа реформа .... 2. Заңда 12 жылдық білімнің құрылымы ... 3. Білім саласында жаңа технологиялар ... 4. ҚР-ның «Білім туралы» жаңа Заңы бәсекеге қабілетті, отандық білім беру жүйесін қалыптастыруға ... 5. Қазір төртінші, тоғызыншы сыныптан кейін және бірінші курстан кейін мемлекеттік бақылау өткізіледі. 6. Халықтың білімін көтеру мақсатында Елбасының жарлығымен «100 мектеп, 100 аурухана» бойынша жаңа мектептер .... 8. Мектепке қажетті жаңа оқулықтар көптеп .... 9. Мектеп бітірген соң, жоғары оқу орнына түсу үшін ұлттық бірыңғай тест .... 10. Ал келесі жылдан бастап ҰБТ 2 деңгейден тұратын .... 11. I деңгей: оқушы мектепті бітіргенде ... II деңгей: талапкер жоғары оқу орнына түсер кезде.

 

 

5-тапсырма. Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің аудармасын қайталап жаттығыңыз.

ғылым – наука

ертеңі - будущее

білім жүйесі – система образования

қағида - цель

мемлекеттік емес – не государственный

міндетті - обьзательный

орта білім – среднее образования

тегін - бесплатно

өз еркі – своя воля

оқулық - учебник

әдістемелік - методический

ең маңызды мәселе – самая главная проблема

жеке меншік – собственность

 

 

6 – тапсырма. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз.

Қазақстанның білім беру жүйесі

Қазақстандық ғылымның ертеңі республикадағы білім жүйесіне тікелей байланысты. Қазақстанда басқарудың негізгі қағидаларына сүйенген, әрі қаржыландыру жағынан мемлекет және мемлекеттік емес болып есептелетін еуропалық типтегі білім беру жүйесі қанат жайып келеді.

1995 жылғы Конституция бойынша (30-бап) баршаға бірдей міндетті болып есептелетін толық орта білім алуды мемлекет тегін жүргізеді. Мектеп бітірген жас жеткіншектің одан әрі қандай оқуға түсуі (мемлекет және жеке) өз еркімен қалауына байланысты.

1997 – 1998 оқу жылынан бастап жалпы білім беретін мекемелерде ақпараттандыру мен компьютерлендіру толығымен аяқталды.

Бүгінгі таңда республика аумағында жеке меншік және мемлекеттік көптеген оқу орындары білім беру жүйесін байланыста жүргізуде.

7 - тапсырма. Мәтінді ауызша мазмұндап, сұрақтарға жауап беріңіз.

 

1. Қазақстанның білім беру жүйесі қандай типті басшылыққа алған?

2. Толық орта білім алуды мемлекет қалай жүргізеді?

3. Мектеп бітірген соң, білім алу қалай белгіленеді?

4. Мектепті ақпараттандыру қай жылдан басталды?

5. Мектепті компьютерлендіру толығымен қашан аяқталды?

8 - тапсырма. Сұхбаттың толық нұсқасын жазыңыз.

- Достым, шетелдерде жеке меншік оқу орындары көп пе?

Осыған қатысты қандай деректер білесіз?

-...

 

- Мен ғаламтор ақпараттарынан шетел студенттерінің базасы мықты жеке меншік университеттерінде оқығысы келеді дегенді естіп едім. Оның сыры неде?

- ...

 

- Шетелден келген білім жүйесі негізінде «магистр», «бакалавр» сияқты терминдерді естідік. Ол жайында не білесің?

 

- ....

 

 

9 - тапсырма. Мына сөйлемдерді бұйрық райда түрлендіріңіз.

1. Студенттер емтиханды тапсырды. 2. Олар ғылыми жұмысты тез жазды. 3. Осы кітапты алған едім. 4. Біз сайысты жақсы ұйымдастырдық. 5. Әуежайдағы ұшақтар техникалық тексерістен өтті. 6. Халықаралық кездесулер Қазақстанда болады. 7. Олар осы әңгімені қызықтырып айтты. 8. Саяжайда олар барлық жеміс-жидек түрлерін отырғызды.

 

 

10 - тапсырма. Қажетті сөздерді аударып, қазақ тілінде рай түрлерінің жасалуын ажыратыңыз.

1. Менің әдемі ( хочу одеваться). 2. Оның бізбен ( хочет погулять). 3. Оның жарысқа (хочет участвовать). 4. Ол тез (придет). 5. Оның сурет (хочет рисовать). 6. Студенттерге (хочет сказать). 7. Біз Бәйтерекке кеше (сходили). 8. Мен осы мамандықты (выбрал). 9. Сәкен сабағын (пусть делает). 10. Біз газет-журналды үнемі (читаем).

 

13 – сабақ

Адам және заң

Шақ категориясы

1-тапсырма. Сұраққа жауап беріңіз.

 

1. ҚР Азаматтық Кодексі қай жылы қабылданды?

2. ҚР Азаматтық Кодексі неше тараудан, неше баптан тұрады?

3. Азаматтардың тұрғылықты жері қалай анықталады?

4. Азаматтардың білім алу құқықтары туралы нешінші бапта айтылған?

 

 

2-тапсырма. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып, оқыңыз.

 

1. Мен Қазақстан Республикасының ... . 2. Мен жоғары мамандан-

дырылған білім алуға ... . 3. Ұлттық мұраны қорғау - менің азаматтық ... . 4. Әр азамат өзінің азаматтық құқығын сол мемлекеттің заңнамасының негізінде қорғауға ... . 5. 1995 жылы 30 тамызда ҚР жоғарғы Кеңесімен ҚР Конституциясы - ... 9 бөлімнен 98 баптан тұрады.

Қажетті сөздер: Ата заң, құқылы, парызым, азаматымын, құқылымын.

 

 

3-тапсырма. Берілген сөздерді орыс тіліне аударыңыз.

құқығы бірдей, тегіне, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты, кемсітуге болмайды, бостандықтарын, міндеттерін, айқындап береді.

 

 

4-тапсырма. Сөздер мен сөз тіркестеріне назар аударыңыз.

азамат - гражданин

құқық - право

тегі - фамилия

лауазымы - звание

әлеуметтік жағдайы – социальное положение

мүлік - имущество

жағдаят - ситуация

міндеттері - обязанность

азаматтық қоғам – гражданское общество

баспалдақ – ступенька

 

 

5 – тапсырма. Мәтінді оқып, түсінгеніңізді ауызша баяндаңыз.

 

Адам және заң

Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының құқығы бірдей.

ҚР Конституциясының 14-бабында: «Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез-келген жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды» деп жазылған

Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының міндеттері де тең. Азаматтық қоғам құруға апарар баспалдақ осылар болмақ. Адамдар белгілі бір заңдар, ережелер шеңберінде өмір сүреді. Қазақстан Республикасының қабылдаған заңдарының бәрі Конституцияны басшылыққа ала отырып жасалады.

Конституция қоғамның даму заңдылықтарын, азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және міндеттерін айқындап беретін негізгі заң болып табылады. Қазақстан Республикасының қазіргі заңы 1995 жылы 30 тамызда қабылданды. Бұл біздің өміріміздегі маңызды күн ретінде жыл сайын мерекеленеді.

 

 

6 - тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

 

1. Қазақстан Республикасы азаматтарының құқығы туралы ҚР Конституциясының нешінші бабында айтылған?

2. Адамдар өмір сүруде қандай ереже, заңдарға сүйенеді?

3. Негізгі заңда адамға қатысты қандай мәселелер қамтылады?

4. Ата заңымыз қашан қабылданып, бекітілді?

7-тапсырма. Сұхбатты толықтырыңыз.

- Достым, ҚР Конституциясы қашан қабылданған?

- ............................................................

- Азаматтық қоғам құру үшін, ҚР Конституциясының 14-бабында қандай құқықтар қамтылған?

- ............................................................

- ҚР азаматтарының құқықтарын айқындап беретін заңдар қалай жасалған?

- ...........................................................

- Сенің құқыңа нұқсан келтірілсе, қандай құжатқа сүйенесің?

- ..........................................................

- Қазақстан Республикасы заңдарының орындалысын қандай басқару мекемелері қадағалайды?

- ........................................................

 

 

8 - тапсырма. Өткен шақ есімше жұрнақтарын пайдаланып, төмендегі сөйлемдерді түрлендіріңіз. Сөйлемнің мағынасындағы өзгерістерді түсіндіріңіз.

 

1. Мұрат емтиханға көп дайындал... 2. Студенттер жазғы демалыста жұмыс істе... 3. Ағасы кеше мұражайға апар... 4. Шекарашылар осы заңды сақта... 5. Атасының сөзін сабырмен тыңда... 6. Құнды қағаздар, сирек кітаптар мұрағатта сақтал...

 

 

9- тапсырма. Өткен шақ көсемше жұрнақтарын пайдаланып, сөйлемдерді аяқтаңыз.

Олар бізге қолдан жасалған бұйымдарын жібер...ті. Сол кеште әсем әндер шырқал...ты. Оның мінезіне бәрі күл...ті. Бала ата-анасын қуанышқа бөле ...ті. Сол сәтте бойын батылдық биле... ті. Әлем халқы тыныштықты тіле... ті.

 

 

10-тапсырма. Жұмыс картасын толтырыңыз

 

1. ҚР Азаматтық Кодексі неше баптан тұрады?    
2. ҚР Конституциясы неше бөлімнен, неше баптан тұрады?    
3. ҚР қорғау кімнің азаматтық парызы?    

 

14 – сабақ

 

Халықаралық қатынастар

Үстеу

1- тапсырма. Сөздікпен танысып, жаңа сөздерді меңгеріңіз.

 

қуатты – мощный

мән - значение

даму үрдісіне – в процесе развитие

құқықтық - правовой

теңдік - свобода

іскерлік қатынастар – деловые отношения

мәдениетті - культурный

білім - знание

бағдарлама - программа

оқу орындарында – в учебных заведениях

кездесу - встреча

нәтижесінде – в итоге

мәлімдеме - декларация

 

 

2 – тапсырма. Мәтінді тыңдап, өзіңіз білетін сөздердің аудармасына назар аударыңыз.

Халықаралық қатынастар

Қазақстан мемлекеті егемендік алғаннан бастап, халықаралық қатынастарға ерекше мән беруде. Өйткені дүние жүзіндегі ірі державалармен байланысты орнықтыру – жас мемлекет үшін аса маңызды. Осыған орай дүние жүзіндегі ең қуатты держава – Америка Құрама Штаттарымен қатынастарға тиісті мән берілуде. Қазір Вашингтонның халықаралық даму үрдісіне ықпалы орасан зор екені белгілі. Қазақстанның бұл елмен арақатынасында құқықтық пен теңдік сақталады.

Қазақстан үшін республика экономикасына айтарлықтай инвестиция беріп отырған Еуропалық мемлекеттермен іскерлік қатынастар орнату аса қажет. Сонымен қатар, бұл мемлекеттер Қазақстанның мәдениеті мен білім саласын дамытуға да қол ұшын беруде. «Болашақ» бағдарламасы аясында қазақстандық студенттер АҚШ-тың, Францияның, Германияның оқу орындарында білімдерін жетілдіруде.

Қазақстанның Батыс Еуропа мемлекеттерімен, соның ішінде, Англиямен қатынасы да жоғары дәрежеде.

1992 жылдың күзінде Н.Назарбаев Германияда болып, канцлер Г.Кольмен кездесті. Кездесу нәтижесінде екі мемлекет арасындағы бірлескен мәлімдеме жарияланды. Сол жолы Қазақстанның президентін Елисей сарайында Францияның Президенті Ф.Миттеран қарсы алды. Келіссөздер Қазақстанның саяси-экономикалық дамуына жаңа серпін берді.

Қазақстан Венгрия, Болгариямен, Чехиямен, Румыниямен өзара тиімді қатынастар орнатқан.

 

 

3 - тапсырма. Мәтінді оқып, ауызша сұрақтарға жауап беріңіз.

 

1. Халықаралық қатынастар дегеніміз не?

2. Дүние жүзіндегі ірі державаларды атаңыз?

3. АҚШ-пен Қазақстанның байланысын сипаттаңыз.

4. «Инвестиция» терминін сипаттаңыз.

5. Қазақстанның Англия, Германиямен байланысы?

6. Венгрия, Болгария, Чехиямен, Румыниямен достық қарым-қатынастың дамуы туралы айтып беріңіз.

 

 

4 - тапсырма. Сұхбатты толықтырып, ауызша сөйлесіңіз.

- Достым мемлекетіміз егемендік алғаннан бері, халықаралық қатынастарға ерекше мән беруде. Содан бергі ғылым-білім саласындағы елеулі жаңалықтарды білесің бе?

- ...

- «Болашақ» бағдарламасына қандай мемлекеттер ықпал жасауда?

- ...

- Халықаралық қатынастар нәтижесі экономика саласына «инвестиция» терминін әкелді. Осы термин туралы қарапайым түсінік бере аласың ба?

- ...

- Біздің жастарымыз да дүниежүзіндегі ірі мемлекеттерде білім алуда. Осы жөнінде, яғни олар не үйреніп, қандай дәреже алып келетіндігі жөнінде айтып берші?

- ...

 

 

5 - тапсырма. Қажетті үстеу сөздерді аударып, мағыналық түрлерін ажыратыңыз.

(Вчера) қаланың көрікті жерлерін араладық. Мен (специально) осы затты сатып әкелдім. Сәбит (быстро) келді. (Вдруг) музыка ойнап кетті. Балалар (вперед) жүгіріп кетті. Біз (постоянно) ақылдасамыз. Ермек бүгін үйден (рано) шығып кетті. (Теперь) өз жайыңды баяндап берші.

 

 

6 - тапсырма. Сөйлемдерден туынды үстеулерді тауып, мағынасына қарай жіктеңіз.

Ойынға қатысатын балалар өзбекше киініп алыпты. Марат бізге қыстай келіп тұрды. Мен жерге шалқамнан құладым. Ол құстай ұшып келеді. Атам ескіше жазады, жаңаша ойлайды. Мұғалім бізге осыншама түсіндірді. Сендер соншама сөйлестіңдер ме? Әкем балаша қуанып жүр.

 

15 –сабақ

 

Ғылым мен техника

Шылау сөздер

1-тапсырма. Сұраққа жауап беріңіз.

1. Ғылым мен техниканың бір-біріне қандай қатысы бар?

2. Ғылыми жаңалықтар туралы не айтар едің?

3. Техниканың қарыштап дамуына мысал келтір.

4. Ғылымда қандай өзгерістер болуда?

5. Жаңалық ашқан ғалымдардан кімдерді білесіз?

 

 

2-тапсырма. Берілген сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз.

Ғылыми жаңалық, ғылыми жетістік, ғылыми бағдарлама, ғылыми дәреже, ғылыми атақ, ғылымды жетілдіру, ғылымды игеру, ғылыми-техникалық потенциалын дамыту, қазақтың тұңғыш ғалымы, техникалық жаңалықтар, техника саласында, техника ғылымының докторы.

 

 

3-тапсырма. Сұхбатты оқып, екуара әңгімелесіңіз.

-Ерте заманда үтік орнына нені қолдынылған?

-Азамат үтіктің қажет екенін түсінген соң қарапайым тасты қолданылған. Екі тастың ортасына киімдерін қойып қыртысын жазған.

- Гректер киімдерін қалай үтіктеген?

- Ыстық темір шыбықты қолданған.

- Ресейліктер киімді қалай үтіктеген?

- Олар қыртыстаған киімді оқтаумен ұрып кетірген. Кейінннен 1903 жылы темір үтік ойлап тапқан. Темір үтіктің ішіне ыстық шоқ салып киімді үтіктейтін болған.

- Үтіктің жақсы не жаман екенін қалай білген?

- Үтіктің астыңғы бөлігіне, оның қуатына, сумен жұмыс істеуіне, ыңғайлығына, қыздыру режиміне қарап айыруға болады.

- Қазіргі үтіктің қандай түрлерін білесіңдер?

- Олардың сапасы қандай?

- ....

4–тапсырма. Төмендегі сөйлемдерді қажетті сөздермен толықтырыңыз.

1. Өркениетті елдерде ... ерекше көңіл бөледі. 2. Қазақстанда ... барлық жағдай жасалған. 3. Ғылымды дамыту үшін ... жоспар жасалған. 4. Тек ғылым арқылы ... төтеп бере аламыз. 5. Ғарышты игеру - ... жетістік.

Қажетті сөздер: білім алуға, жоспар, бәсекеге, үлкен, ғылымға

 

5-тапсырма. Сөздер мен сөз тіркестеріне назар аударыңыз.

қуатты – мощный, сильный

қарқынды - интенсивный

сапалы - качественный

ұсыныс - предложение

жарлық – декларация

жетістігі – достижение, успехи

ғарыш - космос

тұңғыш - впервые

ғарышкер - космонавт

жер беті - земля

жұлдыз - звезды

тұзды - соленный

шаң - пыль

тәжірибе - опыт, практика

зерттеулер - исследование

кеңістік - пространство

 

6–тапсырма. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз.

 

Ғылым мен техника

Ғылымның дамуы – мемлекеттің қуатын көрсететін басты көрсеткіш. Сондықтан, болашаққа талпынған, қуатты да күшті державалармен иықты теңестіріп, тең тұруды көздеген Қазақстан мемлекетіне ғылым мен техникалық базаны нығайту қажет.

Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан бері, ғылым мен техниканың қарқынды, сапалы дамуына үнемі көңіл бөлінуде. Осыған орай, 1992 жылы Ғылым және жаңа технология министрлігінің ұсынысына сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті «Ғылымды жетілдіру және республиканың ғылыми-техникалық потенциалын дамыту туралы» жарлыққа қол қойды. Бұдан басқа да бірнеше жарлықтар қабылданып, ғылым мен техниканы дамытуға бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылды.

Өткенге көз жүгіртсек, Қазақстанның ғылым мен техникасының дамуын, жетістігін ғарышқа қадам басқан жолдарынан байқауға болады.

1991 жылы тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров Қазақстан Республикасының егемендік алуына орай аспан әлеміне аттанды. Онда тұңғыш ғарышкеріміз Қазақстан аймағындағы атмосфераны және жер бетін, жұлдызды аспанды бақылады. Арал үстіндегі тұзды шаң борамасының пайда болуы мен таралуының ғарыштық суреттері алынды.

1994 жылы Байқоңыр ғарышжайынан ғарышкеріміз Талғат Мұсабаев сапарға аттанды. Онда Талғат Мұсабаев Қазақстан мен Ресейдің ғылыми бағдарламасы бойынша тәжірибелер мен зерттеулер жүргізді.

Адам баласының ғарыш кеңістігіне шығуы – ғылым мен техниканың дамуының баға жетпес жетістігі.

 

 

7 - тапсырма. Сұрақтарға ауызша жауап беріңіз.

1. 1992 жылы Қазақстан Республикасының Президенті қандай жарлыққа қол қойды?

2. Басқа елдермен тереземіз тең болу үшін ғылымның қажеттілігі бар ма?

3. Ғылымы дамыған ел неге қуатты?

4. Ғарышты игеру мемлекетімізде қандай дәрежеде?

 

 

8-тапсырма. Сұхбатты толықтырып, еркін сөйлесуге дағдылан -

ыңыз.

 

- Достым, Қазақстан мемлекеті егемендігін алғаннан бері, ғылым мен техниканың дамуында көзге түсер қандай жетістіктері байқалды? Өзің оқыған деректерге сүйеніп айтып берші.

- ......................................................

- Қазақстанда машина жасау, оны құрастыру саласы дамыған ба? Республика аймағында қандай техникалар шығарылады?

- .....................................................

- Мемлекетіміз аса маңызды ғарышты меңгеру саласына да қадамдар жасауда. Бұл да ғылыми жетістігіміз. Алғашқы ғарышкеріміз жайлы не білесің?

- ....................................................

- Талғат Мұсабаевтың ғарышқа сапарында қандай жетістіктерге қол жеткіздік?

- ....................................................

 

 

9-тапсырма. Қажетті септеуліктерді қойып, сөйлемдерді аударыңыз.

1. Біз саябаққа (?) жүгіріп бардық. 2. Оқытушы бізге мемлекеттік тіл (?) баяндап берді. 3. Емтихан біткен (?) үйге кетеміз. 4. Адам өмір (?) күреседі. 5. Біз көрші (?) хабарластық. 6. Көше (?) жарық шамдар қойылыпты. 7. Кешеден (?) Арман көңілді жүр. 8. Алаңға мыңға (?) адам жиналды. 8. Күзге (?) олар тағы кездеседі.

Қажетті шылаулар: қарай, дейін, туралы, бойы, арқылы, бері, үшін, соң, жуық

10-тапсырма. Төмендегі сөйлемдерді аударып, демеуліктердің қызметін ажыратыңыз.

Оны кейін айтып беремін ғой. Қазір келсе ше? Ғылыми конференцияға тек қана үздік студенттер қатысады. Бір ғана тақырыпты таңдадық. Баяғыда бір батыр болыпты-мыс. Біз келгеннен-ақ зыр жүгірді. Ол досын көрейін деп барған-ды. Сенің басың қатып кетті-ау.

 

16-сабақ

 

Экономиканы білу - пайда

Жай сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлері

 

1-тапсырма. Сұраққа жауап беріңіз.

1. Экономика сөзін қалай түсінесіз?

2. Сіз экономика заңдылықтарын білесіз бе?

3. Күнделікті қажетіңізге қанша ақша жұмсайсыз?

4. Сіз ақша үнемдей аласыз ба?

5. Сіз айына қанша ақша жұмсайсыз?

6. Ақша үнемдей алатын адамдарды қалай бағалайсыз?

 

 

2-тапсырма. Сәйкестігін табыңыз.

 

экономикалық көрсеткішэкономическая польза

экономикалық дамуэкономический показатель

экономикалық дағдарысэкономическая политика

экономикалық саясатэкономическое развитие

экономикалық өсуэкономический анализ

экономикалық талдауэкономический доход

экономикалық пайдаэкономическое стимулирование

экономикалық ынталандыруэкономический кризис

3-тапсырма. Жаңа сөздерді оқып, есте сақтаңыз.

басқару өнері –искусство управлять

табиғат заңдары – законы природы

күнделікті тұрмыс – обычная жизнь

ақша шашпау – не разбросать денег

экономика заңдары – законы экономики

алдыңғылар қатары – передовие

мүмкіндік – возможность

некелік контрак – брачный контракт

өндіру – производить

салыстыру– сопоставить, сравнивать

сұраныс– спрос

таңдау– выбрать

ұрпақ– подрастающее поколение, поколение

 

 

4-тапсырма. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз.

Экономиканы білу - пайда

Экономиканы табиғатпен салыстыруға болады. Экономика да, табиғат та объективті. Экономика заңдары табиғат заңдарымен тығыз байланысты, ол да объективті. Егер табиғатты түсінбесек, табиғат байлығын игере алмаймыз. Экономика да солай: егер экономиканы білсек, ол бізге байлық, пайда әкеледі.

Экономика – бұл үй шаруашылығын игеру, басқару өнері дегенді білдіретін көне грек сөзі. Бір сөзбен айтсақ, экономика дегеніміз - өзіміздің тұрмысымыз.

Экономика сіз өмірге келгеннен бастап-ақ өміріңізге араласа бастайды. Бала дүниеге келеді, ата-ана қуанып, той жасайды немесе элементарлы нәрсе – сол балаға киім алу керек, ол да белгілі мөлшердегі ақшаны қажет етеді. Ол бала өседі, мектепке барады, университетте оқиды, ол да – ақша. Жігіт үйленеді, ол үшін кішкентай мемлекет пайда болады. Ал кішкентай мемлекетті басқару - үлкен өнер. Шетелде жастар үйленген кезде некелік контрактқа тұрады. Кәдімгі екі мемлекет сияқты. Контарктіде көп мәселе қамтылады; болашағымыз бала десек, некелік контрактіде сол баланың болашағына дейін ойластырылады. Барлық өмір экономикамен байланысты.

Экономика еңбекқор, пысық адамға тиімді, бай болудың көзі, бақытқа апаратын жол.

 

 

5- тапсырма. Мәтін бойынша 6 сұрақ құрастырыңыз.

6-тапсырма. Берілген шағын мәтіннен жай сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлеріне ажыратыңыз.

Экономика грек сөзі. Оның мағынасы: «үй шаруашылығын басқару, меңгеру». Экономика заңдылықтарын табиғат заңдылықтарымен салыстыруға болады. Егер табиғат заңдылықтарын бұзсақ, үлкен апат болады. Экономика да дәл солай. Егер экономика заңдылықтарын бұзсақ, үлкен дағдарыс болады.

Экономиканың дамуы – мемлекеттің дамуы. Дегенмен экономика заңдылықтарын әрбір адам білу керек. Мәселен, бізді ата-анамыз оқытады, киіндіреді, тамақтандырады. Осының барлығына ақша жұмсайды. Егер ата-анамыз экономика заңдылықтарын білмесе, отбасы қаржысын жеткізе алмайды.

 

 

7 –тапсырма. Кестеге сәйкес сөйлем құрастырыңыз.

 

Айлық табыс Жылдық табыс Орташа табыс Зейнетақы мөлшері Жоспар бойынша Қажетіне қарай Сұранысқа қарай Үнемдей алу

 

 

8-тапсырма. Төмендегі мәтінді қазақ тіліне аударып, мәтінді ауызша баяндаңыз.

Эконо́мика (от др.-греч. οἶκος — дом и νόμος — закон, буквально «правила ведения хозяйства») — хозяйственная деятельность общества, а также вообще совокупность отношений, складывающихся в системе производства, распределения, обмена и потребления. Впервые в научном труде слово «экономика» появляется в IV в. до н. э. у Аристотеля, который называет её «естественной наукой». Аристотель противопоставлял экономику хрематистике – отрасли деятельности человека, связанной с извлечением выгоды. В современной философии экономика рассматривается как система общественных отношений, рассмотренных с позиции понятия стоимости. Главная функция экономики состоит в том, чтобы постоянно создавать такие блага, которые необходимы для жизнедеятельности людей и без которых общество не сможет развиваться. Экономика помогает удовлетворить потребности человека в мире ограниченных ресурсов. Экономика — это система хозяйствования, включающая отрасли материального производства и нематериальной сферы. Нематериальной сферой экономики принято считать религию, искусство, науку, здравоохранение, образование, спорт. Экономика общества представляет собой сложный и всеохватывающий организм, который обеспечивает жизнедеятельность каждого человека и общества в целом.

9-тапсырма. Берілген сөйлемдерді сөйлемнің айтылу интонациясына қарай топтап жазыңыз.

Экономика дегеніміз - өзіміздің тұрмысымыз. Жақсылық жасау үшін кешікпе. Экономика да табиғат сияқты, жақсы да, жаман да болуы мүмкін. У- аз мөлшерде дәрі. Дәрі де көп мөлшерде – у. Әр өнім тек қана пайда әкеле ме? Неге сонша қымбат, олай емес қой. Өзің біл.

 

Хабарлы сөйлем Сұраулы сөйлем Лепті сөйлем Бұйрықты сөйлем
       

10-тапсырма. Мына мәтіндегі сөйлемдерді сұраулы сөйлемге айналдырыңыз.

 

Өзін мәдениеттімін, білімді әрі іскермін деп ойлайтын әрбір азамат экономика мәселесін бес саусағындай білуі керек. Жеке адамның, отбасының, бүкіл қоғамның барлық тірлігі экономикадан тұрады. Экономика–бұл адам еңбегінің нәтижесін көрсететін ұғым. Елбасылары мәдени және экономикалық интеграция шартына қол қойды. Экономикалық саясатты дұрыс жүргізу керек. Экономикалық білім, экономикалық сауаттылық өте қажет.

17 – сабақ

Уақыт алтыннан да қымбат

Жай сөйлемнің құрылысына қарай түрлері

 

1-тапсырма. Сұраққа жауап беріңіз.

1. Уақыт неге алтыннан қымбат?

2.Уақыт барлық адамға бірдей беріле ме?

3.Бір тәулікте неше сағат бар?

4.Еңбекқор адам 24 сағатты қалай пайдаланады?

5.Ал еріншек адам ше?

6.Қандай адам өз мақсатына жетеді?

7.Сіз уақытыңызды бағалайсыз ба?

8.Өзіңізді еңбекқормын деп ойлайсыз ба?

2- тапсырма. Жаңа сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыздар.

ақсүйектiк — интеллигентность

ақшалай құны — денежная стоимость

бағыт белгiлеу - отмечать направление

босқа - зря, попусту

бүкіл - весь

дерт - болезнь

далалық - степной

ерiншектік - лень

жену - победить

керi - наоборот

көлім - объем

куә- свидетель

кiсi - личность, человек

кiсiлігі - благородство, человечность

күнi бұрын - раньше времени

қанағат - удовлетворение

қанағат тұту - удовлетворение, довольство малым

мерзім - время

орынды - уместный

өкiл - представитель

өлшеу - измерять

пайдалану - использовать

рәсуә - не пошло впрок (потратить зря)

тектi - родовитый, воспитанный ,

тоғышар - мещанский, паразит

тырысу - стараться

уақытты үнемдеу- сэкономить время

шашылу – разбросать

 

3- тапсырма. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз.

Уақыт алтыннан да қымбат

Уақыт — адам өмiрiнiң ақшалай кұны Уақыт — әркiмнiң нақтылы өмiрлiк капиталы. Адамның босқа кеткен әрбiр сәтi отқа жаққан теңгемен тең.

Адамның ақшалай уақыты адамның өзiне байланысты. Бiреудiң бiр сағаты мың теңге болса, ендi бiреулердiкi бiр тиын.

Кiсiнiң кiсiлiгi уақытты босқа өлтiрмеуден басталмақ. Даналық жасқа байланысты емес. Елдiң бәрiне ортақ бiр-ақ календарь бар, тек бiреуi соның үш күнiн орынды пайдаланады да, бiреуi үш күнiн қанағат тұтады.

Уақыт — аксүйектiктi мойындамайды. Ханға да, қараға да берiлетін мерзiм — тәулiгiне жиырма төрт сағат.

Дүниеде уақытты белгiлегеннен артық демократия жоқ. Мұндағы ақсүйектiк уақытты пайдалануға байланысты, кiм уақытын бағалай бiлсе, сол ғана тектiлердiң қатарына қосылмақ.

Адам уақытты сезiнгенде ғана өзiн-өзi қадағалап отырады. Өзiне-өзi бағыт белгiлейдi. Дүниедегi ең жаман дерт — ерiншектiктi жеңедi. Өзiн нағыз адам етiп тәрбиелеп шығады.

Бүгiнде iскерлер әлемiн басқаратын — ұлы мәртебелi уақыт.

Профессионал жазушы күнiне неше бет жазатынын жоспарлап отырады, бизнес те осыған жақындаса, жаман емес.

Уақыттьң көп шашылуы — шығын. Мұны дәлелдеп жатудың қажетi жоқ. Мысалы, бiр нәрсенi жасау үшін, уақыт неғұрлым көп кетсе, соғұрлым оның кұны да қымбатқа түспек.

Үнемi кешiгiп жүретiн адамға бизнес әлемiнде орын жоқ.

 

 

4-тапсырама. Мәтін бойынша 6 сұрақ құрастырыңыз.

5–тапсырма. Мына сөз тіркестерін қазақ тіліне аударыңыз, сөйлем құраңыз.

Время денег, время летит, время уходить зря, хорошо провести время, каждый секунд дорого, вернуть время назад, время дороже золота, ценить время другого, позже времени.

 

 

6-тапсырма. «Менің болашақ мамандығыма уақыттың қатысы» деген тақырыпта сұхбат құрастырыңыз.

7-тапсырма. Берілген шағын мәтіннен жақты, жақсыз сөйлемдерді ажыратыңыздар.

Уақыт – адам өмірінің ақшалай құны. Уақыт адам таңдамайды. Мысалы, қарапайым жұмысшыға да, іскер адамға да бірдей уақыт беріледі. Яғни, тәулігіне 24 сағат. Бірақ біреуге бір минуты бір тиын болса, екінші біреуге бір минуты алтыннан да қымбат.

Уақытын бағалайтын адам күнделікті жоспар жасайды. Өйткені адам уақытты қайтара алмайтынын сезінгенде ғана, іс-әрекетін қадағалап отырады. Өзіне-өзі есеп береді, алдағы мақсаттарын, жоспарын белгілейді. Уақытын дұрыс пайдаланса, уақытын бағалай білсе, адам өзін нағыз адам етіп тәрбиелеп шығады.

 

 

8-тапсырма. Берілген сөз тіркестерін қатыстырып, жалаң, жайылма сөйлемдер құрастырыңыз.

 

Уақыт талабы, уақыт жоқ, уақыт өткізді, уақытты бағалау, уақытты босқа өлтіру, уақытты үнемдеу, уақыт қымбаи.

 

9-тапсырма, Мына кестеге сәйкес «Уақыт алтыннан да қымбат» мәтінін пайдаланып сөйлем құрастырыңыз.

           
 
Атау септік
 
Табыс септік
 
Етістік


Атау септік

Атау септік

           
 
Атау септік
 
Көмектес септік
 
Етістік

 

 


 

10- тапсырма. Кестеде көрсетілген уақытта қандай жұмыс істейсіз?

 

 

18 – сабақ

Салық саясаты

Толымды, толымсыз, атаулы сөйлемдер

1-тапсырма. Сұраққа жауап беріңіз.

1. Салықты не үшін төлйміз?

2. Сіздің ата-анаңыздың меншігінде не бар?

3. Ата-анаңыз салық төлей ме?

4. Отбасы қаржысынан жылына салық төлеуге қанша ақша кетеді?

5. Қазақстанда салық құны төмен бе, жоғары ма?

2 – тапсырма. Сәйкестігін табыңыз.

 

жергілікті салық дорожный налог

қосылған құнға салынатын салық двойное налогообложение

табысқа салынатын салық налог на прибыль

пайдаға салынатын салық налог с оборота

айналым салығы налог на добавленную стоимость

қосарланған салық налог на доходы

жанама салық земельный налог

төтенше салықтар налоговая политика

жер салығы косвенный налог

жол салығы местный налог

салық саясаты чрезвычайные налоги

шетелдік әріптес деловой партнер

сенімді әріптес постоянный партнер

іскер әріптес зарубежный партнер

тұрақты әріптес надежный партнер

 

3 - тапсырма. Жаңа сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыздар.

әдiлеттi — справедливый

әдiс— метод

басты— главный

бақылау-бөлу — контролировать, наблюдение, распределение

бөлу— распределить

жанама— косвенный

жеке тұлға — частное лицо

жер салығы - налог на землю

жол салығы — налог на дорогу

қазыналық — ценный, казенный, государственный

заңды тұлға — юридическое лицо

мүлiк салығы - налог на имущество

міндет- задача, обязанность

мақсаты— целевой, целенаправленный

төлем - оплата

төте — прямой

шектеу — разграничение

ьнталандыру— стимулирование, поощрение

 

 

4 – тапсырма. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз.

 

Салық саясаты

Салық дегеніміз- үкіметтің

кәсіпорындардан, адамдардан алған

төлемі. Үкіметті, әскерді, милицияны ұстау үшін халықтан салық жиналады. Қалай мемлекет пайда болды, салық та солайдүниеге келдi. Салық бiрiншi рет Қытайда пайда болды. А.Смит салықты «әділетті салық» ден атаған.

Қазiр нарықтық экономикада — салық мақсатты болу керек: қай жерге өте қажет, салықтан жиналған қаржыны сол жерге жұмсау керек,

А. Смитше айтатын болсақ, салық халықтың өзi үшiн десек те болады. Халық салықтың жұмсалуын үкiметтен үнемi сұрап, бақылап отырады.

Салық салу тәсiлiне қарай төте және жанама салық түрлеріне бөлiнедi.

Салықтың мынадай мiндеттерi бар:

- қазыналық мiндет (мобилизационная функция);

- 6өлу мiндетi;

- ынталандыру мiндетi;

- шектеу мiндетi;

- бақылау-бөлу мiндетi.

Салық саясаты — салық салу саласындағы ресми салық саясаты, ол салық салудың айқындамалық ерекшелiктерiн, оларды жүзеге асырудың басты принциптерiн, мақсаты мен әдiстерiн, тиiстi ақпараттық және заң шығарушылық базаны айқындайды.

Салық ставкалары - процент түрiнде белгiленедi. Салық ставкаларының үш түрi бар.

Бiрiншi түрi — прогрессивтiк салық ставкасы. Бұл түрiмен көпшiлiк таныс. Табысыңыз көбейген сайын, салық та көбейедi. Мысал үшiн Қазақстан Республикасы азаматтары үшiн салынатын табыс салығын алайық, қазірше жоғары ставка 40%.

Екiншi түрi пропорциональды салық ставкасы. Бұл түрiмен де бiздiң халқымыз жақсы таныс. Пропорциональды салық ставкасының мөлшерi табыспен өлшенбейдi және оған тәуелдi емес. Мысалы коммерциялық фирма немесе банкiлерге салынған 55% пропорциональды салық мөлшері фирмалардың табысының азды—көптiгiне байланысты емес.

Салық ставкасының үшiншi түрi — регрессивтiк түр. Салық ставкасының бұл түрi бiздiң елдiң салық заңдарында қолданылмайды. Өте бай мемлекеттерде салықтың бұл ставкасы қолданылады.

Қазақстан Республикасындағы салықтар

Қазақстан Республикасында қабылданған заңдарға сәйкес мемлекеттiк бюджетке түсетiн және оны реттейтiн жалпы мемлекеттiк салықтар, сондай-ақ жергiлiктi бюджеттiң көздерi болып табылатын жергiлiктi салықтар қолданылады.

Жалпы мемлекеттiк салықтарға мыналар жатады:

- заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы;

- қосымша құнға салынатын салық;

- акциздер;

- құнды қағаздармен жүргiзiлетiн операцияларға салынатын салық;

- жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдерi мен салығы.

Жергiлiктi салықтарға мыналар жатады:

- жер салығы;

- заңды және жеке тұлғалардың мүлкiне салынатын салық;

- көлiк құралдарына салынатын салық

- жол салықтары.

 

5- тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Тарихта салықтың қандай түрлері болған?

2. Сіздің ата-анаңыз немесе өзіңіз салықты қайда төлейсіз?

3. Салықты төлеу не үшін қажет?

4. Салықтан қандай адамдар босатылады?

5. Баршаға ортақ салық түрлерін атаңыз?

6-тапсырма. Мына сөздерді аударып, сөйлем құрастырыңыз.

Салық, төлем, әскер, мемлекет,

мүлік,салығы , жер салығы, құнды

қағаздарға салынатын салық, жол

салығы, көлік салығы, төлеу

қаржыландыру, пайда болу, жұмсау

бақылау, бөлу, жинау

 

7-тапсырма. Мына сөз тіркестерін қазақ тіліне аударыңыз.

Подоходный налог, налог на ценные бумаги, отечественное налоговедение, прямые налоги, налог с дарений, налог на страхования, налог на передачу акции, налог на иностранную валюту, налог на автотранспортные средства, двойное налогообложение.

 

 

8– тапсырма. «Салық саясаты» мәтіні бойынша төмендегі тірек сөздерден қажетті етістіктерді пайдаланып, сөйлем құрастырыңыз.

Төмендегі етістіктерді меңгеріп, еркін қолдануға жаттығыңыз.

 

 

9 – тапсырма. Берілген сызбаны пайдаланып, «Салық» тақырыбы-

на сұхбат құрастырыңыз.

 

 

10- тапсырма. Берілген мәтіннен экономикалық терминдерді теріп жазыңыз.

Салықтар дегеніміз –мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер. Салықтар – шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жеке тұлғалардың мемлекет пен екі арадағы мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылатын қаржы. Салықтардың экономикалық мәні мынада: салықтар шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін білдіреді. Сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді. «Салық» ұғымымен «салық жүйесі» ұғымы тығыз байланысты.

 

 

19- сабақ

Ұлттық байлық дегеніміз не?

Тұрлаулы мүшелер. Бастауыш.

 

1-тапсырма. Сұраққа жауап беріңіз.

1. Ұлттық байлық дегеніміз не?

2. Мәдени мұраға не жатады?

3. Тарихи мұраға не жатады?

4. Әдеби мұраға не жатады

2-тапсырма. Сәйкестігін табыңыз.

национальный даход ұлттық даму

национальный банк ұлттық бағыт

национальный панятие ұлттық кіріс

национальный направление ұлттық күш

национальный развитие ұлттық көзқарас

национальный сила ұлттық банк

 

3-тапсырма. Сызбаны пайдаланып, сөйлем құраңыз.

 

4 - тапсырма. Жаңа сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыздар.

 

байлық— богатство

дәлелдеу— доказать

дәреже— степень

есептеу — рассчитать

игiлiк— благо, благородство

көзқарас — точка зрения

көне— древний, античный

кепiлi— гарант, гарантия

күретамыр — вена

көрсеткiш — показатель

күш-қуат – сила

қазбалар– полезные ископаемые

қасиетті – святое

қор– фонд

құн- стоимость

мәдени— культурный

мұра — наследие

табиғи — натуральный

ұғым — понятие

ұлттық мұра - националное наследие.

5-тапсырма. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз.

Ұлттық байлық дегеніміз не?

Ұлттық байлық дегенiмiз — елдiң экономикалық күш-қуатының ең маңызды көрсеткiштерiнiң бiрi. Ұлттық байлықты алғаш рет 1664 жылы ағылшын экономисi У.Петти есептеп шығарды. Ұлттық байлықты тұңғыш бағалау Францияда 1789 жылдан, АҚШ-та 1805 жылдан, Ресейде 1864 жылдан жүргiзiле бастады. Бiздiң Қазақстанда ше?

Экономикалық әдебиеттерде ұлттық байлық деп - еңбекпен жасалынатын, өндiрiс пен тұтыну үшiн пайдаланылатын материалдық игiлiктердiң қорын айтады. Кейбiр экономисттер Ұлттық байлыққа табиғи ресурстарды да қосады. Кейбiреулерi ұлттық байлық ұғымы ғылыми бiлiм мөлшерiн, халықтың мәдени дәрежесiн т. б. қамтуы тиiс деп санайды.

Сонымен ұлттық байлыкқа не жатады?

Ұлттық байлық негiзiнен мына салалардан тұрады:

а) Қазақстан аймағындағы және сырт жерлердегi ғасырлар бойы ата-бабаларының қалдырған барлық мұрасы.

ә) Табиғатымыздьң және жер асты байлығымыз.

б) Әдеби, мәдени, тарихи мұралар.

Әдеби, мәдени, тарихи мұраларымыз — халықтың, мемлекеттің, өсіп-өркендеуін, байлығын көрсететiн ұлттық игілігіміздің күре тамыры. Кез-келген мемлекет өзінің ұлттық мұрасын мақтан тұтады. Оның құны — сол елдiң байлығының кепiлi.

Әлемнің қай мемлекетiн алмаңыз, тіпті дамып келе жатқан ел болсын ұлттық байлықтарының құны бар. Әр тасына дейін есептеп, тiркеп, құнын анықтап, халықаралық, каталогке тiркеп, бiрiн кеденiне, екiншiсiн интерполға берiп қойғалы қашан.

Ұлттық байлыққа жеке коллекционердің қолындағы көне заттар да жатады.

Венеция хартиясы бойынша, отыз жылдан артық тұрған сәулет құрылысы, мекеме, мәдени, ресми, жеке үй, тағы да басқалары ұлттық байлыққа жатады.

Барлық мемлекетте ғасырлар бойы жинақталған ұлттық байлықтары бар. Оны ғылымдар ең құндысын рет-ретiмен ғылыми жұмыстарымен дәлелдеп қана қоймай, ол заттың құны валютамен есептеліп шығарылған. (Газет материалдарынан) «Қазақ әдебиетi»

6-тапсырма. Берілген мәтіннен бастауышты теріп жазыңыз.

 

Әр мемлекеттің ұлттық құндылықтары болады. Яғни, мемлекеттің ұлттық байлығы. Ұлттық байлық мемлекеттің дербестігін, тарихи даму жолын, күш –қуатын, экономикалық даму жолын көрсетеді.

Ұлттық байлықты үшке бөлеміз: - тарихи мұралар;

- әдеби мұралар;

- мәдени мұралар.

Тарихи мұраларға: көне қалалар, көне ескерткіштер, таңбалы тастар жатады. Қазақстанда Отырар, Түркістан сияқты көне қалалар, Қожа-Ахмет Яссауи, Айша Бибі мазары, Арыстанбаб мазары және Орхон - Енисей ескерткіштері баға жетпес тарихи мұраға жатады.

Әдеби мұраларға құнды ауыз әдебиетінің үлгілері, әдеби кітаптарды жатқызамыз.

Мәдени мұраларға баға жетпес сәулетті ғимараттар, кітапханалар, ұлттық салт, дәстүр, әшекейлер жатады.

 

7 –тапсырма. Кестедегі етістіктерді пайдаланып, сөйлемді аяқтаңыз.

1. Мен былтыр Алматыда ...

2. Біз Қазақстан тарихы пәнінен Отырар қаласы туралы деректерді ...

3. Ол Түркістан қаласында ...

4. Сен Астанада Бәйтеректі...

5. Мені ұлттық байлықтар ...

 

ойландық дем алдым сұрандым жуындым   талдадық бердік қуандық қызықтырады   туған тудым қабылдадық сөйлестім тамашала тамашалаймын жудың сендің

 

 

8-тапсырма. Төмендегі тірек сөздерді аударып, сөйлем құрастырыңыз. Бастауыштың жасалуына назар аударыңыз.

 

Ұлттық мұра, маңызды көрсеткіш, ата-бабалар мұрасы, табиғат байлығы, пайдалы қазбалар, ұлттық мұра.

 

 

9-тапсырма. Мәтінге жоспар құрыңыз.

 

 

10-тапсырма. Мына сұрақтарға жауап беріп, шағын әңгіме құрастырыңыз.

1. Қазақстанның тарихи мұраға жататын қай қаласы туралы ақпарат білесіз?

2. Бұл қала қай жылы салынған?

3. Қаланың аумағы қанша?

4. Онда қандай ескерткіштер орналасқан?

5. Сізге қала қандай ерекшелігімен ұнады?


<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Зав. кафедрой общей и 7 страница | Зав. кафедрой общей и 9 страница
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | <== 8 ==> | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.397 сек.) російська версія | українська версія

Генерация страницы за: 0.397 сек.
Поможем в написании
> Курсовые, контрольные, дипломные и другие работы со скидкой до 25%
3 569 лучших специалисов, готовы оказать помощь 24/7