Головна сторінка Випадкова сторінка КАТЕГОРІЇ: АвтомобіліБіологіяБудівництвоВідпочинок і туризмГеографіяДім і садЕкологіяЕкономікаЕлектронікаІноземні мовиІнформатикаІншеІсторіяКультураЛітератураМатематикаМедицинаМеталлургіяМеханікаОсвітаОхорона праціПедагогікаПолітикаПравоПсихологіяРелігіяСоціологіяСпортФізикаФілософіяФінансиХімія |
Зав. кафедрой общей и 15 страницаДата добавления: 2015-10-12; просмотров: 695
1-тапсырма. Сұраққа жауап беріңіз. 1. Жоспар қажет пе? 2. Уақытыңды қалай жоспарлайсыз? 3. Бос уақытыңды қалай жоспарлайсыз? 4. Мемлекет үшін жоспар керек пе?
2-тапсырма. Сәйкестігін табыңыз. ұзақ мерзімді жоспар пятилетний план қысқа мерзімді жоспар планировать урок ағымдағы жоспар краткосрочный план индикативті жоспар долгосрочный план бесжылдық жоспар текущий план табысты жоспарлау планирование продукции сабақты жоспарлау планировать время уақытты жоспарлау планировать доход өнімді жоспарлауиндикативный план 3 – тапсырма. Жаңа сөздерді оқып, жаттап алыңыз. әлемдiк — всемирный, мировой әлеуметтiк— социальный бас басқарма — главное управление жедел — скорый жоспар бөлiмi — отдел планирования кiшi қызметкер — младший сотрудник қалың ұйқы — глубокий сон өзгерту — изменить өзiнде - у себя риза— доволен реттегіш — регулятор сезiмтал — чувствительный сұраныс— спрос тапқыр — догадливый терiп— набрать тұрақты — постоянный ұсыныс — предложение ықпал— влияние. 4-тапсырма. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз. Жоспар қажет пе?
Жоспар - экономикаға ықпал жасайтын мемлекеттiк реттегiштердiң бiрi. Нарықтық қатынастар жағдайында экономиканы мемлекеттiк реттеудiң маңызды құралдарының бiрi - индикативтi жоспар болып есептеледi, ол ұсыныс түрiнде жасалады. Индикативтi жоспарлар жүйесi стратегиялық (ұзақ мерзiмдi), орта мерзiмдi, ағымдағы (жылдық) жоспарлардан тұрады. Индикативтi жоспар өзiнiң мерзiмiне байланысты мынадай бөлiмдерден тұрады: 1) әлеуметтiк-экономиналық жағдайды талдау. 2) экономикалық саясаттың негiзгi бағыттары. З) әлеуметтiк-экономикалық дамудың негiзгi көрсеткiштерi. 4) экономикалық реттегiштер. Жоспарлау әрқашан керек. Мысалы жалақының ең төменгi деңгейi қалай жоспарланады, халықтың жыл iшiндегi номиналды (ақшадай) табысы қалай жоспарланады деген сұрақтар көпшiлiктiң ойындағы сұрақтар. Қазақстан жағдайында жоспарлаудың басты бағыттарының бiрi өнеркәсiп салаларын жедел дамыту. Бұл жерде қажеттi қаржыны да, күштi технологияны да жоспарлы түрде осындай объектiлерге беру. Жоспарға байланысты тағы да бiр ой: әлемдiк рынокты эерттеу, қандай тауарларға сұраныс бар, қай елдiң компания, фирмалары рынокта ықпал жасап отыр, ол рыноктардан қалай орын табуға болады. Сонда біздің өнеркәсіптер өз өнімі үшін еңбектенер еді.
5-тапсырма. Мәтін бойынша жоспар құрыңыз. 6-тапсырма. Мәтінді ауызша мазмұндаңыз. 7-тапсырма. Мәтіннен бастауышын және баяндауыштарын табыңыздар. Жоспар – экономикаға ықпал жасайтын мемлекеттік реттегіштердің бірі. Әрбір мемлекет үшін жоспардың маңызы жоғары. Ұзақ мерзімдік жоспарлар халықтың әлеуметтік, саяси, экономикалық даму жағдайын талдайды және жоспарлайды. Қазіргі кезде біздің елде үш жылдық, бес жылдық, он жылдық жоспарлармен қатар ұзақ мерзімдік стратегиялық жоспарлар да бар. Үш, бес, он жылдық жоспарлар белгілі бір салаға, мысалы денсаулық саласын, білім саласын дамытуға арналса, ұзақ мерзімді жоспарлар жалпы бір мемлекеттің дамуына арналады.
8-тапсырма. Төмендегі сөйлемдерді аяқтаңыз, бастауышы мен баяндауышын табыңыз. Мен күнделікті істейтін ісімді... Ағам өзінің фирмасына бес жылдық ... Депутаттар президент ұсынған жоспарды... Мәдениетті қолдауға арналған он жылдық жоспар... Өз ісің жинақы болу үшін жоспарлау әрқашан ... Мектеп ұжымы келесі жылдың бюджетін ...
8-тапсырма. Мына сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып сөйлем құраңыз. Баяндауыштары әр түрлі шақтарда болсын.
Нарықтық қатынас, индикативтік жоспар, экономикалық жүйе, саяси, ықпал, жедел даму, жалқы, ауылшаруашылығы, өнеркәсіп, табыс.
21-сабақ
Баға деген не? Анықтауыш.
1-тапсырма. Сөздерді аударып, сөйлем құрастырыңыз.
2-тапсырма. Кестені пайдаланып, әңгіме құрастырыңыз. Мынау қанша тұрады?
3-тапсырма. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз.
Баға деген не? Баға - өнімнің өзіндік құны. Баға үнемі мемлекет тарапынан бақылауда болуы керек. Бағаның өсуі, төмендеуі қозғалмалы болады. Өйткені ол экономиканың дамуымен тікелей байланысты. Екінші жағынан бағаны белгілеу - тауардың сапасына байланысты. Нарықтық заманда әлді фирмалар өз тауарына жоғары баға қояды. Өйткені олар бәсекелесуге сенімді. Кеткен шығын, тауар сапасының жоғарылығына сай еркін бағаны белгілейді. Бағаның белгіленуі әр мемлекетте әр түрлі. Бұл – мемлекеттің экономикасы, тауар айналысы, кіріс, шығыс сұраныс заңдарына тәуелді.
4-тапсырма. Жаңа сөздер мен сөз тіркестерін оқып, есте сақтаңыз. ақша-деньги қаражат-денежная средства құн-стоимость баға-цена өлшеуіш-измерение құрал-средство айналым-оборот қор-фонд қазына-казна төлем-плата айырбастау-обмен 5-тапсырма. Мәтінді оқып, ақшаның басты қандай қызметтері бар екенін анықтыңыз. Ақша деген не?
Ақшаның қызметі: құн өлшеуiш, бақылау құралы, баға көлемiн көрсету құралы, айналым құралы, қор жинау құралы, қазына жасау құралы, төлем құралы дүниежүзiлiк ақша қызметін атқарады. Көп уақытқа дейiн ақшаның рөлiн әр түрлi тауарлар атқарды. Алайда бiртiндеп өндiрiстiң дамуы процесiнде ол алтынға берiк орнақты. Елiмiзде заңды тәртiппен бекiтiлген ақша белгiлерi бар. Құн өлшемi қызметінде ақша-баға белгiлеу кұралы. Өнiмдi бөлуге, айырбас жасауға және тұтынуға қызмет ету процестерiнде ақша қозғалыс жасап, ақша айналымын кұрайды. Ақша айналымы дегенiмiз — еңбекке ақы төлеу, тауар өткiзу, көрсетiлген қызмет үшiн есеп айырысу және басқа да төлемдердi жүзеге асыру барысында ақшаның үздiксiз қозғалысқа келуi. Акшаның ең басты ерекшелiгi де, құнды қасиеті де оның адамдарға қажеттiлiгiнде.
6- тапсырма. Төмендегі сөз тіркестерінің аудармаларын жазыңыз, әрқайсысымен сөйлемдер құраңыз.
7-тапсырма. Табыс, пайда сөздерін қатыстырып пысықтауыштың түрлеріне 6 сөйлем құраңыз. 8 - тапсырма. Көп нүктенің орнына табыс немесе пайда сөзін қойыңыз. 1. Кәсіпорынның жылдық ... 121 млн. теңге. 2. Қазақстанның ... жылдан-жылға өсіп келеді. 3. Дүкен жоспардан тыс ... ие болды. 4. Фирма қызметкерлерінің жылдық ... 45%-ке өсті. 5. Мекеме қызметкерлері саудадан екі есеге көп ... көрді. 6. Ұлттық ... екі есеге өсті.
9-тапсырма. Берілген сөйлемдерді оқып, сөйлем мүшелеріне талдаңыз.
1. Қазақстан тәуелсіздік алған соң, өз ақшасын шығарды. 2. Сөйтіп 1993 жылдың қараша айынан бастап, теңге айналымға түсті. 3. Ұлттық теңгеміз мықты қағаздан жасалған. 4. Бір теңгеде ұлы ғалым, философ Әбу Насыр әл-Фараби бейнеленген. 5.Теңгенің екінші бетінде геометриялық сызбалар берілген. 6. Әр теңге – жұмыс күші., өйткені ол жұмыс істеуді керек етеді. 7. Адамның өмір сүруі үшін ең қажетті басты нәрсе ақша.
10-тапсырма. Сөздерден сөйлем құрастырыңыз. 1. Белгі, егеменділік, өз болу, валюта. 2. Тәуелсіздік алған соң, айналымға түсу, өз ұлттық теңгесі, Қазақстан Республикасы 3. Нарықтық, басты, экономикада, инфляцияның себептері, әртүрлі. 22 - сабақ
Табыс қайдан келеді? Толықтауыш 1. Сұраққа жауап беріңіз
2-тапсырма. Берілген сөздердің қазақ тіліндегі аудармасына көңіл бөліңіз. табыс -1) заработол, доход, 2) достижение, успех, завоевание: табыскер –добытчик табыстау –поручать, вручать табысты –доходный, прибыльный, успешный табыстыру–мирить (враждующие стороны); приставлять (например ягненка к матке) табыстырғыш –посредник табысу–встречаться, встретиться с кем-либо, подружиться, помириться
3 - тапсырма. Екі бағанды сәйкестендіріп, мағынасын ашыңыз.
4-тапсырма. Табыс сөзін етістікке тіркеңіз. табу әкелу табыс болу келтіру 5-тапсырма. Берілген сөйлемдерден «табыс» сөзінің мағынасын ашыңыз. 1. Әкесіне тапқан табысын апарып берді. 2. Әдебиет, мәдениет салаларында бұрын болып көрмеген ғажайып табыстарғақол жетті. 3. Қасиетті туған жеріме, туған еліме қайтып, туған туыстарыммен табысатын болды. 4. Мына құжатты ағаңа – табыс ет. 5. Екеуіміз тіл табыстық.
6-тапсырма. Табыс сөзінің антонимін айтыңыз. 7-тапсырма. Табыс сөзінің синонимін айтыңыз. 8-тапсырма. Жаңа сөздермен танысыңыз. айналым— оборот, обходный бақыдау құралы — средства наблюдения бекiтiлу — закрепляться, утверждаться, утвердиться берiк — крепкий, прочный болжам— гипотеза, предположение дербес — персональный, личный көтеру - повышать, поднять қозғалыс — движение, восстание құлып— замок құбылыс— явление, изменение құйма - литье, сплав, отливка құн өлшеуiшi — измеритель стоимости орта есеппен — в среднем орнығу — закрепиться, укрепиться реттеу— привести в порядок тарау — глава, раздел тежеу— дискриминация, ограничение тiкелей— прямо, непосредственно үзiлу- прерываться, обрываться шеберхана — мастерская. бөлшек— доля деңгейде— на уровне еңбекқор — трудяга жоғары — повышенный, верх, высший жоғалтпау — не потерять кәсіпкер— предприниматель кепiлдiк— гарантия, поручительство қабілетті— восприимчивый, способный қарапайым— простой, примитивный, скромный қайырымдылық — милосердие, отзьивчивость қосымша— дополнительный, надбавка, прибавка мақсат— задача, цель ойлану— думать, подумать, задуматься, размышление өнiм— выработка, продукция, польза өндiрiс — производство өтiмдi— ходовой, влиятельный сапа— качество табыс— доход табыс табу — приносить доход табыс келтiру — приносить доход табыс салығы — подоходный налог тұрмыс дәрежесi — уровень жизни тұтастьқ - единство, общность, целостность үзiлiс — перерыв, перекур, перемена 9-тапсырма. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз. Табыс қайдан келеді? Еңбекте табысты бол — дегендi жиi естимiз. Бiрақ бiз осы «табыс» дегеннiң қандай ұғым екенiн, не екенiн ойланып көрдiк пе? Еңбектiң де түрi көп, табыс табу, табыс жасауды әркiм әрқалай түсiнедi. Сiз уақытыңызды, жұмыс күнiн жоспарладыңыз. Жоспарлы жұмыс табыс әкелу керек пе? Бiрақ әрқашан солай ма? Табысқа қабiлеттiлер, еңбеқкорлар ғана жетедi. Табыс табу, пайда табу — ол да үлкен өнер, үлкен еңбек. Себебi табыс жасау халықтың тұрмыс-дәрежесiн көтередi. Әрбір өнеркәсiптiң қарапайым жұмысшысынан бастап, директорына дейiн өздерiнiң еңбектерiнiң табыс әкелуiн ойлау керек. Табыс көбейген сайын өнеркәсiптiң жағдайы жақсарады, жалақы көбейедi, тұрмыс көтерiледi. Ал ендi табыс қандай тәсiлмен, қандай жолмен келедi? Табыс оңайлықпен келмейдi. Кез-келген өндiрушi еңбектенгенде, бiрiншiден, пайдалы өнiм шығаруды ойлайды, екiншiден, табыс әкелудi ойлайды. Адамзат қоғамында ең алғаш рет өнiм шығара бастағанда адам үшiн ең қажеттi — тамақ, киiм, халық тұтынатын тауарларды шығарады. Бiртiндеп ол кәсiпорындарды ұстап тұру үшiн, артық өнiмдер, керектi өнiмдер шығара отырып, пайдасын, табысын ұмытпауы қажет. Әр өнiм бағасы неден тұрады, оны ескерсек, ол бағада өнiм үшiн кеткен шығындар, жалақы, қосымша табыс бар. Егер өндiрiсте табыс болмаса, мемлекет қалай көтерiледi. Өнiмдi шығаруға кеткен шығындар табыс әкелмейдi, табысты еңбек әкеледi. Табыс тек өндiрiсте болады. Ал өндiрiс берген өнiмдi сату үшiн сатушылар шығады. Сатушыға да пайда керек. Өндiрушi сатушы үшiн де табысының кiшкене бөлшегiн бөледi. Өндiрушi өзiнiң тауарын өткендiгiн ойлайды. Ал сатушы рынокты зерттей отырып, қай өнiм өтiмдi соны алады. Кейбiр өнеркәсiптерде үзiлiс болмайды. Өндiрiстi көтеруге, тоқтатпауға үнемі қаржы керек. Өндiрушi банкке келедi. Банк те табысы мол өнеркәсiптi, өндiрушiнi қалайды. Себебi табысы бар кәсiпкер алған кредитiн мезгiлiнде қайтара алады. Банк те, сатушы да өндiрушiлер үшiн қызмет етедi. Тағы да қайталап айтсақ, табыс тек өндiрiсте болады. Сондықтан мемлекеттiң жағдайы жақсы болу үшiн, мемлекет өндiрiстi ойлауы керек, оған көмектесiп, көтерiлуiн қамтамасыз етуi қажет. Әр адам жұмысында табысын, жалақысын ойласа, жеке банк, жеке өнеркәсiп болса, ол да табысын ойлайды. Ал әр кәсiпкердiң, өндiрушiнiң мақсаты мемлекет мақсатымен бiрге, тұтастықта болуы керек. Сонымен, әр өндiрушi мемлекеттi ойлауы керек. Өндiрушi мемлекетке сүйенедi, әр мемлекет өз азаматын қорғай бiлуi керек. Мемлекет дамыған болса, ол елде әрқашан тыныштық болады. Тыныштық болған жерде, жоғары деңгейдегi мемлекеттiк реттеушi болған жерде өндiрушi ештеңе жоғалтпайды. Өндiрушi өндiрiстi ашқанда, шығынын санайды, екiншiден, салықты санайды, үшiншiден, өндiрiстi адам үшiн, қоғам үшiн ашады. Өндiрiстi көтеру үшiн мемлекеттiк салық жоғары болмаса, өндiрiстi ашуға, дамытуға берiлген қаржының процентi төмен болуы және ұзақ мерзiмдi болуы — бәрi де өндiрiстi дамытуға мүмкiндiк бередi. Сонымен бiрге мемлекеттiк қызметкерлер өндiрушiге тимесе, мазасын алмаса, сонда ғана осы мақсаттардың бәрiн қарастыра келiп, өндiрiстi ашуға бел байлайды. Ақылды кәсiпкер, өндiрушi өзiнiң жеке табысы үшiн бағаны белгiлегенде сұраныс жоғары болса ғана жеке табысы көтеріледі. Ал таза табыс молырақ болуы үшiн өнiм шығарушы қай тауарға сұраныс жоғары соны зерттеуi қажет, сонымен бiрге ол тауардың сапасы жоғары болуы тиiс. Мұндай өте сапалы тауар басқа жерде жоқ болса, сiз саудаласпай-ақ соны аласыз. Сонда ғана өндiрушi табысты болады. Шетелдiктер жер байлығын басқа елге тасымайды, тек қана кепiлдiкке (залогқа) бередi. Себебi қиын күндерде ол байлық өз елi үшiн жұмсалады. Табыс — келешек үшiн керек. Табысты тапқанда сiз бөлесiз: бiр бөлшегiн өндiрiстi дамытуға, екiншi бөлшегiн қайырымдылыққа, бiр бөлшегiн келешекке, бiр бөлшегiн өзiңiздiң қажетiңiзге. Қайырымдылыққа бергенiңiз — ол да мақсатыңыз үшiн бергенiм деп есептеңiз. Себебi мемлекетте нашар тұрмыстылар азайған сайын, мемлекет экономикасы жоғарылаған сайын, ол мемлекетте қылмыс жамандық, ұрлық азаяды. Өндiрушi тыныштықпен өнiмiн өндiре бередi.
10- тапсырма. Мәтін бойынша 6 сұрақ құрастырыңыз. 23 – сабақ Меншік және жекешелендіру Пысықтауыш 1 – тапсырма. Сұраққа жауап беріңіз. 1. Меншік дегеніміз не? 2. Жекеменшік деген не? 3. Жекешелендіру қашан жүргізілді? 4. Жекешелендіру не үшін қажет?
2-тапсырма. Төмендегі сөз тіркестерінің орысша аудармасын жазыңыз
Жеке меншік – Мемлекеттік меншік – Қоғамдық меншік – Кооперативтік меншік –
3-тапсырма. Берілген сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыз.
Меншік – белгілі біреудің жеке өзіне тән иелігі. Жекеменшік – жеке адамға ғана тән, соған тиісті дүние, мал-мүлік, меншік. Қоғамдық меншік – белгілі бір бірлестікке тән иелік. Кооперативтік меншік – белгілі бір бірлестікке тән иелік.
4-тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін сәйкестендіріңіз. Адамзат собственность Заңды ұйымдар групповая приватизация Меншік приватизация Мемлекеттік меншік отношения собственности Меншік қатынасы акционерное общество Топтық жекешелендіру государственная собственность Акционерлік қоғам юридические организации Жекешелендіру человечество
5-тапсырма. Мәтінді оқып орыс тіліне аударыңыз. Меншік және жекешелендіру
Меншік дегеніміз - белгілі біреудің өзіне тән иелігі. Меншіктің екі түрі бар: қоғамдық меншік және индивидуалдық меншік. Қоғамдық меншікке – мемлекеттік меншік, кооперативтік меншік, акционерлік қоғам жатады. Индивидуалдық меншік – жекеменшік. Жекеменшік – жеке адамға ғана тән, соған тиісті дүние, мал-мүлік, меншік. Жекешелендіру – жаңа экономикалық жүйеге көшкенде болатын меншік қатынастарын өзгерту тәсілі. Қазақстан Республикасында жекешелендірудің мемлекеттік және жекеменшік түрі көрсетілген.
6-тапсырма. Мәтін бойынша 5 сұрақ дайындаңыз.
7-тапсырма. Төмендегі сөздерге тиісті жалғаулар жалғап, орын тәртібімен орналастырып, 2 сөйлем құраңыз. Керекті сөздер: меншік, жекеменшік, жерді, мемлекеттік және жеке меншік түрі, бар жатқызу. 1. Сын есім – Зат есім – Етістік. 2. Зат есім – Сын есім – Етістік. 8-тапсырма. Берілген сөйлемдерден пысықтауышты табыңыз.
1.Жылжымайтын мүлікті жекешелендіру үшін қомақты қаражат керек. 2. 2000жыл Қазақстанда жекешелендіру жылы болды. 3. Одақ кезінде меншіктің бір түрі – мемлекеттік меншік болды. 4. Мен жерімді жекешелендіру үшін әдейі Астанаға кеше келдім. 5. Жаппай жекешелендіру кезінде инвестициялық жекешелендіру купоны берілді. 6. Жекешелендіру үшін берген құжаттарымды әрең алдым.
9-тапсырма. «Жекешелендіру» сөзінен 53 жаңа сөз ойлап жазыңыз. Үлгі: жеке, ену, еш, кеше, т.б.
10-тапсырма. Сөзжұмбақты шешіңіз. 1) Қоғамға, қауымға тән меншік атауы. 2) Меншік қатынастарын өзгерту тәсілі. 3) «Культура» сөзінің қазақша баламасы. 4) Ақыл – дос, ашу - ... 5)«Предприниматель»сөзінің қазақша баламасы. 6) Бір адамға ғана тән мал-мүлік, меншік атауы. 7) «Имущество» сөзінің қазақша баламасы.
24-сабақ Банк қызметі Сөйлемнің бірыңғай мүшелері 1-тапсырма. Сұраққа жауап беріңіз. 1. Қаржы жинайтын, ссуда беретін, ақша есебін жүргізетін мекеме қалай аталады? 2. Қазақстанда қандай банктер жұмыс істейді? 3. Банктің филиалдары бар ма? 4. Банктің клиенттері кімдер? 5. Банктер қандай қызмет атқарады?
2-тапсырма. Төмендегі сөздердің орысша аудармасын айтыңыз.
Заңды тұлға, жеке тұлға, жеке адам, өнеркәсіп, мекеме, ұйым, банк жүйесі, банктік қызмет, ақша саясаты, салымдар, кепілдеме беру, несие беру.
3-тапсырма. Берілген сөйлемдерді қажетті сөздермен толықтырып, бірыңғай мүшелерін тауып, астын сызыңыз.
Банктер ..., ..., ... саясатты жүзеге асырады. Банк клиенттеріне ..., ..., ..., ... жатады. Банк қаржы ..., ссуда ..., ақша есебін ... .
4-тапсырма. Жұмыс кестесін толықтырыңыз.
5-тапсырма. Мәтінді мұқият тыңдаңыздар.
Банк қызметі Банк – қаржы жиналатын, ссуда беретін, ақша есебін жүргізетін мекеме. Банк бос капиталды өзіне жинап, оны мұқтаж болып отырған кәсіпорындар мен адамдарға қарызға береді. Қазақстанда банктік жүйе екі деңгейлі. Біріншісі – мемлекеттік, екіншісі – коммерциялық. Коммерциялық банктер әр түрлі банктік операциялар арқылы кредит – есептік қызмет атқарады. Сонымен қатар коммерциялық банктер өнеркәсіппен ұйымдарға есеп-кассалық қызмет көрсетеді, азаматтар мен заңды тұлғаларға несие береді, ұйымдар мен жеке адамдардан салымдар қабылдайды, банктік қызмет мәселелері бойынша салымдар қабылдайды. Коммерциялық банктер негізінен халыққа қызмет етеді. Коммерциялық банктер жеке де, акционерлік те болады. Ұлттық банк коммерциялық банктегі ақша айналымын үнемі тексеріп отырады. Банктер ақша, кредит, валюталық саясатты жүзеге асырады. Валюталық саясат – ол теңгенің күшті болуын қарайды. Шетелден әкелінген ақшаның заңсыз айналмауын бақылайды. Түйіндеп айтатын болсақ, банк – қарыз беруші мен қарыз алушының арасында делдалдық жасайтын, сөйтіп ақша капиталымен сауда жүргізетін мекеме.
6-тапсырма. Мәтін бойынша тест сұрақтарына жауапберіңіз. 1. Банк дегеніміз не? а) қаржы жинайтын мекеме в) ссуда беретін мекеме с) ақша есебін жүргізетін мекеме д) мұқтаж адамдарға қарызға беретін мекеме е) аталғандардың барлығы 2. Қазақстанда банктік жүйе неше деңгейлі? а) 2 в) 3 с) 4 д) 5 е) 6 3. Банк қандай қызмет атқарады? а) есеп-кассалық қызмет көрсетеді в) несие береді с) салымдар қабылдайды д) ақша, кредит, валюталық саясатты жүзеге асырады е) аталғандардың барлығы 4. Коммерциялық банктер негізінен кімге қызмет етеді? а) мемлекетке в) қоғамға с) бірлестікке д)халыққа е) ұйымға 5. Қарыз беруші мен қарыз алушының арасында делдалдық жасайтын не? а) мекеме в) банк с) сауда үйі д) мектеп е) сот үйі 7-тапсырма. Сөйлемдерді көшіріп, сөйлемнің бірыңғай мүшелерін тауып, астын сызыңыз.
Ұлттық банктер бірінші, екінші деңгейдегі банктерді тексереді, тіркейді, лицензия береді. Банк нашар жұмыс жасаса, лицензияны қайтарып алады, жабады. Темір банк, Туран Әлем банк, БТА банк, Альянс банктері – екінші деңгейдегі банктерге жатады. Банктер ақша, кредит, валюталық саясатты жүзеге асырады. Банк жеке адамдарға да, кәсіпкерлерге де кредит бере алады
8- тапсырма. Берілген мақалдардың мағынасын түсіндіріңіз.
1. Алаған қолым, береген. 2. Оң қолыңмен алсаң, сол қолыңмен бер.
9-тапсырма. Банк тақырыбына сұхбат құрастырыңыз. 10-тапсырма. Сөз жұмбақты шешіңіз. 1) «Ту» сөзінің синонимы. 2) «Патриотизм» сөзінің қазақша баламасы. 3) Мемлекеттің басты әні. 4) «Цивилизация» сөзінің қазақша баламасы.
25-сабақ Бәсеке керек пе? Салалас құрмалас сөйлем 1-тапсырма. Төмендегі сөйлемдердің мағынасын ашыңыз, орыс тіліне аударыңыз.
Өмірдің өзі бәсеке. Марат пен Самат бір-бірімен бәсекелес. Экономиканы дамыту үшін бәсекелестік қажет. Бәсекеде бір-бірін алдауға, заңсыздық жасауға болмайды. Нарықтық экономикада бәсекелесу – заңдылық.
2-тапсырма. Төмендегі сөздердің сәйкестігін табыңыз. бәсеке конкурировать бәсекелес конкурентный бәсекелестік конкуренция бәсекелесу соперник, конкурент бәсекешіл соперничество
3-тапсырма. Берілген сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыз.
Бәсеке, жарыс, сайыс, күрес, бірлесу, айтыс.
4-тапсырма. Оқыңыз. Ақпаратты назарға алыңыз.
Бәсеке
Бәсеке – нарықтық механизмінің басты элементі. Рыноктық қатынастардың мән-мағынасын байқататын ұғымдардың бірі – бәсеке (латын сөзінен «конкурро» -түйістіру) болып табылады. Бәсеке - өзара жарыс, бір-бірімен озу сайысы, жақсы өнім сайысы. Бәсеке – ынталандыру көзі, прогресс көзі. Бәсеке тауар өндірісі үшін де, нарықтық экономика үшін де бірінші заң. Бәсекенің бір жағы – күрес, жарыс болса, екінші жағы – бірлесу. Бәсекелестік жағдайда ұтып шығудың жолын қарастырады. Бәсекеде алдауға, заңсыздық жасауға болмайды, әділетті болу керек. Әділетсіз бәсеке болса, экономикада прогресс болмайды.
5-тапсырма. Сұраққа жауап беріңіз. 1. Ақпарат не туралы? 2. Бәсеке дегеніміз не? 3. Бәсеке не үшін керек? 4. Бәсекенің екі жағын атаңыз. 5. Әділетсіз бәсеке болса, экономикада бәсеке бола ма? 6. Бәсеке керек па?
6-тапсырма. Мәтінді оқып, жоспар құраңыз. Бәсеке керек пе? Бәсеке деген не? Бәсеке тауар өндірісі үшiн де, нарықтық экономика үшiн де бірінші заң. Неге солай? Бiрiншiден, әр өндіріске ынталандыру. Осы ынталандыру көзi, прогресс көзі – бәсеке болып табылады. Бұл бәсекенiң бiр жағы. Ал екiншi жағы - бірлістік. Кейбiр әрiптестер қаржысын, шикiзатын ортаға салып, жақсырақ, сапалы әдемi, халыққа өте қажет тауарды шығаруды ойлайды, сол мақсатпен бiрлеседi, рынокта өз өнiмдерiмен бәсекелесе алмайтын өнiмдi өндiруге тырысады. Сонымен бәсекенiң бiр жағы - күрес, жарыс болса, екiншi жағы - бiрлесу. Өмiрдiң өзi бәсеке. Кiшкентай бала өмірiнен де бәсекенің нышандары байқалады. Бала бақшада екi балаға бiрдей тапсырма берiңiз, олар бiрiнен бiрi артық, тез, жақсы орьндауға тырысады. Анасының көңiлiн өзiне көбiрек аударуға ұмтылады. Бұл да бәсеке. Яғни адам бойында бар қасиет. Кейде адамдар өмірi, тiрлiгi үнемi бiр қалыпты бола бермейдi, дағдарыс болады, қиындық болады, банкротқа ұшырайды. Мұндай жағдайда адамдар бiр-бiрiне көмекке келедi, бiрлеседi. Яғни бiрлесу де адам бойында бар қәсиет. Тұрмыс-тiршiлiкте, өндiрiсте адамгершiлiк тұрғыдағы бәсеке немесе оның қарсы жағы — адамгершiлiк тұрғыға жатпайтын бәсеке де бар. Әр мемлекетте адамгершiлiктi емес (не добросовестный) бәсекеге қарсы заң бар. Одақ кезiнде тек қана мемлекеттiк меншiк болғандықтан, бәсеке болған жоқ, тек бәсекенiң екiншi жағы бiрлестiк болады. Ал өркениеттi қоғамда, мемлекетте бәсекенiң екi жағы бiрдей болу керек. Өркениеттi қоғамда бәсеке қаңдай болу керек? Қытайда мынадай мақал бар: «Жауын бiрiншi дос ете алған адам жеңедi». Неге десеңiз, өркениеттi қоғамда бәсекенiң тек жарыс, күрес, айтыс жағы болмайды, бәсекенiң тек бiр жағы - күрес, айтыс жағы ғана болса, онда адам-адамға жау болып келедi. Мұндай мәдениетпен ешкiм тұра алмайдыi. Қазiргi өркениеттi мемлекеттерде әдiлеттi бәсеке. Осы бәсекеде бәсекенiң екi жағы да бiрге. Бұл мемлекет үшiн жақсы Әр өндiрiс, мейлi ол жеке болсын, кооперативтiк болсын, жаман өнiм берсiн, жақсы өнiм берсiн — бәрi мемлекеттiкi. Қарапайым мысал үшiн: сiздiң үш балаңыз болсын делiк. Екеуi алғыр, ширақ бiлiмдi, бiреуi жалқаулау сылбыр, әлжуаздау. Сiз бiреуi нашар екен ден оны лақтырып тастай алмайсыз ғой, оған көмектесесiз, үйретесiз, оқытасыз, қаржыны көбiрек бөлесiз. Жақсы өндiрiс те, жаман өндiрiс де мемлекет үшiн солай болу керек. Төмен деңгейдегi өнеркәсiпке мемлекет көмектеседi, аяғынан тұрған кезде жеке меншiкке береді. Бәсекеге қосады. Бәсекеде алдауға, заңсыздық жасауға болмайды, әділеттi болу керек. әдiлетсiз бәсеке болса, экономикада прогресс болмайды. Әдiлетсiз бәсекеде «жүзден жүйрiк шықпайды», тек орташасы ғана көрiнедi, орташасы жоғары шығады, мыңнан шығатын тұлпарды көрмейсiз.
7-тапсырма. Берілген сөйлемдерден салалас құрмалас сөйлемді тауып, оның мағыналық түрін анықтаңыз.
Нарық экономиканы дамыту үшін бәсеке керек. Бәсекенің бір жағы нарық болса, екінші жағы – бірлесу. Бәсекеде алдауға, заңыздық жасауға болмайды, өйткені әділетсіз болса экономикада прогресс болмайды. Адамдар үнемі бір қалыпты өмір сүрмейді, кейде дағдарысқа ұшырайды. Мұндай жағдайда не бірлесу керек, не күресу керек.
8-тапсырма. Сөйлемді толықтырыңыз. 1) Экономиканы дамыту үшін бәсекелестік керек, өйткені ... 2) Өркениетті қоғамға бәсеке әділетті болу керек, себебі ... 3) Мемлекеттің басқару жүйесінің басты міндеті кәсіпкерлікті дамыту, ... 4) Әрбір кәсіпкер сапалы, халыққа өте қажетті тауарды шығаруды ойлайды, ...
9-тапсырма. Сұхбатты толықтырыңыз. - Сәлем, достым! - Сәлем! - Бүгін бәсеке туралы не түсіндің? - ... - Бәсекенің қандай жақтары бар? - ... - Бәсеке адамзатқа тән қасиет пе? - ... - Әділетсіз бәсеке деген не? - ... - Әділетсіз бәсеке мемлекет үшін керек пе? Пайдасы бар ма? - ... .
10-тапсырма. Сөз жұмбақты шешіңіз. 1) Бәсекенің бір жағы күрес, жарыс болса, екінші жағы не? 2) Бәсеке қандай болу керек? 3) Бәсеке қандай өнім сайысы? 4) Елу жылда ... жаңа. 5) Тұйық етістік формалы сөз. 6) Қазақстан қандай мемлекет?
26- сабақ
Маркетинг қызметі деген не? Салалас құрмалас сөйлем (себеп-салдар, талғаулықты, қарсылық- ты салалас сөйлемдер) 1-тапсырма. Сұраққа жауап беріңіз. 1. Маркетинг қандай қызмет атқарады? 2. Жарнамалық шараларды жүргізу маркетингтік қызметке жатады ма? 3. Маркетинг пен менеджменттің айырмашығы неде? 4. Маркетингтік ақпарат дегенді қалай түсінесің?
2-тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз. Ақпарат жинау, шаруашылықты жүргізу, ненің қажет екенін болжау, рынокты зерттеу, істейтін жұмысты алдын ала жоспарлау, ақпаратты талдау, өндіріс орындарына кеңес беру.
3-тапсырма. Сәйкестігін табыңыз. Ақпарат жинау исследование рынка Ақпаратты талдау сделать план Рынокты зерттеу консультировать Шаруашылықты жүргізу сбор информации Жоспар жасау разбор информации Кеңес беру вести хозяйству
4- тапсырма. Жаңа сөздермен және сөз тіркестерімен танысыңыз. алдын-ала — заранее, предварительно бағыт-бағдар — направление бағалау— оценивать, расценка демеушi— спонсор жылжыту — двинуть, продвинуть, сдвинуть зиян — вред, убыток, ущерб зерттеу— изучить, исследование кеңес беру — консультация, консультировать көлем— объем, размер келешек — будущее, будущий қадам — шаг, начинание қарастыру — изыскивать, разыскивать мәлiмет— данные, сведение өзi— лично он сам насихаттау— пропагандировать тетiк— ключ тегiн — даром, бесплатно ұрлау — воровать, украсть ұту— выиграть шаралар— меры шарықтау — пафос, взлет, парить высоко в небе, подняться шегерме — скидка хабардар— осведомленный, знающий, сведущий iлгерi— вперед, впереди. 5-тапсырма. Мәтінді оқып орыс тіліне аударыңыз. Маркетинг қызметі деген не?
Жалпы нарық немесе қазiргi экономика үш тағанға сүйенедi. Оның бiрi — менеджмент, екiншiсi — маркетинг (ақпарат жинау, шаруашылықты жүргiзудi жоспарлау, ненiң қажет екенiн болжау), үшiншiсi — қаржы. Маркетинг — iстелетiн iс пайдамен шығу үшiн оны алдын-ала жоспарлайды, сол сала бойынша басқалар не iстеп жатқаны жөнiнде мәлiмет — ақпарат жинайды. Бәсекелестiк жағдайында ұтып шығудың жолын қарастырады. Ол алдын-ала жиналған ақпараттарды талдау, өндеу барысында зиянға қалатынын немесе пайдаға шығатынын бiледi. Соған орай шаруа немесе өндiрiс орындарына кеңес бередi. Дамыған елдерде маркетинг қызметiнсiз бiр қадам да жасалмайды. Маркетинг шығарылған өнiмдi қозғалысқа түсiредi. Яғни маркетингтiк ақпарат бағыт-бағдар беретiн барометр сияқты. Сонымен, маркетинг дегенiмiз — рынокты зерттеу. Маркетингтiк ақпарат — нарық билеген елде экономиканы iлгерi жылжытудың басты тетiгi, көзi. Жарнамалық шараларды жүргiзу де — осы маркетингтiк қызмет болып табылады. «Жарнама — сауда двигателi» деп бекер айтпайды.
6-тапсырма. Берілген кәсіпке сәйкес сызбаларға қажетті етістіктерді қойып жазыңыз.
7-тапсырма. Мәтін бойынша сұхбат құрастырыңыз. 8-тапсырма. Төмендегі сөйлемдерді себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем етіп аяқтаңыз. 1. Өндіріс өте жақсы дамиды, сондықтан........ . 2. Ұлттық банк лицензия береді, себебі ........ . 3. Банктің басты міндеті – инфляцияны болдырмау, өйткені ...... . 4. Банк шетелден заңсыз келген ақшаны бақылайды, себебі ...... . 5. Мемлекеттің өзі банктен қарыз алады, неге десеңіз ....... . 6. Ақша айналымын әрқашан тексеріп отыру керек, өйткені ....... .
9-тапсырма. Төмендегі сөйлемдердің жалғасын табыңыз.
10- тапсырма. Сөйлемдерді аяқтаңыз. 1. ........ , не мемлекет басқарады. 2. ........ , немесе инфляция болады. 3. ........ , я өнімді өндіруге тырысады. 4 ........ , немесе елдің экономикалық тәуелсіздігін қамтамасыздандыру. 5 ........ , я басқа өнеркәсіптермен бірлесуі керек.
27- сабақ Жал Сабақтас құрмалас сөйлем. Шартты және себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлемдер
1-тапсырма. Сұраққа жауап беріңіз.
1. Жал сөзі қандай мағынаны білдіреді? 2. Арендатор деп кімді айтамыз? 3. Қазір тұрғын үйді халыққа қандай жолмен беру көзделіп отыр?
2-тапсырма. Берілген сөздерді орыс тіліне аударыңыз.
жал – жалдау – жалға алу – жалға беру – екі жақты келісім – ерікті түрде – уақытша пайдалану –
3-тапсырма. Берілген сөйлемдерді аяқтаңыздар. 1. Бос тұрған үйлерді, жерді шарт негізінде уақытша пайдалану –... 2. Кәсіпорындар өздеріне керекті тракторды, машинаны... 3. Қазіргі кезде жер учаскелері де ... 4. Жалға алушы мен жалға берушінің ара қатынасын реттеп отыратын ... 5. Менің ағам жалға берілетін жаңа үйге ...
4-тапсырма. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз. 5-тапсырма. Кестені толтырыңыздар.
6-тапсырма. Сабақтас құрмалас сөйлем түрлерін ажыратыңыздар.
1. Егер тұрғын үй бағдарламасымен үй алсақ, ағам Көкшетаудан көшіп келеді. 2. Егер егістік жерлерді жалға алсақ, көктемде қарбыз егер едік. 3. Ақшамыз аз болғандықтан, шағын кәсіпкерлікпен айналыса алмай отырмыз. 4. Биыл күн жылы болғанмен, егін бітік шыққан жоқ.
7-тапсырма. Сөйлемдерді аяқтаңыздар. 1. Егер қиындық көп болса, ... 2. Қажетті өнімді сапалы шығарса, ... 3. Ақшаны тиімді пайдаланса, ... 4. Жалға дүкен алып ашсам, ... 5. Жерді жалға алғандықтан, ...
8-тапсырма. Жағдаят бойынша сөйлесіңіздер. Сіз жал берушімен егістік жер мәселесі бойынша кездесуіңіз керек. Кездесудің уақытын белгілеңіз. Егістік жерді шарт негізінде уақытша пайдалану уақыты мен төлейтін қаражат туралы келісім жасаңыз.
9-тапсырма. Жалға берілетін тұрғын үй туралы хабарландыру жазыңыз. 10-тапсырма. Көп нүктенің орнына қажетті қосымшаны-дықтан, -діктен, -ған, -ген, -қан, -кен жалғаңыз.
1. Келісімшартқа қол қойыл..., мөр басылды. 2. Шағын кәсіпорын заңды түрде тіркел..., жарғысы бекітілді. 3. Арман ауырған..., жиналысқа келе алмады. 4. Егін жинау үшін комбайн қажет болған..., ағам оны жалға алды.
28 - сабақ
Нарықтың мәні мен құрылымы Сабақтас құрмалас сөйлем (мақсат, қарсылықты, мезгіл бағыныңқылы сабақтас) 1-тапсырма. Сұраққа жауап беріңіз.
1. Нарық деген сөздің мағынасын ашыңыз. 2. Нарық механизмі қандай қызметтер атқарады? 3. Ұлттық нарық дегеніміз не? 4. Ұлттық нарық қалай дамиды? 5. Дүниежүзілік нарық дегеніміз не?
2-тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз. Нарық, өндіріс факторлары, өндірістік қатынастар, экономикалық қатынас, өндіруші мен тұтынушы, дүниежүзілік нарық, ұлттық нарық, сыртқы сауда, ішкі нарық, бәсекеге қабілетті, шаруашылық бірліктер.
3-тапсырма. Сәйкестігін табыңыз. нарық рыночных отношение ішкі нарық всемирный рынок ұлттық нарық внутренний рынок дүниежүзілік нарық национальный рынок нарық қатынасы рынок сатушылар мен сатып алушылар конкурентно способны тауар айырбасы потребители өндірушілер акционерное общество тұтынушылар производители бәсекеге қабілетті продавцы и покупатели шаруашылық бірліктер товарный обмен
4-тапсырма. Берілген сызбаны пайдаланып, сұраққа жауап беріңіз. Нарық түрлерін атаңыз. ішкі Нарық ұлттық дүниежүзілік
сатушылар мен сатып алушылар арасындағы тауар айырбасы
нарықтық қатынас әртүрлі тауар өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы экономикалық қатынас
бәсекеге қабілетсіз шаруашылық бірліктерін жояды нарық механизмі бәсекеге қабілетті шаруашылық бірліктердің дамуына мүмкіндік береді
5-тапсырма. Сөздікті оқып, жаттап алыңыздар. нәтиже –результат айырбастау –обменять қатынас –отношение бәсеке –конкуренция шарт –условие тауар айырбастау –товарооборот анықтау – определить тазарту – чистить сипаттау– характеризовать жәрдем– помощь қызмет– служба
6-тапсырма. Мәтінді оқып, жоспар жасаңыз.
Нарықтың мәні мен құрылымы Нарық – бұл өндіріс факторларын немесе оның нәтижелері мен шарттарын айырбастауға байланысты өндірістік қатынастардың белгілі бір бөлігі немесе жүйесі. Нарық – бұл сатушылар мен сатып алушылар арасындағы экономикалық қатынастардың белгілі бір жүйесімен сипатталатын тауар айырбасының саласы. Нарық – тауарларды сатып алу, сатумен байланысты орын алатын экономикалық қатынастар жиынтығы. Осы тұрғыдан алғанда, нарықты әр түрлі тауар өндірушілер мен тұтынушылардың арасында болатын экономикалық байланыстар мен қатынастар жүйесі деп сипаттауға болады. Сонымен қатар нарық механизмі мынадай қызметтер атқарады: бәсеке күресінің жәрдемімен қоғамдық өндірісті тиімсіз шаруашылық бірліктерін тазартады, керісінше, олардың даму болашағы барларына тиімді жағдай жасайды. Дүниежүзілік нарық – сатушылар мен сатып алушылар арасындағы тауарлар мен қызметтерді айырбастау жүйесі түрінде көрінетін бүкіл әлемдік шару
|