Студопедия — Убәкіров Оспанхан
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Убәкіров Оспанхан






(1934-1986)

Қазақтың ең көрнекті сатирик қаламгерлерінің бірі Қазақстан Жазушылар одағы сыйлығының лауреаты 1934 жылы 4-мамырда Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Үшбұлақ ауылында туған. Осы жердегі орта мектепте оқып бітіргеннен кейін Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік консерваториясының театр факультетін актер мамандығы бойынша тамамдаған. Студент кезінде-ақ әдебиетке, оның ішінде әзіл-сықақ жанрына шығармашылық ден қойып, өмірінің аяғына дейін осы салада еңбек етті.

Ол республикалық газеттердің редакцияларында, «Ара» журналында қызмет жасай жүріп, бірнеше әзіл-сықақ кітаптарын шығарды. Атап айтқанда, қаламгер. «Жасыратын не бар?», «Қалтадағы қалдық», «Солақай», «Көктайғақ», «Сиқыр», «Ымды білесіз бе?», «Өзіміз білеміз», «Қайда безіп барасың?» және басқада кітаптардың авторы. Жазушының жетпіс жылдық мерейтойы қарсаңында төрт томдық шығармалар жинағы жарық көрді. Бұл күнде оның кітаптарының саны жиырмадан асып жығылады.

Сатиралық жанрмен бірге О.Әубәкіров балаларға арналған өлең-жыр, ертегі, пьесалар да жазған. Сонымен бірге ол композиторлардың әндеріне арнап жазған көптеген ән өлеңдерінің авторы.

1983 жылы балаларға арналған «Қағаз қалпақ» сатиралық жинағы үшін Қазақстан Жазушылар одағының сыйлығына ие болды.

О.Әубәкіров – бүкіл өмірін сатираға арнаған қаламгер. Ол бұл бағытта қысқа жанрларда, атап айтқанда, сатиралық өлеңдер мен әңгімелер жазды. Баспасөз бетінде алғаш жарық көрген «Шаштараз» атты алғашқы әңгімесімен сықақ әлемінде өз жолын бастаған қаламгер кейін ұтымды жазылған дүниелерімен көзге түсті. Сатириктің шығармалары басқа әріптестерінің жазғандарымен салыстырып қарағанда, уыттылығымен, айтар ойын нақпа-нақ дәл жеткізуімен ерекшеленеді. Сонымен бірге ең бастысы жазғандарының көп бөлігінің көркемдігі жоғары деңгейде. Жазушы шығармаларының тілі құнарлы, бейнелі. Сатира мен юморға керекті көркемдік құралдарын дәл тауып пайдалана білуімен оқырман назарын аудара алады. Шығармалары көбінесе оқиғалы болып келеді, тіпті ең қысқа деген өлеңдерінің өзінде үнемі дерлік тосын түйінмен, қызықты тұжырыммен аяқталып отырады.

Сатира жанрының өзіне тән ерекшеліктері бар екендігі мәлім. Шығармашылық жұмыс барысында сол ерекшеліктерді дәл танып игере білген қаламгер ғана жанр табиғатына лайық шығарма туғыза алатындығы сөзсіз. О.Әубәкіров, міне, осындай шебер қаламгердің қатарынан саналады. Өз кезінде бұл сықақшының жарық көрген кез келген туындысы оқырман назарынан тыс қалып көрген емес. Қай-қайсысы болса да еріксіз күлкі туғызып отыратын.

Қаламгердің әзіл-сықақтың шебері екендігін көрсететін прозалық шығармалары бірсыпыра. Олардың басым көпшілігі шағын әңғімелер болып келеді. Атап айтқанда, «Айырплан», «Әке бөлісу», «Тоқалдан туған бүркіт», «Аты жоқ әңгіме», «Мең», «Шабақ қалай шатасты», «Еркек арманы», «Әйел арманы», «Ду қол шапалақ», Шайтанның салмағы», «Түлкінің құйрығы», «Шикібас», «Ерікеннің әңгімесі», «Дігі-дік, дігі-дік», «Ыңқы-тыңқы» «Байлаулы бала» және басқа да әзіл-сықақ әңгімелері жанр талаптарына толығымен жауап беріп қана қоймай, айтар ойларының көркемдікпен орындалуы тұрғысынан да қазақ сатирасында ерекше орынға ие. Бұлардың көп бөлігінің көркемдік болмысы сатирадан гөрі юморға, әзілге жақын. Сатира мен юмордың аралығын қойып ажыратып жатпайтын жағдайлар да болады. Бір шығарманың өзінде сатиралық та, юморлық та сипаттардың аралас жүре беретіні мәлім. Осынау үрдіс О.Әубәкіров шыншылдығымен әрі туындыларына да тән болып келеді.

Оның кейіпкерлері өздерінің оғаш іс-әрекеттерімен жүрген орталарында еріксіз күлкілі жағдайларға душар болып жүреді, кейде айналадағы жекелеген адамдардың мазағына қалып қойса, енді бірде қоғамның тәлкегіне де ұшырап қалады. Қаламгер адам баласының пенде ретіндегі жекелеген міндерін жеңіл юмормен, кейде астарлап әзіл-қалжыңның өзегіне айналдырса, қоғам өмірінде орын алған келеңсіз көріністерді мен моральға ұнасыз жат қылықтарды уытты сатирамен аямай сынап, өткір сөздермен шенеп отырды.

Шығармаларындағы кейіпкерлерінің аттары да құлаққа тосын, қызықты. Мысал үшін алғанда, Бөден, Мимырт, Пәштуан, Дөдей, Зымзия, Шатпақ, Көди, Салпаң, Бошалақ, Жылтың сияқты кейіпкерлердің бейнелері шын мәнінде олардың тосын әрекеттер арқылы ашылып отырады.

Мәселен, «Ауыз тағдыры» деген әңгімесінің сөз саптасынан назар аударып көрейік. Әңгіменің «Қаратер» моншасының меңгерушісі Тырдай Жалаңашов» деп басталуының өзі-ақ оқырман езуіне еріксіз күлкі үйіреді. Моншаның аты «Қаратер», кейіпкерінің аты-жөні Тырдай Жалаңашов болса, ондай сөйлемді салқынқанды түрде оқуға болмайтыны анық. Одан ары қарай сатирик монша меңгерушісінің тойы қалай өткенін баяндайды. Әңгіме тойға келушілердің той иесін қалай құшақтап, қалай сүюін суреттеу арқылы қызғылықты өрбиді.

Бұл арада алдыңғы қатарға той иесін сүйетін ауыздар шығады. Оспанханның суреттеуінде ауыздың өзі – бір кейіпкер. Ол адам өміріндегі кейбір қызықты да келеңсіз құбылыстардың әлеуметтік мағынасын осы ауыздар арқылы ашады. Әр тараптан келген қонақтардың Тырдай Жалаңашовты аяусыздықпен сүйіп жатқанын көргеніңізде өзінен өзі жаныңыз ашиды. Бетінің ештеңесін қалдырмай былш-былш сүюі оқырман бойында еріксіз жиіркеніш сезімін де оятады.

«О, ауыздар, ауыздар. Ауыз – жер дүниедегі ең бір ындыны жарымаған, суалып қурап жатқан жер. Мұнда сақал-мұрттан басқа ештеңе өнбейді дедік. Ауызды сүйген боп, үстінен қой» айдап өтсек, сүйген боп, келіге сап түйсек, ауыз жері қайдан оңсын, қайдан жарысын, қайдан көркейсін». Бұл арада автор ауыз арқылы оның әлеуметтік бейнесін де сықақ тілімен келемеждей көрсетіп отырғаны анық. Сықақшының бір шағын детальдан осылайша үлкен де елеулі мағына тауып алуы, оны жеріне жеткізе келемеждің нысанына айналдыруы да осы жанрдың шебері екендігінен хабар беріп тұр.

Осындай көркемдік үрдіс басқа шығармаларынан да бой көрсетіп жатады. «Айырплан» әңгімесінде соғысқа қатысқан майдангердің соғыста өмірі өз атынан юмормен суреттеледі. Алыстағы қазақ ауылынан соғысқа шақырылған жігітіңіз әрі мерген әрі көзсіз батыр. Өзінің осынау ерекше қасиетін кейіпкер өз ауызынан былайша бейнелеп келтіреді: «Өзің мерген болған соң, қалаған жерінен атасың, пәшістерді тек үшкір мұрынының ұшынан атып беретінмін. Осы қылығым пәшістердің намысына тисе керек, біз жаққа арыз түсіріпті» дейді кейіпкер өзінің керемет қасиетін бейнелей келіп.

Оқырман бұл сөйлемдерге тағы да күледі. Бұл арада кейіпкердің соғыс жағдайында жүріп пәшістерді тек үшкір мұрынынан ата алмайтындығы да, олардың соған бола арыз түсірмейтіндігі де белгілі. Оқырман осы жағдайды саналы түрде қабылдай отырып, бәрібір күлкіге көміледі. Сатириктік айтып отырған әңгімесінің мазмұны шындыққа жанаспаса да, оның әңгімелеу мәнері еріксіз күлкі шақырады. Бұл сықықшының шеберлік деңгейіне қатысты екендігі сөзсіз.

О.Әубәкіровтің «Жалаңаш оқ», «Адам болу теориясы»... және басқа әңгімелері адам қоғамындағы түрлі келеңсіздіктерді дәл тауып ашып көрсетуімен ғана емес, көркем әзіл тілімен әдемілеп жеткізе білуімен де назар аудартады. Адам болып, қоғамда өз орнын табудың қиындығын автор кейіпкер монологы арқылы жеткізеді. Жалпы Оспанханның әзіл-сықақ әңгімелеріндегі кейіпкер монологы талай сырға жетелеп, өзінің ішкі әлемін ғана емес, қоғамдағы ақаулықтарды да терең ашып көрсетеді. Әр адамның тағдыры өз қолында деген қағиданы жазушы тек бір кейіпкерінің өмір жолы арқылы сықақ тілімен көрсетіп берген. Өзіне жауапсыз қарайтын, алға ұмытылмай, күнін парықсыздықпен өткізетін жанның келешегі де күңгірт болатынын «Адам болу теориясы» әңгімесі ойнақы тілмен әдемілеп жеткізеді. Шығарма кейіпкері Татан Таубасов – институт бітіріп, қолына табақтай диплом алғанымен, өмірін алға жылжыта алмай жүрген адам. Мұндай жандардың өмірде жиі ұшырасатын типтік бейнесі сықақшы қаламы арқылы әлеуметтік мәселеге айналған. Сөйтіп оқиға мазмұны сатиралық стилімен оқыған оқырманға ой салатын деңгейге көтерілген.

Жалпы О.Әубәкіровтың әзіл-сықақтарының қай-қайсысы да күлдіріп қана қоймай, ойға да жетектеп отыруымен ерекшеленеді.

Сықақшы – тек қара сөз арқылы ғана емес, өлеңдер, мысалдар және сахналық қысқа жанрлар арқылы да сықақ әлемінде өз ізін қалдырған қаламгер. Оның «Кездейсоқ махаббат», «Бұқа мен бұзау», «Желке туралы жыр», «Тоты мен бұлбұл», «Ине мен жіп», «Арақ пен қымыз», «Мөрбасар», «Анау мен мынау», «Ағайлар мен жеңгейлер», «Ор қаз», «Гор газ», «Емен есік», «Қағаз бен сабаз», «Орамал тон болмайды», «Бөден жазған өлең», «Эксперимент» және тағы басқа көптеген өлеңдері мен өлеңмен жазылған мысалдары өткір де көркем жазылған. Олардың әрқайсысы нақты бір оқиғаға құрылып, тосын түйын, тың тұжырыммен аяқталып отырады.

Оспанханның шығармалары туғызатын күлкі жадағай, дарақы күлкі емес, ойлы да мағыналы күлкі болып келеді. Оның әр шығармасының мазмұнынан тәлім-тәрбиелік ишараны аңғару қиын емес. Сатирик өмірдің қарапайым құбылыстарынан қызықты сюжеттер тауып, күлкілі кейіпкерлердің жалт еткен қызықты бейнелерін жасауға шебер. Күлкі туғызатын көркемдік құралды іздеп табу үшін шынайы сықақшының таланты керек екендігі сөзсіз. Күлкілі ситауацияларды іріктеп алып, сол қалпы мазмұндап шығудың бәрі сықақ немесе юмор бола бермейді. Оспанхан осындай шығармашылық үйлесімнің кілтін тауып, өз деңгейінде кестелеп жеткізе алатын қаламгер болған. Көркем аудармамен, оның ішінде шетелдік әзіл-сықақ классиктерінің туындыларын қазақшалаумен айналысқан. Мәселен, ол Әзиз Несиннің «Ақиреттен келген хаттар», Бронислав Нушичтің «Менің өмірбаяным», Лао Шэнің «Мысықтар қаласын», Э.Рапкенің «Мюнхаузеннің хикаяларын» қазақ тіліне аударып, кітап етіп бастырып шығарған.

Қазақ сатирасы үшін О.Әубәкіров шығармашылығы өзінше бір белес болғаны мойындалған шындық.

 







Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 3725. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Патристика и схоластика как этап в средневековой философии Основной задачей теологии является толкование Священного писания, доказательство существования Бога и формулировка догматов Церкви...

Основные симптомы при заболеваниях органов кровообращения При болезнях органов кровообращения больные могут предъявлять различные жалобы: боли в области сердца и за грудиной, одышка, сердцебиение, перебои в сердце, удушье, отеки, цианоз головная боль, увеличение печени, слабость...

Вопрос 1. Коллективные средства защиты: вентиляция, освещение, защита от шума и вибрации Коллективные средства защиты: вентиляция, освещение, защита от шума и вибрации К коллективным средствам защиты относятся: вентиляция, отопление, освещение, защита от шума и вибрации...

Демографияда "Демографиялық жарылыс" дегеніміз не? Демография (грекше демос — халық) — халықтың құрылымын...

Субъективные признаки контрабанды огнестрельного оружия или его основных частей   Переходя к рассмотрению субъективной стороны контрабанды, остановимся на теоретическом понятии субъективной стороны состава преступления...

ЛЕЧЕБНО-ПРОФИЛАКТИЧЕСКОЙ ПОМОЩИ НАСЕЛЕНИЮ В УСЛОВИЯХ ОМС 001. Основными путями развития поликлинической помощи взрослому населению в новых экономических условиях являются все...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.017 сек.) русская версия | украинская версия